Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

1. Осы Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар бұйрықтар мен нұсқауларды беруге қажет, көрінетін сигналдарды және дыбыстық сигналдарды, сондай-ақ ол сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлерін белгілейді.
2. Сигнализация туралы нұсқаулықпен белгіленген сигналдар талаптарын орындау поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Темір жол к-лігі туралы» 2001 жыл-ы 8 желто-санда-ы -аза-стан Р.docx

— 3.80 Мб (Скачать документ)

Автотежегіштерді  тексеру кезінде нұсқауларды  беру үшін радиобайланыс немесе екі  жақты парктік байланыс құрылғылары  қолданылуы мүмкін.

64. Міндетіне  поездарды жөнелту кіретін станция  бойынша кезекші станция бойынша  поезд тоқтаусыз жөнелтілгенде  немесе өткенде мыналарды көрсетеді:  күндіз - шеті қарамен жиектелген, ақ түске боялған, қолмен вертикаль  көтерілген қол дискі немесе  оралған сары жалау, түнде - жоғары көтерілген жасыл оты  бар қол фонары осы нұсқаулықтың 67-қосымшасына сәйкес.

Бұл поезд  станциядан (аралыққа жіберілуге тиісті рұқсаты болғанда, шығу сигналдары жоқ жолдардан) жөнелтілуі немесе станция  бойынша өту үшін белгіленген  жылдамдықпен тоқтаусыз өтуі мүмкін екенін білдіреді. Аталған сигнал поезд  тоқтаусыз жүріп өткенде келе жатқан поездың локомотиві станция  бойынша кезекші жанынан өткенге  дейін көрсетіледі.

Кесте бойынша  жоқ жолаушылар, почта-багаж және жүк-жолаушылар поездарын тоқтату  үшін поездарды қарсы алу міндетіне  кіретін станция бойынша кезекші  мыналарды көрсетуі тиіс: күндіз - қол  қызыл дискісін немесе жазылған қызыл  жалауды; түнде - қол фонарының қызыл  отын осы нұсқаулықтың 68-қосымшасына сәйкес.

Станция бойынша  кезекшінің жұмыс орны бағыттауыш қосынына шығарылған станцияларда станция бойынша  кезекші поезды бүйірлік жолға қабылдағанда немесе станцияда тоқтатып қабылдағанда мынаны көрсетеді: күндіз - жазылған сары жалау, түнде - қол фонарының сары оты.

Станция бойынша  поездарды жоғарғы жағы қызыл  түсті бас киіммен қарсы алуы және шығарып салуы тиіс.

65. Сигналшылар  мен бағыттауыш қосындарының  кезекшілері поездарды былай  қарсы алады:

1) станцияда  тоқтатпай, басты жол бойынша  поезды өткізген кезде: күндіз - оралған сары жалаумен; түнде  - қол фонарының мөлдір-ақ отымен  осы нұсқаулықтың 69-қосымшасына сәйкес;

2) поезды  бүйірлік жолға қабылдағанда  немесе станцияда тоқтатып қабылдағанда: күндіз - жазылған сары жалаумен; түнде - қол фонарының сары  отымен осы нұсқаулықтың 70-қосымшасына сәйкес;

66) Сигналшылар  мен бағыттауыш қосындарының  кезекшілері станциядан жөнелтілетін  поездарды барлық жағдайларда,  күндіз - оралған сары жалаумен, түнде  - қол фонарының мөлдір-ақ отымен  шығарып салады.

67) Локомотив  машинисіне поезды тоқтату сигналы:  күндіз - жазылған қызыл жалаумен, түнде - қол фонарының қызыл  отымен беріледі.

68) Тоқтатқаннан  кейін жолаушылар поезын станциядан (поездарды тұйық жолдардан аттандыруды  қоспағанда) жөнелтер кезде жолаушылар  вагондарының радиокупедегі (штабтық)  және соңғы вагондағы жолсеріктері  жолаушылар платформасы жаққа  қарай (платформа аяғына дейін)  көрсетуі тиіс:

күндіз - оралған  сары жалау;

түнде - мөлдір - ақ оты бар қол фонары.

Бұл поездың  ойдағыдай жүріп бара жатқанын білдіреді. Қалған вагондардың жолсеріктері поезд  орнынан қозғалғанда вагонның бүйір  есіктерін жабады және тамбурдағы терезе арқылы платформа арқылы жүріп бара жатқанда сигналдың беріліп қалу мүмкіндігіне қарайды.

69. Темір  жол жолдарының және жасанды  құрылыстардың айналып қараушылары  және өтпелер бойынша кезекшілер  аралықтарда жол бос болғанда, поездарды: күндіз - оралған сары  жалаумен, түнде - қол фонарының  мөлдір - ақ отымен қарсы алады  осы нұсқаулықтың 71-қосымшасына сәйкес.

Жылдамдықты кеміту және тоқтату сигналдарымен  қоршалған орындарда, олар күндіз немесе түнде поездарды жолға орнатылған тиісті сигналдармен қарсы алады. 

 

 

 

5. Сигналдық көрсеткіштер  мен белгілер 

 

§ 1. Маршруттық көрсеткіштер  

 

70. Поезды  немесе маневрлік құрамды қабылдау  немесе олардың жүру бағытын  көрсету қажет болған жағдайларда,  бағдаршамдардың діңгектерінде  немесе жеке діңгекте орналастырылатын  ақ түсті бағытты маршруттық (цифрлық,  әріптік немесе орын) жарықтық  көрсеткіштер осы нұсқаулықтың 72-қосымшасына сәйкес қолданылады.

71. Поезд  қозғалысына рұқсат етілген жолдың  нөмірін көрсету үшін топтық  шығу және маршруттық бағдаршамдарда  жасыл түсті маршруттық жарықтық  көрсеткіштер орнатылады осы  нұсқаулықтың 72-қосымшасына сәйкес қолданылады.

Бұл көрсеткіштер маневрлік құрамның қозғалысына  рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсету  үшін шығу немесе маршруттық бағдаршамда  ай тәрізді ақ от болғанда пайдаланылуы мүмкін.

72. Жеке бағыттауыштардың  жарықталынатын бағыттауыш көрсеткіштері  екі жаққа да мынаны көрсетеді:

1) бағыттауыш  тура жол бойынша орнатылған: күндіз - көрсеткіштің тар жағында  ақ тік төртбұрыш; түнде - сүт  түсті-ақ от осы нұсқаулықтың 73-қосымшасына сәйкес қолданылады;

2) бағыттауыш  бүйірлік жолға орнатылған: күндіз - көрсеткіштің кең жағы; түнде  - сары от осы нұсқаулықтың 74-қосымшасына сәйкес қолданылады;

Қиылысушы бағыттауыштардың орналасуы екі кәдімгі бағыттауыш көрсеткіштермен белгіленеді, олар бағыттауыштардың былай орналасқанын көрсетеді:

тура жол  бойынша: күндіз - екі көрсеткіште  де көрсеткіштердің тар жағында  ақ төртбұрыштар, түнде - сүт түсті-ақ оттар осы нұсқаулықтың 75-қосымшасына сәйкес қолданылады;

тура жолдың қиылысуымен; күндіз - екі көрсеткіште  де көрсеткіштердің кең жағында, түнде - сары оттар осы нұсқаулықтың 76-қосымшасына сәйкес қолданылады;

тура жолдан бүйір жолға: күндіз - жақын көрсеткіште  көрсеткіштің кең жағы көрінеді; түнде - сары от, ал алыс көрсеткіште күндіз - көрсеткіштің тар жағында ақ төртбұрыш  көрінеді; түнде - сүт түсті-ақ от осы  нұсқаулықтың 77-қосымшасына сәйкес қолданылады;

бүйір жолдан тура жолға: күндіз - жақын көрсеткіште  көрсеткіштің тар жағында ақ төртбұрыш  көрінеді; түнде - сүт түсті-ақ от, ал алыс көрсеткіште күндіз - көрсеткіштің кең жағы көрінеді, түнде - сары от көрінеді осы нұсқаулықтың 78-қосымшасына сәйкес қолданылады.

73. Жарықталынбайтын  бағыттауыш көрсеткіштер мынаны  көрсетеді:

бағыттауыш  тура жол бойынша орналасқан - жебе тәрізді көрсеткіш қырымен жол  бойына бағытталған осы нұсқаулықтың 79-қосымшасына сәйкес қолданылады;

бағыттауыш  бүйірлік жолға орналасқан - жебе тәрізді  көрсеткіш бүйір жол жаққа  қарай бағытталған осы нұсқаулықтың 80-қосымшасына сәйкес қолданылады. 

 

 

 

§ 2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері  

 

74. Лақтыру  және жолдық бөгеу құрылғыларының  көрсеткіштері мынаны көрсетеді:

«Жол бөгелген»: күндіз - гризонталь қара жолағы бар  ақ дөңгелек, түнде - сондай қара жолақпен сүт түсті-ақ от көрінеді осы нұсқаулықтың 81-қосымшасына сәйкес қолданылады;

«Жолдан бөгеу  алынған»: күндіз - вертикаль қара жолағы бар ақ дөңгелек немесе тік төртбұрыш  көрінеді; түнде - сондай қара жолақпен сүт түсті-ақ от көрінеді осы нұсқаулықтың 82-қосымшасына сәйкес қолданылады;

75. Тіректердегі  жолды бөгеу көрсеткіштері білеудің  оң жақ шетіне орналастырылады  және тек жол жаққа қарай  сигналдық көрсету береді осы  нұсқаулықтың 83-қосымшасына сәйкес қолданылады. Бұл көрсеткіштер жарықталынатын және жарықталынбайтын болуы мүмкін, ол станцияның техникалық-басқару актісімен анықталады.

Жол бөгеуші  сигналдық аспаптар ретінде үлгілік  бағыттауыш фонарьларды пайдалануға  болады.

Лақтырылатын  құрылғыларды (лақтырылатын табандықтарды, лақтырылатын үшкірлемелерді немесе лақтырылатын бағыттауыштарды) орнату орындары көрсеткіштермен  жабдықталады, егер бұл құрылғылар орталықтандыруға енгізілмесе және бөгеуші жай-күйді бақылай алмайтын болса. 

 

 

 

§ 3. Гидравликалық бағандардың  көрсеткіштері 

 

76. Гидравликалық  бағанның көрсеткіші - фонарь - түнде  екі жаққа қызыл от көрсетеді,  егер бағанның бұрылатын бөлігі  жолға көлденең орналасса; күндіз  бағанның қызыл түске боялған  бұрылатын бөлігі көрінеді: бұл  «Тоқта!» сигналын білдіреді осы  нұсқаулықтың 84-қосымшасына сәйкес қолданылады.

77. Егер бағанның  бұрылатын бөлігі жол бойымен  орналасса, түнде екі жаққа  да мөлдір-ақ от көрінеді. 

 

 

 

§ 4. Поездардағы ақаулы вагондарды көрсеткіштер 

 

78. Жүріп  бара жатқан поездың жылжымалы  құрамының техникалық жай-күйіне  автоматты бақылау жасау құрылғылары  орнатылған темір жол учаскелерінде  түйіспелі желінің тіректеріне  немесе жекелеген діңгектерге  орнатылған сигналдық жарық көрсеткіштері  немесе дауыстап хабарлағыштар  қолданылады осы нұсқаулықтың 85-қосымшасына сәйкес қолданылады;

79. Поезд  құрамында ақаулы вагондардың  бар екендігі туралы белгі  беретін мөлдір-ақ түсті жарқырайтын  жолақ сигналдық көрсеткіште  пайда болғанда және поездың  станцияға бару мүмкіндігі немесе  оны дереу аралықта тоқтату  қажеттілігі туралы станция бойынша  кезекшіден (поездық диспетчерден) радиобайланыс бойынша нұсқау  алғанда, машинист міндетті:

жылдамдықты 20 км/сағ-қа дейін баяу азайтуға шаралар  қабылдауға және құрамға бақылау  жасай отырып, шығу сигналының көрсеткіштеріне  байланыссыз станцияның қабылдау жолына ерекше қырағылықпен тоқтай отырып жүруге;

аралықта  қызметтік тежегішті пайдаланып поезды тоқтатуға, бұл жайында аралықта жүрген поездар машинистеріне хабарлауға, ақаулы вагондарды қарап тексеруге  және станция бойынша кезекшіге (поездық диспетчерге) поезбен станцияға  бару мүмкіндігі туралы хабарлауға немесе құрамға вагондарды қарап тексерушілерді талап етуге.

Бұл ретте  станция бойынша кезекші (поездық  диспетчер) поездардың қауіпсіз өтуін  қамтамасыз ететін қосымша шаралар  қабылдайды: көрші жолдармен келе жатқан поездар машинистеріне хабарлайды және қажет болғанда поездардың станциядан аттануын кідіртеді.

80. Сигналдық  көрсеткіштер жарықталынбайды және  сигнальдық мәнге ие болмайды.  

 

 

 

§ 5. Блок - учаскелердің шекараларын  көрсететін көрсеткіштер 

 

81. Сигнализация  мен байланыстың дербес құралы  ретінде автоматты локомотивтік  сигнализация қолданылатын темір  жол учаскелерінде, блок-учаскелердің  шекараларында жарық шағылдырғыштары  және цифрлық литерлік тақтайшалары  бар сигналдық белгілер орнатылады  осы нұсқаулықтың 86-қосымшасына сәйкес қолданылады.

82. Шағылыстырғышы  бар қара жолақты ақ түсті  хабарландыру щиттары бірқанатты  семафоралардың алдынды орнатылады: «Бірқанатты семафоралардың алдында  тоқтауға дайын жылдамдықты азайтатын  қозғалыс рұқсат етіледі» осы  нұсқаулықтың 87-қосымшасына сәйкес қолданылады;

83. Тұрақты  токтағы электрлендірілген учаскелерде  әуелік аралықтарда түйіспелі  желі секцияларының біреуінен  кернеу кенет алынған жағдайда, ток қабылдағыштары көтерілген  электр жылжымалы құрамның өтуіне  жол берілмейді, түйіспелі желінің тіректеріне немесе жекелеген діңгектерге орнатылатын «Ток қабылдағышты түсіру» сигнальдық жарық көрсеткіштері қолданылады осы нұсқаулықтың 88-қосымшасына сәйкес қолданылады.

Сигнальдық  көрсеткіште мөлдір-ақ түсті, жарқырайтын, жыпылықтайтын жолақтар пайда болғанда, машинист қоршалатын әуелік аралықты ток қабылдағыштарын түсіріп  жүріп өту үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Қалыпты жағдайда көрсеткіштердің сигнальдық жолақтары  жанбайды және бұл жағдайда сигнальдық мәнге ие болмайды. 

 

 

 

§ 6. Тұрақты сигналдық  белгілер 

 

84. «Газ»  және «Мұнай» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 89-қосымшасына сәйкес қолданылады.теміржол жолдарының мұнайгазөнімдері құбырларымен қиылысатын жерлерде, тікелей түйіспе желі тіректеріне немесе жекелеген бағандарға орнатылады және қиылысу орнына ерекше (қырағылық) назар аудара отырып, жүріп өту қажеттілігін көрсетеді.

«Карстқаупі бар учаскенің басталуы» және «Карстқаупі бар учаскенің аяқталуы»  тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың  89-қосымшасына сәйкес қолданылады. Карстелген зоналар арқылы өтетін темір жолдар өтетін орындарда, тікелей түйіспе желі тіректерінде немесе жекелеген бағандарда орнатылады және қоршалған учаскені ерекше (қырағылық) назар аудара отырып, жүріп өту қажеттілігін көрсетеді.

85. «Тежелудің  басталуы» осы нұсқаулықтың 90-қосымшасына сәйкес қолданылады.және «Тежелудің аяқталуы» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 90-қосымшасына сәйкес қолданылады. Локомотив машинисіне сапар барысында автотежегіштердің әрекеті тексерілетін орындарды көрсетеді.

Мұндай сигналдық  белгілерді орналастыру тәртібі  комиссиялық жолмен анықталады және темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығымен бекітіледі.

86. «Ток қабылдағышты  түсіру» сигнальдық көрсеткіші  қолданылған жағдайда, оның алдына  «Назар аударыңыз! Ток айырымы»  шағылдырғыштары бар тұрақты сигналдық белгісі орнатылады осы нұсқаулықтың 91-қосымшасына сәйкес қолданылады. Шағылдырғыштары бар «Ток қабылдағышты көтеру» тұрақты сигналдық белгісі қозғалыс бағытында әуелік аралықтан кейін орнатылады осы нұсқаулықтың 91-қосымшасына сәйкес қолданылады.

«Ток қабылдағышты түсіру» сигнальдық көрсеткіштерін және «Ток қабылдағышты көтеру», «Назар аударыңыз! Ток айырымы» тұрақты сигналдық белгілерін орнату схемасы осы нұсқаулықтың 92-қосымшасына сәйкес қолданылады. Оларды орналастыру тұрақты сигналдың көрінуін және қабылдануын нашарлатпауы керек.

Информация о работе Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық