Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 09:17, дипломная работа
Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.
І КІРІСПЕ 2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Автомобильдің бағытын басқару. 3-4
2. Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер. 5
3. Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару. 6
4. Автомобильді дауыспен басқару. 7
5. Рульдік басқарудың ақаулары. 7
6. Автомобильді рульмен басқару ерекшеліктері. 8
7. Автомобильдердің маневр жасауы. 9
8. Басқару доңғалағының әсерінен автомобильдің аударылуы. 9
9. Автомобиль неге бір бүйірге қарай (көлденең) сырғанайды? 10
10. Қатерлі жағдайда автомобильді рульмен басқару. 10
11. Автомобильдер кузовы мен қаңқасы. 11-12
12. Автомобильдер рессорлары. 13
13. Амортизатор. 14
14. Доңғалақ. 15
15. Автомобильдің пневматикалық шиналары және олардың жұмысы. 16-17
16. Автомобильдің техникалық қауіпсіздігі. 18-22
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 23
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 24
Автомобильдің басқару доңғалағының басқарылуының негізгі факторы шкворняның ендік және бойлық бұрыштарына байланысты болады. Автомобильдің басқару доңғалағының дұрыс реттелуі оның жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты фактор екендігін естен шығармау керек.
Автомобильдің маневрлік басқарылуы деп, оның руль дөңгелегін бұрағанда жеңіл бұрылып жүру бағытын өзгерту қасиетін айтады. Автомобиль жақсы басқарылуы үшін оның алдыңғы белдік бөлшектері, рульмен басқару және шиналардың барлық бөлшектерінің техникалық күйі дұрыс болуы тиіс.
7. Автомобильдердің маневр жасауы
Автомобильдің немесе автопойыздың маневр жасауы деп жолдың кеңдігі мен қисықтың бұрышын өте аз маневр жасап өтуін айтады. Яғни, алға және артқа орынсыз артық жүріс жасамауы. Көбіне автомобильдің немесе автопойыздың маневр жасау қасиеті төмендегідей сипаттамалары арқылы анықталады:
Автомобильдің немесе автопойыздың жүру ені оның ең шеткі шығып тұрған нүктелері аралығын тұрған бетке проекциясы арқылы біледі.
Автомобильдің немесе автопойыздың түзу жүру саласы тіркеме бұлғақтамай жүрген жағдайда көлденең өлшеміне қарай анықталады. Ал, егер автомобиль немесе автопойыз орнықсыз бұлғақтап жүрсе, онда олардың жүру саласының өлшемі енінен әлдеқайда артық болады. Дұрыс тиелген жүк автомобилінің бұрылыс кезіндегі жүру саласының өсуі, оның басқарылуының тек алдыңғы доңғалағы арқылы болатындырын және автомобильдің көлденең сырғанау мүмкіншілігін ескеру қажет. Ол сақтық үшін керек.
Жеке автомобильдерге қарағанда автопойыздың маневр жасауы қиындау болады, сондықтан да автопойыздармен маневр жасап бұрылу қосымша ұқыптылықты керек етеді.
8. Басқару доңҒалағының
әсерінен автомобильдің
аударылуы.
Жол-транспорт оқиғаларының ішіндегі ең бір жиі кездесетіні - жүріп келе жатқан автомобильдің аударылуы.
Автомобильдің басқару доңғалағының әсерінен аударылуына төмендегідей факторлар себеп болады:
1. Бұрылыс кезіндегі жүру жылдамдығының жоғарылығы;
2. Жолдың көлденең қимасы бұрылу жағына қарай емес, сыртына қарай еңіс болуы;
3. Жолдың тайғақтығы;
4. Автомобильдің бір бүйірге қарай (көлденең) сырғанауы;
5. Руль дөңгелегін шұғыл бұру;
Негізінен автомобильдің аударылуын болдырмау үшін бұрылыс кезінде жүру жылдамдығын бәсеңдету қажет. Жолдың көлденең қимасы бұрылу жағына қарай емес, сыртына қарай еңіс жасалуы тиіс. Тайғақ немесе тегіс емес жолда баяу жүріп, оны сырғанаудан, кедергілерге соғылудан сақтау керек. Руль дөңгелегін шұғыл бұрмағанда аударылу қаупі азаяды.
9. Автомобиль неге бір
бүйірге қарай (көлденең)
сырғанайды ?
Жоғарыда айтылғандай, автомобильдің жүру орнықтылығының бұзылуы бір бүйірге қарай сырғанауынан немесе ортадан тепкіш күштің не көлденең инерция күшінің әсерінен болады.
Ортадан тепкіш күш автомобильдің бұрылу кезінде пайда болады. Бұл күштің әсерінен автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанауы немесе үстіндегі бос салынған жүктің бір жағына қарай жылжуы немесе құлауы мүмкін.
