Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 17:22, курсовая работа
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер, полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сай қоғамды қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Кіріспе
1. Мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасы.
1.1. Мемлекет нысандарының түсінігі және мазмұны.
1.2. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет.
2. Мемлекет нысаны элементтер.
2.1. Мемлекетті басқарудың нысандары.
2.2. Мемлекет нысаны мен типінің арақатынасы.
3. Мемлекеттік құрылым.
3.1. Мемлекеттік кұрылым нысандары
3.2. Саяси режим: түсінігі және белгілері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Нақты мемлекеттің нысаны оның тарихи кейпімен алдын-ала белгіленеді. Бірақ, ол басқа факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне; (ұлттық және мәдени дәстұрлер, халықаралық жағдайларға т.с.с. байланысты).
Сондықтан, мазмұн мен
нысан ретіндегі ара-
3. Мемлекеттік құрылым.
3.1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
Мемлекеттік құрылым нысандары - мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік құрылым нысандары:
1) Унитарлық - қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртүтас заңдар жұйес бар. мысалы, Полыианы, Венгрияны, Болгарияны, италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге - Швецияны, данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге - Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рүқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.
2) Федеративтік - кұрделі одақтық мемлекет, бөліктері мемлекеттік құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федеральдық органдар мен қатар, федеральдық заңдардың негізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы, Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принциппен құрылатын мұмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей). Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзыреті, тек федерация органдарының құзыретіне, басқасы - федерация субъектілеріне, ұшіншісі - одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзыретіне жатады.
3) Конфедерация - саяси,
экономикалық және әскери
одақтық органдары құрылуы мұмкін, бірақ олар, не ұшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.
Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер достығы деп атайды. Мысалға қазіргі әрекеттегі ТМД-мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда тұсініксіз жағдайлары көптеу.
Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мнемлекеттер нысандары сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған -империялар, протектараттар және басқалар.
Мысалы, империя - дегеніміздің тұсінігіне мемлекеттік құрылымдар жатады, олардың негізгі айырмашылығына - аумағы жағынан кеңдігі, бір орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтарымен қарым-қатынасы, тұрғындарының әртұрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы, империялар (Рим, Британия, Ресей) әртұрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.
Протекторат - мықты мемлекеттің
халі нашарлау мемлекетке көрсеткен
формальді көмегі, әдеттегідей, ондай
мемлекеттер тәуелсіздігін
3.2. Саяси режим: түсінігі және белгілері.
Саяси режим - саяси үкіметті іске асыруға арналған құралдардың, жолдардың және әдістердің жиынтығы. Берілген кейіптегі мемлекеттің негізіндегі болатын әртүрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекеттік құрылым нысанына және мемлекеттік басқару нысанына тікелей ықпал жасайды.
Саяси режим - саяси режимнің динамикалық, функциональдық сипаты. "Саяси режим" және саяси жүйе бір-бірімен тығыз байланыстағы категориялар. Егер біріншісі, қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын комплекстегі институттарды көрсетсе, екіншісі, сол билік қалай іске асырылады, ол институттар қалай әрекет жасайтынын (демократиялық не демократиялық емес) көрсетеді.
Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдын-ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі қағидалар талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси жайды сипаттайды.
Саяси режимнің белгілері:
- Саяси үкіметті
үйымдастыру тетігіндегі
- Мемлекеттің
құқығы мен адам
бостандығының және
азаматтың құқықтарының ара-
- Жеке адамның бостандығының кепілділігі.
- Қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты.
- Халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі.
- Ақпарат
құралдарының жағдайы, қоғамдағы
ашықтық деңгейі және
- Мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі.
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Авторитарлық режим - қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онда саяси билік халықтық аз қатынасуымен адаммен (таппен, партиямен, бетке ұстар адаммен) жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатына авторитаризм (соқыр бағыныштылыққа негізделген) жатады, яғни билік пен басқарудың әдісі, қоғамдық қатынастың бір тұрі ретінде көрінеді (мысалы, Испанияда Франко, Чилиде Пиночета басқарған кезеңдере болды).
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
1) орталықта және жергілікті жерлерде, билік біреудің не бірнеше тығыз байланысты органдардың қолына жиналады, бір мезгілде халық шын мәнндегі мемлекеттік биліктен қол ұзеді.
2) заң шығаруға, атқаруға және сот биліктеріне бөлу принциптері мойындалмайды (көп жағдайда президент, атқару-бөлу органдарын өзіне бағындырып, басқа органдарға заң шығару және сот ісімен шұғылдану тапсырылады).
3) өкілетті органдардың билігі, билігі бар субъектімен тежеледі.
4) Шын мәнінде сот қосымша орган ретінде болады. Сотқа қатынасы жоқ органдар пайдаланылады.
5) Мемлекеттік
органдарды, лауазымды адамдарды
сайлау, олардың халық алдында
есеп беруі, принциптерінің
6) Мемлекетті басқаруда, әкімшілік-бұйрық (командалық) әдістері үстем болады.
7) Жеке цензурасы сақталады, былайша айтқанда "жартылай ашықтық" сақталады.
8) Біртұтас идеологиясы болмайды.
9) Қоғамдық өмірдің барлық орталары тексерілмейді.
10) жекелеген көпжақтылық (плюрализм) бар, оппозицияға жол берілмейді, барлық партиялар бастаушы партияның идеологиясына бағынуы міндетті, оған қарсылар таратылып қуылады.
11) Адамның және
азаматтың құқығы, бостандығы
жарияланғанымен толық тұрде
іске асырылмайды (әсіресе
12) Жеке адам, билікпен қарым-қатынаста қауіпсіздік кепілдігінен айырылған.
13) "Күштеу" құрылымы
шын мәнінде, қоғамның
14) Көшбасшының ролі өте жоғары, бірақ тоталитарлықтан өзгеше. Тоталитарлық режим - "тоталитарлық" дегеніміз, "тұгел", "тұтасымен", "толық" деген мағынаны береді.
Тоталитарлық режим - пайда болып дамыған елдердің бәрінде де, оның өзіне тән ерекшеліктері болған.
Тоталитарлық режим, қоғамдық
өмірдің барлық саласына бірдей мемлекеттің
абсолютті тұрде бақылау
Тоталитарлық саяси режимнің белгілері:
Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына бірдей ұстемдік жұргізуге, бәрін қамтитын билікке тырысады.
Қоғам іс жүзінде түгелімен саяси биліктен бөлінген, бірақ оны мойындамайды, себебі саяси сезімділікте (таза фашистік кейіптегі мемлекет) екендігі кұмәнсіз.
Экономиканың, ақпарат құралдарының, мқдениеттің, діннің жқне адамдардың жеке өмірлеріне, тіпті адамдардың қимылдарының себептеріне дейін, мемлекеттің монополиялық бақылауында болады.
Абсолютті "құқықтарың", дәлірек құқыққа қарсы, қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни "рұқсат" етіледі, тек сол нәрсе, егер ол заңмен көрсетілсе - деген принципке негізделген.
Мемлекеттік билік бюрократтық жолмен құрылады, қоғамнан жасырын жолдармен ңореол құпиялықпен" қоршалған, халықтың атынан бақылауға жіберілмейді.
Басқарудың әдісі ретінде, күштеу, қинау және террор қолданылады.
Бір партияның ұстемдігі - шын мәнінде мемлекеттің кәсіби аппаратын онымен қосып жіберу, оппозициялық жолдағы кұштерге тиым салу.
Адам мен азаматтың құқығы бостандығы, декларативтік және формальді сипатта, оларды іске асырудың кепілі жоқ.
Экономикалық негізіне, ұлкен меншіктер: общиналық, монополиялық және мемлекеттік меншіктер жатады.
Арнайы бір ғана идеологиясының болуы, шын мәніндегі көпжақтылықты болдырмау.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Сонымен, мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сүрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мүрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі - мүралық билік.
Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай, жоғарғы және басқа мемлекеттік органдарының арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр, жоғарғы мемлекеттік билік пен түрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған, жоғарғы мемлекеттік органдардың үйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынадай сйпаттарды атап өтуге болады:
Президентті парламентсіз сайлау жқне үкіметті құру тәсілі, үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы,
Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысы өкілеттігінің анағүрлым кеңдігі, яғни, мемлекет нысандары - саяси үкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік үйымдастыру нысанын және саяси режимді қамтиды.
Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік үкіметтің үйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың түрғындарымен қарым-қатынасын сипаттайды.
Мемлекет типі - біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Мемлекеттік құрылым нысандары - мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен, мемлекет нысандары жалпы мемлекеттердің дамуында ерекше мәнге ие, өйткені, қай кезеңде болмасын, мемлекет қандай саяси құрылымда болмасын, олардың кез-келгенҚнде жоғарыда атап өткен мемлекет нысандары міндетті түрде көрініс табады. Сондықтан, мемлекет нысандарының анағүрлым тиімді түрлерін таңдай білу қай мемлекет үшін де маңызды дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Конституциясы. 1995 жыл, 30 тамыз. - Алматы: Юрист, 1995
2. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды. 2002
3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері - Алматы, 2001
4. Дулатбеков Н. Мемлекет және құқық негіздері. - Астана, 2001
5. Жоламан Қ. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы, 1999
6. Қалиев Н. Қазақстан парламентаризмі: саяси талдау. - Алматы, 2003
7. Құттаяқов Ш. Президенттік билік - егемендіктің ақ жолы. - Алматы, 1991