Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 20:24, курсовая работа
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Осындай жағдайларды
Үшіншіден, мемлекет пен құқық теориясының танымдық мағынасы тарихытң даму ерекшеліктерімен байланысып отырады. Тарихтың сабақтары мен қалыптастырған тұжырымдамаға теориялық деңгейде қорытындылар жасауға жаңа қағидалар, ұғымдар мен анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады.
Төртіншіден, мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық түсініктерді (категорияларды) өзінің негізгі тақырыбы ретінде зерттейді және бүкіл юриспруденция ғылымына әдістемелік маңызы бар пән болып табылады.
Бесіншіден, әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, эмпирикалық санаға байқалмайтын ішкі мәнін, қозғалысын ашып көрсетіп, адам игілігіне жарату болып табылады. Мемлекет және құқық жүйесінің негізгі даму заңдылығын, мәнін, әр тарихи кезеңге сипаттары мен қызметтері диалектикалық тұрғыдан зерттеліп, теориялық қорытындылар жасалынады.
Алтыншыдан, мемлекет және құқық теориясы салалы құқық жүйелерін (конституциялық, әкімшілік, қаржы, азаматтық, салық, кедендік, экологиялық, жер, қылмыстық т.б.) құқық салаларын оқудың, танудың іргетасы, негізгі өзегі.
Жетіншіден, бұл пән тәуелсіз Қазақстанда болашақ заңгерлердің теориялық білімдерін тереңдетіп, кәсіптік деңгейлерінің жоғарғы рухани дәрежеде болып қалыптасуына өлшеусіз ықпалын тигізеді.
Мемлекет жəне құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мəндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тəжірибелік-қолданбалы
3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқықтық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т.б. күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.
2.3. Мемлекет
және құқық теориясы заң
Заң ғылымы — қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дұниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:
Өздерінің жиынтығымен ғылымның жүйесін толықтай құратын ғылыми пәндерді, шартты түрде үш үлкен топқа бөлуге болады:
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастарды және институттарды зерттейді.
Заң ғылымдары – гуманитарлық ғылымның бір бөлігі, себебі мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар арқылы көрінеді.
Мемлекет пен құқық теориясы, біріктірілген жалпы түсініктеме бойынша құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының жүйесіне кіреді. Қазір көптеген заң ғылымдары бар, яғни заң ғылымдарының жүйесін айтуға болады. Оны, мемлекет пен құқықтың, көпқырлы қиындығымен және қоғамдық өмірдің көптеген жақтарына, тікелей қатынасы бар, құбылыс екендігімен түсіндіруге болады. Оны бір ғылымның көлемінде зерттеу мүмкін емес. Сондықтан, заң ғылымдарын мемлекет пен құқықты зерттейтін, белгілі ғылыми салаларына бөлу қажеттігі туады.
Заң ғылымдарының жүйесін, үш негізгі топқа бөлуге болады:
Мемлекет пен құқық теориясы және тарихи заң ғылымдарының қарым қатынасы бірінші жағынан, тарихи материалдарды жинақтап жалпы теориялық мемлекеттік құқықтық проблемаларды терең және толық зерттеуге, мемлекет пен құқықтың дамуындағы тарихи заңдылықтарды белгілеуге байланысты болады. Екінші жағынан, мемлекет пен құқық тарихы, мемлекет және құқық теориясының талдаған қорытындыларына ғана сүйенеді.
Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұрып, философиямен, социалогиямен, политологиямен тығыз байланыста дамиды. Мысалы, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүние танымы қалыптасады, соның негізінде ол мемлекеттік құқықтық шындықтың жалпы таным әдістемесімен қаруланады. Өз жағынан мемлекет және құқық теориясы, философиялық тұжырымдар жасауға арналған нақты ғылыми материалдар береді.
Мемлекет пен құқық теориясы қосымша заң ғылымдарымен қарым-қатынасты, көбінесе салалық заң ғылымдары арқылы іске асырады.
Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды қоғам өмірінің қай жерінен орын алса зерттейді. Салалық заң ғылымдары болса, мемлекет тетігінің бөлігін, белгілі мекемелерін (заң шығару, орындау және сот мекемелерін), жеке топтағы құқық нормаларын (салалық құқық), зерттейді, онымен қатар, олардың құрамын және мақсатын зерттеуге, қоғамдық қатынастардың белгілі түрінің, құқықтық реттеуіндегі ерекшеліктерін таңдауға көңіл бөледі. Мысалы, әкімшілік құқығы ғылым ретінде, мемлекеттік билік органдарының орындау нұсқау қызметтерінің құқықтық түрлерін зерттесе, еңбек құқығы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ету процесіндегі қоғамдық қарым қатынастардың құқықтық реттелуін зерттейді.
