Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
І Экономика.......................................................................................................
1.1Экономика туралы жалпы түсінік..............................................................5
1.2 Экономикалық қатынас жүйесіндегі адам...............................................6
2 Мемлекет........................................................................................................
2.1 Мемлекет туралы жалпы ұғым....................................................................8
Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы......................................................10
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.........................
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі........................................................................................................
Өкілетті органдар..........................................................................................12
Атқарушы органдар.....................................................................................16
Сот билігі......................................................................................................20
3 Саясат ұғымы..............................................................................................22
3.1 Жеке адам және саясат...........................................................................23
3.2 Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі...............24
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономика құқық саясат мемлекет.docx

— 50.26 Кб (Скачать документ)

Республика Үкіметі  Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.

Парламент депутаттары  да атқарушы органға шексіз билік  берілген деген пікірден құралақан  емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі  бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей  тәуелді.

Жаңа Конституцияда  биліктің үшінші тармағы – сот  жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған “Азаматтық кодекс”  пен “Қылмысты істер кодексінің”  қабылдануын ерекше атап өтуге болады.

Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару  тәртіптері де Конституцияда айрықша  дараланған.

Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды  өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қарастырып өткен  тақырыпты қорытындылай келсек,                 мемлекеттік аппарат дегеніміз  – бұл мемлекеттік билік пен  мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар жүйесі, басқаша  айтқанда, мемлекеттік басқаруды  жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.

Сонымен, мемлекеттік  аппарат өкілетті, атқару жане сот  биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі  және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.

Ал, мемлекеттік  органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз.  Мемлекеттік  аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды.

Кез келген елдің  мемлекеттік аппарат өз құрылымымен  ерекшеленеді. Біздің Республикамыз  егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан  бері мемлекеттік аппаратта біршама  өзгерістер болды. Осы өзгерістердің  енгізілуімен мемлекеттік аппарат  құрылымының әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.

Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен  өзгерістер  кеңірек ашылды деп  ойлаймыз.

Халық өзі дауыс  беріп қабылдаған заңын әрдайым  әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы  үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс  істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау  азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып  өтуге тырысушылық өркениетті елдің  мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге  шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың  дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет  бола бастады.

Заңды қабылдағаннан  соң оны мүлтіксіз орындау  қажет. Қалың көпшіліктің заңды  жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне  айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі  Заң  дүние жүзіндегі ең жас  Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде  ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін  көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі  жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Казақстан республикасының  Конституциясы. Алматы 1995 ж.

Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық  даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.

Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң  арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

Жоламан Қ. Д., Мұхтарова  А. Қ., Тәукелев А.Н.

Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа  орталығы.                1999. 320б.

   5.Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік қызмет  туралы»                 Заңы. 27б.

6.Булгакова Д.А.  «Мемлекет және құқық теориясы».  Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті»  2004ж. 106б.

7. Ағдарбеков  Т. «Мемлекет және құқық теориясы»  Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа  компаниясы, 2003. 328б.

8. Қазақстан Республикасының  «Парламенті және оның депутаттарының  мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж.              21 қазан.  3-5б.

9.  Қазақстан  Республикасының Конституциясы.  –Алматы, «Жеті жарғы».

2000ж. 48б.

10. «Қазақстан  Республикасының Үкіметі туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж.                15 мамыр. 3-4б.

11. Қазақстан Республикасының  соттарының қысқаша тарихи кезеңдері.  Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.

12. Амандықов С.К.  «Қазақстан Республикасының Конституциялық  құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.

13. Мемлекет және  құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.

14. Қазақстан Республикасының  «Соттар және судьялардың құқықтық  жағдайы туралы» Конституциялық  Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж.                28 желтоқсан. 3-4б.

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі