Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің заңдық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар: қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтық реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы – аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСТАРЛАРЫ...............................................................................................................5
1.1 Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы...............................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері...................................................................................................................10
2 МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ........................................................................................16
2.1 Кәсіпкерлікті заңмен қамтамасыз ету жолдары..............................................16
2.2 Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері................................................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

оканова нб.doc

— 184.00 Кб (Скачать документ)

Несие ресурстарын тарту  шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады: 

  1. кепілмен қамтамасыз ету проблемасы; 
  2. жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз; 
  3. несие ресурстарын иеленудегі  мерзімнің қысқалығы; 
  4. несиелендірудің жарналық  кезеңінің  артта қалуы.     

Кәсіпкерлік қызметте кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан  тұруы тиіс: 

  1. кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы; 
  2. әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау; 
  3. оперативті бюджеттерді дайындау; 
  4. басқару құрамымен бюджет дайындығын  талдау; 
  5. қорытынды бюджетті дайындау.   

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ірі өндірістік кәсіпорындардың бизнеске орын  беруімен айқындалады. Бұған себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Біріншіден, кәсіпорындардың негізгі проблемасы-ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Салықтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды. Екіншіден, кәсіпкерліктің  заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады. Үшіншіден, кәсіпкерліктің іс-әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбінсе тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады. [16.31б] 

Кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Кәсіпорындар мемлекеттің жан-жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын-алу шараларын жүргізеді.

Бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге  асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін  осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.

Қазіргі кезде бұл кәсіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету жән қаржылық-несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес, кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекеттік емес бағдарламалардың, қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады. [17.51б]

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең  соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерлікке әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары. 

 Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары: 

1.бизнес мәселелері бойынша  заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру; 

2.бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу; 

     3.әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» енегізу; 

4.әкімшілік кедергілерді азайту  және бюрократиясыздандыру; 

5.кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын  дамыту болып табылады. 

Бағдарламаның міндеттері: 

1.мемлекеттің жеке сектормен өзара  іс-қимылының жаңа идеологиясын құру; 

2.кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету; 

3.кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру; 

4.кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту. 

Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Халық шаруашылығы барлық салаларында кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. [18.25-27бб]

Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек  ресурстары және маманданған кадрлар  бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

Кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.

Бизнестің басты проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие тек қана  кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан кәсіпорындардың  керекті несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек. [19.202б]

Кәсіпорындар  кадрларды даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр. Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

жаңа заңдар еліміздің  құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық бастысы бастамашылдығына байланысты болады. Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық құқықтық кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. [20.168б]

Айта кетейік, кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді. 

Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей  қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен 

және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату. Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады.

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың 2010-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 80 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.  

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері  заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық-құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымды-құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес.

Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің  бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай-ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай-ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс. [21.41-43бб]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы қорыта келгенде,  мемлекеттің дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Құқықтық реттеудің ең негізгі  нысаны – мемлекеттік конституциясы және одан туындайтын әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, Президенттің шығаратын түрлі жарлықтары, өкімдері. Заң шеңберінде құқықтық нормативтік актілер жалпы мелекеттік, ведмоствалық, жергілікті, локальдық немесе ішкі ұйымдық болып бөлінеді. Жалпы мемлекеттік нормативтік актілер жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарады. Латынның «администрация» сөзі басқару деген мағынада айтылады. Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады.

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  кездегі  дамуы өзара  бағыныштылық және  өзара  араласу  процесінің күшейген  кезеңінде  жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының  геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа  аймақтармен байланыс жасайтын  көлік қатынасы, сондай – ақ бай  табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің  қызметінің дамуына  алғы  шарттар жасайды.

Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды.

Мемлекет басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілгені жайдан-жай емес. Бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорыннның немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

жаңа заңдар еліміздің  құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық бастысы бастамашылдығына байланысты болады. Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық құқықтық кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс.

Информация о работе Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлары