Жалпы бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:02, реферат

Краткое описание

Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина. Кейде өндірісте қолданылатын сүйемелдеуші құрылғыны да білдек деп атайды. Металл кесу, ағаш кесу, тас өңдеу білдектері болады. Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады. Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру, сүргілеу, жону станогы сияқты түрлері болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қабыл Ардақ.docx

— 2.29 Мб (Скачать документ)

       Бұрғылап  тесу ─ тұтас материалды  айналмалы бұрғымен  бұрғылап тесу әдісі. Бұл   үшін  бұрғылау, токарлық  және   т.б. станоктар, арнаулы қол аспаптары пайдаланылады.

       Фрезерлеу  ─ металдарды және бейметал материалдарды жонып өңдеу әдісі.   Мұнда жонғыш  аспап ─  фреза айналып тұрады  да,  өңделетін дайындама ақырын  жылжып  отырады.  Кескіш  құралдарының  түрліше конструктивтік формаларына тәуелсіз  олардың  жұмыс  бөлігі  негізінен  −  сына  формасында Металдарды  кесумен өңдегенде кең қолданылатын −  окарлық кескіш  және фреза.

         Токарлық кескіш  денесінен, жұмыс  бөлігінен − кескіш басынан тұрады. Кескіш  басында алдыңғы бет,   және  екі артқы бет болады.  Алдыңғы беттен кесу  кезінде жоңқа шығады.   Артқы беттердің бірі  (кесу  бетіне  қараған)     бас артқы беті  деп,  ал   оған   қарама-қарсы бет қосымша артқы бет деп аталады.  Алдыңғы   және  артқы беттердің қиылысы кескіш  жиектері              деп аталады. Кескіш қозғалғанда металдың белгіленген бір аралығын деформациялайды. Осы кезде металлдың кесілетін қабатында белгіленген кернеулік күй пайда   болады.  Кернеу металл бөлшектерінің ішкі ілінісу күшінен артқанда жоңқа элементінің ығысуы болады. Әрі қарай кескіштің қозғалысы болғанда жоңқаның екінші,  келесі  элементтері анықтала береді. Жоңқаның  жеке элементтерінің ығысу болатын   жазықтығы ығысу жазықтығы делінеді.  Ығысу жазықтығы   мен   кесу   жылдамдығы  бағыты  арасындағы бұрыш ығысу  бұрышы  делінеді.  Жоңқа   түрлері:  жеке  элементтердің   ілінісу күшіне  тәуелді жоңқаның   үш   түрін    ажыратады:   оралма,   ығысу               және   опырылу.  Тұтқыр  металдар оралма жоңқа түзеді, бұл үзіліссіз лентаға ұқсас.  Бұл жоңқаның  жеке  элементтері   бір-бірімен берік   байланысқан.       Өте тұтқыр емес  металлдарды өңдегенде сындырылған жоңқа пайда болады. Бұл жоңқа элементтері өте берік емес,  сондықтан біршама шиыршықталғаннан кейін өзінің салмағы әсерінен немесе басқа да сыртқы күш әсерінен сынады.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

        

     


Информация о работе Жалпы бөлім