Ал көлденең инерция күші руль дөңгелегін шұғыл бұрғаннан соң автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанап барып кілт тоқтай қалуынан болады. Автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанауы, әдетте өте тайғақ жолдарда бүйірден әсер ететін күш доңғалақ пен жолдың арасындағы барлық ілініс күшінен артық болған жағдайда болады. Автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанауы, оның көбінесе аударылу алдында пайда болатын жағдай. Автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанауына себепші болатын жағдай, көбінесе, оның жүру жылдамдығы мен жүргізушінің басқарушы доңғалақты шұғыл бұруы себеп болады.
Автомобильдерді пайдалану кезінде бір бүйірге қарай сырғанаудың негізгі себебі, әдетте тайғақ жолдың үстінде, ілініс коәффициентінің төмендеуінен болады. Автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанау себебі көбінесе артқы белдіктің доңғалақтарынан пайда болады. Ал алдыңғы доңғалақтарды тез тежеу, руль дөңгелегін шұғыл бұру немесе дроссельді жылдам ашу кезінде ортадан тепкіш күштің әсерінен алдыңғы белдіктің доңғалақтарына түсетін күш азаяды. Осыдан барып автомобильді пайдалану кезінде көбінесе алдыңғы доңғалақтары емес, артқы доңғалақтарының бір бүйірге қарай сырғанайтындығын байқаймыз.
10. Қатерлі жағдайда автомобильді рульмен басқару
Тайғақ жолдың үстінде автомобильді оңға не солға қарай бұрып келе жатып тежеу немесе жылдамдығын арттыру өте қауіпті. Өйткені, автомобильдің доңғалағына түсетін тежеу немесе тарту күштері ілініс коэффициентін төмендетеді. Автомобильдің бір бүйірге қарай сырғанауы алдыңғы жөне артқы белігінде де болуы мүмкін. Сондықтан автомобиль бір бүйіріне сырғанай бастаған кезде мынадай шаралар істеу керек: егер автомобильдің алдыңғы жағы бір бүйірге қарай сырғанаса, онда руль дөңгелегін алдыңғы доңғалақтардың сырғанаған жағына қарсы бұру керек. Ал, автомобильдің артқы жағы бір бүйіріне қарай сырғанай бастаса, онда руль дөңгелегін сол артқы доңғалақтардың сырғанаған жағына қарай бұру керек.
11. АВТОМОБИЛЬДЕР КУЗОВЫ МЕН ҚАҢҚАСЫ
Жеңіл автомобильдерде қаңқа (рама) қызметін автомобиль кузовы атқарады. Оған асқыштар бекітіледі.
Жеңіл автомобилъдің кузовтары: а - лимузин, б - седан,
в - купе, г - универсал, д - хэтчбек, е - фаетон, ж - кабриолет
Жеңіл автомобильдерде әр түрлі кузовтар пайдаланылады. Кузов көлемі пайдаланылуы бойынша екі немесе үш бөлімді болады. Екі көлемді кузов жолаушы салоны мен қозғалтқыш бөлімдерінен тұрады. Үш көлемді кузовта жолаушы салоны, қозғалтқыш пен жүк бөлімдеріне бөлінеді.
Мысалы, лимузин үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатар орындықтар жиылмалы). Алдыңғы қатар мен екінші қатар, жүргізуші мен жолаушы ортасында көтерілетін таса (перегородка) пайдаланылады. Лимузин кузовы жоғаргы класты жеңіл автомобильдерде орнатылады.
Содан үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі қатар орындықты (үшінші қатар сирек кездеседі). Содан жеңіл автомобильдерде көп тараған кузов.
Купе үш бөлімді, жабық, екі есікті, бір немесе екі қатар орындықты кузов. Екінші қатардағы орындықтарға отыру үшін алдыңғы есікті ашып алдыңғы қатардағы орындықты алға шалқайтып кіру қажет. Купе кузовы өте кіші класты жеңіл автомобильдерде орнатылады.
Универсал екі бөлімді, жабық, үш немесе бес есікті, екі немесе екі қатар орындықты. Қосымша есік кузовтың артқы қабырғасында орналасқан. Екінші қатардағы орындықтарды жинағанда (складывание) жүк (багаж) бөлімі ұлғаяды. Универсал кузовы кіші және орта класты жеңіл автомобильдерде пайдаланылады.
Хэтчбек екі бөлімді, жабық, екі есікті, екі қатар орындықты кузов. Қосымша есік кузовтың артқы қабырғасында орналасқан. Хэтчбек кузовының жүк (багаж) бөлімін ұлғайтуға болады. Бұл кузов өте кіші, кіші және орта класты жеңіл автомобильдерде пайдаланылады.
Фаэтон толық ашылатын екі немесе үш бөлімді, екі немесе төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты кузов. Кузов төбесі жиылмалы жөне жүмсақ, жақтауы (боковина) алмалы-салмалы болады. Фаэтон кузовы орта және жоғарғы класты жеңіл автомобильдерде пайдаланылады.
Кабриолет толық ашылатын үш бөлімді, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатар орындықтар жиылмалы) кузов. Кузов төбесі қатты немесе жұмсақ жиылмалы, жақтауы (боковина) алмалы-салмалы болады. Кабриолет кузовы орта және жоғарғы класты жеңіл автомобилъдерде пайдаланылады.
