Мемлекет нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер, полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сай қоғамды қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Содержание

Кіріспе
1. Мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасы.
1.1. Мемлекет нысандарының түсінігі және мазмұны.
1.2. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет.
2. Мемлекет нысаны элементтер.
2.1. Мемлекетті басқарудың нысандары.
2.2. Мемлекет нысаны мен типінің арақатынасы.
3. Мемлекеттік құрылым.
3.1. Мемлекеттік кұрылым нысандары
3.2. Саяси режим: түсінігі және белгілері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_3818.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бүл монархияда монарх билігі басқа  бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде  кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік  монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан  болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар  және қала түрғындар, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп, заң шығару үсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бүл басқару форма "сегунат" деп аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген  монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялыққ революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ¥лттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін құқығы туралы Билль деген конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бүл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, түрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрырптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.

1.2. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы  унитарлық (біртұтас) мемлекет.

Басқару нысаны мынадай  мәселелерді түсінуге мүмкіндік  береді:

-   мемлекеттің   жоғарғы   органы   қалай   құрылады   және   олардың  құрылымы қандай;

-  жоғарғы және басқа  мемлекеттік органдарының арасындағы  қарым-қатынастардың негізінде қандай  принциптер жатыр;

-  жоғарғы мемлекеттік  билік пен тұрғындардың арасындағы  қарым-қатынас қалай құрылған;

жоғарғы мемлекеттік  органдардың үйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

Осы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында абылданған Қазақстан  Республикасы Конституциясына байланысты "Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртүтас мемлекет".

Президенттік басқару  нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынадай  сипаттарды айтуға болады:

1. Президентті парламентсіз  сайлау және үкіметті құру  тәсілі;

2.   Үкіметтің   парламенттің  алдында  емес,  президенттің  алдындағы жауаптылығы;

3.   Парламенттік   республикаға   қарағанда,   мемлекет   басшысының өкілеттігінің  көбірек кеңдігі.

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік  басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан  Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттік қолына мемлекеттіқ басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы бойынша:

1. Қазақстан Республикасының  Президенті - мемлекеттің басшысы,  мемлекеттің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.

2.    Республиканың   Президенті   -   мемлекеттік   билік   бірлігінің, Конституцияның  мызғымастығының,   адам  және   азамат  құқықтары  мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.

3.  Республика Президенті - мемлекеттік биліктің барлық  тармағының келісіп   жұмыс   істеуін   және   өкімет   органдарының   халық   алдындағы  жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

1998 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Осы заңның негізінде, мемлекеттік  билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын ролін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. Мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады. Парламенттің сайлану мерзімі 4 жыл болып белгіленді, Сенат депуттарының өкілеттік мерзімі - 5 жыл болып белгіленді, мәжіліс депутаттарының саны 77-ге дейін көбейтіліп, 10 депутат партиялық тізімдерге байланысты сайланатын болды.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды  түрде мүмкіндік көзделді. Дауьіс беруге қатысқан сайлаушылардың елу  пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылады. Соған сай, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды. Себеі, ондай норма Парламент депутаттарының мәртебесін төмендетіп, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рәсімдері, еліміздің қазіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгіленген кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мүнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі.

Президент өкілеттілігінің  бес жыл мерзімі жеті жыл мерзімге ауыстырылды. Президентке кандидаттар үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.

Заңда қазақстандағы  сот жүйесіне арналған нормаларға да өзгерістер, толықтырылулар енгізілді.

Қазақстан республикасының  Конституциясы мынадай Конституциялық заңдармен белгіленді:

1."Қазақстан Республикасының  Президенті туралы".

2."Қазақстан Республикасының  парламенті және оның депутаттарының  мәртебесі туралы".

3."Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы".

4."Республикалық референдум  туралы".

5."Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы".

2. Мемлекет нысанының  құрамы.

 

 

2.1. Мемлекеттік  басқарудың нысандары.

Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік үйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

"Мемлекеттің негізі" санаты мемлекеттегі басты, заңдылық  неге байланысты екенін белгілесе, "мемлекет нысаны" санаты - қоғамда  кім және қалай басқарады, қалай  ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртұрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жұргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.

Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік  билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.

Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет тұгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады -монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с.).

Монархияныц белгілеріне:

-жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мүра ретінде  беріледі;

-басқаруының уақілты шексіз болады;

-сайлаушылардың еркінен  тәуелсіз болады.

Монархияның шектелусіз тұрі болады, ондайда халықтың өкілеттік  мекемелері болмайды және мемлекеттің  егемендігін алып жұруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі  феодализмнің абсолюттік монархиясы - Саудов Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жұруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жұргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).

Монархия бірнеше жұз, жылдарға созылған уақытта, дұние жұзіндег ұстемдік құрған басқару нысаны болады. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.

Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Республика белгілеріне:

-    өкіметтің сайлануы;

-    белгілі уақытқа ғана сайлау;

-    сайлаушылардың  еркіне тәуелділік.

Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.

Президенттік республикаларда (США, бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды, Парламенттік республикаларда (германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Полыпа, Болгария, Австрия т.б.) - Президент пен парламент бірге жүргізеді.

Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады  не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей  халықпен және бір мезгілде мемлекеттің  және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жүмысын өзі  басқарады. Бүл мемлекетте парламент үкіметке

сенімсіздік вотумын  жариялай алмайды, ал президент - парламентті  таратпайды.

Парламенттік республикада - ұкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент  дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен ұкіметтің қызметіне, ұкіметтің басшысына (министірлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.

Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың  сыйпатына ұкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.

Парламент, үкіметті жылдағы  бюджетті бекіту жолымен тексеруге  мұмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.

 

 

 

 

          2.2. Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынасы.

Мемлекет кейпі - біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның  мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің  жиынтығы.

Бір жағынан, әртұрлі  кейіптегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы  тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен (ертедегі шығыс деспотиясы -Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттік монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық монархиялар, социалистік кейіпке - парижз Коммунасы, кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.

Екінші жағынан, белгілі  тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне  тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Сонымен, көрсетілген  кейіптегі мемлекеттер кез келген нысандарға ауыса алмайды. Себебі, олардың  мазмұнына ашық қайшы келеді және экономикалық негізіне сай емес. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген монархия нысанында, не демократиялық республиканы жалпы ұлттық өкілеттілігі бар мекемелермен бірдей ойлауға болмайды.

Информация о работе Мемлекет нысандары