Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 15:15, курсовая работа

Краткое описание

Ведомстволық жіктеуіш – бұл экономиканың, министрліктердің (ведомстволардың) белгілі саласын басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш. Ведомстволық жіктеуіштер халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік жіктеуіштерге енгізілмеген ақпаратты қамтиды.
Жіктеуішті жүргізу – жіктеуіштің эталондық және бақылау даналарын өзекті (жандандыру) жағдайда ұстау.
Жіктеуіштің эталоны - қағаз және электронды тасығыштарда, ресімделуі бойынша стандарттарға сәйкес келетін, белгілі бір күнге жандандырылған жіктеуіштің түпнұсқасы. Жіктеуіштің эталоны Әзірлеушіде сақталады.

Содержание

I.Кіріспе
Жіктеуіштер және олардың анықтамалары………………………….4
II.Негізгі бөлім
2.1. ҚР-ның мемлекеттік классификаторы…………………………...7
2.2. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы…...7
2.3. Экономикалық қызметтің ең маңызды салалары........................ 11
2.4. АШОК-административті- шекаралық объектілердің классификаторы…………....…………………………………………..21
2.5. НҚК – негізгі қорлардың классификаторы……………………..22
III.Қорытынды……………………………………………………….28
IV.Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………....29

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 63.28 Кб (Скачать документ)

Ғимараттар: Көтеретін және қалқалайтын немесе үйлескен (көтеретін және қалқалайтын) конструкциялардан тұратын, объектінің функционалдық мақсатына орай адамдардың тұруына немесе малдардың паналауына, заттарды сақтауға арналған тұрақты мақсаттар үшін салынған объект.

Машиналар мен жабдықтар: Энергияны, материалдар мен ақпараттарды жаңғыртатын құралдар.

 Биологиялық активтер: Жануар немесе өсімдік.

Лицензиялық келісім: Өнертабысты немесе өзге де техникалық жетістікті пайдалануға және оны коммерциялық әрі өндірістік мақсатта жұмсауға құқық беретін, патенттің иесі табыс ететін шарт, рұқсат; қызметтің қандай да бір түрімен шұғылдануға, жануарларды атуға, т.с.с. және сыртқы сауда операцияларын жүргізуге патенттерді мемлекеттік органдар береді.

Патент: Авторлықты растайтын және ол берілген адамға белгілі бір кезең ішінде өнертабысқа айырықша құқықты бекітетін, уәкілетті орган беретін құжат.

Гудвилл: Ұйым тұтас мүліктік кешен ретінде алған құнының оның барлық активтері мен міндеттемелерінің рыноктық (әділ) құнынан асуын көрсетеді.

Осы жіктеуіш келесі базалық  стандарттар мен жіктелімдерді  пайдалану негізінде әзірленген:

  • халықаралық статистикалық стандарттар;
  • қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
  • ҚР МЖ 04-2008 мемлекеттік жіктеуіші.

Осы жіктеуіш мынадай мәселелерді  шешу үшін  пайдаланылады:

  • негізгі қорлардың нақты барының, құрамы мен жай-күйінің бастапқы және бухгалтерлік есебін жүргізу;
  • жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды ұйымдастыру;
  • негізгі қорлардың құрылымы мен жағдайы бойынша халықаралық салыстырымдылықтары;
  • статистикалық және бухгалтерлік есеп жүргізу және ұйымдастыру;
  • бір жолғы жұмыстар жүргізу (негізгі қорларды санап шығу және қайта бағалау, өтелім нормаларын анықтау және басқалар);
  • басқа да міндеттер, соның ішінде айрықша және арнаулы міндеттер.

Жіктеуіште топтамаларды құрудың бұл құрылымы қызмет, өнім және қызмет көрсету түрлерінің халықаралық  жіктемелерімен сыйымдылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

НҚЖ құрылымы сәйкестендіру  және атау блоктарынан тұрады. Сәйкестендіру  блогы сатылы әдіс бойынша құрылған және онда жіктеменің көп сатылы жүйесі мен цифрлы кодты пайдаланумен дәйекті  кодтау жүйесі бар.

НҚЖ-нің әрбір айқындамасы  тоғыз таңбалы цифрлы код пен  атауды қамтиды.

