Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 21:00, дипломная работа
Дипломдық жобалауда арнайы көпірлі кранның негізгі механизмдерін және темір құрылымын есептеп, олардың кейбір ерекшеліктерін көрсеттік. Жобалау барысында қозғалтқышты, тежегішті, айырғышты таңдағанда әрбір механизмді өз алдына таңдай білу керек екеніне көзіміз жетті. Таңдап алғаннан соң міндетті түрде тексеріп, біздің жобалаған машинамызға сәйкес келетініне күмән болмауы керек. Көпірлі кранның жүктерді тиеп-түсіруге тиімді екеніне көзіміз жетті.
КІРІСПЕ.............................................................................................................9
1 Жалпы бөлім……………………………...................................................10
1.1 Жүк көтеретін машиналар жайындағы жалпы мағлұматтар................10
1.2 Жүк көтеретін машиналардың анықтамасы және оларды жүктеу......13
2 Көпірлі кранды жобалау...........................................................................16
2.1 Көтеру механизмін есептеу......................................................................16
2.1.1 Көтеру механизмінің кинематикалық схемасын таңдау ....................17
2.1.2 Жүк көтеретін арқанды таңдау..............................................................17
2.1.3 Арқан өтетін блоктарды таңдау.............................................................19
2.1.4 Арқанды орайтын шығырды есептеп, таңдау......................................21
2.1.5 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу.................................................23
2.1.6 Механизмдегі берілісті анықтау............................................................24
2.1.7 Механизмдегі тежеу моментін есептеп, тежегішті таңдау.................
2.2 Арбаның қозғалу механизмін есептеу.....................................................36
2.2.1 Кинематикалық схемасы........................................................................38
2.2.2 Кедергілерді анықтау..............................................................................40
2.2.3 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу................................................43
2.2.4 Механизмге берілісті анықтау..............................................................46
2.2.5 Механизмге тежегіш таңдау .................................................................
2.3 Кранның қозғалу механизмін есептеу.....................................................49
2.3.1 Кинематикалық схемасын таңдап алу..................................................50
2.3.2 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу .............................................52
2.3.3 Механизмге берілісті таңдап алу ........................................................52
2.4 Көпірлі кранның металқұрылымын есептеу...........................................
2.4.1 Тегіс балкалы көпірдің металқұрылымын есептеу.............................
2.4.2 Жүктемелелерді есептеу......................................................................
2.4.3 Басты балканың қимасының өлшемдерін таңдау................................
2.4.4 Басты қиманы есептеу............................................................................
2.4.5 Соңғы балканы есептеу..........................................................................
3 Бөлшекті механикалық өңдеу технологиясы
3.1 Бөлшекті механикалық өңдеу технологиясы
3.2 Буат ұясының тереңдігін есептеу
3.3 Білік дайындаудың технологиялық үрдісі
3.4 Кесу тәртібін есептеу
3.5 Буат ұясын фрезерлеу
4 Техникалық реттеу ....................................................................................76
4.1 Қорғайтын жерлендіру..............................................................................76
4.2 Дара жерлендірудің ағып таралуға кедергілер мен потенциалы..........80
4.3 Жер бетіндегі жарты шарлы жерлендіргішті ағып таралуға кедергісі.82
4.4 Жер бетіндегі өзекті тік жерлендіргіштің ағып таралудағы кедергісі......................................................................................................................84
4.5 Жер бетіндегі көлденең жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......84
4.6 Жерге ендірілген өзекті тік жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі84
4.7 Жерге ендірілген өзекті көлденең жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......................................................................................................................84
4.8 Жерге ендірілген пласикалық тік жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......................................................................................................................85
4.9 Жердің электірлік кедергісі......................................................................86
4.10 Топтық жерлендіргіштің ағып таралуына кедергісі............................89
4.11 Жерлендіргіштің кедергісін есептеу.....................................................92
4.12 Құрылғыны орнату және олардың жұмысы.........................................93
5 Экономикалық бөлім...............................................................................96
5.1 Жұмысшылардың санын анықтау...........................................................96
5.2 Қызметкерлер............................................................................................96
5.3 Жалақы қорын есептеу.............................................................................97
5.4 Негізгі жалақы қорын есептеу әдісі.........................................................98
5.5 Өзіндік құнды есептеу.............................................................................101
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
в) фрезаның айналу жылдамдығы
г) ойықтың ұзындығы аралықта фрезерленген фреза
айналым жасайды.
