Мемлекет және құқық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 00:33, курсовая работа

Краткое описание

Елбасы өз Жолдауында: Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады, - деген болатын. Сондай-ақ, еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан жайсыз жайттарды да сөзге тиек етті. Мұндай келеңсіздіктер мен жанжалдар неден туындап отырғанын да біз жасыра алмаймыз? Өйткені бұның бәрі көзге көрініп тұр, ел-халық хабардар. Құқық қорғау органдарындағы тиімсіз басқарудан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, бақылаудың жоқтығынан осындай проблемалар туындап отыр. Елбасының құқық қорғау саласына реформа қажет деп отырғаны да сондықтан. Яғни, бұл салаларға білікті басшы, білімді маман қажет. Құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын дайындауды Елбасы Парламентке тапсырды.

Содержание

1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Құқық жүйесі....................................................................................4-18
3. Қорытынды....................................................................................19-20
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық жүйесі Олжас.docx

— 47.55 Кб (Скачать документ)

 

                                                       15

Қазақстандағы барлық ұлттар мен халықтардың еркін дамуы  мемлекеттің ұлттық тілдерді дамытудағы қамқорлығы арқылы қамтамасыз етіледі. Әр бір азаматтың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас тілін еркін таңдауға, тәрбиеге, оқуға және шығармашылыққа құқығы танылған. Унитаризм мемлекеттік биліктің жоғары деңгейде орталықтанғанын және мемлекетті басқарудағы тиімділікті көрсетеді. Унитаризм келесі принциптермен сипатталынады: а) ҚР аумақтық және мемлекеттік тұтастығы. Қазақстан Республикасы – мемлекеттік биліктің көмегімен ортақ мақсатқа жету үшін құрылған біріңғай мемлекет. Бұл ҚР мемлекеттік тұтастығында көрсетілетін конституциялық құқық субъектілерінің  мемлекеттік, саяси және әлеуметтік-экономикалық бірлігіне ұмытылуды болжайды. Осы принципке сәйкес ешқандай мемлекеттік орган мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған шешімдер қабылдай алмайды және осы мақсаттағы қоғамдық ұйымдар құруға тиім салады. Тұтастықтың күші бойынша әкімшілік-аумақтық құрылымдардың арасында кедендік шекара құруға, салықтар алуға және тауарлардың қаржы құралдарының еркін өтуіне басқа да кедергілер жасауға жол берілмейді. Сондай-ақ аумақтық тұтастық мемлекеттің бүкіл аумағында  Қазақстан Конституциясының және басқа заңдардың, Президент жарлықтары, Үкімет қаулыларының жоғарылығын және жергілікті билік органдарының Қазақстан мемлекетінің құрамынан шығу құқығының жоқтығын, өзінің құқықтық жағдайын бір жақты тәртібте өзгерте алмайтындығын көрсетеді.

ә) Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі мемлекеттік тұтастық пен ҚР егемендігін көрсетудің кепілі болып табылады. Сонымен бірге бұл бірлік мемлекеттің егемендігінің маңызды бір көрсетуі болып табылады. Унитарлық мемлекетте мемлекеттік билік жүйесі бірлігі жоғарғы мемлекеттік билікті құрайтын ортақ органдар жүйесінің болуымен көрсетіледі: Президент, Парламент, Жоғарғы Сот және Үкімет Конституция әр мемлекеттік билік органдары үшін, оның шегінен шығуға құқығы жоқ өкілеттілік шегін, сондай-ақ билікті бөлу принципіне негізделген олардың өзара қарым-қатынас сипатын бекітеді.

                                                      16

Мемлекеттік билікті өзінің өкілеттілік шеңберінде жергілікті органдар ортақ жүйенің негізгі  бөлігін құрай отырып жүзеге асырады. Конституция мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының өкілеттік шеңберін анықтайды. Ол өкілеттілік бойынша олар жергілікті деңгейдегі сұрақтарды шешеді. Сонымен қатар оларға жоғарғы органдардың өкілеттілігіне араласуға және унитаризм принципін бұзуға жол бермейді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының аумақтық тұрақтық сұрағын шешу құқығы жоқ.

б) Заң шығару билігінің ортақ жүйесі – кез-келген мемлекеттің өмір сүруіндегі міндетті шарт. ҚР ұлттық заң жүйесін қалыптастырудың бірнеше кезеңдері бар. Бірінші кезеңінде Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін бекіткен жаңа заң актілерімен қатар, республика аумағында одақтық заңдар да әрекет етті. 1993 жылғы Конституциясыда одақтық актілердің күші туралы арнайы құқықтық норма болды. Онда былай делінді, КСРО-ның заңдары мен басқа да нормативтік актілері Қазақстан Республикасының аумағында республикада сәйкес заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылданғанға дейін, ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келмейтін бөлімдерінде ғана қолданылады. (өтпелі жағдайлар, 7 бап)

1995 жылы Конституцияны қабылдаумен ұлттық заң жүйесінің қалыптасуының 2 кезеңі басталады. Одақтық актілер өзінің өзектілігімен мағнасын жойды. Саяси және әлеуметтік өмір жағдайының мағналы өзгеруіне және жаңа заңдарды қабылдауға байланысты Конституцияда одақтық нормативтік актілерді көрсету қажеттілігі жойылды. Бірақта ұлттық заң жүйесінің толық қалыптасуына дейін КСРО-ның кейбір құқықтық актілері әлі қолданылады. Бұл жүйенің даму процессінде ескірген актілер мен нормалар өзгертіледі және жетілгендермен ауыстырылады.

ҚР-да Федеративтік мемлекеттерге  қарағанда ұлттық заң жүйесі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ортақ жүйесімен құрылады. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен заң актілері қабылданылмайды.

 

                                                        17

 

в) Бір азаматтық та унитарлық мемлекеттің ерекше белгісі болып табылады. Қазақ КСР-нің КСРО құрамында болған кезінде қос азаматтық институты болды. Ол бойынша Қазақ КСР-ның азаматы бір уақытта КСРО азаматы бола отырып,  кез-келген басқа республиканың азаматы бола алды. Нәтижесінде КСРО құлағаннан кейін басқа республикаларда туыстары бар, немесе тарихи тамыры бар көптеген азаматтардың алдында қос азаматтық институтын бекіту сұрағы тұрды. Мұны үшінші елде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының да өкілдері талап етті. Бірақ қос азаматтық, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ешқандай мемлекеттермен танылмайды және тек федеративтік мемлекеттерде немесе отарлық нормалар өмір сүрген жағдайда пайда болады.

г) Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің  маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.

Әлеуметтік мемлекеттің  ерекше сипатын, оның адамның еркін  дамуы мен лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге болады.

Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен, азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен,

                                                       18

өмір түрін жоғары көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігін көрсетеді. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты Адам мен қоғамның жақсы тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның әлеуметтік дамуының негізгі мақсаты ҚР әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын анықтаудан тұрады. Олардың қатарына кіретіндер: еркін еңбек ету құқығы, оның қауіпсіздігі, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау; денсаулық қорғау құқығы; кепілденілген минималдық еңбек ақы, зейнетақы мөлшері мен жасына мүгедектігіне, асыраушысын жоғалту бойынша әлеуметтік қамтамасыз етуді бекіту; мемлекетпен неке мен  отбасы, аналық, әкелік және балалықты қорғау.

д) Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді. Қазіргі әлемде мемлекеттік деп танылған ресми діні заңдастырылған мемлекеттер де бар. Мемлекеттік (ресми) дін деп шіркеуді мемлекеттің ресми ұйымының бір бөлігі деп тануды айтады. Бұл мемлекеттің шіркеуді қаржыландыруынан, дін қызметкерін тағайындауға қатысуынан, секталарды қолдаудан шіркеудің ішкі қызметін реттеуден және шіркеудің некені, тууды, өлімді тіркеу сияқты кейбір мемлекеттік фунцияларды жүзеге асыруын тануынан байқалады. Мысалы, Англияда мұндай дін англикан, Израилда-иудей діні және тағы басқалар болып табылады. Кейбір елдерде дін мемлекеттік және әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен қызмет етуіне әсер етеді. Исламдық Иран Республикасы және басқа ислам мемлекеттері діни канондардың үстемдігін жариялады, ал оның мемлекеттік механизмі ислам құрылымымен терең араласқан және халықтың рухани көсемінен тәуелді.

 

 

                                                      18

Қазақстан Республикасы зайырлы  мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен  бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

Азаматтар қандай дінге сенсе  де саяси құқықтарды пайдалана алады. Құдайға сенетіндер де діни қызметкерлер де мемлекеттік органдарға азамат ретінде сайлана алады.

Конституциялық құрлысты күштеп өзгертуге Республиканың  тұтастығын бұзуға, мемлекетке қауіп төндіруге, діни қақтығыстарды тудыруға бағытталған әрекеттері немесе мақсаттары бар діни ұйымдарды құруға тиім салынады. Мемлекеттің діннен бөлінгендігі мемлекеттік оқу орындарында діни қағидалармен оқу жүргізуге тиім салынғандығынан көрінеді.

Сонымен қатар мемлекет діни ұйымдардың заңдық қызметін қорғайды. Діни ұйымдардың уставтары ҚР юстиция органдарында тіркеледі. Діни ұйымның уставын тіркеген мемлекеттік ұйым олардың өздерінің уставтарын орындауына бақылау жүргізіп отырады. Бұл орган қабылданған шешімдерді талап етуге, діни ұйымдардың өткізетін шараларына қатысу үшін өздерінің өкілдерін жіберуге, уставтың орындалуымен байланысты сұрақтар бойынша оның мүшелерінен түсінік алуға құқығы бар. Уставтық құжаттардың жағдайын және тіркеу шартын бұзған діни ұйымдардың қызметі «Дінге сену еркіндігі туралы» Заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сот шешімі бойынша діни ұйымдардың қызметі тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды қаржыландырмауынан да көруге болады.

Заң алдындағы діни ұйымдардың теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты пайдаланбайтындығынан  және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге тартылмайтындығынан көрінеді.

 

 

                                                     18

3. Қорытынды 

Көптеген құқық нормалары  әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді  байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік  сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі  бар қоғамдық қатынастар жүйесін  көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық  жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық  жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен  келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі  құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын  функцияларымен құқықтық мақсаттарға  сай болады.    

Құқық жүйесінің өзі, шын  мәніңдегі қоғамдық қатынастардың  сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал  жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық  жүйесінін жағдайына карау, оны  жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен  қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру  кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта  бір орында тұрмайтыны анық.   

Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық  салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык  институттарына жатады.  Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.       

Құқықтық институттар  бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін  құрайтын кұқык саласына айналады.     

Құқық жүйесі — құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың  салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен  көрінеді.   

Қоғамдағы құрылған құқық  жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен 

                                                   19

және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды. Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.   

Құқық - жүйе ретінде мынадай  белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай  құрылмайды, себебі сол ортадағы бар  жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік  ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін  дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына  кедергі болады.   

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы