Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2013 в 14:07, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Киімнің көркем дәрежеде қабылдануы оның стилінің маңыздылығында. Сөздік анықтамаға сәйкес, стиль – бұл тұрақты және тұтас көркемдік жүйе, сәулет туындыларында бірыңғай әсем бейнелеу, сәндік – қолданбалы өнер және әрлендіру. Сән - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі саларына айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
І. Кіріспе. .......................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық костюм тарихы....................................................................
2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі.............................................................
2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары.............................
Матаның қасиеттері……………………………………………..
2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….
2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..
2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беру.........................................................................................
2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім..................................
ІІІ. Қорытынды............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер
Физикалық қасиеттеріне – матаның гигроскопиялық ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, шаң жұтқыштығы, беріктігі, электрленгіштігі жатады.
Механикалық қасиеттеріне – матаның мықтылығы, созылуы, қыртыстануы, серпімділігі, қаттылығы, тозбауы жатады.
Технологиялық қасиеттеріне – матаның отыруы, тігілуі, пішілуі, ылғалды-жылумен өңделуі, сырғығыштығы, тарқатылуы, ойылғыштығы, қалыңдығы жатады.
Матаның беріктігі талшықтың мықтылығына жіптің иірілуі мен тоқылуына байланысты. Матаның қыртыстануы, талшықтың серпімділігі, созылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты. Ылғал - өткізгіштік қасиеті – матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қабілеті. Жылу сақтағыштық қасиеті - адам денесінен бөлінген тұрақты жылуды сақтау. Шаң өткізгіштік қасиеті – матаның шаңды тез қабылдауы. Матаның отыруы - ылғалды-жылумен өңдегенде , жуған кезде матаның өлшемінің кішіреюі. Матаның тарқатылуы – жіптің серпімділігі мен тегістігіне жіптердің айқасуына байланысты.
Қосымша материалдар.
Дублерин - матаға қатты форма беру үшін қолданылады.
Оның бір беті (оң жақ) тегіс, ал теріс жағына клей жапсырылған.
Дублерин ді матаның теріс жағына үтікпен үтіктеу арқылы
жапсырады.Оны жапсырғаннан кейін мата қатты форма алады
Астарлы мата - Астарды бұйымның іш жағына қосып тігеді. Астар киімге мықтылық, тазалық береді.
2.5 . Бұйымның тігу технологиясы
Матаны пішуге әзірлеу әдістері
Жұмыс жасайтын жерде ыңғайлы үстел және құралдар болуы керек. Матаны пішу үшін үлкен тік бұрышты арнайы үстел қажет. Егер үстел болмаса, тазалап сүртілген тегіс еденге пішуге болады. Үстел жанында жұмыс істеген кезде, оның үстінде сәукеленің бөлшектері болу керек.
Үстелден басқа, үтіктеуге арналған үлкен тақта (немесе қалың мата төселген және жең қалыбы бар үстел), үтік бастыратын маталар (дәке, немесе жұмсақ мата қиындысы, мысалы 80 х 80 см мақта матысы) керек.
Жұмысты бастамастан бұрын үстел үстінде тек қажетті заттар тұруы керек. Сол жақта пішілетін нәрсе, оң жақта – қайшы, сызғыш, бор немесе сабын, ине, жіп, түйреугіш, оймақ, суырылатын жіптерді алып отыратын істік болуы қажет. Барлық уақытта жұмыс істегенде болу керек нәрселер: сантиметрлік таспа, кестілтер (ұштары өткір және қайралған), негізгі және қосымша бөлшектерді сызуға арналған қағаз, лекало, қию ұшін жапсырма қағаз және орама қағаз, сызықтарды тексеруге арналған калька.
6. Матаның сетінегіштігін, созылмалы қасиетін тексереді.
Өңдеу әдістерін таңдау.
Дайын
бұйымның сапасы көп жағдайда
бұйымды өңдеу жүйелілігінің
дұрыстығы мен әдістеріне, яғни
технологиясына байлансты.
Бөлшектерді әзірлеу
Фурнитура – бұйымды әшекейлеу
және киім киген кезде қолайлы
болу үшін қолданатын көмекші
материалдар. Кез келген
Алғашқы өлшеу
Өлшеу кезінде: түйреуіштер, бор, сантиметрлік таспа, 50 см сызғыш керек. Өлшемдерді өткізу адам денесінің оң жағынан жүргізеді. Егер тұлға симетриялы болмаса, онда екі жағынан бірдей өлшейді.
Өлшеудегі міндет киімнің пропорциясына,адам денесіне үйлесімділік, сызықтарына-көлемі мен ара қатынасы дұрыс келтіре білуге тырыс.
2.6. Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар
Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлерге қауіпті және кешенді өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын еңбек шартының жағдайы. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жұмыстың қауіпсіздік ережесін, қауіпсіздік ережелерінің әдістерін білу қажет.
Техникалық қауіпсіздік
1. Аяқ машинасымен
жұмыс істегенде аяқ пен
2. Машинаның
инесіне жіпті сабақтағанда
3. Машинанің
сынған жері болса, оны жөндеп
жатқанда ременді қолымен
4. Шашты ормалдың астына жасыру керек.
5. Тігін машинасының үстінде бөгде заттар жатуға болмайды.
6. Машинаның
қозғалмалы және айналмалы
Ине және түйреуішпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі:
1. Ине және
тиреуішті арнайы жастыққа
2. Тіккенде саусаққа оймақ кию керек.
3. Сынған инені лақтыруға болмайды, оларды арнайы жәшікке салу керек.
Қайшымен жұмыс істеу.
1. Қайшы жұмыс істеп жатқанда жүзі қосылып тұруы керек.
2. Қайшыны
берген кезде жабық жүзін
3. Қайшы белгілі бір орында тіреуде немесе жұмыс қорабында сақталуы тиіс.
4. Қайшы өткір болуы керек.
5. Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.
Бұйымды өңдеу барысында
ылғалды-жылумен өңдеу
Бұйым сапалы болу үшін ылғалды-жылулық өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйымды тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады. Үтіктеген кезде мынадай жағдайларды ескеру керек.
Материал қымбат болған сайын мата да сезімтал бола түседі, сондықтан да барынша ұқыпты үтіктеген жөн.
Үтіктеп өңдеудің температурасы матаның сапасына байланысты, аралас тоқылған матамен жұмыс істегенде барынша сезімтал талшыққа қойылатын талаптарды ескеру керек.
Құрылымы күрделі
трикотажды, мысалы, ши-ши трикотажды,
үтіктегенде астына жұмсақ
Матаны мүмкіндігінше теріс жағынан үтіктеген дұрыс. Ал бет жағынан үтіктегенде арасына арнайы мата салынады.
Матаны сатып аларда оның құрамына назар аударыңдар, өйткені үтіктеу температурасы соған байланысты болады. Мақта мен зығырды жоғары температурада үтіктей береді. Жүн мен жібекті орташа температурада үтіктейді. Химиялық талшықтар қыздыруға өте төзімсіз болады, сондықтан да олар болар-болмас жылылықта үтіктеледі.
Пішер алдында матаның бүкпесін айыра үтіктегеңдер және матаны тұтас үтіктеп шығыңдар.(Теріс жағынан!)Үтіктеп болған соң отырып қалмау үшін мақта және жүн маталары ылғал шүберек арқылы үтіктеледі. Мақта маталарды үтіктер алдында ылғалдап алған жөн.
Үтіктеп өңдеудің алдында міндетті түрде матаның қалдығын немесе бұрышын алдын ала үтіктеп көру керек екенін естеріңнен шығармаңдар. Сондай-ақ матаға ылғал қалай әсер ететініне назар аударыңдар.
Жұмыстың әр кезеңін аяқтаған соң бөліктерді үтіктеп отыру керек, өйткені жақсы үтіктеп өңдеу-жұмыстың сапалы орындалуының кепілі. Мысалы, бүкпені тігіс жүргізудің алдында, ал тігісті қосымшасын әдіптеудің алдында үтіктеген дұрыс.
