Жалпы бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:02, реферат

Краткое описание

Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина. Кейде өндірісте қолданылатын сүйемелдеуші құрылғыны да білдек деп атайды. Металл кесу, ағаш кесу, тас өңдеу білдектері болады. Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады. Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру, сүргілеу, жону станогы сияқты түрлері болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қабыл Ардақ.docx

— 2.29 Мб (Скачать документ)
  1. Жалпы   бөлім

  Білдек – әр  түрлі материалдарды өңдеуге арналған  машина.  Кейде   өндірісте   қолданылатын   сүйемелдеуші  құрылғыны да  білдек деп атайды. Металл  кесу,  ағаш  кесу,  тас өңдеу білдектері  болады.  Тоқыма өндірісінде тоқу  білдегі қолданылады.  Білдектің сондай-ақ  ажарлау,  теңгеру,  сүргілеу,  жону  станогы сияқты  түрлері болады.

 

                              

 

 

Білдектің қаңқасы (жақтауы)- станоктың тетіктері мен  механизмдері үшін тірек болып табылатын  қаңқа.

 

                                                 Түрлері

Автомат–білдек  -  бұйым жасауға арналған  затты технологиялық талапқа сәйкес  басынан аяғына  дейін толық өздігінен атқаратын білдек.

Агрегат-білдек (Станок-агрегат) — қозгалыстарының өзара байланыстығы  мен жүйелігі  басқарудың  біртүтас  жүйесімен реттелетін  агрегаттары  (күш бастиектері)  бір-бірімен  кинематикалық байланысқа түспейтін  металкескіш білдек.

Ажарлағыш білдек (Станок шлифовальный) — дайындамаларды тез айналатын қажақ құралдармен өңдеуге арналған  білдек.

Айналма үстелді  жонғылағыш  білдек  (Станок  карусельно-фрезерный) — дайындамалардың жалпақ  элементтерін   үздіксіз  жонғылаумен өңдеуге арналған  айналма үстелді білдек.

Алмас-кеңейжону  білдегі (Станок алмазно-расточный) — жонудың жоғары   жылдамдығында,   кіші берілістер және  терең жону  кезінде тесіктерді алмас немесе  қатты қорытпалы кескіштермен  жұқалай таза  жонуға  арналған кеңейжонғыш білдек.

Арнайы білдек (Станок специальный) — бір типті дайындамаларды  өндеуге арналған  білдек.

Әмбебап  білдек  (Станок универсальный) — әр  түрлі дайындамаларды  өндеу кезінде операциялардың  біраз мөлшерін  орындауға арналған  білдек.

Әрлегіш  білдек  (Станок полировальный) — әрлеуге арналған  білдек.

Бойлай  жонғылағыш  білдек  (Станок продольно-фрезерный) — қайтымды-ілгерілемелі  орын  ауыстыратын үстелі  мен бірнеше жонғыш  айналдырықтары бар және  ірі  габаритті  тетіктердің  жалпақ  элементтерін  өндеуге  арналған білдек.

Бұранда  ажарлағыш  білдек (Станок резьбошлифовальный) —  дәл бұрамалы беттерді  пішінді  ажарлағыш шарықтаспен тазалай  өңдеуге  арналған  білдек.

Вертикаль - тартаөндегіш  білдек (Станок вертикально-протяжной) — тартажонғыш құралдарының  қайтымды – ілгерілемелі  тік орын  ауыстыруымен әр  түрлі пішіндердің сыртқы  беттерін  өңдеуге арналған  тартаөндегіш  білдек.

Вертикаль-бұрғылағыш білдек (Станок вертикально-сверлильный) — айналдырығының  осі тік орналасқан  бұрғылағыш  білдек.

Вертикаль-жонғылағыш білдек (Станок вертикально-фрезерный) — айналдырығының  осі тік орналасқан  жонғылағыш  білдек.

Горизонталь-кеңейжону  білдегі  (Станок горизонтально-расточный) — айналдырығының  осі көлденең  орналасқан  кеңейжонғыш білдек.

Горизонталь-тартаөңдегіш  білдек (Станок горизонтально-протяжной) — тартажонғыш  құралдары  көлденең  орын  ауыстыра  отырып,  негізінен,  ішкі тартажонуға  арналған  тартаөңдегіш  білдек.

Дөңгелете  ажарлағыш  білдек  (Станок  круглошлифовальный) —  центрлерде орнатылған  немесе  қысқыда  бекітілген  дайындамалардың  сыртқы   цилиндр, конустық,  сұлбалық  жөне  жалпақ (дүмдік) беттерін өндеуге арналған ажарлағыш  білдек.

Жонғылағыш білдек (Станок фрезерный) — дайындамалардың әр  түрлі беттерін  тиісті орын  ауыстырулар кезінде   жонғыштармен  өндеуге арналған білдек.

Жазық  ажарлағыш  білдек (Станок плоскошлифовальный) — шеттікпен жазық ажарлауға немесе  ажарлағыш   шарықтастың   бүйірімен өндеуге арналған  білдек.

Жонғыш білдек (Станок токарный) — айналма денелер типіндегі дайындамаларды   жону  арқылы  өндеуге арналған  білдек.

Жартылай автоматты  білдек (Станок полуавтомат) — дайындаманы өңдеудің   барлық   циклі  автоматты түрде   жүргізілетін,  алайда  білдекті орнату, іске  қосу  жөне  өңделген  тетікті  түсіру  үшін   жұмысшының   араласуын  қажет  ететін  білдек.

Жонғыш-айналма  үстелді білдек (Станок токарно-карусельный) — дайындамалардың   жалпақ    элементтерін   үздіксіз  жону  арқылы  өңдеуге арналған  айналма үстелді білдек.

Жонғыш-бұрама  кескіш  білдек  (Станок токарно-винторезный) —  көбінесе айналма  денелер  типіндегі  тетіктерді  жонуға ,  кеңей-жонуға  және  бұрандалар оюға  арналған  артқы   тұғыры, жүрістік  бұрамасы мен  жүрістік білігі  бар жонғыш  білдек.

Жонғыш-револьверлі  білдек (Станок токарно-револьверный) — ұясында дайындамаларды  өндеуге арналған  қажетті құралдар   орналасқан  айналмалы револьверлі   бастиегі   (артқы тұғырдың орнына) бар жонғыш  білдек.

Кеңейжоңғыш  білдек (Станок расточный) — алдын ала жасалған  тетіктерді айналма құралдармен   өңдеуге   арналған  білдек.

Көлденең сүргілегіш білдек (Станок поперечно-строгальный) — негізгі қозғалысты   құрал,   ал  беріс қозғалысын  мерзім  - мерзім  дайындама жүзеге асырып  отыратын  сүргілегіш  білдек.

Көп кескішті жонғыш білдек (Станок многорезцовый токарный) — кескіштерімен дайындаманың  әр  түрлі беттерін  бір   уақытта   өндеуге арналған   білдек.

Жануыштығыш білдек (Станок хонинговальный) — өз осінің  бойымен айналма және  қайтымды - ілгерілемелі  қозғалысы бар жануыш  құралдармен тазалауға   (мысалы,   әрлеу,  ысқылау) және  тесіктерді түпкілікті  өндеуге арналған  білдек.

Көп мақсатты білдек (Өңдегіш орталық) (Станок многоцелевой (обрабатывающий центр))  —  әр түрлі операцияларға (мысалы,  жону, бұрғылау,   кеңейжону,   кесу) арналған және жинақтауышында қажетті құралдары  бар білдек.

Көшіргіш-жонғыш білдек (Станок токарно-копировальный) — қисық сызықты   беттерді   көшіргіш   бойынша өндеуге арналған  жонғыш  білдек.

Көшіргіш-жонғылағыш білдек (Станок копировально-фрезерный) — қисық сызықты   беттерді   көшіргіш  бойынша жазықтық және көлемдік өңдеуге арналған бақылау жүйесі бар жонғылағыш білдек.

Қашағыш  білдек (Станок долбежный) — сырғағы тік орналасқан және қашауға арналған  білдек.

Металл кескіш білдек (Станок металлорежущий) — жонумен өндеуге арналған  білдек.

Нақыш-жонғылағыш білдек (Станок гравировально- фрезерный) — нақыштағыш   айлабұйымы  бар кішігірім көшіргіш - жонғыш  білдек.

Пышқылы білдек (Станок ножовочный) — электр немесе пневматикалық жетекті пышқылы жал түріндегі жұмыс органы  бар білдек.

Радиаль бұрғылағыш білдек (Станок радиально-сверлильный) — айналма маңдайшасында орналасқан  бұрғьшағыш бастиекпен  (басшамен)  ірі габаритті тетіктердің тесіктерін  өндеуге арналған  металкескіш білдек.

Сыдыры  ажарлағыш  білдек (Станок обдирочно-шлифовальный) — алдын ала (черновой)  өңдеуге арналған  ажарлағыш білдек.

Тарта  өңдегіш  білдек (Станок протяжной) — сыртқы  жөне  ішкі беттерді тарта жонумен өңдеуге арналған  металкескіш білдек.

Тескіш білдекше - металдан және басқа жабдықтардан дайындалған дайындамаларда тесік бұрғылауға арналған станок.

Токарлық  білдек - бұл кең тараған метал кесу  білдегінің  бір түрі,  айналма денелер тәрізді дайындамаларды  кесіп өңдеу үшін  арналған.

