Стандартар мен нормативті құжаттарды әзірлеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 16:22, лекция

Краткое описание

Бекітуге жіберілген стандарттың жобасына бір дана болып келесі құжаттар қосылады:
стандарттың жобасына түсіндірме тілхат;
пікірлердің жиынтығы;
стандартты әзірлеуге берілген техникалық тапсырманың көшірмесі;
пікір мен келісім алуға стандарттаудың жобасымен бірге жіберілген жолдама хат;
жобаның келісімнен өткенін білдіретін пікірлер мен құжаттардың төл даналары;
стандарттың пікір алуға жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі;
стандарт жобасын келісімге жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция Стандарттар мен нормативт құжаттарды әзірлеу технологи.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

Техникалық шартпен  белгіленетін талаптарды Қазақстан  Республикасының "Стандарттау туралы" Заңының ережелерін және нормативтік  құжаттардың талабын ескере отырып, өнім өндіруші, техникалық шартты әзірлеуші  және тапсырушы анықтайды.

Техникалық шарттар  өнімнің сапасына міндетті және (немесе) ұсынымды нормалар мен талаптар қоюы мүмкін.

Егер техникалық шарттардың міндетіне жатпайтын талаптары  тапсырушы мен (тұтынушымен) екі  арадағы шартта көрсетілген болса, онда ол міндетті түрде сақталуы керек.Қазақстанда қолданылатын осыған ұқсас өнімдерге мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда және техникалық регламенттерде өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне, қабылдануына, бақылауға, буып-түюіне талаптар қойылған болса, онда бұл талаптар техникалық шарттарда қайталанбауына болады, тек техникалық шарттардың тиісті бөлімдерінде осы құжаттарға сілтеме жасалынады.

Техникалық шарттардың техникалық деңгейіне жауапкершілікті  әзірлеуші ұйым өзі алады.

Техникалық шартты әзірлеу  жөніндегі шартқа байланысты әзірлеуші ұйым, өнімді шығарушы және тапсырысшы техникалық шарттарды төлқұжатының иегері болады.

Егер өнімді өндіріске  қою туралы шешімді қабылдау комиссиясынсыз қабылдаса, онда техникалық шарттың  жобасын тапсырысшымен (негізгі  тұтынушымен), өнімнің

қауіпсіздігін мемлекеттік  қадағалау органымен және басқа  да мүдделі ұйымдармен, олардың құзыреті шегінде, келісіледі.

Негізгі тұтынушылары анықталмаған өнімге техникалық шарт өз бастауымен әзірленгенде мемлекеттік қадағалау  органдарымен олардың құзырының шегінде келісіледі.

Егер техникалық шарттың  жобасында адамның өмірі, денсаулығы және мүлкі, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар қойылған мемлекеттік  немесе мемлекетаралық стандарттарға  сілтеме болса, сол сияқты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қадағалау органы белгілеген ережелер мен нормаларға сілтеме болса, онда техникалық шарттың жобасы бұл органдармен келісілмейді.

Техникалық шарттың  жобасының келісімді келісім  беретін ұйымның басшыларының "келісілді" деген белгісінің астына қолы қойылып, мөр басылады немесе жеке құжатпен қабылдау комиссиясының актісі, хатпен, қаулымен т.с.с. келісіледі.

"Келісілген" деген  белгінің астына қол қойған  күнді,нөмірін және техникалық  шарт келісілген құжаттың атын  көрсетеді.

Техникалық шартты тапсырысшы ұйымның (егер ол бар болса), немесе әзірлеушінің, немесе өндірушінің, техникалық шарттардың түпқұжатының иегері, басшылары  бекітеді.

Техникалық шартты бекіту техникалық шарттың түп құжатының  иегері ұйымның басшысының қолымен рәсімденеді, "Бекітемін" деген белгі қойылады.

Кесте 2.1 - Техникалық шарттардың арнайы номері



 

Техникалық шартын цифрлық  шартты белгілеудің мысалы:

ТШ 7500 ҚР 85674315 ЖСК-003-2003

7500 - Алматы қаласының  коды

ҚР - Қазақстан Республикасының  қысқаша аты

85674315 - ОКПО бойынша  ТШ түп нұсқасын ұстаушының  коды

ЖСК - ТШ бекіткен ұйымының меншік түрін белгілеу.

003 - ТШ тіркеу нөмірі.

2003 - бекіту жылы.

Жеке кәсіпкерлер үшін технологиялық шарттың белгілеуінде ОКПО бойынша техникалық шарттың  түпнұсқасын ұстаушының кодының  орнына РНН және ЖК (жеке кәсіпкер) деген  белгілер беріледі.

