Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

1. Осы Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар бұйрықтар мен нұсқауларды беруге қажет, көрінетін сигналдарды және дыбыстық сигналдарды, сондай-ақ ол сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлерін белгілейді.
2. Сигнализация туралы нұсқаулықпен белгіленген сигналдар талаптарын орындау поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Темір жол к-лігі туралы» 2001 жыл-ы 8 желто-санда-ы -аза-стан Р.docx

— 3.80 Мб (Скачать документ)

Машинист  тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы  құрамның бір ұзын ысқырығын беруі  тиіс және поезды ескертуде көрсетілген  жылдамдықпен, ескерту болмаған жағдайда - 25 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен «Қауіпті жердің басталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес және «Қауіпті жердің аяқталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес сигналдық белгілерімен қоршалған орын арқылы алып өтетіндей болып жүргізуі керек.

«Қауіпті  жердің аяқталуы» сигналдық белгісі  «Қауіпті жердің басталуы» сигналдық  белгісінің сырт жағына орналастырылады.

Станциялық  жолдар мен көп жолды аралықтарда  жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен  «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілері қысқарған сырықтармен қолданылуы мүмкін.

49. Тоқтату  сигналдарымен қоршауды немесе  жылдамдықты кемітуді талап етпейтін, бірақ поездың жақындап келе  жатқаны туралы жұмысшыларға  ескертуді талап ететін жұмысты  жүргізу орындары ысқырық беру  туралы «С» тасымалданатын сигналдық  белгісімен қоршалады, олар жұмыс  жүргізіліп жатқан жол бойына, сондай-ақ әрбір көршілес басты  жол бойына орнатылады осы  нұсқаулықтың 49-қосымшасына сәйкес.

«С» тасымалданатын сигналдық белгілері тоқтату  сигналдарымен немесе жылдамдықты  кеміту сигналдарымен осы нұсқаулықтың 42 және 44-қосымшасына сәйкес қоршалған жұмысты жүргізу кезіндегідей тәртіппен көршілес басты орындарға орнатылады.

Поездар 120 км/сағ-тан  асатын жылдамдықпен қозғалатын аралықтарда  «С» тасымалданатын сигналдық белгілері  жұмыс учаскесінің шекарасынан 800-1500 м қашықтықта орнатылады. 

 

 

 

§ 4. Поездар қозғалысы  үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау  

 

50. Станциялық  жолдар мен бағыттамалы бұрмалар  бойынша қозғалысқа қарсы барлық  кедергілер поезд (маневрлік құрам)  күтіле ме, жоқ па оған байланыссыз  тоқтату сигналдарымен қоршалуы  тиіс.

Станциялық  жолда кедергі орындары немесе жұмыс  жүргізу орындары тоқтату сигналдарымен  қоршалғанда, осы орынға апаратын барлық бағыттауыштар оларды жылжымалы  құрам басып кетпейтіндей болып  орналастырылады және жабылады немесе балдақшегелермен тігіледі. Кедергі  орнында немесе жұмыс жүргізу  орнында жол осінің бойымен тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес.

Егер бұл  бағыттауыштардың қайсыбірі үшкірімен  кедергі орнына немесе жұмыс жүргізу  орнына қарай бағытталса және жолды  оқшаулауға мүмкіндік бермесе, онда бұл орын екі жағынан, кедергі  орнының немесе жұмыс жүргізу  орнының шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылатын тасымалданатын қызыл  сигналдармен қоршалады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес, Бағыттауыштардың үшкірлері кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м-ден жақын орналасқан болса, онда мұндай бағыттауыштың үшкірлері арасында тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес.

Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалғанда, бағыттамалы  бұрмада сигналдар былай орнатылады: айқастырма тарапынан - шектік бағаншаға  қарсы, әрбір қиылысатын жолдардың  осінде; қарама-қарсы жақтан - бағыттауыштың  үшкірінен 50 м қашықтықта осы нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес.