5. Еңбек қорғау бөлімі
5.1 Арнайы көпірлі кранға арналған қауіпсіздік талаптары.
Қарастырылып
отырған бөлімнің обьектісі ретінде
теміржол станциясында немесе өндіріс
орындарының теміржолы бар
Қарастырылып отырған кранға әсер ететін зиянды факторларға келесілерді жатқызуға болады:
Қарастырылып отырған кранға әсер ететін өте қауіпті факторларға келесілерді жатқызуға болады:
5.2 Жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғы
5.2.1 Қозғалатын бөлімдеріне арналған қоршаулар, лестницалар мен аудандар.Кранға техникалық қызмет көрсететін, оны жөндейтін және бақылайтын лестницалар мен аудандар МЕСТ 12.2.067-81–ға сәйкес келуі керек.
Крандағы аудандар мен адам жүретін жерлердің сыртқы жағынан міндетті түрде қоршаулары болуы керек. Жобаланып отырған кранның адам жүретін орын ретінде қолданылатын шеткі арқалығында қоршаулар мен төсеніштері бар. Жүккөтергіш арбашада орналасқан қондырғыларды кранның көпірінен басқару мүмкін емес, сондықтанда арбашада арнайы төсеніш орналасқан. Сонымен қатар арбашаның бүйір жақтарынан қоршаулар орналасқакан. Кран аудандарының төсеніші арнайы бұдырланған болаттан жасалған, ол адам аяғының сырғанауынан қорғайды.
Кран аудандарына кіретін төсеніште орналасқан люктің өлшемі 500x500мм болуы керек. Ал, шеткі арқалықта және арбашада орналасқан төсеніштерден басқа кранның жұмыс аудандарының және адам жүретін жерлердің төсеніштерінің биіктігі 1800мм болуы керек. Кранның жұмыс аудандарының және адам жүретін жерлердің қоршауларының биіктігі 1000мм болуы керек.
Лестницалардың көлбеулігінің
бұрышы 75° - тан артық болмауы
керек, ал қоршауларының арасы
600мм болуы керек.
Жүк көтергіш машинасының ақау болатын ашық механизмдерін арнайы металдан жасалған қоршаулармен жабу керек, бірақ кранның сол бөліктеріне майлауға және техникалық қызмет көрсету үшін қоршауларды ашылатындай етіп жасыу керек. Міндетті қоршалатындарға:
Жүк көтергіш машинаның адам жүретін жерлеріндегі механизмдердің біліктеріне де қоршау керек.
Кранның оқшауланбаған тоқ жүретін электрлі қондырғылары, соның ішінде қосқыштар арнайы қоршаулармен қоршалуы керек, өйткені кранның жұмыс аудандарында немесе кабинада жүрген адамның кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар қоршалуы тиіс аймаққа жүккөтергіш машинасын тоқ көзімен қоректендіретін кабельдің оқшауланбаған қосқышында жатқызуға болады.
Кернеулігі көп тоқ өткізгіштер кран жолының бойында орналасқандықтан, кранның көпірінен, жұмыс істейтін аймақтардан, лестницалардан кездейсоқ адамның тиіп кетуі мүмкін емес. Бұл тоқ өткізгіштер бар ұзындығы бойынша және бүйіржақтары бойынша қоршалған.
Жүкті көтеріп тасымалдайтын құрылғылары, кабина мен қоршаулар, арбашалар мен жүк қармау құрылғылары – белгі беретін сары түске боялған. Белгі беретін сары түстің негізгі мағынасы – мүмкін болатын қауіптілікті ескерту. Қарама-қарсы түс – қара. Обьектінің немесе оның элементтерінің (ашық өндірістік қозғалатын құрылғылардан, маховиктерден, тұтқалардан басқа) ескерту түстерінің бояуларын 45-60° көлбеу бұрышымен орындаған дұрыс, ал қара немесе сары түске боялған жолақтардың енін 30-200 мм етіп бояған дұрыс. Жолақтардың енін боялып отырған обьектілердің өлшемдеріне байланысты көрінетіндей етіп таңдауымыз керек.
5.2.2 Электрлі қауіпсіздік.Кранды басқару үшін қолданылатын электрлі машиналар, аспаптар мен аппараттар мемлекеттік стандарттарға сай қондырылуы керек. Электрлі қозғалтқыш пен басқа электрлі қондырғының немесе кранның металқұрылымының ара-қашықтығы 300мм аз болмауы керек. Электрлі машинаға қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жасалған кранның металқұрылымы мен электрлі қондырғының арасынды орналасқан адам өтетін жердің ені 600мм-дан кіші болмауы керек.
Кранның көпірінде орналасқан магнитті шкафтардың артына электр кабельдерінің кіруі үшін қоршаулардан 150мм қашықтықта орналасуы керек. Кабинаның қабырғасында орналасқан қорғау панелі мен беткі панельдің арасы 600мм-ден аз болмауы керек, ал кесу тұтқасы еденне 1700мм биіктікте орналасуы керек. Іске қосу резисторлары магнитті басқармалардан 300мм қашық жерде орналасуы керек және еденнен 150мм биіктікте орналасуы керек.
Кранда орналасқан күш беру шынжырларында кернеулігі 500В болатын, қимасы 2,5 мм2-дан аз мыс сымдарды қолдану рұқсат етілмейді. Көпсымды алюминнен жасалған қимасы 16 мм2-тан көп сымы пайдалануға болады. Басқару орынында қимасы 1,5 мм2 немесе қимасы 4 мм2 болатын алюминий сымын пайдалануға болады. Кран телевидениясында және телебасқармаларында қолданылатын сымның қимасы 2,5мм болуы керек. Монтаждау кезінде сымдарды РТМ 24.090.37-78 бойынша таңдалынады.
Металқұрылымда, кабинада және машинаның ішінде ішіндегі өткізгіш сымдар ПР, ПРГ тәріздес болат трубалар (техникалық тізбе 19.23.05-81 «Резинамен оқшауланған күш өткізгіш сымдар»; МЕСТ 20520-75) немесе КРПТ, КРПС тәріздес кабельдерде (МЕСТ 13497-77 «Кернеуі 660 В болатын электр күшін өткізгіш кабельдер») орналасуы керек.
Трубалардан токты электр қозғалтқышына, резисторға және соңғы қосқышпен жалғауды жұмсақ металмды қолданған дұрыс болады, бірақ сол металды электрлі қондырғыға қосу ОСТ 24.09.08-75-ға сәйкес жүргізіледі.
Қатаң тоқ өткізгішті қоректену көзінің кернеулігі 660В-қа дейін баратын, ал жиілігі 50-60ГЦ болатын ауыспалы ток болғанда және кернеулігі 500В болатын тұрақты тоқ көзі болғанда пайдаланады. Бұл тоқ өткізгіштің профилін тоқ қабылдағыштардың құрылымына және тиісті қималарға сәйкестендіріп қабылдайды.
Қауіпсіздік қондырғылары (шеткі қосқыштар, люкті құлтағыш, кабинаның есігі, апат болған жағдайдағы механизмді өшіретін құрылғылар және т.б.) электр сымдары үзілген кезде де жұмыс істеуі керек.
Жүккөтергіш машинаның электрлі қозғалтқыштарындағы электрлі схемалары келесілерді болдырмауы керек:
Ең басты тоқ өткізгіш сымға кернеу беретін қосқыш өшіруге ыңғайлы жерде орналасуы керек және ол өшірулі тұрған жағдайда құлыптау қондырғысы болуы керек.
Кранның сақтау панелінде өзінің жеке құлпы мен кілті болуы керек, олсыз кранға ешқандай кернеу берілмеуі тиіс.
5.2.3 Өрт қауіпсіздігі.Кранның құрылғылары РД 24.090.91-89 "Жүккөтергіш машиналары. Өрт қауіпті жерлерде қолдану үшін негізгі талаптар " және ТП РД 24.090.96-89 "Өрт қауіпті аймақтарға арналған жүккөтергіш машиналары. Жобалауға арналған негізгі талаптар" сәйкес болуы керек.
Басқару кабинасындағы жылыту аспаптары, кранның электрлі құрылғылары өрт жағдайында қауіпсіз болуы керек. Электрді оқшаулаушы және дірілді болдырмаушы құрылғылар өртке қарсы нормаларға сәйкес болуы керек.
Кранның металқұрылымының отқа төзімді жамылғысы болуы керек.
Электрлі құрылғыларды сөндіру кезінде көмірқышқылды ОУ-5 немесе ОУ-2 от сөндіргіштерін пайдалану керек. Сонымен қатар құм салынған ыдыстарда болуы керек.
Өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қойма орманнан 15-30м қашықтықта орналасуы керек.
5.3 Көтеру механизмінің жұмысын қауіпсіздендіретін құрылғылар
Мемлекеттік стандарттарға сай көтеру механизміндегі жүкті түсіру тек қана қозғалтқыштың ғана көмегімен ғана іске асуы керек.
Көтеру механизмі электрлі магнитті берілісі бар орташа тұйықталған автоматты түрде жұмыс істейтін тежегішпен жабдықталған.
Көтеру механизмінің тежегіші тежелу коэффициент қоры бар тежеу моментімен қамтамасыз етуі керек. Кранның көтеру механизміндегі тежелу коэффицент қоры мемлекеттік стандарт бойынша берілістің түріне және жұмыс режимінің тобына байланысты қабылданады.
Көтеру механизмінің
жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін автоматты түрде қосылатын шект
Кран жүк
ең жоғарғы шеткі нүктесіне
Кран екі жүк көтеруді шектейтін құрылғылармен жабдықталған, егер жүктің массасы номиналды жүк көтергіштен 25%-қа көп болса көтеру механизмінің қозғалтқышы автоматты түрде өшіріледі.
Көтеру механизмін 4-барабаны және 2-арқаны бар. Әр арқанның үзілуі өте қауіпті жағдайды тудырады, сондықтанда әр арқанға жүк көтергішті шектейтін құрылғы орналасқан.
Номиналды жүкті
көтерген кезде (қозғалыс басталған
периодта) кранға және жүк котергішті
шектейтін құрылғыға статикалық
және динамикалық күштердің
Жүк көтергіштікті шектейтін құрылғы серіппеден тұратын күшті өлшегіштен және жұмыс істейтін (өшіретін) органнаң тұрады, бұл дегеніміз кран серіппелі жүк көтергіш құрылғысынан тұрады деген сөз.
Кранның есіктерінде және люктарында құлыптау құрылғысы орналасқан, бұл құрылғы кранның жұмыс аудандарындағы, лестницадағы қызмет көрсетіп немесе жұмыс істеп жүрген адам сол жерден шыққан кезде ең басты троллды тоқ көздері бар сымдарды автоматты түрде өшіреді.
Егерде контейнерді жоғары көтеру кезінде автоматты жүк қармау құрылғысының қадалары жөндеп жабылмаса немесе оның біреуі жұмыс істемей қалса көтеру механизмін автоматты түрде өшіретін шеткі өшіргіштері бар.
Кран жүкті тасымалдау кезінде спредердің немесе контейнердің кранның тіректеріне тиеп кетпеуін қадағалайтын микробақлағыштармен жабдықталған.
Сонымен қатар
кранда аранйы құрылғы – эксцентрикті
қармаушалармен жабдықталған, олар арқанның
керілуі аз болғанда немесе жүкті
түсіру жылдамдығы өте көп болған
кезде спредерді автоматты
5.4 Қозғалу механизмінің жұмысы кезінде қауіпсіздікті сақтайтын құрылғылар
Кранның қозғалу механизмінде және рельсті жолдармен жүретін электрлі механикалық берілісі бар кран арбашаларында орташа тұйықталған тежегіш орналасқан. Кранның ашық ауадағы жүксіз жұмысы кезінде оның тежегіштері желдің ауытқу күшінен аман сақтап қалуы керек.
Ауытқудан сақтайтын құрылғылар кранның жұмыссыз тұрған кеезінде оны желдің күшінің әсерінен кранды сақтап қалуы үшін орнатылған. Ауытқудан сақтайтын құрылғы қысқаш тәрізді жұмыс істейді және электрлі механикалық берілісі бар. Бұл құрылғы кранның қозғалу механизміміен бірге жұмыс істейді, кранның қозғалысы басталған кезде құрылғы автоматты түрде өшіріледі де, ал жүру механизмі өшірілген кезде құрылғы керісінше автоматты түрде іске қосылады.