Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 22:27, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбы «Теміржол тасымалдау есебі», негізгі алға қойылған мақсат тандалған пәндік обылыс, яғни Теміржол станциясына және қызметкерлеріне, поезд бағытының жолаушыларына толық зерттеу жүргізу. Пәндік обылысты зерттеу барысында деректер базасын құру. Деректер базасы белгілі бір пәндік облысқа әр түрлі мәндері туралы мәліметтермен бірге сақталатын өзара байланысқан деректердің жиынтығы болып табылады.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбы «Теміржол тасымалдау есебі», негізгі алға қойылған мақсат тандалған пәндік обылыс, яғни Теміржол станциясына және қызметкерлеріне, поезд бағытының жолаушыларына толық зерттеу жүргізу. Пәндік обылысты зерттеу барысында деректер базасын құру. Деректер базасы белгілі бір пәндік облысқа әр түрлі мәндері туралы мәліметтермен бірге сақталатын өзара байланысқан деректердің жиынтығы болып табылады. Деректер базасын құра отырып, әр түрлі белгілер бойынша ақпаратты ретке келтіруге талпынады және белгілердің ерікті тіркесуімен таңдауды жылдам шығаруға болады. Жұмыс барысында Деректер базасын басқару жүйесі түсінігімен кездестік. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – бұл деректер базасын құруға, бөлімдеуге және бірнеше пайдаланушылардың пайдалануына арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың кешені болып табылады. Деректер базасын басқару жүйесін пайдаланып «Теміржол тасымалдау есебі» деректер базасын құрамыз, мұнда берілген тілдік және бағдарламалық құралдарды пайдаланамыз.
Пәндік обылыс Қазақстан темір жолы тасымалының, оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау жайлы ережелер және қағадалар жайлы мәлімет келтірілген. Бұл курстық жұмыста осы аталмыш темір жол қызметіне зерттеу жүргізіліп, деректер базасы құрылған. Жоспар бойынша пәндік обылыс толық зерттеп,сол зертеулерге негізделіп деректер базасы,және деректер моделі құрылған. Деректер моделі – бірқатар ұйымдардағы деректерге қойылатын шектеулерге, деректердің арасындағы байланыстарға, деректерді өңдеуге және сипаттауға арналған түсініктердің интегралданған жиынтығы.Модельдеу нәтижесі тек пәндік облысқа ғана емес, сонымен қатар ДББЖ қолдануына да байланысты болып келеді, себебі әрбір жүйе пәндік облысты бейнелеуге арналған аспаптық құрал болып келеді. Бұл аспаптық құралды деректер моделі деп атаймыз.
Деректер моделінің құрылу мақсаты деректердің айқын түрде ұсынылуында қорытындылады.
Деректердің сыртқы
моделі, ол қолданушылар типінің
ұйымдастырылуындағы
Деректердің концепцуалды моделі, ол деректер туралы логикалық (немесе жалпылай) ұсынуын бейнелейді. Аталған модель таңдалынған ДББЖ түріне тәуелсіз болады,деректердің ішкі моделі, ол таңдалынған мақсатты ДББЖ үшін сәйкес келетін белгілі бір түрімен концепцуалды схеманы бейнелейді.
Теміржол тасымалдау есебінің деректер базасын құру үшін негізгі жобалау түрлеріне тоқталамыз. Концептуалды жобалау, логикалық жобалау және физикалық жобалау.
Концептуалдық жобалау барысында инфологиялық,яғни ЕR модель (Entity-Relationship model – ЕR-модель) құрамыз. Инфологиялық ақпараттық объектілердің жиыны ретінде және олардың арасындағы құрылымдық байланыс түрінде (ER – модель) пәндік облысты көрсететін деректердің моделі болып табылады. Бұл жобалауда мекеменің құрылымы арасында байланыс орнатылады.
ДБ-сының логикалық құрылымын жобалау теміржолдың барлық ақпараттық бірліктерді және олардың арасындағы байланыстарды анықтаймыз, оларға ат беріп, ақпарат бірліктерінің типін анықтау қажет, сонымен қатар бірқатар сандық сипаттамаларын беру керек оның ішінде өрістің ұзындығы.Сонымен қатар мекеменің кіріс және шығыс құжаттарына талдау жасалынады, келіп түскен жолаушылар, олар туралы толық мәлімет беріледі.
Физикалық жобалауда негізгі жұмыс MS Access Microsoft Office атқарылады, яғни деректер базасы құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» 1998 жылғы 14 шілдедегі №667 Қаулысына сәйкес жолаушылар тасымалы жеке еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып бөлініп шықты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының қызметін құру және ұйымдастыру мәселелері туралы» 2002 жылғы 27 сәуірдегі №479 Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 2002 жылдың 21 мамырында «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтті.
2004 жылы сервистік қызметті
қамтамасыз ететін және оны
негізгі қызметтен бөліп
2004 жылдың 25 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы
Бүгінгі таңда
Бүгінгі таңда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жолаушылар вагондарының паркі жаңартылып, жүрдек жолаушылар қозғалысы даму үстінде, сервистік қызмет көрсету ісіне бірқатар инновациялық жобалар енгізіліп, жолаушылар шаруашылығындағы жүйелік проблемаларды шешу бойынша жұмыстар қолға алынуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен жолаушыларды 110-нан астам қатынасқа тасымалдау қызметтерін жүзеге асырады. Компанияның темір жол жолаушылар тасымалы нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды, сондай-ақ жалпы жолаушылар көлігі қызметінің көлемі бойынша 50%-ға ие.
Келешекте
Қазақстан Республикасында көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз алдына мынадай басым міндеттерді қойып отыр: әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды мемлекеттік субсидиялаудың принциптері мен механизмін тұжырымдамалап қайта қарауды көздейтін институционалды базаны жетілдіру, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны саланың нысаналы үлгісінің талаптарына сәйкес келтіру; «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар еншілес компаниялары базасында «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа бизнес-бірлігін құру.
Бастапқы кезеңде компания саланың нысаналы үлгісіне сәйкес жолаушыларды Ұлттық тасымалдаушы ретінде бәсекелестерімен салыстырғанда көрсетілетін қызметтердің аса жоғары тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету шартымен нарықтағы өзінің басым қалпын сақтап қалады. Сондықтан, қазіргі уақытта және стратегиялық жоспардың күн тәртібінде: тек өзінің инвестициялық ресурстарын арттырып қана қоймай, өзге инвесторлар үшін қызығарлықтай компания болу үшін шығындарды тежеу және қысқарту, қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қойып отыр.
Даму стратегиясы
Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.
Алайда, қазіргі таңда Ұлттық темір жол компаниясы 1991 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байланысты едәуір қиындықтарға кезігіп отыр. 2020 жылдарға дейін компания паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл компания үшін ерекше сынақққа айналғалы тұр.
Теміржол тасымалы отанымыздың көліктік инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, аталмыш проблеманы стратегиялық тұрғыда шешу компанияның ғана емес мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.
Саланы қазіргі үйлестіру моделі мен тарифті көтермей қалыпты ұстап тұру сұраныс иелерінің ұзақ жылдарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қазақстан Республикасын стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдрға арналған Бағдарламасына сәйкес темір жол көлігін дамытуды ойдағыдай аяқтау қажет. Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан саланы реформалаудағы корпоративтік құрылыс мақсаты мен міндеті бір ғана мүддеге бағынышты.
2010 жылғы мамырдың 7-сінде
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы: «Инфрақұрылымдық жүйеқұрушы ретінде біз экономиканың тұрақтылығын қалыптастыруда қоғамдағы тұтынушыларға жүк және жолаушы тасымалында, теміржол магистральдық желісінде сапалы да бәсекелестікке сай көліктік лоистикалық қызмет түрлерін ұсынады».
Біз өзімізді тиімділігі аса жоғары, бизнес жүргізудегі әлемдік үздік тәжірибедегі үздіктердің қатарында Бір ғана акционердің талабына жауап бере алатын Қазақстанның ұлттық көлік корпорациясы ретінде көреміз.
Компания қызметкерлері барынша үнемділікке қол жеткізе отырып, инвестициялық ресурстарды өсіру маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осыған орай пайдалану қызметінде сапалық көрсеткіштерді түбегейлі жақсарту : вагон, локомотив өнімділігі, іске аз тартылатын телімдерді оңтайландыру, шикізатты және материалдарды жұмсау нормативін қайта қарау т. т.
Компания бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында саланың құрылымдық жаңғыртылуында мынадай стратегиялық мақсаттар бар:
-жаңа басқару жүйесі талаптарына сай корпоративтік оңтайлы құрылымдау,
-өндірісті және портфель активін оңтайландыру;
-өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін кешенді жақсарту;
-компания сұранысына сай машина құрылысы базасын жасақтау стратегиялық тапсырманы орындау;
-инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру;
Стратегияны жүзеге асыру ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық тұрақты өсу негізін қалыптастыру Қазақстанның бәсекелестікке сай және инвестициялық тартымдылығын арттырады.
1.2.
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды
темір жол көлігімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы.
1. Осы Жолаушыларды, багажды
және жүкбагажды темір жол
көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан
әрі - Қағида) «Темір жол көлігі
туралы» Қазақстан
2. Қағида
Қазақстан Республикасының
3. Темір
жол көлігімен жолаушыларды, багажды
және жүк-багажды Қазақстан
4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
1) аялдау пункті
- тек қана жолаушыларды
2) бақылау-кассалық
машина (бұдан әрі - БКМ) - фискалды
модуль, фискалды жады блогы бар
электронды құрылғы және (немесе)
тауарларды сату және (немесе) қызметтерді
көрсету кезінде жүзеге
3) темір жол көлігіндегі электрондық жол жүру құжаты (бұдан әрі - электрондық билет) - Интернет арқылы ресімделген жол жүру құжаты;
4) тікелей қатынайтын вагон - екі және одан көп поездар құрамында қайта тіркеліп, қатынайтын вагон;
5) жолаушылар поезы - жолаушыларды темір жол қатынастарының барлық түрімен тасымалдауға арналған поезд;
6) уәкілетті
орган - темір жол көлігі саласындағы
басшылықты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында
7) жолаушылардың жол жүру құны - плацкарт және билет бөліктерінің жиынтығы;
8) билет құны
- жолаушыларды жүретін
9) плацкарт
құны - жолаушыларды тасымалдаудың
жалпы қашықтығымен
Информация о работе «Жолаушылар тасымалы» темір жолы компаниясының тарихы