Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 12:10, курсовая работа
«Зайырлы» сөзі қазақтың сөздік қорына тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы Ата Заңның бекітілуімен бірге енді. Ал қазақтың сөз саптау мәнерінде бағзыдан келе жатқан «зайыры» деген қыстырма сөз бар. Ол «дұрысы», «анығы», «ашығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің төркіні арабтың «ашық; айқын; сыртқы», т.б. мағыналарды білдіретін «захир» сөзінен туындайды.
Кіріспе
1.1 Зайырлы мемлекет. Зайырлылық үлгілері: шетелдік тәжірибелер
1.2 «Хижаб» мәселесі. Дін және дәстүр
1.3 Ислам мемлекеттеріндегі ұлттық ерекшеліктер жайында
1.4 Зайырлы мемлекет — атеистік емес
1.5 Дін және зайырлы мемлекет
ЖОСПАР
Кіріспе
Кіріспе
«Зайырлы» сөзі қазақтың сөздік қорына тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы Ата Заңның бекітілуімен бірге енді. Ал қазақтың сөз саптау мәнерінде бағзыдан келе жатқан «зайыры» деген қыстырма сөз бар. Ол «дұрысы», «анығы», «ашығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің төркіні арабтың «ашық; айқын; сыртқы», т.б. мағыналарды білдіретін «захир» сөзінен туындайды.
«Зайырлылық» ұғымының ең танымал анықтамасы – француз философы және лингвисті Эмиль Литтренің: «Барлық культтерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамадан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» деген тұжырымы.
Зайырлы мемлекет. Зайырлылық үлгілері: шетелдік тәжірибелер
ҚР Конституциясының
1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы
өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде
орнықтырады» делінген. Конституциялық
негіздегі «зайырлы» ұғымы
Әлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан. Біріншісі – зайырлылықтың атеистік үлгісі. Оның көрнекі мысалы халқымыз бастан өткерген кеңестік режимді орнықтырған КСРО болып табылады. ҚХР да бүгінге дейін осы үлгіні пайдалануда.
Зайырлылықтың екінші үлгісі – сепаратистік үлгі. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.
Зайырлылықтың үшінші үлгісі – таңдамалы негіздегі үлгі. Бұл үлгі қоғам үшін ерекше құнды болып табылатын, конституциялық деңгейде анықталатын діни басымдықтарды басты тірек етеді.
Таңдамалы үлгі бойынша мемлекет құрушы және мәдениет құрушы дін, дәстүрлі немесе тарихи дін, басым көпшілік ұстанатын дін секілді бірнеше ерекше мәртебелерді анықтау арқылы таңдау жасалады. Ерекше мәртебеге ие діндер қосымша ерекше құқықтарды иеленеді және ең алдымен азаматтық қоғамның барлық салаларында – білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары салаларында кез келген діни қызметті жүзеге асыру құқығын иеленеді. Батыс Еуропаның көптеген елдері осы таңдамалы үлгі негізіндегі заңнаманы қолданады. Зайырлылықтың сепаратистік үлгісі АҚШ, Нидерланды секілді жекелеген елдерде ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы да осы сепаратистік үлгіні қолдануда.
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің зайырлы болуына қарамастан дәстүрлі діни ұйымға конституциялық тұрғыдан ерекше мәртебе беру тәжірибесі қолданылады. Норвегия, Израиль, Аргентина, Ұлыбритания және т.б. бірқатар мемлекеттердің заңнамаларында белгілі бір дінге мемлекеттік статус бекітілген. Дәстүрлі діндер тиісті конституциялық-құқықтық мәртебе берген мемлекеттер де бар.
Мысалы, Норвегия мемлекеті Конституциясының 2-бабына сәйкес евангельдік лютеран діні Норвегияның мемлекеттік ресми діні болып табылады. Сондықтан мемлекеттегі Норвегия Шіркеуін басқаруға қатысты барлық шығындарды мемлекеттік салық есебінен мемлекет және муниципиалдық билік көтереді. Тұрғылықты халықтың 83%-ы Норвегия Шіркеуіне тұрақты түрде барып тұратын дінге сенуші қауым болып табылады. Норвегияның мемлекеттік балабақшалары мен мектептері заң бойынша «Мораль және христиандық тәрбиені» оқытуға міндетті. Осыған қарамастан ешкім бұл мемлекетті «діни», «тоталитарлы», «клерикалды» немесе т.б. анықтамалармен атамайды.
Израиль мемлекетінің заңнамасында қандай да бір діннің көшбасшылық жағдайын айқындайтын бап жоқ. Алайда, мемлекеттің Қайтару туралы Заңының 4а бабына сәйкес Израильге репатриант ретінде қайта оралу құқығына басқа дінді ұстанбаған кез келген иудей ие. Ал христиан дінін қабылдаған иудейлер Израильге қайта оралудың барлық құқықтарынан айырылады. Израиль Жоғарғы соты осындай қаулы қабылдаған.
Герман Федеративті Республикасының Конституциясына келсек, ГФР Негізгі заңына сәйкес мемлекеттік мектептерде діни білім беру міндетті деп мойындалады. Бұл ретте неміс халқының негізгі сенімі болып табылатын лютерандық негізге алынады.
2. «Хижаб» мәселесі. Дін және дәстүр
Дін тек сенім мәселесіне ғана емес, мораль (ахлақ) мәселесіне де тікелей қатысты. Моральдың негізі ұстаным болса, ұстанымның тірегі – сенім. Адамзат баласы өз тіршілігін сенімге негіздемей өмір сүре алмайды.
Кез келген діннің негізінде ең алдымен рухани, моральдық құндылықтар жатады. Исламның ұлы тұлғасы Мұхаммед пайғамбар өзінің адамдар арасындағы міндетін: «Мен көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін жібергенмін» деп түсіндірген. Дін саласында мораль мәселесі сенім мәселесінен жоғары тұратынын осы хадистен-ақ түсінуге болады. Дінге сенуші адам ең алдымен жан-дүниесімен, болмысымен дінді қабылдауы керек. Әрбір дін жан тазалығын, ар тазалығын уағыздайды. Осы екі ұғым арқылы жеке тұлғаның өз мәселелері де, бүкіл қоғамдық қатынастар да реттеледі. Мұхаммед пайғамбар: «Иман екі түрлі болады: бірі – тілдегі иман, екіншісі жүректегі – иман», «Алла Тағала сіздің сырт көрінісіңізге қарамайды, жүрегіңізге назар салады» деген хадистер қалдырған. Осының барлығын қазақ даналары: «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді» деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
«Дінге сенуші» ұғымын ең алдымен «дінге жүрегімен сенуші» мағынасында қабылдауымыз керек. Дінге сенуші өзінің ұстанымдарымен, жүріс-тұрысымен, өмір салтымен ешкімге кедергі жасамауы, қиындық тудырмауы, қоғамдық өмірде кереғар пікір туғызбауы керек. Мұхаммед пайғамбардың: «Мұсылман дегеніміз өзгелерге қолымен немесе тілімен залал келтірмеген адам» деген хадисі де соны меңзейді.
Бүгінгі Қазақстанда белең ала бастаған салафи ағымының жақтаушылары да, хижаб киюшілер мен оны насихаттаушылар да сенімдік жағын былай қойғанда, мұсылмандық әдеп тұрғысынан да дәстүрлі қазақ қоғамының тұтастығына залал келтіруде. Бүгінгі қоғамымыздағы кейбір теріс пиғылды ағым өкілдері хижаб мәселесін орынды-орынсыз жалаулатып, саяси ойынға айналдырғысы келетіні белгілі. Өздерінің «таза ислам» өкілі екендігін қаба сақал қойып, қысқа балақты шалбар киюмен дәлелдегісі келетіндер қатары да көбейіп барады. Ислам жайындағы осындай үстірт түсініктерге, жат мәдениет ықпалына көзсіз еруге, жат идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұра алатын бірден-бір күш – біздің қазақы мұсылмандығымыз.
Қазақ халқы тәуелсіздік алғалы ғана мұсылмандықты қабылдаған жоқ. Біз мың жылдан бері мұсылман елміз. Мұсылмандық қазақтың қанына сіңген. Қазақ ұлты мен қазақ мемлекеттігі ислам діні аясында, ислам шариғаты шеңберінде қалыптасты. Қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ислам қағидаларымен үйлесіп, кірігіп кетті. Ұлттың дүниетанымы оның дәстүрінен танылады. «Дәстүрлі дін» деген ұғымның өзі ең алдымен «дәстүрге айналған, дәстүрмен тұтасып кеткен дін» дегенді білдіреді. Қазақстан үшін дәстүрлі дін – әрбір халықтың өз дәстүрімен сабақтасып жатқан ата діні деген сөз. Қазақстанда өмір сүріп отырған қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, түрік, әзірбайжан, күрд, тәжік, шешен, қырғыздардың барлығының ата діні – ислам. Олардың әрқайсысы исламды өздерінің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімен бөліп-жармай бірге қабылдайды. Әр ұлт өзінің ата дінін, дәстүрлі мазхабын ұстанғанда ғана тұтастығын, бірлігін сақтап қала алады. Осы ғасырлар бойы қалыптасқан тұтастыққа жік түсіруге тырысып жүрген салафилік секілді ағым өкілдерінің әрекеттері қазақ халқының да, бүкіл Қазақстан халқының да бірлігін бұзатын қауіпті фактор. Ал ислам – бірлік діні. Ислам бөлінуге емес, бірігуге шақырады, ел ішіне бүлік салушыларды «фитнашылар» деп ауыр айыптайды.
Мұсылмандық тарихымызға көз салсақ, Қарахандықтар мемлекеті тұсында (Х-ХІІІ ғғ.), Алтын Орда мемлекетінде, өз қандастарымыз Үнді жерінде құрған Моғолстан мемлекеті тұсында ислам діні мемлекеттік дін ретінде бекітілген екен. Осы кезеңдердің бірде-бірінде әйелдерге хиджаб кию міндеттелмеген. Исламның қаймағы бұзылмаған орта ғасырлардың өзінде ата-бабаларымыз хижабтың жат мәдениет үлгісі екенін жақсы білгендіктен, өмір салтына енгізген жоқ. Бертінде қазақтың жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі де хижабтан қорғануға елеулі себеп болды.
Сөздік қорына «хижаб» деген сөзді енгізбеген қазақ үшін қауіп хижабтың өзінде емес, хижаб арқылы көрінетін көзсіз, әсіре діндарлықта және дін формасының ар жағындағы жат мәдениет мазмұнында. Сол жат мазмұнның сыналап ішке еніп, қазақы қалпымыздан, ұлттық менталитетімізден, береке-бірлігімізден айыра бастағаны қазір анық байқалады.
Қазақ ешкімнен дін үйренетіндей мүшкіл халде емес. Қазаққа тек ата дінін ата-баба ұстанған жолмен – ғасырлар сынынан өтіп, шыңдалған жолмен жалғастыру қажет. Өзгеге өнеге болатындай тағылымға тұнған тарихымыз, ғибратқа толы дәстүріміз, хикметке бай діліміз тұрғанда, санамызды сан тарапқа тартқылаған әртүрлі ағымдардың жетегінде жүргеніміз елдігімізге сын. Осы орайда хижаб мәселесіне қатысты мынадай ұсыныстар білдіреміз:
1. Зайырлы мемлекет дін саясатындағы ұстанымдарында да орнықтылық танытуы керек. Ұлттық дәстүрлеріміз бен зайырлылық ұстанымдарымызды ескере отырып, бірінші кезекте кәмелет жасына толғанға дейін қыз балалардың хижаб киіп жүруіне заң жолымен тыйым салынуы қажет. Бұл мәселені мектеп жарғысымен шешу мүмкін емес. Өйткені заң жолымен рұқсат етілген діни сенім бостандығын орта оқу орнының жарғысы шектей алмайды.
2. Зайырлы мемлекеттің өз ұстанымдарынан шегіне беруі діни ахуалды одан сайын ширықтыра түспек. Сондықтан жоғарғы оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде де хижаб киюге тыйым салатын заңдық нормалар қарастырылуы қажет. Қазірдің өзінде жоғарғы оқу орындары мен мемлекеттік мекемелердегі хижабты қыз-келіншектердің «мұсылман бауырлар» жамағатына топтасып, өзгелерді соған белсенді түрде насихаттауы байқалады. Мұндай әрекеттеріне тосқауыл қоймақ болған мекеме басшыларының үстінен олардың «конституциялық және азаматтық құқығымды таптады» деп шағым түсіріп, сот процестерін жүргізіп жатқан фактілері де бар. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы Заңда» қатаң нормалар қарастырылмағандығының салдарынан осындай жағдайларда мемлекет өзінің зайырлылық принциптерін қорғай алмай отыр. Бұл орайда заңнама мәселесінде принципшілдік танытуға тиіспіз.
3. Бүгінгі қоғамымыздағы кейбір теріс пиғылды ағым өкілдері хижаб мәселесін орынды-орынсыз жалаулатып, саяси ойынға айналдырғысы келетіні белгілі. Хижаб мәселесін насихаттауда қазақы киім үлгісін бүркеніш ету секілді тенденциялар да айқын көрініс тауып отыр. Ислам жайындағы үстірт түсініктерге, жат мәдениет ықпалына көзсіз еруге, жат идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұра алатын бірден-бір күш – біздің қазақы мұсылмандығымыз. Біз ең алдымен мың жылдық мұсылмандық тәжірибемізді орнымен игеріп алуға тиіспіз. Халықтың ғасырлар бойы жинаған рухани-діни құндылықтарын жинақтап, жаңғыртып, бүгінгі қоғам игілігіне жаратуымыз қажет. Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды кеңінен насихаттау арқылы хижабпен бүркемеленген жат идеологияға тосқауыл қоюға болады. Осы бағыттағы насихат жұмыстары мемлекеттік дін саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуға тиіс.
«Менің заманымда дін бұйырған істердің оннан тоғызын орындап, оннан бірін ғана орындамағандар тозаққа баратын болады. Ал сондай да бір замандар келеді – дін бұйырған істердің оннан тоғызын орындамай, оннан бірін ғана орындаған адамдардың өзі жұмаққа баратын болады» деген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі бар. Қазақтың: «Заманына қарай – амалы» деген нақылы да дәл осыны меңзейді.
Зайырлы қоғамның дінге сенуші азаматы екі нәрсені анық түсініп алуы қажет:
1. Иман адамның киімінде емес, жүрегінде. Құлшылық ең алдымен жүрекпен жасалады. Иманды адам діндарлық көзқарасын көрсететін киім үлгісімен өзін ерекшелеуді емес, жүректегі иманын берік сақтауды ойлауы қажет. Ішін түземей, сыртын сылаудың ең ауыр күнәлардың бірі –екіжүзділік күнәсына ұрындыратынын, ал қоғамдары жүріс-тұрыстарының үлкен бүліктерге апарып соқтыратынын түсінуі тиіс. Ал зайырлы қоғам принциптері жүректегі иман мәселесіне мүлде қайшы келмейді, керісінше оны гуманизмнің биік үлгісі ретінде қолдап-қуаттайды.
2. Кез келген дінде діни ғибадат, құлшылықтарды орындауда көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Осындай жеңілдіктер кез келген зайырлы қоғамда діни парыздарды орнымен атқаруға толық жағдай жасайды. Бір ғана ата-дініміз исламдағы намаз оқуды алсақ, мүмкіндігі жоқ адамның намазды кешіктіріп оқуына жағдай жасау үшін «қазасын өтеу» шарттары белгіленген. Бүгінгі бірқатар дінге сенушілердің осындай жеңілдіктерге көз жұма қарап, фанаттық көзқарасты ұстануы өте қауіпті. «Еш нәрсеге, тіпті дінге де көзсіз берілмеңдер. Сіздерден бұрын өткен көп қауым дінге көзсіз берілгендіктен опат болған» деген Мұхаммед пайғамбар хадисі әсіре фанатизмнің ауыр салдарын меңзейді.
Кезінде діндарлықтың жөні осы екен деп, қызды-қыздымен асыра сілтеп, «Жәннәтул бақидағы» он мың сахабаның, Пайғамбарымыздың текті әулетінің қабірін қиратқан арабтар бүгінгі күні өз ісінен өзі шошып, артына алаңдап, «әл-уасатийа» – «ымырашыл ислам» дегенді ойлап тауып отыр. «Ақымақ өз қатесінен сабақ алады, ақылды біреудің қатесінен сабақ алады», өзгенің қателігін қайталап, өз жағдайымызда сынап көрудің бізге қажеті жоқ.
Ислам діні аясында ұлт болып қалыптасқан қазақ халқының бүкіл салт-дәстүрлері ислам шариғатымен біте қайнасып кеткен. Қазақ дәстүрлеріне қарсы шығып, оның тұтастығын бұзу түптеп келгенде исламның тұтастығына қарсы шығу деген сөз. Сондықтан әр ұлттың ата дәстүрін қорғауы ата дінін қорғаумен бірдей екенін ұмытпауымыз керек.
Ислам мемлекеттеріндегі ұлттық ерекшеліктер жайында
Шамамен бес жыл бұрын біздің мемлекетімізде дін саласында маман дайындайтын мекеме де, мамандар да болмаған еді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған соң шетелге шығу мүмкіндігі теологиялық білім алуға да мүмкіндік берді. Осылай, ислам бойынша тәлімді біздің ізденушілер Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ауғаныстан, Иран мемлекеттерінен ала бастады. Бұл да рухани қажеттілікті толықтырудағы бір жол еді. Әрине, Діни істер басқармасынан бақыланатын мекеме, мешіттерде жұмыс істейтін бұл мамандардың мемлекеттік саясат тарапынан жұмыс жүргізілуі қадағаланады. Ал, одан тыс қалғандар аталған мемлекеттерден тоқыған түйген вахаббиттік, салафиттік, шииттік ойларын діни сауаты аз біздің қоғамға сіңіріп жүрмегеніне кім кепіл. Одан да қорқыныштысы сол адамдардың өз сенімдерінің дұрыстығына кәміл сенуінде... Әрине, әр мемлекеттің тарихына, ислам дінінің енуі мен таралуына, діліне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты ислам сол мемлекетке тән форманы қалыптастырды. Исламның негізгі ағымдары суннизм, шиизм, хариджизм ағымдарына байланысты теориялық тартыстарды айтпағанда, басым көпшілік халқы суннит болып табылатын араб мемлекеттерінің өзінде исламның теориялық, практикалық (киім мәселесінде) мәселелеріне байланысты біртұтас пікір жоқ екендігі мәлім. Енді тілдері, мәдениеті, тарихи дамуы әртүрлі Үндістандағы немесе Ирандағы мұсылмандарды алып қарайық. Ислам Үндістанда индуизмнен кейін екінші орынға ие. Үндістан жеріне ислам IX-XI ғғ. толығымен орнықты, дегенмен ондағы мұсылман әйелі ұлттық сари киімін киіп жұқа жамылғысымен жүреді. Батыс Африкағы мұсылман халқы басым Нигер, Гвинея, Буркина Фасо мемлекеттерінің мұсылмандары өз ұлттық дәстүрлерін сақтап, әйелдері өздеріне ынғайлы ұлттық киімдерін киеді. Шииттік Иран Иран Республикасында Әли, Фатима, Хусейндердің салынған суретін көруге болады. Иранның ежелгі діні зороастризм заманында пайда болған Наурыз мерекесін ирандықтар басты мереке ретінде тойлап өтеді. Өтіп бара жатқан жылдың ең соңғы сәрсенбісін «чехоршанбе-ие сури» деп атап ескі жылда жамандықтың бәрі артта қалсын деген ниетпен, тазалану рәсімін өткізіп жанып тұрған оттан секіреді. Жаңа жылдың алғашқы он үшінші күні 13 санының жайсыз болуына байланысты барлығы күндізгі уақытты сыртта пик-ник жасап, демалып үйден тыс өткізеді. Бұл рәсім «сиздах бе дар» деп аталады. Ислам Республикасында зороастримнен қалған ирандықтар үшін дәстүрлі рәсімдер сақталып, әлі күнге тойланып келеді.