Жіктеуіште объектілер топтамаларын құруға арналған тоғыз таңбалы кодтардың  жалпы құрылымы мынадай сызба  түрінде берілген:

Х00. 000000 ________бөлім 

ХХ0. 000000 _________ішкі бөлім

ХХХ. 000000__________топ

ХХХ. ХХХХ00 _________сынып

ХХХ. ХХХХХХ _________түр

Жіктелімді құрудың мысалы:

Бөлім          100.000000     Материалдық негізгі  қорлар

                                         (негізгі құрал-жабдықтар)

Ішкі бөлім  140.000000     Машиналар мен жабдықтар

Топ             141.000000     Көлік құралдары  мен жабдықтар

Сынып       141.341000     Автомобильдер

Түр          141.341020     Жолаушылар таситын жеңіл автомобильдер.

Бөлімдер негізгі қорлардың  жіктелімін есепке алып жасалған, [1]-де қабылданған жиынтық санаттарды білдіреді. Мысалы, материалдық және материалдық емес негізгі қорлар.

Ішкі бөлім әрбір бөлімнің ішіндегі жіктелім объектілерінің бөліну деңгейін білдіреді, ол объектілердің  экономиканы тұтастай алғандағы  мәнін есепке алады. Мысалы, материалдық  негізгі қорларда (негізгі құрал-жабдықтарда) сегіз ішкі бөлім бар: жер, ғимараттар, имараттар, машиналар мен жабдықтар, өзге де негізгі құралдар, биологиялық  активтер мен басқа топтамаларға енгізілмеген негізгі құралдар. Топ  дегеніміз – ішкі бөлімді құрамы бойынша жүйелеу. Мәселен, ғимараттар тұрғын және тұрғын емес болып бөлінеді, ал машиналар мен жабдықтар көлік  құралдары мен жабдықтардан, өзге де машиналар мен жабдықтардан тұрады.

Кодтың үшінші және төртінші таңбаларының арасында нүкте қойылады.

Сыныптар жіктеу обьектілерінің бөлшектелуін қамтамасыз етеді және оларды жіктеудің ең төмен маңызды  деңгейі болып табылуы мүмкін. Негізгі қорлардың  сыныптары  негізінен ЭҚТӨЖ бойынша өнімнің  тиісті сыныптарының базасында құрылған. Мысалы, көлік құралдары мен жабдықтар  тобы сыныптарына сәйкес қалыптасқан  өніммен берілген.

Түрлер бөлектенген сыныпты  қажетті бөлшектеп көрсетеді  және ол негізінен ЭҚТӨЖ бойынша  өнімнің тиісті топтамалары базасында  құрылған әрі есептік функцияларды орындау үшін қажет.

НҚЖ сыныбы ЭҚТӨЖ әртүрлі  сыныптарында көрсетілген топтамалардан  тұрған   жағдайларда, не негізгі  қорлардың ерекшелігіне байланысты ЭҚТӨЖ –де баламасы жоқ болса  НҚЖ сыныбының коды мынадай құрылымға  ие болады: ХХХ.000Х00.

Жіктеуішті қолданудың қолайлығы  үшін қосымша ретінде НҚЖ-нің ірілендірілген топтамаларының (бөлімдер-топтар)  тізбесі (А қосымшасын қараңыз) келтірілген, мұнда оларды қалыптастырудың әдіснамалық көздері бар.

Жіктеуіштің эталондық данасын  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүргізеді. Бақылау данасын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Мемстандарт) жүргізеді.

Агенттік жіктеуішке өзгерістер енгізуді жүзеге асырады, ал уәкілетті  орган (Мемстандарт) Агенттіктің ұсынуы бойынша жіктеуішке өзгертулерді бекітеді, бұдан кейін Агенттік пайдаланушыларға енгізілген өзгерістер, оларды іске қосу тәртібі мен мерзімдері туралы хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, жіктеуіш деп жіктелген топтамалардың  және (немесе) жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтарының жүйеленген жиынтығы ұсынатын ресми құжат. Жіктеуіштің талаптары өз қызметтерін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтау бойынша жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын, ведомствоға қарастылығына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан министрліктер, ведомстволар, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Жіктеуіштің эталон данасына өзгерістер енгізуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен жасалған келісім бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асырады. Жіктеуіште топтамаларды құрудың бұл құрылымы қызмет, өнім және қызмет көрсету түрлерінің халықаралық жіктемелерімен сыйымдылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жіктеуіштің эталондық данасын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізеді. Бақылау данасын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Нұрпейсова М.М. “ сапаны басқару негіздері” оқу құралы.-Алматы:Экономика,2010. -260б

2.ҚР СТ 5.1-2007 Қазақстан Республикасының Мемелекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техника-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі.

3. ҚР СТ 5.2-2005 Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже.

4. www. Rambler ru

5. www. Google kz 

6. www. Kase kz

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету