Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 20:24, курсовая работа
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
4. Жеке құқықтық əдістер – тек заң ғылымдарына ғана тəн болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды əдіс – заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді;
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс – əртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді. 3
Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.
Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
Методология (әдіс-тәсіл) — дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі — диалектикалық материализм.
Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді. Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәірибеде дәлелденген.
Мемлекет және құқық
теориясының методологиясы
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымының салаларының обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.
|
1.3. Мемлекет және құқық теория пәнінің мақсаты және міндеттері
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымы мен құқық салаларына қажетті маңызды жалпы теориялық және методологиялық функцияларда атқаратын заң пәндердің ішіндегі негізгісі болып табылады. Мемлекет пен құқық теориясы сүйенетін, қолданылатын ұғымдар мен санаттарсыз жария билік, егемендік, мемлекеттік тәуелсіздіктің нышандары, мемлекетшілік, өкілетті және тікелей демократия, құқық субьектілік, құқықтық мәртебе, құқықты қолдану, құқықтық қатынас, заңды мінез құлық, құқық нормасы, құқықтық сана құқық аясы және т.б. жатады. Сонымен қатар мемлекет пен құқық теориясының жасайтын тұжырымдары ережелері нақты заң ғылымдарының пәнін анықтап, ғылыми тұрғыда танып білудің бағдары болып табылады.
Жоғары кәсіби білімді заңгерлерді дайындаудың жалпы жүйесінде мемлекет пен құқық теориясын оқып үйренудің ерекше маңызы бар. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану мен мемлекет танудың алғашқы ұйымдары мен, ережелері мен, санаттары мен таныстырады. Екіншіден, мемлекетпен құқық ттеориясы әдістемелік ғылым болып табылады, өйткені мұнда заң ғылымының, соны мен қатар халықаралық құқықтың арнайы мәселелерін шешуде іргелі болып табылатын маңызды теориялық ережелер жасалады. Үшіншіден, ол мемлекеттану мен құқықтануда саланың ғылымдардың мәселелерін зерттейтін интерактивті ғылым ролінде көрінеді. 5
Мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдары мен ережелері үнемі байытылып отырады. Өйткені күнделікті тәжірибенің өзгеруі, әлеуметтік- ақиқаттылықтың жаңа мән жайлары жаңа тұжырымдар жасауды талап етеді.
Заңгер мамандығы бойынша оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ұсынылып отырған бағдарлама Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың соңғы жылдары шыққан оқулықтары мен оқу құралдарындағы мемлеке пен құқықты түсіндіретін жаңа ойлары мен көзқарастарын ескере отырып жасайды.
Мемлекет пен құқық теориясы - студенттердің “Заңгер” мамандығы бойынша оқитын негізгі пәндерінің бірі. Мемлекет пен құқық теориясы осы мамандық бойынша оқытылатын барлық оқу пәндерінің негізгі (базасы) болып есептеледі. Мемлекет және құқық теориясы оқып үйренудің, жоғарғы кәсіби білім алатын заңгерлерді дайындау жүйесінде ерекше маңызы бар. Мемлекет пен құқық теориясын оқып үйренудің негізінде қоғам өмірінің құқықтық және саяси саласына деген кең көзқарас қалыптасады.
ІІ - тарау. Мемлекет және құқық теориясы - іргелі ғылым
2.1. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
Мемлекет жəне құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекет пен құқық теориясы, біріктірілген жалпы түсініктеме бойынша құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының жүйесіне кіреді. Қазір көптеген заң ғылымдары бар, яғни заң ғылымдарының жүйесін айтуға болады. Оны, мемлекет пен құқықтың, көп қырлы қиындығымен және қоғамдық өмірдің көптеген жақтарына, тікелей қатынасы бар құбылыс екендігімен түсіндіруге болады.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні — қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым – қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.
Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.6
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
2.2. Мемлекет
және құқық теориясы пән
Біріншіден, Мемлекет және құқықтың дамуы, бір сатыдан бір сапалы сатыға көтерілуі еш уақытта өзінен - өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды. Әсіресе өндірістік қатынастардың жиынтығы, оның сипат, формаға ие болған ерекшеліктері – экономикалық детерминизмның мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалы бар. Экономиканың заңдары қоғамның билеуші күші болып қала бермек. Мысалы, нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі. Бұл жерде мемлекет және құқық – пассивті әрекет мәртебесіне ие. К. Маркс былай деп жазды: “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпфы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.”7
Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне халықтың ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған тарихи дәстүрлері, әдет – ғұрыптары біршама әсер етеді. Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. (Мысалы, Ауғанстанда социалистік құқық жүйесін енгізу немен аяқталғаны белгілі). Ойдан шығарылған жасанды сырттан теліген мемлекеттік – құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс. Мысалы, Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің енгізген реформалары (1822, 1867-1868, 1892 ) қазақ қоғамын, ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты, ішкі шимеленістерді күшейтті.
Ресей әкімшілігі ұлттық, мемлекеттік
– құқықтық институттардың