                              Жону    білдегі

Жону білдегі  -  жаңқаны   алып    тастау    арқылы   пішіндері     айналмалы бұйымдарды     өңдеуге     арналған    білдек.    Дайындама    жону    білдегінің айналдырығынан     жетекті,   жұдырықшалы,    гидравликалық    немесе пневматикалық     қысқы    арқылы    айналмалы    қозғалыс     жасайды; айналдырық    айналмалы     қозғалысты    бас    қозғалыс    механизімінен            ( әдетте    жылдамдықтар    қорабынан ),    кескіш     құралкүймешектің жылжымасымен     бірге   жүрістік    білігінен    ( жонғанда )    немесе   жону білдектің    беріс    механизмінен    айналмалы    қозғалыс    алатын    жүрістік бұрамадан    ( бұранданы    қиғанда )   ауысу    қозғалысын    жасайды.    Жону білдегінде   цилиндірлік,   конустық    және  үлгілі    беттерді    жону   және кеулей   жону,    сыртқы   және   ішкі  бұрандаларды    қию,   шетжақтарды тіліктеу   және   қыру,    тесіктерді    бұрғылау,    үңгілеу,    ұңғылау,  бұранда ойғышпен   және    бұрандакескішпен    бұрандаларды    қию,   сонымен   қатар бұрлеу,   ысқылау    т.б.    жұмыстар    орындалады.   Жону    білдегі   металкескіш     білдектердің    ішінде   ең    кең   тараған    түрі.    Өндірістің сипатына   ( жаппай,    сериялы,   жеке )    және   өнімділігіне   байланысты   жону    білдегінің    әр   түрі    қолданылады:    центрлейтін,    жону-реворверлі, көпкескішті,    бір   айналдырықты   және    көпайналдырықты    автоматтар    мен   жартылай     автоматтар,    айналмалы   ( қысқа    және    ауыр   бұйымдарды,    локомотивтер    мен    вагондардың    қос   дөңгелектерін   т.б. өңдейтін    дөңгелек   жону    білдектері ).

     Бұранда кесу токарь  станогының құрылысы. Станокты басқару  және оны   ретке келтіру.

Жону ─ бұл металды кесу арқылы өңдеу түрі.  Мұнда дайындамадан  айналу денелерін   және   олардың   түрліше түрлерін  алады.   Кең   тарағаны   цилиндрлік   және  конустық  формадағы детальдарды осьтік  жону болып табылады.   Өңдеу сапасы   бойынша   таза   емес   және  таза жону болып бөлінеді.   Остік жону   үшін  әдетте  кескіштерді қолмен және механикалық беретін центрлік   токарлық  станок  қолданылады. Өндірісте универсал станок ТВ-300  қолданылады,  ал  мектеп  шеберханаларында  ТД-120   және   ТСД-120 қолданылады.   Жону  кезінде негізгі бақылау – өлшегіш құралдары: кронциркуль   және нутромер, сәйкесінше сыртқы және ішкі диаметрлер өлшенеді;   масштабтық  сызғыш,   шаблон.   Штангенциркульдыда қолданады.  Кең   тараған   универсаль  токарлық бұрама - кескіш станоктардың  бірі 1K62  моделді станок.  Ол  түрліше токарьлық   жұмыстарды  және  түрлі резьбаларды кесуге арналған. 

 

                  Токарлық   станоктарға   арналған    құралдар

 

  

 Токарлық   бұрама   кескіш  станоктардың   құралдары   дайындама  мен  аспаптарды   орнатуңға   және  бекітуге   арналған.   Құралдардың   әр   түрлі   үлгілері   көп.   Оларды   әмбебапты   және  арнайы   деп   бөледі.  Әмбебапты   деп   дайындаманы   бекітуге   арналған  құралдарды   сыртқы   бетін  (орталықта)     өңдеуде   және   тесіктерге  қарап   бөледі.

         Патрондар. Токарлы   патрондар   оларға  дайындаманы   орнатуға    және   бекітуге   арналған.    Өзі   центрленетін  екі   және  үш   жұдырықшалы,   жетекші   және   арнайы   патрондарболады.   Патрон   жетегі   қолды,   жетекті,  гидравликалық,   пневматикалық,   құрастырылған   болуы   мүмкін.

            Айналдырықта   токарлық   патрондарды   бекіту   тәсілі   бұранда   бойынша   немесе   ернемекте   бекітуге   бөлінеді.    Өзі   центрленетін   патрондар   дайындамаларды   тез   орнатуға   және   бекітуге   мүмкіндік   береді.   Бұл   қандай   болсын   бір    бұрманың  бұрылуында   барлық   жұдырықшаларды   бір   уақытта   орын  ауыстыруымен   жетеді.    Осы   кезде   жұдырықшалар   бір   уақытта   центрленеді   және   дайындаманы   қысады.

