Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 00:33, курсовая работа
Елбасы өз Жолдауында: Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады, - деген болатын. Сондай-ақ, еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан жайсыз жайттарды да сөзге тиек етті. Мұндай келеңсіздіктер мен жанжалдар неден туындап отырғанын да біз жасыра алмаймыз? Өйткені бұның бәрі көзге көрініп тұр, ел-халық хабардар. Құқық қорғау органдарындағы тиімсіз басқарудан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, бақылаудың жоқтығынан осындай проблемалар туындап отыр. Елбасының құқық қорғау саласына реформа қажет деп отырғаны да сондықтан. Яғни, бұл салаларға білікті басшы, білімді маман қажет. Құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын дайындауды Елбасы Парламентке тапсырды.
1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Құқық жүйесі....................................................................................4-18
3. Қорытынды....................................................................................19-20
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................21
Білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
“Мемлекет және құқық теориясы”
ТАҚЫРЫБЫ:_____________________
МАМАНДЫҚ: 0201000 – “Құқықтану”
Орындаған:____________________
Тобы: КПВ 2-1
Қабылдаған: Баулыбаева А.Б.
Бағасы: _____________
1. Кіріспе.......................
2. Құқық жүйесі..................
3. Қорытынды.....................
4. Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.............
1. Кіріспе
Елбасы өз Жолдауында: Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады, - деген болатын. Сондай-ақ, еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан жайсыз жайттарды да сөзге тиек етті. Мұндай келеңсіздіктер мен жанжалдар неден туындап отырғанын да біз жасыра алмаймыз? Өйткені бұның бәрі көзге көрініп тұр, ел-халық хабардар. Құқық қорғау органдарындағы тиімсіз басқарудан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, бақылаудың жоқтығынан осындай проблемалар туындап отыр. Елбасының құқық қорғау саласына реформа қажет деп отырғаны да сондықтан. Яғни, бұл салаларға білікті басшы, білімді маман қажет. Құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын дайындауды Елбасы Парламентке тапсырды.
Осылайша Елбасы құқық
қорғау жүйесін реформалау бойынша
байыпты жұмыс жүргізуді
Өркениетті елдер тәжіріибесіне сүйене отырып, құқық қорғау жүйесін жетілдірсек мыңдаған жастарымыздың өмірін бүлдіріп алмауынан сақтар едік.
Жолдау шын мәнінде еліміздің осынау бір күрделі дағдарыс кезеңіндегі атқарылған істермен бірге, алдағы ауқымды міндеттерін де айқындап берді. Ғаламдық қаржылық дағдарыс зардаптарын барынша айналып өткен республикамызда экономикамызды одан әрі өркендетудің маңызды алғышарттары жасалды.
Елбасының биылғы Жолдауында
атап көрсетілген әкімшілік
2. Құқық жүйесі
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.
Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі:
а) құқықтық нормалардан;
б) құқық салаларынан;
в) құқық салашаларынан;
г) құқықтық институттардан тұрады.
Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не – деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа – әдіс жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.
Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз біркелкі сипатты қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:
1) Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.
2) Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.
3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.
4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы.
Құқық институты — құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта – сатып алу – сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.
Барлық институттар бір-
Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:
1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;
2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;
3) құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.
Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.
Құқық салаларының белгілері (нышандары):
- әрбір саланың өз пәні болады;
- өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;
- құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.
Құқық салаларын жіктеу:
1) басты құқықтық режимдерді
қамтитын профильдеуші негізгі
салалар және де бүкіл құқық
саласы жүйесінің үстінде
2) арнайы салалар —
мұнда құқықтық режимдер
3) профильдеуші және арнайы
салалардың әртекті
Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:
1) Конституциялық құқық;
2) Азаматтық құқық;
3) Әкімшілік құқығы;
4) Қылмыстық құқық;
5) Жер құқығы;
6) Еңбек құқығы;
7) Неке-отбасы құқығы;
8) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;
10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы;
12) Қаржы құқығы;
13) Азаматтық іс жүргізу құқығы;
14) Халықаралық құқық.
Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.
Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты пәнді және олардағы құқықтық реттеудің басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады. Кейбір құқық салаларын қарастырып көрейік.
Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі – императивтік әдісі басым түрде қолданылады.
Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік әдісті қолданады.
Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.
Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік нысандарын және т.б. қылмыстық қол сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.
Неке-отбасы құқығы
саласын — отбасын құру