Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 09:17, дипломная работа
Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.
І КІРІСПЕ 2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Автомобильдің бағытын басқару. 3-4
2. Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер. 5
3. Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару. 6
4. Автомобильді дауыспен басқару. 7
5. Рульдік басқарудың ақаулары. 7
6. Автомобильді рульмен басқару ерекшеліктері. 8
7. Автомобильдердің маневр жасауы. 9
8. Басқару доңғалағының әсерінен автомобильдің аударылуы. 9
9. Автомобиль неге бір бүйірге қарай (көлденең) сырғанайды? 10
10. Қатерлі жағдайда автомобильді рульмен басқару. 10
11. Автомобильдер кузовы мен қаңқасы. 11-12
12. Автомобильдер рессорлары. 13
13. Амортизатор. 14
14. Доңғалақ. 15
15. Автомобильдің пневматикалық шиналары және олардың жұмысы. 16-17
16. Автомобильдің техникалық қауіпсіздігі. 18-22
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 23
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 24
Жоспар
І КІРІСПЕ 2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Автомобильдің бағытын басқару. 3-4
2. Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер. 5
3. Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару. 6
4. Автомобильді дауыспен басқару. 7
5. Рульдік басқарудың ақаулары. 7
6. Автомобильді рульмен басқару ерекшеліктері. 8
7. Автомобильдердің маневр жасауы. 9
8. Басқару доңғалағының әсерінен автомобильдің аударылуы. 9
9. Автомобиль неге бір бүйірге қарай (көлденең) сырғанайды? 10
10. Қатерлі жағдайда автомобильді рульмен басқару. 10
11. Автомобильдер
кузовы мен қаңқасы.
12. Автомобильдер рессорлары. 13
13. Амортизатор. 14
14. Доңғалақ. 15
15. Автомобильдің пневматикалық шиналары және олардың жұмысы. 16-17
16. Автомобильдің техникалық қауіпсіздігі. 18-22
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 23
IV Пайдаланылған әдебиеттер. 24
І КІРІСПЕ
Тасымал көлігінің негізгі міндеттері — ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру. Автокөлік тасымалында автотасымал құралдарының пайдалану тиімділігін арттыру-бірінші кезекте тіркемелерді және жартылай тіркемелерді пайдалану арқылы жүзеге асыру, өнімсіз бос тұруларды болдырмау, автокөліктердің бос жүрістерін қысқарту, тиімсіз тасымалдарды болдырмау, жалпы тасымалдауға автокөліктерді басымырақ өрістету, автокөлік паркі құрамын жақсарту. Осыларға байланысты, инженер және техник мамандардан автокөліктердің құрылысын түсініп қана қоймай, өз бетінше жаңа механизмдерді немесе жүйені, сондай-ақ бүтіндей жаңа автокөлікті бағалай білуі талап етіледі.
Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері моторды, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.
Автозауыт конструкторлары рульдік басқаруды және тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды жөне қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты автомобильдердің толыққанды жаңа үлгісін тиімді қолдану үшін оның құрылымдық ерекшеліктерін мұқият, зейінді оқу қажет.
Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.
Сонымен қатар халық шаруашылырында пайдаланылатын автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы арта түспек.
Бастауыш және орта кәсіптік
оқу орындарындағы болашақ
1. АВТОМОБИЛЬДІҢ БАҒЫТЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Автомобильдің бағытын қозғалыс барысында өзгерту басқару доңғалақтарын бойлық бағыт осінен бұру арқылы жүзеге асырылады.
Басқарушы доңғалақтар автомобиль қаңқасына тәуелді немесе тәуелсіз түрде ілінеді. Тәуелсіз аспалы басқарушы доңғалақтардың рульдік механизмі көрсетілген. Рульдік басқару рульдік механизмнен (3) және рульдік жетектерден тұрады.
Әдетте рульдік механизмде гидравликалық күшейткішті қолданады. Жеңіл автомобильдерде механикалық рульдік басқару да қолданылады.
Рульдік механизмнің бірнеше типтері бар: бұрамдық-роликті, бұрамалы-рейкалы және рейкалы.
а б
Руль механизмі. а—бұрамдық-роликті, б—бурама-рейкалы,
в - рейкалы, 1 - бұрамдық, 2,4,9 - біліктер, 3 - ролик, 5 - бұрама,
6 - шарикті гайка-рейка, 7 - шариктер, 8 - тісті сектор,
10 - шестерня, 11 - рейка
Бұрамдық-ролик рульдік механизмін кейбір автомобильдерде қолданады. Рульдік механизмнің типтері - үш қатарлы ролик және глобоидтық бұрамдық, олар беріліс қуатты бұрамдық жұбын құрайды. ВАЗ автомобилінің рейкалы берілісті рульдік механизмі келтірілген.
Бұрамдық-роликті руль механизмінде реттеуіш бұрамамен сошка білігін ось бағытында ауыстырып тұруға, бұрамдық пен ролик аралығындағы саңылауды өзгертуге болады, мұның өзі рульдік дөңгелектің еркін жүрісіне өсерін тигізеді.
Сошка білігінің сыртқы шетінде шлиці бар, ол сошкаға кигізіледі. Сошканы білікке дүрыс орнату үшін оның ұшына сызат сызықтар белгіленеді. Білікке сошканы гайкамен бекітеді жөне пайдалану кезінде оны керіп тартады.
Рульдік механизмнің корпус (3) бөлшектерін майлау үшін қүю тесігінін, деңгейіне келтіріп трансмиссиялық май құйып, тығындайды. Корпустан май ағуын өздігінен қысатын сальник, киіз сақина және картон аралық төсем болдырмайды.
Рульдік жетек бұрылу цапфасы мен (4,12) сошканы (7) жалғайтын бөлшектерден тұрады. Барлық доңғалақтардың жалпы бұрылыс орталығы болуы керек, яғни ішкі басқару доңғалағы сыртқысына қараранда үлкен бұрыш жасап бұрылуы қажет. Бұл талапты орындау рульдік трапецияны қамтамасыз етеді (математикалық трапецияны еске түсіріңіз), мұнда автомобильдің алдыңғы осі мен келденең рульдік тартқыш — негізгісі, ал бүйір жақтары — цапфа бұрылысының рычагтарын (8) атқарады.
ВАЗ автомобилінің механикалық рулъдік механизмі: 1 - бұру рычагы, 2 - шарлы топса,
3,5—руль және түтік тяга, 4,34 - гайкалар, 6—шарлы саусақ, 7,13—құндақтар, 8—ішпек, 9,33—серіппелер, 10,20 - бұрандамалар, 11- қапсырма, 12 - тіреу, 14,15—пластина, 16,17 - төлкелер, 18 - тісті рейка, 19 - картер, 21 - эластикалы муфта, 23—руль дөңгелегі, 24,29,31 - под -шипниктер, 25—руль білігі, 26—рулъ колонкасы, 27 - кронштейн, 28 - сақтағыш қалпақ, 30 - жетекші шестерня, 31 – тірек.
2. Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Рульдік басқару жүйесінде жоғарғы қысымды сұйықпен немесе сығылған ауамен жұмыс істейтін күшейткіштер пайдаланылады.
Күшейткіштер жүргізушінің жұмысын оңайлату, автомобиль маневрлігін жоғарылату және қауіпсіздігін көтеру үшін қолданылады. Жүргізушінің жұмыс кезінде 50% энергиясы рульді басқаруға жұмсалады. Күшейткіштер жүргізушінің рульді басқаруға жұмсайтын энергиясын 2-3 есе азайтады.
Барлық автомобильдердің 90%-да гидравликалық күшейткіштер қолданылады.
Гидрокүшейткіш: 1- золотник, 2,3,11 - май түтіктері, 5 - басқарушы доңғалақ, 6,9 - бойлық және көлденең руль тартқыштары, 7,8—рычагтар, 10 - гидроцилиндр поршені
Гидравликалық күшейткіш (8.10-сурет) құрамына гидросоргыТС, бак-Б, гидротаратқыш-ГТ жөне гидроцилиндр кіреді. Рульдік механизм-РМ гидротаратқыштың-ГТ золотнигіне (1) өсер етеді. Рульді бүрған кезде золотник (1) сорғыдан-ГС келетінмайды (11) түтік арқылы гидроцилиндрге-ГЦ жеткізеді. Поршень (10) тартқыш (9,8) арқылы басқарушы доңғалақты бүрады, тартқыш гидротаратқыш-ГТ корпусын жылжытып, золотникті (1) бастапқы қалпына келтіреді, гидротаратқыштан-ГТ майды гидроцилиндрге-ГЦ беру және доңғалақтың (5) бұрылуы тыйылады.
3. Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару
Автомобильдерді басқаруды жетілдіру әрекеті олардың шығарылған кезінен басталды. Әр түрлі компанияның жобалаушылары көптеген ұсыныстар жасауда. Бір топқа кіретін рульдік «Дөңгелек» («Баранка») автомобильдерден ажырамайтын және әзірше аз өзгерген серігі болып келеді.
Рулъдік джойстик (а) және тышқан (б) тетік
Авиацияда жөне басқа транспорттық жүйелерде басқару жаңа технологияларды қолдану арқылы алға басуда. Мысалы, Daimler, Chrysler, Fonder авиақұрылым концерндерінің тығыз ынтымақтастығының арқасында, джойстикке ұқсас көпфункциональды қосқыш автомобильдерге пайдалануға ұсынылуда.
Рульдік дөңгелекпен жөне басқышпен автомобильді басқарып, адам бұл функцияны бөледі және оларды бір-бірінен тәуелсіз басқарып бақылайды. Рульмен автомобиль бағытын өзгертсе, ал басқыштармен (педальдермен) жыл-дамдықты реттейді.
Бір ғана джойстик (а) немесе тышқан (б) тетік (мышь) арқылы жылдамдықты және автомобильдің жүру бағытын реттеуге болады.
Джойстик ось бойымен оңға, солға бұрылғанда электронды басқару блогы басқару доңғалағын оңға немесе солға бұрады. Егер джойстикті алға еңкейтсе, жылдамдық артады, ал артқа қарай еңкейтсе автомобиль жылдамдығы азаяды.
Джойстик пен тышқан тетік арқылы басқару автомобиль жасау және оны пайдаланудағы басты кемшілікті жояды. Қазіргі заман автомобильдері сол немесе оң рульді болады. Мысалы, Жапония, Англия, т.б. автомобильдері оң рульді. Қазақстанда, Еуропа елдерінде, Америкада, т.б. мемлекеттерде автомобильдер сол рульді. Джойстик пен тышқан тетік автомобильдің алдыңғы орындықтарының ортасына орналасқандықтан жүргізуші қалаған (оң немесе сол) жағына отырып, басқара алады.
Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару жүйесіне көптеген автоөндіруші елдердің заңдарымен, әзірше іс жүзінде тыйым салынған.
4. Автомобильді дауыспен басқару
Жобалаудағы жаңа шешімдер өндіріске өте тез еніп жатады. Автомобильдің функцияларын дауыспен басқару соңғы жылдары іске асуда. Дауыспен қозғалтқышты іске қосу, кондиционермен кабинадағы ауа температурасын өзгерту, қалаған терезенің әйнегін түсіру немесе көтеру, радио-магнитофонды қосу, бұрылыс шамдарын жағу, телефонды іске қосу, интернет жүйесіне кіру, автомобиль маршрутын және оның орнын анықтау соңғы маркалы ав-томобильдерде қолданылуда. Электронды басқару блогы тек жүргізушінің дауысымен басқарылады.
5. Рульдік басқарудың ақаулары
Рульдік басқару автомобильдің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Басқарудағы мардымсыз қиыншылықтардың өзі жол апатына ұшыраудың себебі болуы мүмкін. Егер рульдік басқаруға үлкен күш жұмсалатын жағдайда жүргізуші тез шаршайды, ал жол қозғалысы және жоғарғы жылдамдықпен жүргенде соқтысығып немесе біреуді мерт қылу қаупі туады. Рульдік механизмді реттеу керек. Гидрокүшейткіштің ақауы байқалса, оны да жөндеу қажет.
Рульдік басқарудың бекіту бөлшектерінің босағандарын қысып, жоғалған немесе сынған шплинттерін, сондай-ақ рульдік басқарудың тозған бөлшектерін жаңасымен ауыстырады.
Бұрамдық-сектор типтес рульдік механизмді реттеу. Егер бұзылған еркін жүріс рульдік тартқыштың топсалы қосылысын реттеумен қалпына келмесе, онда бұрамдық (6) пен сектор (8) аралығындағы саңылауды реттейді.
6. АВТОМОБИЛЬДІ РУЛЬМЕН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Автомобильге әсер ететін сыртқы күштерге қарамастан, басқару доңғалақтарды алған бағытын өзгертпестен орнықты жүріп отыруы тиіс. Сонымен қатар ол жүргізушінің қалауына қарай жүру бағытын өзгертіп, яғни жеңіл басқарылуы шарт.
Басқару доңғалақтарының басқарылуы деп олардың автомобильдің түзу жүруін сақтау және жеңіл бұрылып, бағытын өзгерту қасиеттерін айтады.
Басқару доңгалақтары кездейсоқ соққыдан, жол бетінің кедір-бұдыры себебінен өзінің қалыпты бағытын өзгертіп отырады. Мұндай өзгеріс тіпті автомобильдің асфальт жолмен тура жүріп келе жатқан кездерінде де кездеседі. Автомобильдің нашар басқарылатын доңғалақтары орнықсыз болады. Сондықтан жүріп келе жатып жүру бағытын өзгертуі мүмкін, жүргізуші руль дөңгелегін оңды-солды бұрап, басқару доңғалағын бастапқы қалпына келтіру үшін әуре болады. Доңғалақтың нашар басқарылуы жүргізушіні тез шаршатады, ал доңғалақты әрлі-берлі жиі бұрай беру автомобильдің көлденең сырғанау қаупін туғызады және оның орнықтылығын нашарлатып, шинасы мен руль механизмінің бөлшектерін тоздырады. Руль механизмі дұрыс реттелген автомобильдердің басқару доңғалағы жүру кезінде бастапқы тузу бағытына өздігінен оралып оты-рады. Тіпті жүргізуші руль дөңгелегін қолымен ұстамай жүргізгеннің өзінде де басқарылуы дұрыс реттелген автомобиль доңғалағы түзу жүруді қамтамасыз ете алады.
Басқару доңғалағының басқарылуы әсіресе автомобильді бұру кезінде өте қажет. Жақсы басқарылатын автомобиль доңғалағы бұрылғаннан кейін бастапқы қалпына ешқандай күштің әсерінсіз-ақ өзі келеді, бұл жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді және автомобильді соқтығысудан сақтайды, бұл қасиет, әсіресе, шұғыл бұрылыстан шыға бергенде өте қажет.