Арнайы транспорттың машиналарында толық немесе жартылай қаңқа пайдаланылады. Қаңқасы болат прокаттан жасалады, оған автомобиль агрегаттары бекітіледі.
12. АВТОМОБИЛЬДЕР РЕССОРЛАРЫ
Автобустарда және жүк автомобильдерінде серіппе ретінде рессорлар, торисиондар және пневмобаллондар қолданылады.
Жеңіл автомобильдің артқы асқышына көбіне рессорларды, ал алдыңғы асқышына серіппелерді пайдаланады. Рессордың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітіліп, артқы шеті сырғымалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады.
Кедергіге кездескенде рессор тербелісін өшіру үшін амортизатор пайдаланылады.
13. АМОРТИЗАТОР
Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына айналдырып, автомобильдің жатық (селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді.
Амортизаторлар екі топқа бөлінеді - бір және екі түтікті (трубалы). Олар қос әрекетті сұйық телескоптың немесе сұйық пен газды болады.
Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сұйық пен газды телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда, газ (В) және сұйық (А) бір-бірімен бөлектеуші поршеньнін, (1) әсерінен жанаспайды.
Екі түтікті амортизаторлар көбінде телескопты болады, оларда да сұйық немесе сұйық пен газды бірге қолданады. Бұл амортизаторларда газ (В) бен сұйық (А) бір-бірімен жанасады.
Амортизатор поршеньдерінде (2) екі тесік (3,5) жасалған, олар бір жағынан пластиналы серіппелі клапандармен жабылған.
Доңғалақ кедергіден өту кезінде рессор майысады да, амортизатор сығылады. Рессор қайта серпілгенде амортизатор созылады.
Доңғалақ жоғары көтерілгенде (3) клапан ашылып, сұйық поршеньнің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. Поршень (2) жылдам қозғалғанда ауысу қуысында қысым ұлғаяды. Амортизатордың сығу кедергісі оның кері қайту (созылу) кедергісінен бірнеше рет аз болады. Бұл автомобильдің кедергіге тап болған кезіндегі соққысын азайтады.
Автомобильдерде қос әрекетті сұйық телескоптың амортизаторлар қолданылады.
14. ДОҢҒАЛАҚ
Автомобиль асқыштар арқылы доңғалақтарга орналастырылады.
Доңғалақтың негізгі қызметі - автомобильдің тербелісін жеңілдетіп (подрессорирование), бағытының өзгеруін қамтамасыз етеді.
Доңғалақтар жетекші, басқарушы, құрама (жетекші және басқарушы) және ұстаушы (сүйемелдеуші) болып бөлінеді.
Шиналардың негізгі өлшемдері: В, Н—шина профилінің ені мен биіктігі,
d, В – отырғызу және сыртқы диаметрі
Жетекші доңғалақ айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. Басқарушы доңғалақ автомобильді бұрын бағыттап отырады.
Пневматикалық шина домалағанда деформацияланып, әрбір соққыны жеңілдетіп, жойып доңғалақ осінің бірқалыпты жылжуын сақтайды. Мұндай пневматикалық шинаның қасиетін жұмсақтатушы деп атайды (сглаживающей).
Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резеңкенің ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді.
15. АВТОМОБИЛЬДІҢ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ШИНАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
Пневматикалық шиналар диагональды, радиальды, орташа, жалпақ, төмен және өте төмен профильді, камералы және камерасыз болып келеді.
Автомобиль доңғалағы: 1 - шина, 2 -құрсау,
3 - диск, 4 - ступица
Камералы шина покрышкадан (1), оның ішіндегі камерадан және құрсау лентадан (2) тұрады. Покрышкаға каркас, протектор (1) (жүгіру жолы), бүйір (2) және жақтаулық (3) бөліктер жатады. Тегіс жолда бедері майда, ал ойлы-қырлы және жолсыз жерлерде бедері ірі протектер шиналары қолданылады.
Шиналар камералы және камерасыз болып бөлінеді. Камералы шинаның ка-мерасы дөңгелек сақина түрінде созылмалы резеңкеден жасалады. Ауа толтыру немесе оны шығару үшін камераның вентилі болады.
Диагональды Радиальды
Шиналар кесіндісі: 1 - протектор, 2 - протектор бүйірі,
3 - шина жақтауы, 4 - брекер, 5 - каркас, 6 - борт
Корпустың вентилі фланецпен түтік тәрізді етіп жезден жасалған, ол камерага шайба мен гайка арқылы бекітілген. Корпус вентилі құрамды болып та келеді: оның жоғарғы бөлігі жезден, ал төменгі бөлігі резеңкеден жасалады, ол камераға желімделінген. Золотник — камераның ішіне ауа жіберіп тұратын клапан. Золотник вентиль корпусына бұрап кигізіледі, үсті қалпақпен жабылады.
Шина өлшемі покрышканың бүйіріне жазылады, В,Н- шина профилінің ені мен биіктігі; d, D - отырғызу жөне сыртқы диаметрі. Бірінші цифр шинаның енін, ал сызықшадан кейінгісі оның ішкі диаметрінің енін көрсетеді.