Ұлттық бас киім сәукеле тігу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2013 в 14:07, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Киімнің көркем дәрежеде қабылдануы оның стилінің маңыздылығында. Сөздік анықтамаға сәйкес, стиль – бұл тұрақты және тұтас көркемдік жүйе, сәулет туындыларында бірыңғай әсем бейнелеу, сәндік – қолданбалы өнер және әрлендіру. Сән - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі саларына айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.

Содержание

І. Кіріспе. .......................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық костюм тарихы....................................................................
2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі.............................................................
2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары.............................
Матаның қасиеттері……………………………………………..
2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….
2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..
2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беру.........................................................................................
2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім..................................
ІІІ. Қорытынды............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс саукеле.docx

— 59.80 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі

Қазақ киімі  өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше болған. Мұның өзі тұрмыс қажетінен басым, көпшілігі көшпелі өмір сүрген, көлік  үстіндегі іс-әрекетінен туған жағдай.

Ал, оның құрамынада алтын күміске, інжу, перуза секілді тастар қондырылып соғылатын  алқа, тамақша, сырға, бойтұмар, қапсырма, жүзік, сақина, білезік сияқты зергерлік  заттар, маржан тізбектерінен неше түрлі әдістермен сәукеле, қасаба, бөрік, тақия, айырқалпақ сияқты кестелі –  зерлі баскиімдер, аса зор талғаммен  байқалатын кемер белбеу, кісе белдік, көксауыр етік пен зерлі кебіс  секілді бұйымдар әсемдікке деген  әесқойлықты көрсетеді.

Бұдан қазақша  киім табиғатындағы екі жақтылықты – тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемдікке құштарлықты аңғаруға болады. Себебі материалдық өндірістің өзі барлық жағдайда халықтың эстетикалық  қызметімен біте қайнасып жататын құбылыс.

Қазақта күнделікті киім-кешек пен салтанаттық  киімнің пішімінде айырмашылық  бола бермеген.

Салтанаттық киімнің тігісі жатық, пішіні сыпайылау, зерлі-оқалы, кестелі, баскиімдері биіктеу, аяққа киетіндері биік өкшелі, қайқы  тұмсықты, түсті қайыстармен, зерлі  жіптермен боялған, өрнектелген  болып келсе, оның үстіне салтанаттық  киімнің құрамында алтын, күміспен апталған, жалған қаралы, қиыршықты, ширатпалы  қапсырма белдіктер, алқа, шолпы, сақина, білезіктер болған.

Күнделікті  киетін киім шекпен тоқымасы, дөрекі кездеме, кенеп, шыт, сәтен, қой терісі секілді  қарапайым материалдан тігілсе, салтанаттық киімдерге барқыт, масаты, жібек, сәтен маталар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегеріні пайдаланылған.

Киімдегі  әлеуметтік ерекшеліктерді оған пайдаланылған  материалдың құндылығымен, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпет, шапандардың санынан, баскиімдердің  көлемінен ғана ажыратуға болады.

Халық шеберлері  киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет  әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті  әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән  түр ұқсастығын, пішімін, бояу нақышын  сақтаған. әсіресе қыздар, әйелдер, кейуаналар киетін киімдерден ажырата  білген.

Әйел киімі

Қыздар  белі қыналған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне метал шытырлармен безендірілген  немесе ширатпалы күміс белдік (оны  нәзік белдік деп те атайды) буынған.

Ал қайсібір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек  деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек, оның сыртына  қамзол киетін болған. Қазақстанның оңтүстігінде осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Қалыптасқан дәстүр бойынша  үкілі тақия, әсіресе бойжеткен  дәуреннің белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылыұпен безендірілген.

Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айырылғанымен  бірдей болған. Егер қыз бала өз қалауымен  немесе қос етекті көйлек киюдің ешқандай сөкеттігі болмаса, екі-үш бала тауып, егде тарта бастаған әйелге шымқай түсті матадан тігілген, кестеленген  немесе қос етек салынған көйлек кию  ерсі көрінетін.

Қыздар  шашын көбінесе қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін  болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай  шашын басқаға, әсіресе еркектерге көрсету күнә дейтін ескі дәстүрге сай ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып  тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киген.

Әйелдің бұл бас киімі ел арасында шаршысының. Пішімінің үлгісіне қарай шылауыш, сұлама, күндік, орама деп аталған.

 

 

 

 

Әдет-ғұрып костюмі  Сәукеле

Күйеу мен  қалыңдықтың үйлену салтанатына  киетіні сәнімен, әшекей үйлесімімен, бояу-нақышымен ерекшеленген. Әсіресе  күйеу жігіттің киім-кешегінде кездесетін зермен кестеленген, алтын жолақпен әдіптелген, бірінің үстіне бірін  киетін көкірекше, бешпет, шапаны аса  сәнді болған.

Қалыңдықтың кестелі барқыт көйлегі, оқалы қамзолы  күнделікті тұрмысқа, жүріп-тұруға ыңғайсыз болғанымен, асқан ұқыптылықтың бірден-бір  үлгісі болып табылатын сәукелесі, алтынмен апталған, күміспен күптелген  шытырлармен безендірілген белдігі, шолпы, алқа, тамақша, сақина білезігі, таптаурын немесе зерлі кебісі мүлтіксіздігімен көз тартқан.

Сәукеле – бұрын киелі деп есептелген, өте ерте заманнан келе жатқан қалыңдықтың  бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарды айтылған.

Сәукелеге ұқсас бас киімдерді археологтар  ерте ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтанатына арнап қалыңдықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамалар қыстырылатын қаңқа  ретінде, биіктігі 20-30 сантиметрдей келетін, бағалы аң терісімен көмкерілген  «сүйір бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған.

Сәукеле көбіне күрең немесе шымқай қызыл  барқытпен тысталған жұқа киізден  артқы жағы биіктеу етіп пішілетін  де, төбесі күміс зермен кестеленген  шашақты табақшамен жабылып, алтын  жалатқан к,міс шытырлармен, лағыл-жақұт  қондырылған тәтімен, екі жағына бірдей төгілетін маржан, інжу, перуза моншақтарынан тізілген жақтамалармен  безендірілетін. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың  жүзін бүкіл денесін жауып  төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсететін.

Үйлену  тойына киетін шапан мұражайларда сирек  сақталса да қазіргі таңда киімнің  бұл түрімен біздер мақтана аламыз. Оны «қызыл тон», «бас тон» немесе жамылғы  деп те атай берген. Ол еркін пішілген, ұзын жеңді, түймесіз алтын түстес қызғылт  реңді қытай жібегінен тігілген. Қызыл түс - өмірдің, махаббаттың, оттың символдық белгісі. Бұл шапанмен қалыңдықтың бетін жабу үшін сәнді киімдердің үстінен жапқан, дәстүр бойынша «бет ашар» рәсімі уақытында ғана шешетін болған.

Үйлену  тойдан кейін әйел өмірдің келесі баспалдағына өтеді, оны «келіншек» деп атайды. Бұл уақытта ол желбіршекті  ұзын көйлек, сыртынан ұзын қамзол киген. Тұрмысқа шыққаннан соң басына жаңа әлеуметтік жағдайын айқындайтын баскиім  киеді. Бұл баскиімдерді найман мен  керей рулары кимешек немесе жаулық деп атаған.

Кимешектер  бұл кезеңде түрлі-түсті кестелермен, моншақтармен әшекейленіп киімді көркемдесе, жас ерекшелігіне қарай оның сәнділігі  қарапайымдала бастайды. Мұражай  қорынан кимешектің көп түрін  және әр алуан пішімін көруге болады. Олардың барлығы бет пішіміне ойық тілік жасалып, ақ түсті мақта  матадан тік бұрышты етіп тіккен. Олар тек басты ғана жауып қана қоймай, мойынды, иықты жауып, арқа арқылы белге дейін түсіп тұрады.

