Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 08:46, реферат
Темір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемелекетке деген маңызы зор. Халқаралық байланыстың дамуына, және халықтың ,мәдениеттің, жоғарлауына халықттың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті. Темір жол әр түрілі инжнерлік құрылғылармен техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды локомативті вагондар шаруашылығымен құрылыс, және құрылғы сигналдар электір жабдықтарына байлансты, станция тораптары.
1.2 кестенің соңы
Жүру түрі |
Қайдан |
Қайда |
Алып тұрған бұрмалар |
17.Поезд локомотивін өз құрылуындағы жұп поезға жіберу |
Деподан |
8,9 ӨП |
29;23;13;33;21;39 |
18. Өз құрылуындағы жұп поезды жөнелту |
8,9 ӨП ЖҚЖП |
К-Ж аралыққа |
39;21;33;13/11;7;1 |
19. Поезд локомотивін өз құрылуындағы жұп поезға жіберу |
Деподан |
8,9 ӨП |
29;23;13;33;35;30;24;29 |
20. Өз құрылуындағы тақ поезды жөнелту |
8,9 ӨП |
Ж-Д аралыққа |
29;24;20;18;16;14/12;4/2 |
21. Жүк ауласына вагондарды жіберу, алу. |
СП 6,7 |
Жүк ауласына |
300-310; 16;14 |
22.Вагондарды отын қоймасына жіберу |
СП 6,7 |
ОҚ-на |
301-311; 41;47;31;27 |
23. Вагондарды отын қоймасынан алу. |
ОҚ-нан |
СП 6,7 |
27;31;47;41; 301-311 |
24. Вагондарды заводқа жіберу, алу |
СП 6,7 |
Заводқа |
301-311;41;43 |
1.5 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау
Станцияның барлық өндірістік-шаруашылық жұмысын станция бастығы (ДС) басқарады, оның қарамағында станция бастығының орынбасары, бухгалтерия және кадрлар бөлімі болады. ДС жүк тиеу жұмысы жөніндегі орынбасарына тауар кеңсесі, жүкті қабылдап-тапсырушы және жұмыс тобы бағынады. Поездарды қабылдауды, жөнелту мен өткізуді станция кезекшісі басқарады, оған ДСП жанындағы оператор, парк кезекшілері, сигналисттер бағынады. ДСП сонымен бірге бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлерді басқарады, поезд локомотивтерін депоға және кері өткізеді, маневрлік диспетчердің қарамағында СТО операторы, құрама бригадалар, РСДВ болады.
1.6 Шұғыл жоспарлардың мазмұны
Станция жұмысын шұғыл жоспарлау міндеті әр тәуліктің немесе ауысымның нақты жағдайларында мемлекеттік тасымалдау жоспарын, қозғалыс кестесін және поездарды қалыптастыру жоспарын, станция жұмысының технологиялық процесін орындауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жоспарлау жүйесі поездарды бөгетсіз қабылдауға, дер кезінде қалыптастыруға және жөнелтуге, вагондардың станцияда тұру уақытын қысқартуға, маневрлік құралдардың өнімділігін жоғарылатуға, тиеу жоспарларын орындауға мүмкіндік береді. Станцияларда тәуліктік, ауысымдық және ағымдағы шұғыл жоспарларды жасайды.
Станция үшін тәуліктік жоспарды жол бөлімшесі дайындайды. Ол диспетчерлік бұйрық түрінде станцияға жоспарланатын кезеңнің басына дейін үш сағаттан кешіктірілмей келіп түседі.
Тәуліктік жоспар келесі тапсырмалардан құралады: әр бағыттан қабылдауға жататын поездардың жалпы саны, транзитті және қайта өңдейтін деп бөлінетіндер; жөнелтуге бос вагондарды бөлумен, өз құрылуындағы поездарды көрсете отырып, әр бағытқа жөнелту жоспарланатын поездардың жалпы саны; бос вагондарды жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, жөнелтуге тапсырма; маршруттарға жөнелтуге жататын вагондардың санымен, маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру өлшемдері.