Мемлекет пен құқық теориясы салалық заң ғылымдарының орнына жүрмейді және оның ішінде жойылып кетпейді. Заң ғылымдарының әрбір салалары өз пәндерінің ерекшеліктерімен заңдылықтарын зерттейді. Салалық ғылымдарға қарағанда мемлекет пен құқық теориясы жалпы теориялық ғылым есебінде белгілі. Мемлекет пен құқық теориясының салалық құқықтарды зерттеудегі маңызы, олардың заң ғылымдары жүйесіндегі әдістемелік негізгі ғылым екендігінде. Ол ғылымның жалпы теориялық ережесі салалық ғылымдардың арнайы мәселелерін шешу үшін негіз болып есептеледі. Өздерінің салалық теориясын шешу үшін негіз болып есептеледі. Өздерінің салалық теориясын шығарғанда, ол заң ғылымдарының мемлекет және құқық теориясындағы әдістемелік ережеге сүйенеді.
Мемлекет және құқық теорииясымен салалық заң ғылымдарының арасында екі жаққа бірдей, тығыз байланыстылық бар. Салалық ғылымдардың мемлекет пен құқық теориясы үшін үлкен маңызы бар. Олар мемлекет пен құқық теориясын дәлелді материалдармен толықтырып отырады.
Мемлекет пен құқық теориясы бір мезгілде, бәріне бірдей қызмет жасаушы ғылым ретінде көрінеді. Себебі, ол мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктемелерді құрастырып, олардың өз теорияларын, салалық ғылыми түсініктемеге және салалық заң ғылымдарының аппаратын жасауға қажетті, жалпы теориялық негіздермен қамтамасыз етеді. Мемлекет пен құқытың жалпы түсініктемесі құқық нормалары, құқықтық қатынас, заңды жауапкершілік, конституциялық құқығы және басқа салалық ғылымдардың негізінде жатыр.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа заң ғылымдарынан ерекшелігі мынада жатыр:
- гуманитарлық ғылымдар пәнін қоғамдық құбылыстар құрайды – мемлекет және құқық (осыған байланысты техникалық және табиғи ғылымдардан өзгеше);
- саяси – заңдылық, қоғамдық өмір аясындағы мемлекеттік құқықтық жағдайға тікелей қатынасы бар (басқа гуманитарлық ғылымдардан өзгеше);
- теориялық жағынан – мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтарын зерттейді (басқа заң ғылымдарынан өзгеше). 10
ҚОРЫТЫНДЫ
Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объек-тивтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқық теориясы, біріктірілген жалпы түсініктеме бойынша құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының жүйесіне кіреді. Қазір көптеген заң ғылымдары бар, яғни заң ғылымдарының жүйесін айтуға болады. Оны, мемлекет пен құқықтың, көп қырлы қиындығымен және қоғамдық өмірдің көптеген жақтарына, тікелей қатынасы бар құбылыс екендігімен түсіндіруге болады.
Мемлекет пен құқық теориясы салалық заң ғылымдарының орнына жүрмейді және оның ішінде жойылып кетпейді. Заң ғылымдарының әрбір салалары өз пәндерінің ерекшеліктерімен заңдылықтарын зерттейді. Салалық ғылымдарға қарағанда мемлекет пен құқық теориясы жалпы теориялық ғылым есебінде белгілі. Мемлекет пен құқық теориясының салалық құқықтарды зерттеудегі маңызы, олардың заң ғылымдары жүйесіндегі әдістемелік негізгі ғылым екендігінде. Ол ғылымның жалпы теориялық ережесі салалық ғылымдардың арнайы мәселелерін шешу үшін негіз болып есептеледі. Өздерінің салалық теориясын шешу үшін негіз болып есептеледі. Өздерінің салалық теориясын шығарғанда, ол заң ғылымдарының мемлекет және құқық теориясындағы әдістемелік ережеге сүйенеді.
Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді.
Мемлекет пен құқық теориясы - студенттердің “Заңгер” мамандығы бойынша оқитын негізгі пәндерінің бірі. Мемлекет пен құқық теориясы осы мамандық бойынша оқытылатын барлық оқу пәндерінің негізгі (базасы) болып есептеледі. Мемлекет және құқық теориясы оқып үйренудің, жоғарғы кәсіби білім алатын заңгерлерді дайындау жүйесінде ерекше маңызы бар. Мемлекет пен құқық теориясын оқып үйренудің негізінде қоғам өмірінің құқықтық және саяси саласына деген кең көзқарас қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қосымшы әдебиеттер:
1 Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы негіздері», «Болашақ» Қарағанды қ. 2002 ж., 9-20-бет.
2 Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А. С., «Мемлекет және құқық теориясы негіздері», «Фолиант» Астана қ. 2007 ж., 7-20-бет.
3 Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А. С., «Мемлекет және құқық теориясы негіздері», «Фолиант» Астана қ. 2007 ж., 7-20-бет.
4 Жоламан «ҚР мемлекет және құқық негіздері», Алматы қ. 2007 ж., 4-14-бет.
5 Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы негіздері», «Болашақ» Қарағанды қ. 2002 ж., 9-20-бет.
6 Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы негіздері», «Заң әдебиеті» Алматы қ. 2008 ж.,
7 Алексеев С.С. Теория права М., БЕК, 1993 ж.
8 Бейсенова А., Біржанова К. ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997
9 Жоламан «ҚР мемлекет және құқық негіздері», Алматы қ. 2007 ж., 4-14-бет.