Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 15:15, курсовая работа

Краткое описание

Ведомстволық жіктеуіш – бұл экономиканың, министрліктердің (ведомстволардың) белгілі саласын басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш. Ведомстволық жіктеуіштер халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік жіктеуіштерге енгізілмеген ақпаратты қамтиды.
Жіктеуішті жүргізу – жіктеуіштің эталондық және бақылау даналарын өзекті (жандандыру) жағдайда ұстау.
Жіктеуіштің эталоны - қағаз және электронды тасығыштарда, ресімделуі бойынша стандарттарға сәйкес келетін, белгілі бір күнге жандандырылған жіктеуіштің түпнұсқасы. Жіктеуіштің эталоны Әзірлеушіде сақталады.

Содержание

I.Кіріспе
Жіктеуіштер және олардың анықтамалары………………………….4
II.Негізгі бөлім
2.1. ҚР-ның мемлекеттік классификаторы…………………………...7
2.2. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы…...7
2.3. Экономикалық қызметтің ең маңызды салалары........................ 11
2.4. АШОК-административті- шекаралық объектілердің классификаторы…………....…………………………………………..21
2.5. НҚК – негізгі қорлардың классификаторы……………………..22
III.Қорытынды……………………………………………………….28
IV.Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………....29

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.docx

— 63.28 Кб (Скачать документ)

 

 

Спорт саласындағы және демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қызмет

93

S

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

94-96

 

Мүшелік ұйымдар қызметі

94

 

Компьютерлерді, тұрмыстық  бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

95

 

Өзге де дербес қызметтер көрсету

96

T

Үй  қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

97-98

 

Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

97

 

Жеке тұтыну үшін тауарлар өндіру жөніндегі үй шаруашылықтарының қызметі

98

U

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

99


 

                        Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

      Аталған бөлімге химиялық процестер арқылы органикалық және бейорганикалық емес шикізатты, материалдарды қайта өңдеу және дайын өнім өндіру кіреді. Ол аралық өндірісті және өнеркәсіпте қалған бағыттарға жататын негізгі химикаттарды одан әрі қайта өңдеу арқылы алынған дайын өнімді қамтитын бірінші өнеркәсіптік топқа жататын негізгі химиялық заттарды өндіруге бөлінеді. Негізгі химикаттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру.Өнеркәсіптік газдарды өндіру сыныбына мыналар кіреді:сұйық немесе сығылған  органикалық өнеркәсіптік  газдарды немесе хладагент буларын: табиғи газды, сұйық немесе сығылған ауаны, хладагент буын, аралас өнеркәсіптік газдарды, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдарды,  оқшауланған газды өндіру.Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру сыныбын атап айсақ. Аталған сынып негізгі процестерде қолданылатын химикаттар өндіруды қамтиды. Осы процестердің нәтижелері ретінде әдетте жеке химиялық элементтерді немесе белгілі бір химиялық қоспаларды алуда қызмет етеді. Осы сыныпқа мыналар кіреді:

- химиялық элементтерді  өндіру (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдардан басқа)

- азот қышқылынан басқа,  органикалық қышқылдарды өндіру

- аммонийден басқа, сілтіні,  сақарды және басқа да органикалық заттарды өндіру

- басқа да органикалық  қоспалар өндіру

- темір колчеданын пісіру 

- дистилл су өндіру

Тағы да айтар кетер  бір сынып бастапқы қалыпта пластик  өндіру сыныбы.Аталған сыныпқа шайыр, канифоли, камеди, пластик материалдар және вулкандалмаған термопластикалық эластомер өндіру, әдеттегі тәсілмен шайыр араластыру, сондай-ақ түрленбеген синтетикалық шайырлар өндіру кіреді. Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру бөлімінде атап өтерлік сыныптар да бар:

  • Пестицидтерді мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру.
  • Бояулар, лактар және җқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндіру.
  • Сабын және жуу құралдарын, тазалайтын және жылтырататын препараттар, парфюмерлік өнімдер мен косметикалық заттар өндіру.
  • Басқа химиялық өнімдер өндіру.
  • Жасанды талшықтар өндіру және тағы да басқалары.

 

                 Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру

 Аталған бөлімге ағаш массасын және қағазды немесе қосымша өңделген қағаз бұйымдарын өндіру кіреді. Осы тауарларды өндіру кезінде қызмет түрлерінің тік интеграциясы қабылданады,  өйткені әр түрлі операциялар бірінен соң бірі бір ғана бірлікпен жүзеге асырылады. Экономикалық қызметтің үш негізгі түрі ерекшеленеді. Ағаш массасын өндіру целлюлоза талшықтарын ағашта немесе макулатурада бар қосапалардан бөлуден тұрады. Бұдан әрі осы қағаз масса параққа өзгертіледі.Макулатурадан алынған, қосымша өңделген бұйымдар бұдан әрі өңдеу үшін, сіңіру немесме жабын жағу үшін пайдаланылатын әр түрлі материалдардан және қағаздан өндіріледі. Қағаздан жасалған бұйымдарды басу полиграфиялық қызмет көмекші қызмет болып табылған жағдайда осы бөлімге енгізіледі.Ағаш   массасы мен целлюлозасын,  орамасыз картон және қағаз өндіру 17.1. топқа  орналастырылған, сонымен бірге  қалған сыныптар сияқты өзіне одан әрі қағаз және қағаз өнімдерін өндіру  процесін сипаттау кіреді.

 

Жазылған материалдарды  басып өндіру және ұдайы өндіру

 Аталған бөлімге газеттер, кітаптар, кезеңдік басылымдар, бланкілер, құттықтау ашықхаттары сияқты баспа өнімдері және басқа да материалдар, түптеу ісі, баспа формаларын әзірлеу және бейнелерді  өңдеу сияқты  қызмет түрлерін қолдау кіреді. Аталған қызмет түрлерін техникалық қолдау мүмкіндігінше әрқашан баспа жұмыстарымен қоса жүретін (баспа формасы, кітаптарды түптеу) сияқты баспа өнеркәсібінің интеграцияланған бөлігін қамтиды. Баспа ісінде қолданылатын процестерге қағаз, пластмасса, металл, тоқыма немесе ағаш бұйымдары сияқты өңделетін үстіңгі беттеріне электрондық тасымалдаушыдан бейнелер беруге арналған әдістер көптігі де кіреді. Аталған әдістердің негізгісі электрондық тасымалдаушыдан үстіңгі беттеріне бейнелер беру әдісі болып табылады. Бұл - литография, өрнек, экрандық немесе флексографиялық баспа сияқты әдістер. Көбіне компьютерлік файл байланыссыз тәсілмен (сандық баспа немесе байланыссыз баспа) бейне жасау үшін тікелей «басуға», яғни басушы механизмге тікелей жіберіледі. Басу немесе жариялау (мысалы, газет өнімі) кейбір басқа жекелеген қызмет түрлері сияқты  сол жабдықта орындала алады. Аталған бөлім өзіне компакт-дискілер, бейне жазбалар, дискілердегі бағдарламалық қамсыздандыру, жазбалар және т.б. осылар сияқты жазбалар тасымалдаушыны жаңғыртуды кіреді. Аталған бөлім жариялауды қамтымайды (J тарауын қараңыз).

          Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

 Аталған бөлімге олардың механикалық қондырғылары мен ерекше тәсілмен жасалған кез келген  бастапқы әзірлемесін қамти отырып,  материал өңдеудің механикалық әдісі болса да, немесе термикалық әдісі болса да, немесе  материалмен қандай да бір жұмыс орындау болсын (шаңдату, өлшеу немес орау), материалға байланыссыз жұмыс істейтін техника мен жабдықтар кіреді. Өнеркәсіптік, құрылыс немесе азаматтық нысандар үшін құрылымдалғанына байланыссыз, жылжымайтын және оңтайлы қондырғылар кіреді. Жолаушылар немесе жүк көліктеріне арналған  мамандандырылған жабдықтар өндіру осы тарауға кіргізілген. Аталған бөлім мамандандырылған техника өнідірісіне бөлінеді, яғни NACE өнеркәсібінде шектеулі пайдалануға арналған техникаға немесе NACE өнеркәсібі бағыттарының кішігірім тобында және жалпы мақсатқа арналған техникаға, яғни NACE өнеркәсібі бағыттарының кең шеңберінде пайдаланыла алатын техника өндірісіне бөлінеді. Сондай-ақ аталған жіктеменің басқа тарауларына кіргізілмеген, арнайы бағыттағы демалыс және мәдениет парктеріне арналған жабдықтар, кегельбанға арналған автоматты жабдықтар және осылар сияқты  басқа да техника  түрлерін өндіру кіреді.

 

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

    Бұл бөлімге жабдықты әрі қарай жаңғырту және басқа да өнімді жұмыс қалпына келтіру мақсатында өндірістік секторға қатысты тауарларды мамандандырылған жөндеу кіреді. Мұндай өнімдерді жоспарлық техникалық күту және қызмет көрсету (яғни, қызмет көрсету және жөндеу) жабдықтың өнімділігін жоғарлату үшін қажет етіледі және көбінесе жабдықты уақытынан бұрын жөндеуден сақтайды. Бҗл бөлімге тек жабдықты мамандандырылған жөндеу, техникалық күту және қызмет көрсету ғана кірмейді. Жоспарлық жөндеу, әдетте, осы секцияда топтастырылған техниканы және жабдықты пайдалану кезінде жүзеге асырылады және әрбір жеке жағдайда пайдаланылады. Сату және жөндеу де осы қағидалар бойынша жіктелген. Техниканы немесе жабдықты жаңғыртуөндірістік қызметке жатқызылған және осы бөлімнің басқа да бөлімшелеріне енгізілген. Тұтынушыларға арналған тауарларды жөндеу, техникалық күту және қызмет көрсету тұрмыстық аспаптарды (мысалы, офистік және тұрмыстық жиһазды жөндеу (35.24 қараңыз)) дегенді білдіреді. Бұл бөлімге сондай-ақ жабдықты мамандандырылған орнату кіреді. Бірақ, электр өткізгішін, эскалаторларды және ауаны желдету жүйелері сияқты ғимараттың немесе осындай құрылымдардың интегралдық бөлігін құрайтын жабдықты орнату құрылыс бөліміне жатқызылған.

 

         АШОК-административті- шекаралық объектілердің классификаторы.ҚР МК 11-2008

  • Қазақстан Республикасының статистикалық орталығы бойынша өңделген және енгізілген.
  • Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігі стандарттау метрология және сертификаттау комитетінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №542 бұйрығы бойынша бекітілген және енгізілген.
  • ГК ҚР 03-99 орнына экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы енгізілген.
  • 2008 жылдың алғашқы тексерісі.
  • Периодтық тексеру- 5 жыл.

         Орнына енгізілген классификатор «Административті – шекаралық объектілер атауының жүйесі»

Мазмұны:

  • Облыс және қала кодтары республикалық белгіленумен
  • Ақмола облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Алматы облысы
  • Атырау облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Қарағанды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда
  • Маңғыстау
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Павлодар
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Щығыс Қазақстан облысы
  • Астана қаласы
  • Алматы қаласы

НҚК – негізгі қорлардың  классификаторы.

  • Негізгі қорлардың классификаторлары, негізгі қорларды есепке алу мақсатында кеңінен қолдануға арналған, яғни бухгалтерлік және статистикалық сферадағы есеп бойынша тіркеу мақсаты.
  • Негізгі қорлар классификаторы 2 бөлімді қосады: негізгі материалдық қор және материалды емес негізгі қорлар.

   Келесі есептерді шешуде қолданылады:

  • Алғашқы және бухгалтерлік есептің кірісуі, құрамы және негізгі қорлар жағдайының болуы;
  • Жалпы мемлекеттік және ведомствалық статискалық қадағалау орны;
  • Негізгі қорларды құрамы және құрылымы болса халықаралық сәйкестендіру.
  • Статистикалық және бухгалтерлік есептің өткізілуі (жазылу, тіркелу және негізгі қорларды бағалау амортизациялық қор санағы шамаларды анықтау және т.б.)
  • Басқа да есептер, соның ішінде спецификалық және арнайы.

Жіктеуішті жүргізу жіктеуіштің  эталон және бақылау даналарының жасалуын, олардағы бар ақпараттардың растығын және толықтығын қамтамасыз ету, қызметтің жаңа түрлерін жіктеу мен кодтау мақсатында оларға өзгертулер енгізуді қарастырады.

Жіктеуіштің эталон данасын  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізеді. Бақылау данасын  Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүргізеді.

Жіктеуіштің эталон данасына өзгерістер енгізуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен жасалған келісім бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асырады.

Еуропалық қоғамдастықтың экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіндегі (NACE rev. 2) өзгерістер жіктеуіштің эталон данасына өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ҚР СТ 5.2-2005 5.4 тармағына  сәйкес Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуішін жүргізу туралы ереже ЭҚЖЖ жіктеуіші қызықтырған тұлғаларды қамтамасыз етеді.

Жіктеуішті біріктірудің түрлі деңгейлерінде: экономикалық қызметтің жекелеген субъектілері деңгейінде; субъектілер топтары  деңгейінде; бүкіл экономика деңгейінде қолдануға болады.

Негізгі қорларды есепке алу  үшін жіктеуішті пайдалану [1] талаптарына  сәйкес аса маңызды макроэкономикалық  статистикалық көрсеткіштер әзірлеуге  мүмкіндік береді.

Негізгі қорлар: Тауарларды өндіру немесе жеткізу, рыноктық және рыноктық емес қызметтер көрсету, жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және мынадай:

  • оларды бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану көзделетін;
  • болашақтағы экономикалық тиімділіктер осындай активтерге байланысты болуы мүмкін;
  • активтің құны дәл анықталуы мүмкін талаптарға жауап беретін материалдық және материалдық емес бейақша активтер.

Материалдық негізгі қорлар (негізгі құралдар): Субъект тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызметтер көрсету үшін, басқа субъектілерге жалға беру үшін не әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланатын және бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану көзделген жылжымайтын мүліктерді (жер, ғимараттар, имараттар және жерге байланысты басқа да активтер), машиналар мен жабдықтарды қоса материалдық-заттық нысаны бар бейақша активтер.Нақты мәні жоқ, оларды:

-   анықтауға болатын;

-   субъектілер бақылайтын;

-  оларды пайдаланудан  субъект болашақта экономикалық  тиімділік алудан үмітті ұзақ (бір жылдан астам) уақыт бойына  тауарлар (жұмыс, қызмет) өндіруге  немесе өткізуге және әкімшілік  мақсаттар мен басқа субъектілерге  жалға беруге арналған бейақша  активтер.

Информация о работе Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету