Стандартар мен нормативті құжаттарды әзірлеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 16:22, лекция

Краткое описание

Бекітуге жіберілген стандарттың жобасына бір дана болып келесі құжаттар қосылады:
стандарттың жобасына түсіндірме тілхат;
пікірлердің жиынтығы;
стандартты әзірлеуге берілген техникалық тапсырманың көшірмесі;
пікір мен келісім алуға стандарттаудың жобасымен бірге жіберілген жолдама хат;
жобаның келісімнен өткенін білдіретін пікірлер мен құжаттардың төл даналары;
стандарттың пікір алуға жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі;
стандарт жобасын келісімге жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция Стандарттар мен нормативт құжаттарды әзірлеу технологи.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)


Дәріс 1 Стандарттау негіздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі

Стандарттаудың мәні мен мазмұны

Стандарттың жобасы және жолдама құжаттар пікір және келісім  алуға техникалық тапсырмалармен белгіленген  тізімдегі ұйымдарға жіберіледі.

Мемлекеттік стандарттың жобасын бекіту үшін стандарттау, метрология және сертификаттау комитетіне үш дана болып жіберіледі.

Бекітуге жіберілген стандарттың жобасына бір дана болып  келесі құжаттар қосылады:

  • стандарттың жобасына түсіндірме тілхат;
  • пікірлердің жиынтығы;
  • стандартты әзірлеуге берілген техникалық тапсырманың көшірмесі;
  • пікір мен келісім алуға стандарттаудың жобасымен бірге жіберілген жолдама хат;
  • жобаның келісімнен өткенін білдіретін пікірлер мен құжаттардың төл даналары;
  • стандарттың пікір алуға жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі;
  • стандарт жобасын келісімге жіберілген ұйымдардың (кәсіпорынның) тізімі.

Стандарт жобасын негізгі  мүдделі ұйымдардың өкілдерінің  қатысуымен алқалы

нысанда қаралады. Содан  кейін ғана бекітіліп, Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіміне кіріп, тіркеуге тұрады. Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің тиісті бұйрығымен іске қосылады. Стандартты енгізу мерзімі оны енгізу жөніндегі қажетті уақытты ескере отырып белгіленеді.

Бекітілген және тіркелген стандарттарды жариялау, олар туралы ақпарат дайындау, тарату, тексеру, жаңалау (өзгеріс енгізу, қайта қарау) және стандарттарды жою Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетке тапсырылған.

Стандарттарды тексеру, жаңалау және жою олардың экономика, халық қажеттілігіне елдің қорғаныс мүмкіншілігіне және халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отырады.

Стандартты тексеруді  әзірлеуші ұйым Қазақстан Республикасының  мемлекеттік стандарттау жоспары бойынша 5 жыл сайын бір рет (одан сирек емес) жүргізіп отырады. Оның нәтижесінде акт жазылады, онда әзірлеушінің стандарттық қызмет ету мезгілін созғаны, өзгеріс енгізгені, қайта қарау немесе жою жөніндегі ұсынымдары көрсетіледі. Келісілген стандартты тексеру актісі екі дана болып, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетке бекітуге жіберіледі.

Әзірлеуші ұйым келіп  түскен ұсыныстарды ескере отырып, Стандарттау, метрология және сертификаттау  жөніндегі комитетке стандарт жобасын (стандартқа өзгеріс) екі тілде екі дана етіп бекітуге және мемлекеттік тіркеуге немесе қайта қарауға ұсыныс немесе стандартты жою нысанында жібереді.

Стандартқа өзгеріс  енгізу, оның ішінде созу, шектеу немесе стандарттың қызмет ету мезгілін алып тастау немесе жою, өзгеріс түрінде дайындалады. Стандартқа өзгеріс енгізу жобасымен бірге стандартқа енгізілетін өзгерістердің жобасының келісілгендігін білдіретін төлқұжаттар және түсіндірме тілхат жіберіледі. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің қаулысымен бекітілген және іске қосылған соң, өзгеріс мемлекеттік стандарттардың Мемлекеттік тізіміне тіркеліп, нөмір беріледі. Өзгерісті іске қосу мерзімі оның бекітілгенінен 6 айдан ерте қойылмауы керек.

Өзгерістің бекітілгені  жөніндегі ақпарат және өзгеріс мәтіні стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет ай сайын шығаратын ай сайын ақпараттық көрсеткіште " Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты" жарияланады.

Стандартты қайта қарау  кезінде қолданылудағы стандартқа жаңа стандарт әзірленеді. Содан соң бұрынғы стандарт жойылып, жаңа стандарт іске қосылады. Жаңа стандартта қай стандарттың орнына іске қосылғаны көрсетіледі. Жаңа стандартқа ескі стандарттардың соңғы екі цифры (бекітілген жылы) өзгертіліп ескі стандарттардың белгілері беріледі.

Стандартты жою осы  стандартпен шығып жатқан өнімнің (қызметтің көрсетілуі, процестердің жүзеге асырылуы) шығарылуы тоқтағанда, осы стандарт орнына басқа стандарттау  жөніндегі нормативтік құжаттар әзірлегенде, немесе халықаралық стандартты тікелей қолданғанда жүзеге асырылады. Стандарттардың жойылғандығы жөніндегі ақпарат Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет ай сайын шығаратын ақпараттың көрсеткішінде " Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары" стандарттың жойылатын күшініе үш ай қалғанда жариялану керек.

  Салалық стандарттар.

Салалық стандарттар  салық маңызы бар өнімге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге әзірленеді және оларды мемлекеттік  басқару органдары өз құзыреті шегінде  бекітеді.

Салалық стандарттың объектілері мен осы стандарттарды әзірлеу, келісу, тіркеу жөніндегі жалпы ережелерді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Салалық стандарттардың түрлеріне, олардың объектілеріне, әзірлену және келісілу ерекшеліктеріне, бекіту тәртібіне қойылатын талаптарды өз құзыреті шегінде мемлекеттік басқару органдары белгілейді.

Салалық стандарттармен белгіленген нормалар және талаптар мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық  стандарттармен белгіленгеннен төмен  болмауға тиіс.

  Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық бірлестіктер стандарттары. (ҒТҚ СТ)

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары жаңа өнімдердің, технологиялық процестердің (режимнің, регламенттің) технологияның, қызметтің, ұйымдастыру принципінің және өндірісті басқарудың, сол сияқты іс-әрекеттің басқа жаңа түрлеріне әзірленеді.

Стандарттардың осы  категориялары іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің білімінің түрлі  салаларында алынған нәтижелерін тарту мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданылады.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын  әзірлеу және бекіту тәртіптері осы  ұйымдармен дербес белгіленеді.

ҒТҚ СТ өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы және мүлкі және қоршаған ортаның жағдайы үшін қауіпсіздігін тиісті мемлекеттік қадағалау қадағалайтын органдармен келісуі қажет. Әзірлеуші осы көрсетілген стандарттарда өнімнің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды толық көрсетуге жауапты.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктің стандарттары Қазақстан  Республикасында қолданылып жүрген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың, техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келуге тиіс.

Ғылыми-техникалық қоғамдардың  стандарттарының мәтінін құру, және рәсімдеу Қазақстан Республикасының  мемлекеттік стандарттарына қойылатын  талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл стандарттардың құрылымы және мазмұны өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің олардың  сәйкестендіруге мүмкіндік беретін  атқарымдық және мақсаттық мәнін  анықтайтын барлық ерекшеліктерін толық  көрсетуі тиіс.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдарды және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандартын осы қоғамдар мен бірлестіктердің басшылықтары бекітеді.

Бекітілген стандарттар  және олардың өзгерістері Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінде  есептік тіркеуден өтуі керек.

Есептік тіркеуге мыналар  тапсырылады:

  • ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамнының және басқа да қоғамның бірлестіктердің стандарты (өзгерістері) мемлекеттік және орыс тілдерінде екі дана болып беріледі;
  • өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау органдарының қорытындысы;

Стандарттау (өзгерістерде) қауіпсіздіктің белгіленгенін және қамтамасыз етілгенін дәлелдейтін  құжаттар мен материалдар.

Есептік тіркеуді жүргізгенде  стандарттың немесе өзгерістің төменгі  бөлігінде бірінші бетінде есептік тіркеу жүргізілгендігі туралы штамп қойылады.

Олардың өз күшіне кіру уақыты есептік тіркеу жасалған кезден басталады.

Әр стандартқа белгілеу беріледі, олар төменгіден тұрады:

  • стандарт индексінен - ҒТҚ СТ;
  • Қазақстан Республикасының қысқартылған атынан - ҚР кәсіпорындар мен ұйымдардың жіктегіші бойынша қоғамдық бірлестіктердің коды - (ОКПО по ГК РК);
  • стандарттың реттеме нөмірі;

стандарттың бекітілген жылы; Мысалы: ҒТҚ СТ ҚР 23487654-01-2000.  

 

 

Дәріс 2 Фирмалық стандарт.

