Құқықтық норма – мемлекет
таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға
араласып түсушілердің құқықтары мен
міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін
үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде
реттей алатын жалпыға бірдей міндеттіі
ереже норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес
келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық
белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма
жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады.
Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін
табуға мүмкіндік береді.
Құқықтық нормалардың элементтері
бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады.
Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу
қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің
түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі
заңды нормалар және тәртіп ережелерінің
нормасы.
Негізгі
заңды нормаларда элементтердің
мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық
көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
«Салық туралы» заңында норманың элементтері
1-бабында көрсетілген.
Тәртіп
ережелерінің нормаларында элементтер
нормативтік актілердің баптарында,
бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық
нормалардың элементтері: диспозиция,
гипотеза, санкция.
Диспозиция
– қатынастың мазмұны мен субъектілердің
құқығы мен міндеттері көрсетеді.
Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық
тәртіптің үлігісі-моделі. Мысалы, ҚР,
АЗК, 482 санкция. Екі немесе көп
жақты мәмілелер мен шарттардағы
тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
айқын көрсетілуі. Диспозицияның 3 түрі
болады:
- Жай диспозиция – егер мінез-құлықтың
мазмұны ашылмаса;
- Бланкеттік диспозиция – мінез-құлықтың
барлық мәнді белгілері анықталса;
- Сілтемелі диспозиция – егер
құқықтық норма диспозициясы анықталған
басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Гипотеза – диспозиция қашан
басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды
көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа
тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы
керек (ҚР, ҚК-7 б.). Гипотезаның үш түрі
болады:
- Жалпылама - егерде норманың
іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе
болмауымен байланысты болса.
- Күрделі - егерде норманың жұмысы
бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса.
- Альтернативті - егерде норманың,
іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін
таңдау арқылы басталса.
Санкция
– диспозиция мен гипотеза
дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
сандарды және жауапкершіліктің
басталуы мен қолдануы.
Санкцияның үш түрі болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан
шығару, қызметін төмендету, айып төлеу
т.б.;
- салыстырмалы айқын санкция:
минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік;
- альтернативті санкция. Санкцияның
көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану
тиісті мекеменің еркін мұзырына.
Осы
үш мәліметтер толық болса
ғана нормативтік акті өз міндетін,
өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы
орындай алады. Егерде нормада
бір екі элементтері жоқ болса,
сілтеме арқылы оларды тауып
алу керек.
Нормативтік
актілердің жеке баптарында норманың
элементтері толық болмайды. Конституцияның
баптарында тек гипотеза мен
диспозиция ғана болады. Қылмыстық
кодексте тек диспозиция мен
санкция ғана болады. Іс жүзінде
норманың элементтері нормативтік
актінің әр баптарында болуы
мүмкін немесе бірнеше нормативтік
актілердің баптарында болуы
мүмкін. Оны тауып алуға болады.
Құқықтық
нормалардың элементтерінің құрылу
тәсілдері.
- Тікелей норманың үш элементі
(гипотеза, диспозиция, санкция)
толық келтіру. Мұндай тәсіл
нормативтік актілердің көбінде қолданылады.
Бұл құқықтық нормалардың іске асуын,
орындалуын жеңілдетеді.
- Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін
элементі туралы осы заңның басқа бөліміне,
тарауына, бабына сілтеме жасалады.
- Бланкеттік тәсіл-норманың
жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның
немесе нормативтік актілердің
баптарында элементтердің толық
болмауы мүмкін. Оларды міндетті
түрде іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге
бөлінеді:
- Қоғамның әр саласына қарай
өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім,
ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
- Құқықтың саласына қарай мемлекеттік,
әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық,
қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық
т.б. саладағы нормалар.
- Атқаратын жұмысына қарай нормалар
екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы
нормалар.
- Мазмұнына қарай нормалар үшке
бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салушы нормалар, ерік беруші нормалар.
- Норма элементтерінің құрылымына
қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді
нақты белгілі нормалар – мазмұны толық
анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы
нормалар – мазмұны, элементтері түгел
емес, мәселені болған істің жағдайына
қарай ашу, балама нормалар – істің орындалуының,
норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты,
әдісі болуы.