Жас келіншектің  кимешегінің бетінің айналасы жіңішке  зерленген жіппен кестеленіп, түрлі-түсті  ою-өрнекпен өрнектеледі.

Кимешек жиегін астарлайды, кимешектің иектеп айнала маңдайын жауып тұратын екі  жағын «шықшыт» дейді. Оларды жас  ерекшелігіне қарай әшекейлейді. Алдын  «жақ» дейді. Шет елдегі қазақтарда «жақ бұзу» деген ұғым бар, жесір  әйелдердің кимешектерінен қызылды-жасылды  түстермен өрнектер салынбайды. Басқа  сәйкестендіріліп, пішіліп тігіледі. Кимешектің адамның арқасына түсер  жері ұзыншақ болып келген. Мұны «құйрықша» деп атайды. Адамның белінен  төмен түсіп, шашты жауып тұратындыұтан  осылай аталғанына ұқсайды. Оның мәні діни уағызға сай шашты далдауға саяды. Ол кеуде, иық, жонды жауып  тұратын тұйық болады. Ойықтың  жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Алқым шалудан  кейінгі «жадағай» тігісті «су» деп атайды.

Кестеге қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты  келіншек, сары жақты жас адамдар  киеді.

2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары

Киім дегеніміз – адам денесін мүшелеп немесе тастай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы болып  табылады.Адам мен киімді бір-бірінен  бөліп қарастыруға болмайды.Сонау  көне заманнан бері киім адамның тұрақты  серігі болып келеді..

Композиция – деген  ұғымды костюм композициясы деп түсіндірсек, онда костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенін білдіреді.Композиция латын тілінен  аударғанда «composito»-шығару, құрастыру  дегенді білдіреді.Әр елдің , әр ғасырдың өзіне тән композициясы болған.Киімді құрастырғанда мына заңдылықтарды  ұстанған жөн:

Ритм – ол элементтердің  жүйелі түрде бірінен соң бірінің  қайталануы. Ритмнің екі түрі бар: статикалық және динамикалық.

Контраст – пішіннің, түстің, өң сипатының  ерекшелігін  анықтайды.

Нюанс – элементтердің  бір-бірінен кішкене ерекшелігін  атайды, киімдегі құрастыру сызықтарында, бөлшектерінде, түстерінде, өң сипатында  бірдей пішіннің өлшем айырмашылығында  кездеседі.

Тождества - пішіннің, түстің, өң сипатының, өлшемдерінің бір-бірімен  сай тепе-теңдігі.

Симметрия – элементтерінің заңды түрде тең орналасуы. Симметрия  түрлері: классикалық, орталық осьті  симметрия, ассиметрия.

Силуэт – («silluett»-француз  сөзі-кез келген нәрсенің сыртқы сұлбасы, көлеңкесі) ұзындығы мен ені бойынша  адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралармен (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш) сипатталады.Силуэт ұғымын киімді құрастыруда қолданылатын үлгі, фасон, пішім деген сияқты ұғымдармен шатастыруға болмайды. Силуэттің  мынадай түрлері болады:

Тіке силуэт – «әмбебап», оны барлық жастағы адамдарға  ұсынуға болады.Етегіне қарай  сәл кеңейтілсе трапеция түріне ауысады. Киімді етегіне қарай көбірек  кеңейтсе немесе керісінше, иық тұсында  үшбұрыш құрылады.Бұл ұзын, әрі  арық адамдар үшін жақсы көрінеді.

 

Қынама силуэт – бір-біріне «қарсы» тұрған трапеция немесе үшбұрыштардан  құралған.

Сопақша силуэт сәнде сирек  ұсынылады және ұзақ тұрақтамайды, себебі ол адам денесінің табиғи пропорциясына  қайшы келеді.

Костюмнің силуэті силуэттік  сызықтармен көрсетіледі. Силуэтке кіретін сызықтар белгілеуі бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

Фасондық немесе үлгілі сызықтар-силуэттің  ерекшелігін көрсетеді.

Конструктивтік сызықтар-костюмнің  берілген силуэтке сай формасын және адам денесіне қонымдылығын бейнелейді.

Декоративтік сызықтар-әрлеу  бөлшектерін бейнелейді.Бұл сызықтарды костюмнің фигураға қонымдылығын көзбен қабылдауды өзгерту қасиеттері бар.

Пішім – бұйымның ойластырылған  үлгісін жасауға мүмкіндік беретін  пішім сызықтары (бел сызығымен  кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі  жеңдер, драпталған көкірекше, тұтас  пішілген жең және т.б.).

Пропорция – көйлектің  ұзындығы мен енінің, кеудешенің мен  белдемшенің ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің ара қатынасы.Ұлттық дәстүр киімі  сәндік пен салтанаттың өлшемі.Костюмнің  тұрпатындағы негізгі ой-адамның  сұлу мүсіні, судай ағымдығы алынады.Пифагор  мектебінің көзқарасы бойынша адам денесі, дене мүшелері белгілі бір  матеметикалық заңдылыққа бағынған. Үйлесімділікті түсінбей сұлулықты  түсінуді елестету мүмкін емес, ал үйлесімділікті түсіну үшін өлшемділікті, тұтастықты, пропорциялықты түсіну керек. Костюмді модельдегенде барлық құрылым негізінде  тепе-теңдік және бірдейлік ұғымы  жатыр.Адам денесі мен оның мүшелері осы сәйкестілік заңына бағынған. Пропорция бейнені ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүтіннің құрылымдылығына, конструкциясы мен технологиялық  процестеріне де тәуелді.Киімде пропорцияның маңызын түсіндіру арқылы адамның  ойлау, салыстыру сезімдерін дамытуға болады.

Киімді ашып көрсететін құралдардың  бірі ол – түс.Ол адамдардың сезіміне, көңіл-күйіне, жағдайына әсер етеді.Мысалы: қызыл түс-күннің, оттың, қанның, өмірдің  символы. Ол әдетте қуанышты, әдемілікті, мейірімділікті, жылуды бейнелейді, бірақ  сонымен қатар қауіпті, өмірге қатер  бар екенін де көрсетеді.Бұрынғы  уақытта адамдар киімнің түсін, материалын және пішімін өздерінің  қоғамдағы орындарына сай, қызмет түріне байланысты таңдап киген. Қазіргі уақытта да «түстер заңы» қолданылады. Мысалы: ұлттық киімдерде түстер дәстүрге сай таңдалынады.

Қазіргі заманғы киімдерде  алуан түрлі түстер мен реңдер, тондар қолданылады.Түстер мен түстітану  туралы үлкен ғылым бар. Оның өз заңдылықтары бар.Костюмді дайындау барысында міндетті түрде түстің қасиеттерін ескеру керек. Ашық, таза, жылы түстер затты  жақындатады және ұлғайтып көрсетеді, сонымен қатар оны жеңіл қылады.Қою, салқын түстер затты алыстатады және кішірейтіп көрсетеді, бірақ ауырлық  береді.Барлық адамның өзіне тән  сыртқы бейнесі болады, соның ішінде шашының, көзінің, терісінің түстерінің үйлесімділігі.Таңдаған киімнің түсі адамның сыртқы бейнесімен гармонияда болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Матаның қасиеттері

Маталардың түрлері көп. Мысалы: стрейч, креп-атлас, мосс-креп, габарди, титаник т.б. Мата сән  секілді бір орында тұрмайды, үнемі алға қарай дамып отырады. Мұның өзі маталарды қалауым бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Талшықтық құрамына байланысты маталар: жүн, жібек, мақта, зығыр және  синтетикалық маталар болып бөлінеді. Маталардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттері болады. Маталардың қасиеттері матаның сапасын айыра білуге және сапалы мата таңдауға көмектеседі.

Информация о работе Ұлттық бас киім сәукеле тігу технологиясы