Тігіс қосымшасы тігер алдында үтіктелген болса, онда айырып үтіктеу оңай әрі дәл жүргізіледі. Егер мата жұқа болса, онда оның бет жағына із түсіп қалмас үшін қосымшаның астына қағаз жолағы салынып үтіктеледі. Егер қосымша жиектері матаның бет жағында із қалдырса, оны қосымша астынан іш жағынан үтіктеу керек.
Үтіктеп өңдеудің алдында түйтеуіштер мен көктеу жіптердің бәрі алынып тасталады, өйткені олар матада із қалдырады.
Үтіктің табанын үнемі тазалап тұру қажет. Өте жұқа матамен жұмыс істеген кезде үтіктің табанында сырылып кеткен сызықтың болмауын қадағалаған жөн.
Зығыр,мақта, жүн және кейбір аралас маталарды үтіктер алдында ылғалдап алады. Мұндай маталарды сулаған шүберек арқылы немесе бу шығарғыш үтіктеп үтіктеу керек. Шүберек толықтай су емес, тек дымқыл болуы керек.
Мақпал мен барқыт
теріс жағынан салмақ салусыз
үтіктеледі. Ең дұрысы ылғыл шүберек
пен кәдімгі үтікті
Жібекті, сәтенді,
вискозаны құрғақ немесе
Шифон тек құрғақтай үтіктеледі, өйткені будың немесе судың әсерінен ол тырысып қалады.
Ылғалды жылумен өңдеуді үтікпен орындағанда негізінен теріс жағынан, ал преспен оң жағынан жүргізіледі.
Тігістің әдібін айырып немесе қайырып үтіктегенде әдіптері әбден жату керек.
Ылғалды жылумен өңдегенде бөлшектің теріс жағынан орындағанда дымқыл шүберексіз орындауға болады. Ал оң жағынан міндетті түрде дымқыл шүберекпен орындайды.
Үтіктер алдында сызылған бор іздерін щеткамен кетіреді. Жұмсақ жұқа маталарды үтіктегенде тігіс әдібінің астына қағаз парақтарын қойған жөн.
Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарындағы басты параметрлер бар. Олар: температура қысымы, ылғал және өңдеу уақыты.
Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарының киімдерді дайындау барысында алатын орны ерекше. Мен ылғалды-жылумен өңдеудің көмегімен киімдерге көрнекті формасын бере алдым.Айырып,қайырып үтіктеуде, соза және жия үтіктеуде, престеуде бөлшектердің қыртыстарын жазуға және т.б. жұмыстар жүргізуге болады.
Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы-арнайы үтік үстелшесі . Бұл үстелшенің шетінде үтікке арналған арнайы орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады.
Жылу реттегішті өңдейтін мата түріне байланысты қояды;
Үтіктер алдында үтіктің табанын тексереді, онда күйген дақ болмауы керек;
2.7.
Еңбек сабақтарында оқушы
Қазақстан
мектептері өз жылнамасында қайта құру,
жаңарту тәрізді сан алуан
кезеңдерді бастан өткізді. Ұзақ уақыт
бағдары басқаша болған педагогтар
мен мектеп тәрбиешілері және жоғарғы
оқу орындары үшін жұмыс күрделі
болды, еңбек пәні сабақтарында ескі
жүйе жұмыс істемей, бүгінгі білім
беру мен тәрбие жұмысы жаңа бағдарлануды
талап етті. Барлық жалпы білім
беру жүйесі қағамдық дамудың қисынына
байланысты еңбек сабағы «Технология»
пәні болып өзгертіліп бұрынғыдан гөрі
басқаша принципке әкелді, еңбек
саласындағы білім беру мен оған
жастарды тәрбиелеу міндеттері оны
түбегейлі жақсартудың
Информация о работе Ұлттық бас киім сәукеле тігу технологиясы