Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 21:11, курсовая работа
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде Республикамыздың шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі, оның дамуы, қорғалуы, шет елдермен байланысы жан-жақты зерттелген. Екінші бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің жетілдіруі және проблемасы, қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің дамуы мен жағдайы, өз бетінше еркіндік алуы, ұйымдық экономикалық және құқықтық тұрғыдан қорғалатыны, кәсіпорынның ұйымдық түрлері, меншік түрлері талданды. Шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда құрылуы мен дамуына байланысты жағдайлар, қабылданған жарғылар мен заңдар, 2008 жылдан бастап, бүкіл дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша, Қазақстан Республикасы жоғары табысы бар мемлекеттер тобына жатқызылуы саралай отырып, ол өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес дамып келе жатқандығы дәлелденді.
1Кіріспe.................................................................................................................2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі………………………………. 4-5
1.1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік………………………………………..5-6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері……………… 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі………………..8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы……………………………………………………………..16-26
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары…………………………………………………………26-32
2.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар.32-37
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау…………………………..37-40
Қорытынды…………………………………………………………………...41-42
Қазақстан экономикасында,
басқа одақтас
Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңтүстік Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экономикалық және технологияның көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. [6]
Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орталығы мен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемлекеттік-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемлекеттік билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемлекеттік егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орталық органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемлекет кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түстi. [7]
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) социологиялық экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономиканы тұрақтандыру; 4) дүниежүзүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. Бiрiншi кезең (1991— 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен социологиялық атталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік –экономикалық , қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың
басында ҚР-ның экономикалық са
Република тәуелсіздік
алғаннан кейін , ел ішінде
экономикалық реформаларды
1992 жылы, Ресейдің бағаны босатып жіберуі, жедел инфляцияға яғни ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырды. Дәл сол мезетте Қазақстанның жаңа валюта енгізу туралы құпия операциясы бас алды. Англиямен ұлттық валютаны жасау жөнінде өзара келісімге қол қолды. Осы жылы теңгенің 20% ы басып шығарылды.
1993 ші жылдың жазында, Ресейде жаңа валюта айналымға енгізілді. Ресейдің орталық банкі, 1993 ші жылға дейінгі шығарылған рубль банкноттарының ендігіде заңсыз және қабылданбайтынын халыққа мәлімдеме жасады.
Ресейде жаңа рубльдің қабылдануы және Қазақстан мен орта Азияға кеңес үкіметінің рубльін айналымға салуы, Қазақстанда гиперинфляцияға әкелді.
Бұл кезеңде үкiмет
дағдарысқа қарсы шаралар
(1995 — 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; республиканың тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы ин-ттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.
Осы жүргізілген шаралардың
нәтижесінде ақшаның құны
Осындай қиын жағдайдан шығу , халықтың тұрмыстық деңгейін жақсарту елдің экономикалық дамуын күшейту үшін экономикалық реформалар негізінде нарықты экономикаға көшу көзделді . Экономикалық рефома республика органдарының экономикалық басқарудағы ролі мен функциясы түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды . Олардың ендігі міндеттері өнеркәсіпті басқару емес, өнеркәсіптің дамуына , техникалық дамуға , сала аралық өркендеуге дұрыс бағдар таңдау жұмыстары болды . Нарықтық құрылысының дамуын жеңілдету мақсатына мемлекеттік меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасаланды . Ең бірінші кезекте мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды . Жекешелендіру салық салу реформасы , бағаны қалыптастыру , еңбекті өтеу саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады .
Стратегияның басты
маңызына келетін болсақ, әлемдік
дамудың орталығы Азияға
2030шы жылға дейінгі ең басты 7 басым бағыттарға келетін болсақ:
1. Ұлттық қауіпсіздік
2. Ішкі саясаттың қалыптылығы
3. Шетел инвистициялары мен ішкі жинақталымдардың
4. Қазақстан
5. Энергия ресурстарының дамуы.
6. Инфрақұрылымның дамуы(әсіресе байланыс пен көлік);
7. Кәсіби мемлекет.[8]
Стратегияның
мiндеттерiне сәйкес Қазақстан
2030 жылға қарай дамыған