Ауысымдық жоспарды өз құрастыруындағы құраманы бөлумен қабылдауға, таратуға, құрастыруға және бағытқа жөнелту жататын поездардың саны бойынша белгілейді; маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру, жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, бос вагондарды жөнелтуге тапсырма; вагондарды маршруттарға жөнелту (жүктерді); вгондарды сұрыптау платформасына жіберу және алу, контейнерлік пункттер, тиеу жолдары, жүк ауласы және басқалар. Ауысымдық жоспар маневрлік диспетчердің кестесінде белгіленеді. Ауысымдық жоспарды нақтылау поездардың құрамы және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады.
Ауысымдық жоспарды нақтылауды поездардың құрамалары және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады. Кезекшілік процесінде маневрлік диспетчер құрамалардың тарату және құрастырылуының басталу мен аяқталу мерзімін, топтық поездарды өңдеу, жергілікті вагондарды жіберу және алу мерзімін көрсете отырып, маневрлік жұмысты әрбір 1 - 2 сағатқа жоспарлайды. Маневрлік диспетчер жақын учаскелердегі вагондар тобының кестесі бойынша келісіп жеткізуді ескере отырып, құрамалар құрастрылуын аяқтауды жоспарлайды.
1.7 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат
Станция жұмысын шұғыл жоспарлау поездардың жақындағандығы туралы дер кезінде ақпарат беруге негізделген. Станция екі түрлі ақпарат алады: алдын ала және дәл. Алдын ала ақпаратты жол бөлімшесінен тапсырмамен бірге кезекті ауысымға жібереді. Ол әр бағыттан ауысым ішінде станцияға келетін поездар туралы деректерден, оның ішінде қайта өңдеуге келіп түсетіндер, осы станцияға түсіруге келе жатқан вагондар туралы деректерден тұрады. Әрбір 4-6 сағаттан кейін жол бөлімшесі станцияға әрбір поезд туралы келесі деректермен түзетілген ақпаратты жіберіп отырады: нөмірі, индексі, болжанатын келу уақыты, вагондардың жалпы саны және олардың массасы, құру жоспарының міндеттері бойынша вагондардың саны (қайта өңделетін поездар үшін), және де осы станцияға жүк түсіру үшін вагондар саны.
Толық немесе жартылай қайта өңдеуге келіп түсетін барлық поездарға (құрамалардан басқа) станция жеделхат – натура парақтары түрінде дәл ақпарат алу қажет. Оны поездарды жөнелту шамасына қарай (жөнелткеннен кейін 10 мин. кешіктірмей) орнатылған жол нұсқауларымен, құру станциясынан немесе ақпарат жіберу станциясынан береді. құру станциясынан тарату станциясына дейін жүріс уақыты аз поездарда жеделехат – мәліметтер жібереді, онда поездың нөмірін, индексін, белгіленген жөнелту уақытын, санын, тарату станциясының міндеттері бойынша вагондар топтарының шартты ұзындығы мен массасын көрсетеді. Жеделхат – мәлімет құраманы құру аяқталған соң, 10 мин. кешіктірілмей берілу керек.
Тасымалдау процесін шұғыл басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің даму шамасы бойынша ақпарат алмасу өзара әрекеттесетін жол және тораптық есептеуіш орталықтардың ЭЕМ байланысының жанасқан каналдары арқылы қамтамасыз етіледі. ЭЕМ-нің осы деректерінің негізінде поездардың келу уақытын болжайды, байланыс каналдары бойынша пайдаланушыларға қажет деректерді қалыптастырады және жібереді.
1.8 СТО жұмысын ұйымдастыру
СТО келетін және жөнелтетін
поездарға жүк құжаттарын өңдейді
және таңдайды, станциядағы вагондарға
құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан
құжаттарды қабылдайды және тапсырады.
СТО қызметкерлері станция
Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны учаскелік станцияда ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға жазудың телетайпты посттарымен СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.
СТО операторы немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы вагондардың массасы мен санын есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті – вагондар массасы мен санын көрсете отырып, құру жоспарының міндеті бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.
Егер поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы деректердің салыстырып түзетілгенмен сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті немесе оның көмекшісі СТО-ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына сәйкестігін тексереді.
Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды маневрлік диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың міндеттерінің өзгерістерін ескере отыырп, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын ескеретін пункттерде вагондардың тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады.
2 Транзитті поездарды өңдеу
«Ж» станциясында транзитті поездарда өңдеу құрамаға техникалық қызмет көрсетуден, вагондарды ағытусыз жөндеуден және автотежегіштерді сынаудан; құраманы коммерциялық тексеруден және коммерциялық ақаулықтарды түзеуден; локомотивті немесе локомотивтік бригаданы ауыстырудан құралады.
Құрамаларға техникалық қызмет көрсету кезінде вагондардың техникалық күйін, олардың автотежегіш жабдығын тексереді, түзеуді қажет ететін ақаулықтарды анықтайды.Бұл жұмысты бригадалар орындайды, олардың әрқайсысы бірнеше топтан құралады.
Топқа вагондарды тексерушілер,
тексеруші – автоматчик және слесарь
– жөндеушілер кіреді.
Әдетте құраманы бір бригаданың үш-төрт тобы біруақытта әрқайсысы өзіне бекітілген бөлікті жөндейді.Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді вагондарды құрамадан ажыратпай түзейді.
Вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері (ТҚҚП) үш топқа бөлінеді: көпшілік тиеу станцияларында орналасатын негізгілер, тексеру және ірі ағымдағы жөндеу үшін вагондарды түсіру және дайындау; сұрыптау станцияларында вагондарды тексеру және ағымдағы жөндеу үшін; транзитті поездарда вагондардың күйін бақылайтын учаскелік станцияларда орналасқан бақылау-техникалық қызмет көрсету пунктері.
Сондай-ақ вагондарды кіріс жолдарға техникалық берудің бақылау посттары мен пункттерін белгілеп көрсетеді.
Локомотивтер айналымының ұзартылған учаскелерінде вагондарды техникалық тексеру және жөндеуді техникалық қызмет көрсету пункттерінде шоғырландырады. Бұл локомотивтерді ауыстыру пункттерінде құраманы бақылаушы техникалық тексерумен шектелуге мүмкіндік береді, ол поездардың қозғалысының үдеуіне әкеп соғады.
Коммерциялық тексерісті коммерциялық тексеріс пунктінің (КТП) қызметкерлері орындайды. Бұл пункттерді станцияларында жол бастығы бекітетін тізіммен ұйымдастырады.
КТП жұмысының ауысымында аға қабылдап-тапсырушы басқарады, оның қарамағында поездарды қабылдаушылар және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшылар болады.
Поезды коммерциялық тексеруді біруақытта екі жақтан жұмысшылардың екі немесе көп топтары жүзеге асырады. Әр топ поездарды екі қабылдаушыдан және коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін бір жұмысшыдан құралады.
Ашық жылжымалы құрамада жүк терді орналастыру және бекіту дұрыстығын, есік істіктерінің, жапсырмалардың, бұрағыштардың, люктардың, вагон шанағы мен төбесінің болуы мен күйін, цистерналардан ағып кетпеуін тексереді.
Коммерциялық ақаулықтары бар вагондарды оларды жөндеу үшін арнайы жолдарға қойып (асқын жүк, тиеуді түзеу, тексеру), сәйкес бормен таңбалайды.
Егер коммерциялық ақаулықты ағытусыз жөндеуге болса, бұны коммерциялық ақаулықтарды жөндейтін жұмысшы істейді.Коммерциялық тексерістің аяқталғандығы және оның нәтижелері туралы аға қабылдап-тапсырушы станция кезекшісіне хабарлайды.
Поезд келген соң, парк кезекшісі немесе техникалық кеңсе операторы локомотивтік бригададан жүк кұжаттары бар пакетті алады, олардың түгелдігін және сақталуын тексереді, құжаттардын поезға тиістілігіне көз жеткізед және машинист маршрутында оларды қабылдағаны туралы жазады.
Жөнелтетін поезға (құрамадан басқа) жүк құжаттарын локомотив машинистіне оның көмекшісіне пломбыланған түрде құжаттарды тапсыру кітапшасында қол қойғызып (ГУ – 48 формасы) тапсырады.Құрамадан басқа барлык поездарға барлық жүк құжаттары пломбылауға жатады. Құрама поеға арналған құжаттарды (оның ішінде анықтама қағазын) поездың бас кондукторы ұсынады.
Локомотивтік бригадаларды ауыстыру кезінде (локомотивті ауыстырусыз) жаңа бригада локомотивті және келген поездан құжаттарды қабылдайды.Уақытын көрсете отырып, қабылдау мен тапсыруды машинистер маршруттарында қол қоюмен куәландырады.Станция алдын ала поезд диспетчерінен оның құрамы және келетін уақыты туралы акпарат алады.