Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 20:24, курсовая работа
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
КІРІСПЕ
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.
Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық –нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - тарау. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтән ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндер болады. Яғни, белгілі мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін, мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылыуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығы зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір-бірімен қарым қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы әртүрлі деңгейдегі мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, олар өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Осы жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әртүрлі (көпжақты) болады.
Мемлекет пен құқық теориясында тапқа бөлудің бір белгісі ретінде, қоғамның экономикалық негізі көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттілік пен құқықтық тарихтағы нақтылы нысандарының көптүрлілігі, оларды тіпті басқа жағынан қараудың қажеттігін көрсетеді. Соған байланысты, бірін бірі ауыстырып отыратын нақтылы мемлекеттер кейіптерінің барлығын, соған сай құқықтардың да кейіптестігінің барлығын түсінеміз. Бір кейіптегі мемлекеттің және құқықтың ауысу процесі, адам баласының еркінен тәуелсіз, тарихи заңды құбылыс екендігін көреміз.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген қоғамдық дамудың объективтік заңдылығын, олардың әлеуметтік саяси мақсатын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудің тетігін (механизмін) және оның даму мақсатын көрсетеді.
Қоғамдағы экономикалық
қатынастар билікте тұрған саяси
күштердің санасында болып, олардың
белгілі деңгейдегі саяси және құқықтық
сенімін құрайды, соның негізінде
заң ретінде көрсетілген
Мемлекет пен құқық теориясының пәні, басқа ғылымдар сияқты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде, біздің елімізде және шет елдерде де теориялық ойлауды талап ететін және тәжірибені саяси талдау негізінде шешуге ғылымның алдына жаңа міндеттер қойылуда.
Мемлекет пен құқық теориясында еі алдымен мынандай проблемалар зерттелуі тиіс:
Мемлекет пен құқық теориясының пәнін ғылым ретінде, төмендегідей ерекшеліктеріне байланысты түсінуге болады:
Әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым – қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді. Мемлекет пен құқықты
бір – бірінен айыруға Осы бірлестік
пен дербестік олардың Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады. Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты. Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.2 Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу. Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді. Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәірибеде дәлелденген. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсресе бұл өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады. Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымының салаларының обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады. |
|
|
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Ғылым əдісі – бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін көптеген əдістерді қолданады.
Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмірсүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер – жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ə) синтез – құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-де біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік əдіс – объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды əдіс – бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми əдістер – мемлекет жəне құқық теориясының техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын əдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс – сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;
ə) статистикалық əдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық əдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.