Құқықтық норма санкциясы. Санкция түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 00:51, курсовая работа

Краткое описание

Заң ғылымының негізгі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді:
1) Құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
I ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық нормасы түсінігі және белгілері...........................................................4
1.2 Құқықтық норманың қайнар көздері................................................................9
1.3 Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері.................................................................................................................14
II САНКЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Санкция түрлері...................................................................................................20
2.2 Санкцияны соттарға беру- уақыт талабы..........................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.docx

— 53.13 Кб (Скачать документ)

    Қабылданған заңға  байланысты осылай деп түсіндірме  жасаған Әміров мырза алда  үлкен шаруарлар күтіп тұрғанын  баса айтты. Мемлекет судьяларға  тағы бір маңызды істі тапсырды. «Бұл өз кезегінде судьяларға  ауырлық тумасы. Жауапты істі  әділетті орындайды деп сенемін. Осы мәселелердің барлығына Астана  соттары аса қырағылықпен зерделепғ  мұқият орындайтын болады. Ол  үшін әрине, ғасырға жуық тәжірибесі  бар прокуратурадан үйренеріміз  көп» дейді алқа төрағасы.[6,23б.]

 

 

 

 

 

 

                                  

                                      

 

 

 

 

                                               ҚОРЫТЫНДЫ

     Сонымен, “Құқықтық норма санкция. Санкция түрлері” атты курстық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

     Қандай да  болмасын ғылымның алғашқа ірге  тасын сол ғылымға қатысты  негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын  құқық түсінігі, оның мән-мағынасын  қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы  тараулардан белгілі болды.

      Құқық адам  мен қоғамның жаратылысымен байланысты  тұлғаның бостандығын білдіреді, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің  күшімен қамтамасыз етілетін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

     Құқықтық норма  – қоғамдық қатынастарды реттеуге  қолданылатын әлеуметтік ережелердің  бір түрі. Ол бүкіл халықтың  мүддесін қорғаудың, мемлекеттің  билігін, саясатын іс-жүзіне асыраудың  құралы. Құқықтық норма қоғам  мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін  арнайы ережелермен реттейді.

     Жеке дара  норма немесе нормалардың бір  жүйесі құқық бола алмайды. Құқық  деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды  толық қамтыған нормативтік актілердің  жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке  дара құқықтық норманың маңызы  зор. Оның мазмұны өте күрделі  мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдекті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы халықтың әлеуметтік  жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық  іс-әрекеттерді біріктіреді.

      Құқықтық  нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі  заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы  қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық  болуы керек. Сонда ғана ойы  дұрыс орындалуға болады. Өмірде  мазмұны толық емес нормалар  кездеседі. Бір нормада қатынастың  мазмұны көрсетіледі, екіншісінде  – оны қашан, қандай жағдайда  қолдануды көрсетеді, үшіншіде –  қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін  біріктірсе бір толық норма  болып шығады. Мұндай норманың  құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі  толық түрде болады. Егерде толық  болмаса, жетпейтін элементтерін  сілтеме арқылы тауып алуға  болады.

    1995 жылы қабылданған  Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында біздің Республика өзін  демократиялық, зайырлы, құқықтық және  әлеуметтік мемлекет ретінде  орнықтырады деп бекітілген. Осыған  орай және елмізде түбегейлі  экономикалық және саяси қайта  құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік  меншіктен қатар жеке меншік  пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың  әл-ауқатын жақсарту нарықтық  қатынастарға негізделетін, мемлекет  экономика мен әлеуметтік-мәдени  салаларын тікелей басқарудың  бас тартып, оларды негізінен  құқықтық реттеумен және заңнамалардың  орындалуын қамтамасыз ету  мақсатында  бақылаумен шектелетін болғандықтан  халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды  білу құштарлықтары арта түсті.

    Сондай-ақ, Ел Президентінің  «Қазақстан 2030» атты жолдануына  сәйкес, Қазақстан Орта Азияның  Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан  кейін саясат» деген қағидатты  ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін  ескере отырып демократияландыру  бағытында алға жылжып отыр. Бұл  өзін-өзі ақтайды. Тек ол үшін  демократияға бастау болатын  алғы шарттар керек. Мұндай процесс  мемлекетте құқықтық базаны құру  мен нығайтуынан туындайтынын  ескеру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Жеті жарғы, 1995.-18 бет.
  2. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003.-328 бет.
  3. Баққұлов С. Құқық негіздері: Оқулық 2-ші басылым. Алматы, 2004.-248 бет.
  4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-106 бет.
  5. Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. Мемлекет және құқық негіздері: оқу құралы.- Астана: «Фолиант», 2001.-252 бет.
  6. Ибраева А.С. Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учеб.-метод.пособие.- Алматы: Оркениет, 2000.-199 бет.
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық./Құраст Е.Баянов-Алматы, 2003.-692 бет.
  8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқықғының негіздері – Алматы. Атамұра. 2003.-192 бет.
  9. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы- Алматы: Жеті жарғы, 1998.-192 бет.
  10. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2003.-464 бет.
  11. Хропанюк В.Н. Теория государства и права / Полһд ред.Стрекозова В.Г. – доп. Испр.- М: Интерстиль, 1998.-377 бет.

 

 

 

   

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1995, 12бап,-9бет

2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме-Алматы:Жеті жарғы, 1999,-59бет

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы: Алматы, 30 тамыз, 1995, 13бап

4 ҚР-ның Азаматтық кодексі, 27.12.1994, 14 бап

5 ҚР-ның Азаматтық кодексі, 27.12.1994, 17 бап

 

6 Қазақстан Республикасының «Заң газеті» 23 бет


Информация о работе Құқықтық норма санкциясы. Санкция түрлері