Егер қоршалуға  тиіс бағыттамалы бұрманың жанында  басқа бағыттауыш орналасқан болса, онда оны кедергісі бар бағыттамалы  бұрмаға жылжымалы құрам шыға алмайтындай етіп орнатуға болатын  болса, онда бағыттауыш бұл жағдайда жабылады немесе тігіледі. Бұл жағдайда, тасымалданатын қызыл сигнал мұндай оқшаулайтын бағыттауыш тарапынан осы нұсқаулықтың 52-қосымшасына сәйкес қойылмайды.

Бағыттауышты  көрсетілген жағдайға қою мүмкін болмаған жағдайда, онда осы бағыттауыш бағытында кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м қашықтықта тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады осы нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес.

Егер кедергі  орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышында болса, онда аралық тарапынан  ол жабық кіру сигналымен қоршалады, ал станция тарапынан - шектік бағаншаға  қарсы, қиылысатын әрбір жолдың осіне  орнатылатын тасымалданатын қызыл  сигналдармен қоршалады осы нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес.

Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышы  мен кіру сигналы арасында орналасқан болса, онда аралық тарапынан ол жабық  кіру сигналымен қоршалады, ал станция  тарапынан - кіру бағыттауышы үшкірлемелері  арасына орнатылған тасымалданатын қызыл сигналмен қоршалады осы  нұсқаулықтың 54-қосымшасына сәйкес.

Бағыттамалы бұрмада кедергіні байқаған бағыттама  қосынының кезекшісі кедергі  орнында дереу тасымалданатын бір  қызыл сигнал орнатуы тиіс (жөндеу жұмыстары басталғанға дейін) және бұл жайында станция бойынша  кезекшіге хабарлауы тиіс.

51. Станцияның  бас жолында орналасқан, жылдамдықтың  кемуін талап ететін орын осы  нұсқаулықтың 55 және 56-қосымшасына сәйкес көрсетілгендей жылдамдық кемуінің тасымалданатын қызыл сигналдарымен және «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілерімен қоршалады.

Егер жылдамдықтың кемуін талап ететін орын басқа станциялық жолдарда орналасқан болса, онда ол тек  жылдамдық кемуінің тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Бұл  сигналдарды орнату тәртібі осы  нұсқаулықтың 57-қосымшасына сәйкес көрсетілген.  

 

 

 

§ 5. Станциялық жолдарда жылжымалы  құрамды қоршау 

 

52. Станциялық  жолдарда жөнделетін вагондар  және жеке жолдарда тұрған  І сыныпты қауіпті жүк (жарылғыш  материалдар) тиелген вагондар  жол осінде, кемінде 50 м қашықтықта  орнатылатын тасымалданатын қызыл  сигналдармен (өтпе жолдарда - екі  жағынан, ал тұйық жолдарда - бағыттамалы  бұрма тарапынан) қоршалады.

Егер бұл  жағдайда, ең шеткі вагон шектік бағаншадан 50 м-ден кем қашықтықта болса, онда бұл тараптан тасымалданатын қызыл сигнал жол осіне, шектік бағаншаға  қарсы орнатылады.

53. Құрамдарға  немесе вагондардың жеке топтарына  техникалық қызмет көрсету кезінде  жергілікті жағдайларға байланысты  құрамдарды немесе вагондардың  жеке топтарын қоршау тәртібін  темір жол көлігі кәсіпорнының  басшылығы белгілейді.

54. Вагондарға  техникалық қызмет көрсету және  жөндеу кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та  орнатылған тәртіпке сәйкес құрамдарды  орталықтандырылған қоршау құрылғылары  қолданылуы мүмкін. 

 

 

 

§ 6. Аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда поезды қоршау 

 

55. Аралықта  тоқтауға мәжбүр болғанда жолаушылар  поезын қоршауды машинистің нұсқауы  бойынша соңғы жолаушылар вагонының  жолсерігі мына жағдайларда жүргізеді:

1) қалпына  келтіру немесе өрт сөндіру  поезын, сондай-ақ қосалқы локомотивті  талап ету арқылы, егер көмек  соңғы жағынан көрсетілсе;

2) егер поезд  барлық сигнализация және байланыс  құралдарының әрекеті үзілген  кезде, оның артынан басқа поезд  жөнелтілгені туралы хабарлана  отырып, екі жолды аралыққа дұрыс  жол бойынша жөнелтілген болса.

Тоқтаған  поезды қоршайтын соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі қол тежегішті  іске қосуы керек, поездың соңынан 800 м қашықтықта петарда төсеуі керек, одан кейін петарда төселген орыннан  кері, поезға қарай 20 м қашықтыққа алыстауы керек және аралық жағына қарай қызыл  қол сигналын көрсетуі керек осы  нұсқаулықтың 58-қосымшасына сәйкес.

Басқа поездар  аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда, олар тек барлық сигнализация және байланыс құралдарының әрекеті үзілген кезде, оның артынан басқа поезд жөнелтілгені туралы хабарлана отырып, екі жолды  аралыққа немесе бір жолды аралыққа дұрыс жол бойынша жөнелтілген  кезде ғана қоршалады. Бұл ретте  қоршау машинист көмекшісімен жүргізіледі, тоқтағаннан кейін ол дереу поезд  соңына өтуі керек, поездық сигналдың  болуын тексеруі керек, аралыққа мұқият бақылау жасауы және ізімен келе жатқан поезды байқаған жағдайда, оны тоқтатуға  шаралар қабылдауы керек.

Егер тоқтаған поезға көмек бас жағынан көрсетілсе, жетекші локомотивтің машинисі қалпына  келтіру (өрт сөндіру) поезы немесе қосалқы локомотив жақындағанда, жалпы қауіп сигналын беруі керек; күндіз көріну нашар болғанда, прожекторды  қосу керек.

56. Аралықта  тоқтаған жолаушылар поезының  соңын бөгейтін вагон жолсерігі  қалпына келтіру (өрт сөндіру)  поезы немесе қосалқы локомотив  келіп тоқтағаннан кейін, жолаушылар  поезы тоқтаған орынға келген  басқа қызметкерге қоршауды тапсырғаннан  кейін ғана кері қайтады.

Барлық сигнализация және байланыс құралдарының әрекеті  үзілген кезде жөнелтілген поездың  соңында тұрған машинист көмекшісі  ізімен келе жатқан поезд тоқтағаннан  кейін ғана немесе қоршау қажеттілігі  тоқтаған жағдайда, локомотив ысқырығымен  берілетін машинист сигналы бойынша  локомотивке қайта алады.

57. Автобұғаттаумен  жабдықталған учаскелердегі аралықта  жолаушылар поезы тоқтағанда  соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі  поезд сигналдарының көрінуін  мұқият тексеруі керек, аралыққа  мұқият бақылау жасауы керек  және ізімен келе жатқан поезд  байқалған жағдайда, оны тоқтатуға  шаралар қолдануы тиіс.

58. Рельстен  шығып кету, соқтығысу, жүктің  құлауы және т.б. салдарынан  көрші жолда пайда болған кедергі  орны арқылы поездар қозғалысын  болдырмау талап етілген жағдайда, екі жолды немесе көп жолды  аралықта поезд тоқтауға мәжбүр  болғанда, машинист жалпы қауіп  сигналын беруі тиіс. Бұл ретте  жолаушылар поезы тоқтаған жағдайда, поездың бас жағынан және соңғы  жағынан 1000 метр қашықтықта осы  нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес суретте көрсетілгендей етіп петарда төсей отырып, қоршауды машинист көмекшісі поездың бас жағынан жүргізсе, поездың соңғы жағынан соңғы жолаушылар вагонының жолсерігі жүргізеді осы нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес.

Басқа поездар  тоқтаған жағдайда, көршілес жолға, поезд  күтіліп отырған жаққа қарай, кедергі орнынан 1000 м қашықтықта петарда төсей отырып, қоршауды машинист көмекшісі жүргізеді осы нұсқаулықтың 60-қосымшасына сәйкес, егер поездың бас жағы кедергі орнынан 1000 м қашықтықта орналасқан болса, петардалар көршілес жолға, локомотивке қарсы төселеді.

Егер поезд  машинисімен дұрыс емес бағытта  көрші жолмен поезд жөнелтілгені туралы хабар алынса, ол қарама-қарсы  жақтан кедергі орнынан сондай қашықтықта петарда төсеу үшін радиобайланыс  бойынша машинст көмекшісін шақыруы  керек.