        Центрлер.  Токарлық   центрлерді   станокқа   дайындамаларды   орнатуға   қолданады.   Жұмыс   бөлігінен,  соңғы   бөліктен,    цилиндрлік   бөліктерден   тұрады.   Конустың   жұмыс   бөлігінде   дайындаманы   орнатады.   Соңғы   бөлік   алдыңғы   басша   айналдырығы   мен   артқы   тұғыр    сүйеутөлкесінің    шеткі   тесіктеріне   дәл   келу   керек.

      Кіші   диаметрлі   дайындаманы  орталықта   өңдеуде    өздігінен   тартатын    қамыттар   қолданады.

        Сүйеуіштер. Ұзындықтары   диаметрінен   10-15  есе   көп  ұзын   әрі   жіңішке   бөлшектер   жону   кезінде   кесу   күшінің   әрекетінен   майысады.   Бұны   болдырмауға   болады,   сүйеуіш   деп   аталатын   сүйемелдеуші   құралдарды   қолдана   отырып.   Сүйеуіштер   жылжымалы   және   жылжымайтын   болып   келеді.   Жылжымайтын   сүйеуіштердің   соңын   кесіп   алу   үшін   және   ұзын   бөлшектердің     шет   жаұтарын   қиып   кесуге                (  тілуге  ),   сонымен   қатар   сыдыру   жұмыстары   кезінде   қолданады.   Жылжымалы   сүйеуіш   күймешеге  құралкүймешекті   дайындама   бойынмен   кескішке   жалғаса,   сонымен   бірге   орын   ауыстыра   алатындай   орнатады   және   бекітеді.   Жылжымалы   сүйеуіш   ұзын   бөлшектерді    таза   жону   кезінде   қолданады.

         Құралбіліктер.   Жоңғышқа   дәл   өіделген  тесігі   бар   дайындамаларды   жону   жиі   келеді.   Бұл   жағдайда   бұларды   орнату   және   бекіту   үшін   құралбілік   деп   аталатын    айлабұйымды   пайдаланады.   Құралбіліктер:   тұтас,   жазық   конустық,  конустық,   ажыратылмалы   болып   келеді.   Дәлдігі   аз   тесіктерді   өңдеу   үшін   ажыратылмалы   құралбіліктерді   қолданады.   Ажыратылмалы   құралбіліктің   құрылымы   дайындаманың   пішіні   мен   өлшеміне   байланысты.

        

          Механизм   туралы   түсінік.  Пневматикалық   жұп   пен                                                                      механизмдердің   жіктелуі.

 

Адам  өз  қайраткерлігінде   техникалық   құрылғыларды   жасап   шығарады   еңбекті  жеңілдететін    және  оның   физикалық   мүмкіндіктерін   жоғарылатады.

      Осылай   жетекті   бөлшектерден   тұратын    машиналар   шықты:   машинаның   жетекті   бөлшегінен   жұмыс   бөлімдеріне   қозғалыс   энергиясын   беріп   тұратын   механикалық   берілістерді   және   жұмысты   орындайтын  атқарушы   механизмдерді  – жұмыс   бөлімдерін,   қозғалыс   энергиясына   энергияның   әр  түрлі   түрлерін   түрлендіреді.

       Кинематикалық   жұп   деп   екі   түйісілген   буындардың    жылжымалы   қозғалысын   айтамыз.   Түйісілген   буындар   арасындағы   қатысты   қозғалыстары   жоқ   буларды   қосылыс   деп  атайды.   Буындар   бөлек   тетіктерден   немесе   бір-бірімен   жылжымасыз   бекітілген  бірнеше   тетіктерден   тұруы   мүмкін.

    Кинематикалық   жұптарда   жетекші   және   жетектегі  буындарды   айырады.   Кинематикалық   жұпқа   қозғалысты   тапсыратын   буынды   жетекші,   ал   қозғалысты   алушы   буынды   жетектегі    немесе   кейде   жұмыс    буыны   деп   атаймыз.  Жылжымалы   қосылыс   буындардың    жүйесі   кинематикалық    тізбені   көрсетеді.   Жетектегі   буындардың   нақтылы   қимылдарын   алуға   арналған   кинематикалық    тізбені   механизм   деп   атайды.   Кинематикалық   жұптың    графикалық   кескіні   үшін   шартты   белгіні   қолданады.  Кинематикалық   жүптың    шартты   белгілерін   қолдана   отырып   сызылған  кинематикалық   тізбектерді   кинематикалық  сызбалар   деп   атаймыз.

Информация о работе Жалпы бөлім