Құқықтық норма санкциясы. Санкция түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 00:51, курсовая работа

Краткое описание

Заң ғылымының негізгі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді:
1) Құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
I ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық нормасы түсінігі және белгілері...........................................................4
1.2 Құқықтық норманың қайнар көздері................................................................9
1.3 Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция және санкция, оның түрлері.................................................................................................................14
II САНКЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Санкция түрлері...................................................................................................20
2.2 Санкцияны соттарға беру- уақыт талабы..........................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа.docx

— 53.13 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             1.2 Құқықтық норманың қайнар көздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
  2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
  3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
  4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
  5. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары[1,9б.].

      12.1. Бұл  бап Республикада адам құқықтары  мен бостандықтарын тану мен  қорғаудың негізгі ережелері  мен принциптерін тану мен  қорғаудан тұрады.

      Онда еліміздің  құқықтық жүйесінде адамның құқықтары  мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың  оларды – экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқықтық жағынан  қорғалу кепілдігін қамтамасыз  ету міндеттемесі бар екендігі  танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі  нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-құқықтық кепілдіктер айтарлықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалық, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген[2,59б.].

12.2. Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесінің басты ілімі  және негізгі принципі ретінде  адамның табиғи құқығының теориясы  тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы  нормаға сәйкес заң шығарудың  және заң қолданудың басты  өлшемі олардың жеке адамның  құқықтары мен бостандықтарына  сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы  жүйелік орталықтандырудан жеке  бастық орталықтандырудың басымдығын  ресми түрде орнықтырады. Ол мемлекеттің  бұрынғы кеңестік режим кезінде  үстемдік еткен ұжымдық демократия  тұжырымдамасынан ресми түрде  бас тартуды білдіреді. Аталған  қағиданың іс жүзінде қолданылуына  әр заңды және әр заң жобасын  гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық  сараптамадан өткізу және мемлекеттік  органдардың қызметіне конституциялық  бақылау жасау үшін іргелі  негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға  болады.

       Еліміздің  құқықтық жүйесінде бірлестіріліп  жүйеленген табиғи-құқықтық теория  құқықтың мемлекет қызметінен  басымдығын табиғи түрде қамтамасыз  етеді, сөйтіп Президентті қоса  алғанда лауазымды адамдарға  қоғамдық қадағалауды жүзеге  асыруға мүмкіндік туады.

       12.3. Осы  тармақта адам мен азаматтың  құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан  жазылған болса, азаматтың құқығы  кейін пайды болады. Азаматтың  құқықтық мәртебесіне табиғи  түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке  адамның құқықтары мен бостандықтарын  қорғаудың кепілдігі негізіне  қызмет ететін, азамат пен оның  мемлекеті арасындағы ерекше  билік қатынастарын қоғамдық  шарттар түрінде белгілейтін  саяси құқықтар мен міндеттер  кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі  осы аталғандарға қоса, тек құқықтар  ұғымын ғана емес міндеттер  ұғымын да қамтиды, айталық азамат  иеленген саяси билікке деген  құқығы осы билікті мемлекеттің  осы адамға қатысты құқығының  екінші жағы ретінде арнау  міндетінің болуы қажеттілігімен  де ерекшеленеді.

       12.4. Конституцияның  осы нормасына сәйкес шетелдіктер  мен отансыз адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен  әлеуметтік-экономикалық және тиісінше  саяси салада азаматтық құқықтары  мен міндеттерінің толық теңдігі  белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет  азаматтары барынша кең саяси  құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың  халықаралық келісім жасасуларынан  туындайтын ішінара ерекшеліктер  болуы мүмкін.

       12.5. Осы  норма бұзылған жағдайда кері  зардаптарға әкеліп соқтыруы  мүмкін құқықтары мен бостандықтарын  жеке адамның іске асыруының  шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа  адамдардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылыс және  қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер  құқықтық практикада жалпыға  мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң қолданушылардың осы  шектеулі түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған құқықтық саясат  кезінде мұндай түсіндірме бүкіл  ел көлемінде айтарлықтай жеңіл  таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол – қорғауды, тіпті жеке адамның  құқықтық мәртебесінің өзін биліктің  толық жоққа шығаруына мүмкіндік  жасайды. Сондықтан аталған ереже  тиісті нормативтік актілермен  дәл нақтылауды қажет етеді.[3,13б.]