Жолаушылар  поезы 120 км-сағ-тан асатын жылдамдықпен қозғалатын учаскелерде петардалар төселуі тиіс қашықтықты темір жол  көлігі кәсіпорнының басшылығы белгілейді.

Петардалар  төселгеннен кейін машинист көмекшісі  мен вагонның жолсерігі петарда  төселген орыннан кері поезға қарай 20 м жүруі керек және поездың  жақындауы мүмкін жаққа қарай  қызыл сигнал көрсетуі керек.

59. Аралықта  тоқтауға мәжбүр болған поездың  бас жағы мен соңғы жағын,  сондай-ақ екі жолды немесе  көп жолды аралықтағы көрші  жолда поездар қозғалысын болдырмау  үшін кедергілер орнын қоршауға  жетекші локомотив машинисінің  өкімі бойынша локомотив бригадасының  қызметкерлері, жолаушылар вагондарының  жолсеріктері, кондукторлар, сондай-ақ  басқа қызметтердің қызметкерлері  тартылуы мүмкін.

Жолаушылар  поездарының локомотивтеріне бір  машинист қызмет көрсеткен жағдайда, поезд аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда, қоршауды жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадирі) және вагондардың  жолсеріктері радиобайланыс бойынша  берілетін машинист нұсқауы бойынша  жүргізеді. 

 

 

 

4. Қол сигналдары 

 

§ 1. Қол сигналдарына қойылатын  талаптар 

 

60. Қол сигналдарымен  мынадай талаптар қойылады:

1) күндіз - жазылған  қызыл жалаумен және түнде  - қол фонарының қызыл отымен - «Тоқта! Қозғалысқа тыйым салынған»  осы нұсқаулықтың 61-қосымшасына сәйкес;

күндіз - жазылған қызыл жалау, түнде - қол фонарының  қызыл оты болмаған жағдайда, тоқтау сигналдары: күндіз - сары жалаудың, қолдың немесе басқа бір заттың шеңбер бойынша  қозғалысы арқылы, түнде - кез-келген түстегі отпен фонарьдың шеңбер бойынша қозғалысы арқылы беріледі осы нұсқаулықтың 62-қосымшасына сәйкес

2) күндіз - жазылған  сары жалаумен және түнде - қол фонарының сары отымен - «Ескертуде  немесе темір жол кәсіпорны  бастығының бұйрығында көрсетілген  жылдамдықпен, ал бұл нұсқаулар  болмағанда - 25 км/сағ-тан аспайтын  жылдамдықпен қозғалуға рұқсат  етіледі осы нұсқаулықтың 63-қосымшасына сәйкес

61. Қол фонарының  сары оты тек станция шектерінде  қолданыла алады. Түнде қол  фонарының сары оты болмағанда, станцияда жылдамдықты кеміту  сигналы қол фонарының мөлдір-ақ  оты арқылы жоғары және төмен  баяу қозғалысымен беріле алады  осы нұсқаулықтың 64-қосымшасына сәйкес. 

 

 

 

§ 2. Қол сигналдарын беру түрлері 

 

62. Түнде  аралықта жылдамдықты кеміту  сигналы барлық жағдайларда қол  фонарының мөлдір-ақ оты арқылы  жоғары және төмен баяу қозғалысымен  берілуі тиіс осы нұсқаулықтың 64-қосымшасына сәйкес.

63. Автотежегіштерді  сынау кезінде мынадай сигналдар  беріледі:

1) күндіз - вертикаль  тік көтерілген қол арқылы, түнде  - мөлдір-ақ оты бар қол фонарын  көтеру арқылы машинистке сынақ  тежегішін жүргізу талабы (ауызша  ескертуден кейін) қойылады осы  нұсқаулықтың 65-қосымшасына сәйкес. Машинист локомотивтің бір қысқа ысқырығы арқылы жауап береді де, тежеуге кіріседі;

2) күндіз - горизонталь  сызық бойынша қол қозғалысы  арқылы, түнде - мөлдір-ақ оты бар  қол фонарының горизонталь сызық  бойынша қозғалысы арқылы машинистке  тежегішті босату талабы қойылады  осы нұсқаулықтың 66-қосымшасына сәйкес. Машинист локомотивтің екі қысқа ысқырығы арқылы жауап береді де, тежегішті босатады;

Информация о работе Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық