Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 21:11, курсовая работа
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде Республикамыздың шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі, оның дамуы, қорғалуы, шет елдермен байланысы жан-жақты зерттелген. Екінші бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің жетілдіруі және проблемасы, қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің дамуы мен жағдайы, өз бетінше еркіндік алуы, ұйымдық экономикалық және құқықтық тұрғыдан қорғалатыны, кәсіпорынның ұйымдық түрлері, меншік түрлері талданды. Шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда құрылуы мен дамуына байланысты жағдайлар, қабылданған жарғылар мен заңдар, 2008 жылдан бастап, бүкіл дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша, Қазақстан Республикасы жоғары табысы бар мемлекеттер тобына жатқызылуы саралай отырып, ол өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес дамып келе жатқандығы дәлелденді.
1Кіріспe.................................................................................................................2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі………………………………. 4-5
1.1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік………………………………………..5-6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері……………… 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі………………..8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы……………………………………………………………..16-26
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары…………………………………………………………26-32
2.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар.32-37
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау…………………………..37-40
Қорытынды…………………………………………………………………...41-42
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет шағын кәсіпкерлік саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Франциядағы шағын бизнес.
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
- «Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары» және «шағын және орташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара».
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1. Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада орналақан болса
2. Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)
Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.
Израильдегі шағын бизнес.
60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіене келесідей шараларды:
1. Технопарктердің қызмет
ету қағидалары бойынша
2. Бизнес «жылы жайларды» құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар. Бизнес – «жылы жайлар» өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.
3. Ғылыми зерттеулерді
сонымен бірге өнеркәсіпте
4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанынан жұмыс істеу. Қор шағын және орта бизнеске кәсіпорындардың масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.
5. Көптеген Израилдік банктерге шағын кәсіпкерлікті қолдау арнайы бөлімшелер бар. Олар банктік жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.
6. Шағын және орта
бизнесті қолдаудың маңызды
- сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға га.
- егістік (негізінен
көкөніс және техникалық
Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.
Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.
- бірінші екі жылдай пайдаға салық тарифі 70 % проценттен төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.
Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.
Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:
1. Құқықтық және әкімшілік
құрылымдарға негізделген
2. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.
3. Шағын жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын кәсіпкерлікті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.
Мұның барлығы шағын және орта кәсіпкерліктің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара білу.
ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін , оған үлкен экономикалық дағдарыс тиді. Шаруашылығының нарықты қатынастарға көшуі , нарық қатынастарының құрылуы , барлық салалардағы өндіріс қызметін ретке келтіру жөніндегі белгіленген шараларды жүзеге асыру экономикалық реформа процестерін тиімді түрде басқаруды талап етті. Себебі , өкімет пен басқарудың бұрынғы құрылымы экономиканы дағдарыстан шығаруды қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық органдарына ықпал жасайтын құрылымдар жоғалды, барлық жерлерде өндірістің және орындау тәртібінің төмендеуі байқалды. Экономикадағы келеңсіз көріністерге байланысты дағдарысты тоқтату одан әрі күрделене түсті. Жергілікті өзін өзі басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы өкімет билігінде реформа жасалды. Өтпелі кезеңге әкімдер лауазымы енгізіліп, оларға жер жерден экономикалық жағдай, президент пен үкімет шешімдерінің орындалуы үшін толық жауапкершілік жүктелді. Әкімдерді тағайындау және мерзімінен бұрын алуды жоғарыдан төмен қарай: Республика Президенті мен жоғары тұрған әкімшіліктің әкімдері жүргізді . Бюджет жасап , бекіту , оның орындалуын қадағалау құқығы , депутаттармер жұмыс жүргізу , тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық жасау , региондар дамуының стратегиялық бағытын белгілеу әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің құзырына берілді .
ҚазақКСР- і , КСРО -нің пайдалы қазбалар жағынан ең бай елдерінің бірі болды. КСРО қорғасынының 3/4 ін, цинкнің 1/3 ін , темірдің 1/5 ін өндіріп отырған ҚазақКСР- і, егіншілік жерлері бойынша КСРО- нің 1/5 ін , яғни 2-3 орынды алып отырды.
Республикамыз КСРО- нің негізгі пайдалы қазбалар қоры бола отырып, одан тек экологиялық зардаптарды мұра қылып алды.
Біріншіден, су тереңдігі 14 м ге дейін төмендеген, сүтқоректілердің 70 түрі, өсімдіктердің 300 түрі жойылып кеткен Арал жері болатын.
Екіншіден, 1949ші жыл мен 1963ші жылдар аралығындағы санақ бойынша 470 атом қаруының сынағы жүргізілген Семей полигоны.
Үшіншіден, республикамыздың экономикасы әлі де шикізат өнімдерінің орталығы ретінде бағытталып, экспорттың 97% ы полуфабрикаттар мен шикізаттардан тұрды.
90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экономикалық дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экон. жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру социологиялық теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемлекеттік меншiкке негiзделген социологиялық жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Мұның өзi бiр сәттiк iс емес және қиындықсыз болмайтын үдерiс едi. Одақтас республикалардың егемендiгiн кеңейтуге байланысты бiрнеше экономикалық маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы” Заң социологиялық экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң негiзiн салды. Осы заңға сәйкес өндiрiс құрал-жабдықтарын меншiктенудiң мемл. меншiктен басқа түрлерiнiң де болуына рұқсат етiлдi. Сөйтiп, әлемдiк экономика кеңiстiктiң 1/3-iне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдiк еткен социологиялық өндiрiс тәсiлi бiржола күйредi.