     Қазақстан  Республикасы Конституциясының 13-бабында  былай делінген:

  1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қоғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
  2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қоғалуына құқығы бар.
  3. Әркімнің билікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі[4,14б.].

     13.1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары  азаматтық заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын  “құқық субъектісі” санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілетілігінің азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.

      ҚР АК-інің 13-бабында азаматтық құқығы және  міндеттілік жүктеу қабілеті  болудың барлық азаматтыр үшін  бірдей дәрежеде танылатындығы  белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті  ол туған сәттен бастап пайда  болады және ол қайтыс болуымен  тоқтатылады.

      Азамат  Қазақстан Республикасы шетінде  де, сондай-ақ шет елдерде де  мүлікке, оның ішінде шет ел  валютасына меншік құқығына; мүліктік  мұралыққа алу және мұралыққа  беруге; Республика аумағында еркін  жүру және тұратын орнын еркін  таңдауға; Республика шегін еркін  тастап шығу және тұратын орнын  еркін тандауға; Республика шегін  еркін тастап шығу және оның  аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынбаған  кез келген қызметпен айналысуға; заң тұлғаны жеке немесе басқа  азаматтармен және заңды тұлғалармен  бірлесе құруға; заң актілерімен  тыйым салынбаған кез келген  мәміле жасауға және міндеттемелерге  қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет  және өнер шығармаларына және  моральдық зардаптардың орны  толтырылуын талап етуге; басқа  да мүліктік және жеке құқықтарды  иеленуге құқылы (ҚР АК-нің 14б.).[5,17б.]

       Азаматтың  өз іс-әрекеттерімен азаматтық  құқықты иелену және оны жүзеге  асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді  туғызу, оларды орындау (азаматтық, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа  келуімен, яғни жасының он сегізге  толуымен толық көлемінде туады.

       Азаматтың  құқықтық қабілеттілігінен немесе  әрекет қабілеттілігінен және  құқықтық қабілеттілігін немесе  әрекет қабілеттілігін шектеуге  бағытталған басқа да мәмілелерден  толық немесе ішінара бас тартуы, заң актілерімен рұқсат етілгендерден  өзге реттерде заңсыз болып  табылады.

       Азаматтық  құқықты қорғау тәсілдері ҚР  АК-інің 9-бабында белгіленген. Азаматтық  құқықтарды қорғауды: құқықтарды  тану; құқық бұзылғанға дейінгі  жағдайда қалпына келтіру; құқықты  бұзатын немесе оның бұзылуына  қауіп төндіретін іс-әрекеттердің  жолын кесу; міндеттіліктің іс  жүзінде орындалуына үкім ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмілелерді  заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың  орнын толтыру; құқықтық қатынастарды  тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік  басқару немесе жергілікті өкілді  не атқарушы органдардың заңдарға  сәйкес келмейтін актілерін заңсыз  немесе қолдануға жатпайды деп  тану; азаматтың немесе заңды  тұлғаның құқық иеленуіне немесе  оны жүзеге асыруына кедергі  келтіргені үшін мемлекеттік  органнан немесе лауазымды адамнын  айып өндірту жолымен, сондай-ақ  заң актілерімен көзделген өзге  де тәсілдермен сот немесе  аралық сот жүзеге асырады.

        Бұзылған  құқықты қорғау үшін өкімет  немесе басқару органына жүгіну, егер заң актілерімен көзделмеген  өзге реттерде, құқықты қорғау  туралы сотқа жүгінуге кедергі  келтірмейді.

        Заң  актілермен арнайы көзделген  реттерде азаматтық құқықтарды  қорғау құқығы бұзылған жеке  немесе заңды тұлғалардың тікелей  өздері арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі қорғау).

       Егер  заң актілерімен немесе шарттармен  өзгеше көзделмесе құқығы бұзылған  адам оған келтірілген зияның  толық өтелуін талап ете алады. Шығындар дегеніміз – құқығы  бұзылған адамның өндірілген  немесе өндіріліп алынуы тиіс  болатын шығындары, оның, жоғалған  немесе зақымданған мүліктері (нақты  залал), сондай-ақ осы адам, егер  оның құқығы бұзылмаған болса  айналымның әдеттегі жағдайында  ала алатын алынбаған кірістері (жоғалған тиімділік).

     Мемлекеттік  өкімет органының, өзге де мемлекеттік  органның заңға сәйкес келмейтін  актілерін шығаруы, сондай-ақ осы  органдардың лауазымды адамдарының  іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде  азаматқа немесе заңды тұлғаға  келтірілген зиянды Қазақстан  Республикасы немесе тиісінше  әкімшілік-аумақтық бірліктің өтеуі  тиіс.

     Егер жолсыздықтан  құқықтық зардап шегу тәртіп  бұзушының кінәсінен болса, заң  актілерінен көзделгеннен басқа  реттерде оның кінәлілігі жорамалданады.

    Қажетті қорғану  ұғымы 1997 жылғы 16 шілдеде Парламент  қабылдаған Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 32-бабында берілген. Атап айтқанда қажетті қорғаныс  жағдайында, яғни қорғанушының, немесе  өзге адамның жеке басын, тұрған  үйін, меншігін, жер учаскесін және  басқа құқықтарын, сондай-ақ қоғамның  немесе мемлекеттің қоғамдық  қауіпті қол көтерішіліктен заңмен  қорғалатын мүдделерін қол көтерушіге  зардап келтіру арқылы қорғау, егер бұл ретте ол қажетті  қорғаныс шегінен шығып кетпесе  оның қол көтерген адамға келтірген  зардабы қылмыс болып табылмайды.

    Қажетті қорғаныс  құқығына, олардың, кәсіптік немесе  өзгелей арнайы дайындығына және  қызмет жағдайына қарамастан, барлық  адамдар тең дәрежеде құқылы. Бұл құқық адамға қауіпті қол  сұғушылықтан құтылып кету не  көмек сұрап басқа адамдарға  немесе мемлекеттік органдарға  жүгіну мүмкіндігіне қарамастан  беріледі.

    Құқық негізі  жөнінде әңгімелегенде, бәрінен  бұрын құқықтың пайда болуы  мен оның әрекет етуіне негіз  болатын қозғаушы күштердің мағынасы  әңгімеге арқау болады. Мұндай  қозғаушы күштер мемлекеттің  құқық шығармашылық ісі, үстем  таптың (бүкіл халықтың) ерік жігері  және ең соңында қоғамның материалдық  тұрмыс жағдайлары.

    Бұл тұрғыдан  құқық негіздерін кең мағынада  түсіндіреді. Сондай бола тұрса  да «құқық негіздері» дегеніміз  – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға  бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз  ететін қоғамның ерік-жігері.

    Әдетте құқық  негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтың әдеттегі, сот прецеденттері (үлгілері), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

    Құқықтық әдетте  – қоғам өмірінен шыққан, адамдардың  қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет  күшімен қамтамасыз етілетін  ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.

    Кезінде қазақ  даласында құқықтық әдет-ғұрыптар  қоғамдық қатынастардың негізгі  реттеушісі болған.

    Оған дәлел  «Қасым ханның қасқа жолы» (ХV ғ.), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.

    Құқық прецеденті  – жоғары мемлекет (сот) органдары  қабылдаған нақты шешім. Осы шешім  төменгі мемлекет (сот) органдарына  ұқсас істерді шешкенде негіз  болады. Құқық прецедентінің шыққан  елі – Англия. Қазіргі замаңдағы  құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан  Австралия мемлекеттерінде құқықтың  негізгі қайнар көзі болып  табылады.

 

 

 

 

 

1.3   Құқық нормаларының құрылымы, гипотеза, диспозиция         және санкция, оның түрлері

        Құқық  – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі  қызметі – қоғамдық қатынастарды  реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық  жалпыға бірдей міндетті мемлекет  қамтамасыз ететін нормалардың  жиынтығы.

Информация о работе Құқықтық норма санкциясы. Санкция түрлері