Мемлекеттік басқару  органдарын қайта құру кезінде және шартты цифрлық белгілеуді өзгерткенде ескі белгілеу оның күшін жойғанша немесе қайта қарағанша сақталады.

Техникалық шарттарға  енгізілген өзгерістер техникалық шарттарға  белгіленген тәртіпте тіркеледі, бекітіледі және келісіледі.

Техникалық шарттарды  ертерек келісілген ұйымдардың мүддесі бұзылмаса, онда техникалық шарттарға енгізілмекші өзгерістерді тек тапсырысшымен (негізгі тұтынушымен) ғана келісуге болады.

Техникалық шарттар, оның өзгерістері стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті өкілеттік  құқық берген Мемлекеттік қадағалау органдары және мемлекеттік ұйымдар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткзеді.

Техникалық шарттарды  өзгерістерін тіркеуге өткізу үшін техникалық шарттардың көшірмесімен бірге тапсырады.

Мемлекеттік тіркеуге келісілген және бекітілген техникалық шарт бекітілген күнінен бір айдан кешіктірмей ұсынылады. Төмендегі техникалық шарттар мемлекеттік тіркеуден өтпейді:

  • өнімнің тәжірибелік (партия) үлгілері;
  • шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің технологиялық өнеркәсіп қалдықтары;
  • дербес жеткізіп беруге арналған немесе бір кәсіпорынның тікелей тапсырысы бойынша дайындалатын бұйымның, жартылай дайын өнімнің, заттардың және материалдардың құрама бөлшектері;
  • халықтың көркем кәсібінің сувенирлері мен бұйымдары (қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдардан басқалар);
  • жеке өндіріс өнімдері.

Мемлекеттік тіркеуге жолдама  хатпен бірге тапсырады:

  • техникалық шарттар (оның өзгерістері) - 4 дана;
  • титулдық бетте қол қойылған болғанда техникалық шарттардың мүдделі ұйымдармен техникалық шарттардың келісілгендігін растайтын құжаттардың көшірмесін;
  • қабылдау комиссиясының мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының бекітілген актісінің көшірмесі немесе техникалық шарттармен анықталған нормалар мен талаптарды растайтын құжаттарды.

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын Республиканың мемлекеттік қадағалау органдарының өндіріс өнімдеріне лицензияның берілуін жүзеге асыратын органдардың қорытындысын. Өнімнің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтің қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау органдарының тізімін Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды.

  • жалпы түрінің сызуын (қажет болғанда) немесе ірігабаритті бұйымның фотосуретін;
  • өнімнің каталогтық парағын 4 данадан;

Мемлекеттік тіркеуге техникалық шарттарды кітапша етіп, мұхабамен  тапсырады. Тіркеудің алдында техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға және техникалық регламенттерге сәйкестігін анықтауға сараптамадан өткізеді.

Техникалық шарттардың (өзгерістің) титулдық беттің қол қойылған бос жеріне тіркеуші орган бекітілген түрдегі штамп басады. Штампта техникалық шартты тіркеген органның атауы, күні және мемлекеттік тіркеудің нөмірі қойылады.

Мемлекеттік тіркеуден  кейін техникалық шарттың екі данасы тіркеуге берген ұйымға қайтарылады.

Техникалық шарттың  үшінші данасы және өнімге каталогтың парақ техникалық шарты тіркеуден  өткізген органда, даулы сұрақтарды шешу үшін қажет дана ретінде қалады.

Техникалық шарттың  төртінші данасы техникалық шарттың әзірлеу деңгейіне талдау жүргізу, техникалық шарттың каталогын және өнімнің каталогтау жүйесін құру үшін Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті өкілетті еткен органға қайтарылады.

Мемлекеттік стандарттау  жүйесінде тізімге тіркелмеген  техникалық шартт және оған дайындалған өзгерістердің күші болмайды және пайдалануға жіберілмейді.

Дәріс 3 Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ).

Мемлекетаралық стандарттардың объектілеріне мыналар жатады:

  • жалпы техникалық нормалар мен талаптар, оның ішінде бірыңғай техникалық тіл;
  • типтік өлшемі, типтік өлшемі қатары және жалпы машиналық қолданылудағы (подшипниктер және бекіту бұйымдары және т.б.) бұйымның конструкцияларының типтері, сыйысымдыбағдарламалар және ақпараттық технологияның техникалық құралдары, заттар мен материалдардың қасиеттері туралы анықтамалық деректер, өнімнің жіктелуі және кодталуы;
  • ірі өнеркәсіптік және шаруашылық кешендер (көлік, энергетика, байланыс);
  • халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, өмір сүру ортасын бақылаудың жүйесін құру, табиғаттың және техногендік апаттың болу мүмкіндігін ескере отырып, халықтың және халықшаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • кейбір мемлекеттер шығарылатын өзара жеткізілетін өнімдер.

Мемлекетаралық стандарттарды, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі  ТМД елдерінің комитеттер әзірлейді.

Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау  жөніндегі мемлекетаралық Кеңес  қабылдайды. Ал құрылыс саласында - ТМД елдерінің құрылыстағы Стандарттау, техникалық нормативтер және сертификаттау  жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттарды  қабылдаған соң, Минск қаласында  орналасқан стандарттар жөніндегі  Бюрода тіркеледі. Әзірлеудің, қабылдаудың, өзгеріс енгізудің және ГОСТ-ы  жоюдың тәртібі тарап 3,32 тарауда  кең қаралған.

Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетаралық стандарттар  Стандарттау, метрология және сертификаттау  комитетінің бұйрығымен енгізіледі. Бұйрықта әр сертификат үшін Қазақстан  ауқымында Мемлекеттік стандарт ретінде күшіне кіретін күні белгіленеді  және сонымен бірге оған қайшы келетін (не оны қайталайтын) халықаралық немесе мемлекеттік стандарт күшін жояды.

Аса қажетті келісім  мемлекеттерінің қатысушыларының  бәрінің мүддесіне қатысы бар  негізін салушы стандарттар үшін, Мемлекетаралық Кеңес барлық мемлекеттерге күшіне кіретін күнін белгілейді.

Стандарттар жөніндегі  бюро стандарттары кірмеген күшінен  бастап 2 жыл ішінде мемлекетаралық стандарттардың күшіне кіру күшін белгілейді. Оны белгілеген кезде мемлекет-әзірлеушінің ұлттық органының тиісті ұсыныстары ескеріледі.

Мемлекеттік стандартқа ұқсас мемлекетаралық стандарты  қабылданса, онда Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі комитет  бұл мемлекетаралық стандартты тек  мемлекетаралық қатынаста қолдануы туралы шешім шығара алады. Бұл жағдайда мемлекеттік стандарт ішкі қатынастарға жұмыс істей береді.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет  өкілеттілік берген орган (РГП"Стандарттау  және сертификаттау Қазақстан институты". МГС-ң стандарттау жөніндегі бюросынан  тіркелген стандарттарды және олардың күшіне енгені туралы ақпарат алып отырады, мемлекет стандарттарды көбейтіп шығаруды және олармен Қазақстанның заңды және физикалық тұлғаларын қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық стандарттарды  шығарғанда құжаттардың алғы сөзін  қайта рәсімдейді, сөйтіп оған осы құжаттың Республикада іске қосылғаны жөніндегі қосымша ақпарат кіреді.

  Ұсынымдар

Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес ұсынымдар Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы  қандайда бір болмасын қызметтің түрін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейді.

Ұсынымдарды құруға, рәсімдеуге, жазуға қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік  стандарттарына қойылатын талаптармен  ұқсас.

Ұсынымдар Қазақстан  Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік  жүйесі тізімінде тіркелуі керек. Тізімде  тіркелмеген ұсынымдар қолданылуға  жатпайды.

  Техникалық регламент.

Техникалық регламент - міндетті талаптарды не тікелей, не болмаса стандартқа немесе ережеге сілтеу жолымен, не болмаса осы құжаттардың мазмұнына қосу жолымен белгілейтін нормативтік құжат. Ол терминологияға, белгілеуге, буып-түюге, таңбалауға қойылатын талаптарды өнімдерге, процестерге (жұмыстарға), қызметтерге немесе өндірістің әдісіне қолданылатын дәрежеде қамтиды немесе ерекше мазмұндауы мүмкін. Бұл анықтама Қазақстан Республикасының. "Стандарттау туралы" Заңында белгіленген.

Қазақстанның әлемдік  сауда ұйымына кіру болашағы стандарттау  жөніндегі жұмыстың тәжірибесін осы ұйымның талаптарына жақындату қажеттілігін туындатты.

"Стандарттау туралы" Заңға 2003 жылдың шілде айының 10-шы жұлдызында енгізілген өзгерістерге  сәйкес техникалық регламенттерге  құзыретіне міндетті талаптарды (құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелерді, фармокопеялықбаптар, өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар, қатағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, жолдарда және барлық көліктегі қауіпсіздік нормалары мен ережелері және басқаларын), белгілеуге кіретін мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды жатқызу керек.

Информация о работе Стандартар мен нормативті құжаттарды әзірлеу технологиясы