 

Фирмалық стандарттарды Қазақстан Республикасының ауқымында орналасқан жеке және заңды тұлғалар әзірлейді және бекітеді.

Фирмалық стандартты өндірісті ұйымдастыруды және басқаруды  жақсарту үшін қажетті болғандықтан әзірлейді.

Фирмалық стандартты өнімдерге, процестерге және қызметке нақты кәсіпорында немесе ұйымда әзірлейді және қолданады, оның ішінде:

  • өнімнің құрамына, технологиялық құрал-сайманға және құралдарға, технологиялық процестерге, қоршаған ортаның, адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, жалпы технологиялық нормаларға және оларға қойылатын талаптарға әзірленеді;
  • кәсіпорынның немесе ұйымның ішінде көрсетілетін қызметтерге;
  • өндірісті ұйымдастыру мен басқару процестеріне экология жүйесін басқаруға, өнімнің сапасын басқаруға, классификациясына, кодтауына және терминологиясына.

Осы стандартты қабылдаған кәсіпорындар немесе ұйымдар фирмалық стандартты сақтауға міндетті. Егер әзірлеуге, өндіріске өнімді жеткізіп беруге немесе қызмет көрсетуге жасалынған келісім-шартта кәсіпорынның стандарты көрсетілген болса, онда осы келісім-шарт жақтары орындауға міндетті.

Сатып алынған өнімге фирмалық стандарт әзірленбейді.

Фирмалық стандарт Қазақстан  Республикасында қолданылатын мемлекеттік  талаптарға, мемлекетаралық стандарттарға, техникалық регламенттергеқайшы келуге тиіс.

Республикада қолданылатын стандарттың міндетті талаптарына  және техникалық регламенттерге фирмалық стандарттарының талаптарының сәйкес болуына және оларды сақтауға стандартты бекіткен кәсіпорын немесе ұйым жауап береді.

Фирмалық стандарттар  мемлекеттік тіркеуден өтпейді. Фирмалық стандарттар әзірлеу мәселелерін  келісу тәртібін, бекітуді және тіркеуді әрі күші болу мерзімін әр кәсіпорын  немесе ұйым өздері белгілейді.

5. Техникалық шарттар  (ТШ). Техникалық шарттарды сатылуға, шығарылуға арналған өнімдерге (құрама бөлшектерге, жартылай дайын өнімдерге) келесі жағдайларда әзірленеді:

  • осы өнімге Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар болмаған жағдайда;
  • қолданылудағы жалпылама техникалық шарттар мен талаптарды осы өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып нақтылау қажеттігі туындағанда;
  • қолданылудағы стандарттар мен техникалық регламенттерге нормалар мен талаптар жоғарылағанда.

Техникалық шарттар  төмендегілерге әзірленуі:

  • бір нақты өнімдерге, заттарға, материалдарға және т.с.с.
  • ортақ белгілері бар, әртүрлі параметрде және (немесе) өлшемде бірыңғай конструкциясы бар бұйымдардың, заттардың, материалдардың және т.с.с. бірнеше нақты түріне.

Техникалық шарт әзірленбейді:

•техникалық тапсырма немесе өнімді шығаруға жеткілікті қажетті талаптар қойылған құжаттар бойынша шығарылған жеке өнімдер үшін;

  • бір кәсіпорынның тікелей тапсырысы бойынша белгіленген көлемде әзірленетін әрі өңделетін заттарға, материалдарға және жартылай дайын өнімдерге;
  • бір кәсіпорынның өнімінің құжаттамасына кіретін конструкторлық құжат бойынша әзірленетін бұйымның құрама бөлшектеріне;
  • үлгі-эталон, техникалық сипаттама, техникалық құжаттама бойынша белгіленген тәртіппен әзірленетін өнімге;
  • өнімді жөндеу нұсқамасы бойынша жөндеуден өткізгенде.

Техникалық шартты іске қосу мерзімін оны бекітетін ұйым белгілейді, бірақ мемлекеттік тіркеуден  ерте болмауы керек.

Техникалық шарттың  қолдануда болатын мерзімін оны  мемлекеттік тіркеуден өткізетін  мекеме белгілейді, бірақ 5 жылдан артпауы  керек.

Өндірістен алынып тасталынған өнімнің техникалық шарттары запас бөлшектерді және қолданылудағы бұйымды жөндеуден өткізуге пайдалануға болады. Ондайда техникалық шарттың титульдік бетіне "Жөндеу мақсаты үшін" деген белгі жасалынады және қолданылу мерзімі шектелген болса, ол шекті алып тастайды.

Информация о работе Стандартар мен нормативті құжаттарды әзірлеу технологиясы