- Субъектілеріне қарай нормалар
екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы
нормалар.
- Мамандандырылған құқықтық
нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар.
Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер,
дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы
нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар
бойынша құқық өзінің күнделікті
қоғам өмірін реттеп, басқарып
отырады. Мазмұны жағынан құқық
нормалары заңдылық пен құқық
тәртібі, азаматтардың құқығы мен
міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру,
толықтыру жөніндегі пікірлер
мен көзқарастарды жинақтап құқықтың
қоғамдағы міндеттерін орындауғы
жұмысын дамытып, жақсартып отырады.
Құқықтық нормалардың мүлтіксіз
орындалуы азаматтарды тәрбиелеу,
бағалау әдістермен қатар әкімшілік
немесе соттық жауапқа тарту
арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоғамның қатынастарын реттейтін
нормалар
Әлеуметтік нормалар:
Әлеуметтік-техникалық нормалар:
II САНКЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Санкция түрлері
Санкция – құқықтық
норма диспозициясының мінез-құлық
ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын
мемлекеттің ықпал ету шаралары.
Яғни диспозицияның іске асыру
күй-жайын қамтиды. Мысалы, Қазақстан
Республикасының заңдарында көрсетілгендей,
өнегелі еңбектері үшін қызметкерлерді
ордендермен, медалдармен, айрықша
белгілермен, сыйақымен марапаттау.
Немесе, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодекстің 125-бабында: “Адамды
ұрлау – 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан
айырылады”, - делінген. Әрбір сөз етілген
элементтердің құқық нормалардың құрылымында
өз еркі және атқаратын рөлі ерекше болады.
Гипотезасыз норма өзіндік мазмұны жояды.
Ал санкциясыз норма өз күшінен айырылады.
Сондықтан, құқық нормаларынын конституциясын
мынадай модельде көрсетуге болады: “Олай
болса...былайша...”.
Санкция диспозицияның
бұзылуына байланысты туатын
қолайсыз жағымсыз жағдайларды
көрсететін нормалардың бөлігі.
Санкция түрлері:
- Абсолютті-анық: жұмыстан шығару,
қызметін төмендету, айып төлеу т.б.;
- Салыстырмалы айқын санкция:
минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік
(қылмыстық кодекстік баптар);
- Альтернативтік санкция.
Құқықтық нормалар
құқықтағы өзінің рөлін атқара
алмас еді, егерде олардың құрылымдық
элементтерінің біреуі болса
да актілерде көрсетілмесе.
Демек, құқық нормалары олардың
барлық элементтері заң баптарында және
өзге де нормативтік құқықтық актілерде
көрсетіледі. Кей кездерде қандай да болмасын
құқық нормаларының элементтері нормативтік
құқықтық актінің баптарында толық тұжырымдалмауы
мүмкін, тек түсініледі, оны логикалық
ойлау арқылы анықтауға болады, өйткені
олар сол актінің немесе өзге нормативтік
актілердің басқа баптарынан қисынды
түрде туындап жатады.
2.2 Санкцияны соттарға беру- уақыт
талабы
Бүгінгі күнге
дейін Прокуратура құзырында
болған қамауға алу, үй қамауында
ұстау санкциясы енді сот құзырына
беріледі. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне қамауға алу, үйде
қамауға ұстау секілді бұлтарпау
шараларын қолдануға байланысты
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы заңның қабылданғаны
белгілі. Аталмыш заң жобасына
шілденің 5 күні Елбасы қол қойған.
Үстіміздегі жылдың 31 тамызынан
бастап, яғни Ата заң күні қарсыңында
күшіне енбек.
Жаңадан қабылданған
Заң жобасына байланысты Астана
қалалық сотында қылмыстық істер
жөніндегі алқа төрағасы Досжан
Әміровтің қатысуымен отырыс
болды. Баспасөз өкілдері мен
білікті мамандар қатысқан отырыста
жаңа заң жобасының артықшылықтары
кеңінен сөз етілді. Досжан Әміровтың
айтуынша, санкциялаудың прокурорлар
тарапынан алынып, соттарға берілуі
уақыт талабы. Көптеген дамыған
мемлекеттердің дәстүрінде бұрыннан
бар. Өзінің өміршеңдігі мен қажеттілігін
дәлелдеген қалыпты жағдай. «Сот
билігі әлемдік стандарттарға
сай болуы тиіс. Демократиялық
принциптер негізіндегі дамуды
мақұлдадық. Осы үшін әлемнің
озық технологиясын игеруіміз
керек. Оның үстіне жалпы алып
қарасақ сот, прокуратура, құқық
қорғау органдарының атқаратын
қызметі ортақ. Бәрі де ел үшін,
халық игілігі үшін қызмет
етеді. Демек санкцияны судьяларға
тапсыру сол баяғы мүдде мен
мақсаттан аулақ кету деген
сөз емес. Керісінше жетістіктерге
ұмтылу деп бағалаған дұрыс»
дейді Астана қалалық сотының
қылмыстық істер жөніндегі алқа
төрағасы Досжан Әміров.
Жақында
қабылданған заң колданысқа енгеннен
кейін ҚР ҚІЖК белгілеген негіздер
мен тәртіп бойынша қылмыс
жасаған адамды тек соттың
санкциясымен ғана қамауға алуға
мұрсат беріледі. Ол үшін арнайы
күзет тобы да сот пәрменімен
әрекет ететін болады. Заңның 110 бабы
бойынша сезіктіні тұтқындау
туралы шағымды аудандық сотқа
тапсыру керек. Прокурор, тергеуші
немесе анықтау органы қамауға
алуға санкция беру туралы
өтінішпен бірге іс қозғау
туралы қаулы шығарады. Қаулымен
бірге өтінішті негіздейтін қылмыстық
істің материалы қоса беріледі.
Өтініш аталмыш кодекстің 132 және
134 баптары бойынша тұтқындалған
сезіктіге қатысты болса аталған
қаулы мен материалдар ұстау
мерзімі аяқталғанға дейін тапсыру
уақыты 6 сағаттан 18 сағатқа ұзартылып
отыр. Осы өтініштерді қолдау
туралы прокурордың қаулысын
және айғақ материалдарды прокурор
ұстау мерзімі аяқталғанға дейін
12 сағат ішінде сотқа табыс
етуі тиіс болады.
Іс бойынша
сотқа дейнгі іс жүргізу кезінде
қамауға алудың мерзімі бапта
көрсетілген ерекше жағдайларды
есепке алмағанда жалпы 60 күннен
аспауы керек. Алайда екі ай
көлемінде аяқтау мүмкін емес
күшін жою үшін аудандық және
қалалық прокурорлардың немесе
өзге прокурорлардың дәлелдері
бойынша аудандық және оған
теңестірілген соттың судьясы 90
күнге дейін, ал тергеушінің, облыс
прокурорының немесе орынбасарларының
дәлелдері бойынша аудандық және
оған теңестірілген соттың судьясы
180 күнге дейін ұзарта алады.
Ал қамауға
алуды 6 айдан артық мерзімге ұзартуды
тек істің ерекшелігіне байланысты
тергеу бөлімі бастығының облыс
прокурорымен және оған теңестірілген
прокурорлардың дәлелді өтініштері
бойынша 9 айға дейін жүзеге асырады.
Сонымен қатар істің күрделілігіне
байланысты қамау мерзімі бір
жылға дейінгі мерзім белгілену
үшін ауыр қылмыстық істер
бойынша тергеу бөлімі бастығы
мен облыс прокурорларының орыбасарының
дәлелді өтініші бойынша қаулысы
қажет болады.
Қамауға алу
шараларын кімдерге қолдануға
болады, немесе қандай қылмыс
жасағандарға белгілеуге болады?
Ол үшін мынадай жағдайлар
ескерілуі керек екен: қасақана
қылмыс жасаға екі жылдан артық
мерзімге, ал абайсызда қылмыс
жасап 3 жылдан артық мерзімге
бас бостандығынан айыру туралы
жаза кесілгендерге қолданылады.
Сондай-ақ екі жылдан кем мерзімге
кесілген қылмыскердің ел аумағында
тұрақты мекен-жайы болмаса, тұрғылықты
жері анықталмаған жағдайда немесе
қылмыстық жауапкершіліктен қашып
жасырынып жүргендерге осы жаза
қолданылуы мүмкін.