Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа жолдауында Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті және бірқалыпты дамып келе жатқан елдердің арасынан табылуы үшін қажетті негізгі басымшылықтарды атап кеткен болатын. Бірінші басымшылықты жүзеге асыру мақсатында Үкіметке БСҰ-на кіру аясында біздің экономикамыздың көшпелі кезеңде дамуға қажетті бірнеше салаларын, соның ішінде әлеуметтік жағдайларды жақсарту, тұрғын үй құрылысын қолдайтын арнайы экономикалық бағдарламаны жасақтап, жүзеге асыру тапсырылды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
6
1
Ғылыми әдебиеттерге шолу.................................................................
8
2
Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсіп орнына жалпы сипаттама .......
11

2.1 Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсінде шығарылатын өнімдер түрлері ....................................................................................................
13

2.2 Өнімдер өндірісіндегі технологиялық процестер .......................
14

2.3 Термиялық және механикалық өңдеу, орау және сақтаудың технологиялық прцесі ..........................................................................
18
3
Өнім мен шикізатқа қойылатын стандарт талаптары .......................
19

3.1 Сәйкестiктi растау тәртiбi .............................................................
19

3.2 Кәсіпорынның сапа менеджмент жүйесі ......................................
22

3.3 Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды бетон өнімдерін шығаруда қолдану ..............................................................
26
4.
Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар мен бұйымдар дайындау технологиясы ....................................................
28
5.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ..............................................
32

5.1 Бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ............................................................................
32

5.2 Өнiмнiң Қазақстан Республикасының нарығында айналымда болу шарттары ......................................................................................
36

5.3 Қауiпсiздiкке қойылатын жалпы талаптар ...................................
37

5.4 Бетон және бетон конструкцияларын өндiру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
39

5.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптары
40

5.6 «Гидромаш – Орион МЖБК» ЖШС кәсіпорынындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру .......................................................................
41

5.7 Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар ...............................
48
6
Экономикалық тиіділік ........................................................................
51

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................
59

Пайдалынған әдебиеттер тізімі............................................................
61

Қосымшалар...........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Канат.doc

— 5.09 Мб (Скачать документ)

 


 




 

 

 


 

 


 

 

 

 



 

 

 

 

1-сызбанұсқа. ҚР СТ OHSAS 18001-2008 менеджмент жүйесі үлгісі

 

 

3.3 Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды бетон өнімдерін шығаруда қолдану

 

Жобалық ұйымдармен бетон құбыры нысандарын жобаланған кезде жобалық құжаттаманың құрамында  мыналар бойынша материалдар  жабдықталуы керек:

Бетонды, тапсырған, сақтаған, қозғалған және жеке қажеттіліктеріне жұмсаған кезде оның есебін метрологиялық  қамтамасыз ету;

Негізгі және көмекші  өндірісті метрологиялық қамту;

Жобаланған  нысандағы метрологиялық қызметті ұйымдастыру мен оны жабдықтау.

Метрологиялық қамту бойынша материалдар жалпы  түсініктемелік хат пен жұмыстық құжаттаманың құрамына кіруі керек.Метрологиялық қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу жобалық ұйыммен өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттар, ережелер мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.

Жобалық құжаттама  міндетті түрде метрологиялық сараптамадан өтеді. Жобаның метрологиялық сараптамасын метрология бойынша ПР 50.2.013 ережесіне сай жобалық құжаттаманы метрологиялық сараптамадан өткізуге құқылы метрологиялық қызметтер жүргізеді.

Метрологиялық сараптамаға келесі құжаттамалар жатады:

  • Техникалық тапсырмаларды өңдеуге тапсырыстар;
  • Жобалауға тапсырмалар, техникалық тапсырмалар жобасы;
  • Түсініктеме хаты мен жобаның жұмыс құжаттамасының материалы;
  • Жоба құрамында қолданатын құжаттар мен жобалық шешімдер (техникалық шарттар, сынақ әдістемелері мен бағдарламаларығ қолданыс құжаттары);

Құжаттаманың  басқа түрлері, соның ішінде берілген жобаға жабдықтар, техникалық және бағдарламалық  құралдарды сатып алуға контракттық  шарттар, жобаны жүзеге асыруда өлшем  бірлігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты келісімдер.

Жобалық құжаттамада қолданылатын атаулар, физикалық көлемдер мен оның бірліктерінің мәндері СИ халықаралық бірліктер жүйесі мен ГОСТ 8.417, ГОСТ 8.430 стандарттарының талаптарына сай болуы керек. Метрологиялық сараптаманың нәтижелері өзгерістер енгізу үшін өңдеушілерге қаралған жобалық құжаттамамен қайтарылатын сараптамалық шешімде жазылуы керек. Қолданылатын метрологиялық терминдер РМГ 29 стандарттар мен терминологиялық жинақтардың талаптары мен нұқсаулықтарына сай болуы керек.

Құжаттама метрологиялық  сараптамаға кешенді түрде тіркеу, есептеу тәртібін, жобалық құжаттарды сақтауды анықтайтын нұсқаулықтарға сай берілуі керек және өңдеушілер қол қоюы керек. Метрологиялық қамту нәтижелері бойынша шешімдер жобаны өңдеушілер үшін міндетті болып табылады [27].

 

 

 

 

 

 

4. Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар мен бұйымдар дайындау технологиясы

 

 

Бетонды және темірбетонды құрастырмаларды құрылыста кеңінен  пайдалану және ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудағы жинақталған үлкен  тәжірибе бетонға тән қасиеттерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар оларды пайдаланудың кезеңі бойы сақтау да маңызды екенін көрсетеді. Бетонтанудың және құрама мен тұтасқұймалы темірбетон технологиясының дамуы бетонның ұзақ уақытқа жарамдылығын елеулі арттыруға, оның сапасын жақсартуға, әртүрлі факторлардың әсерінен құрастырмалардағы бетонның жай-күйін болжауға мүмкіндік берді. Пайдалану процесінде бетон қасиеттерінің ұзақ тұрақтылығын қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік пайда болды.

Құрама және тұтасқұймалы бұйымдар мен құрастырмалар технологиясында беріктігі жоғары тез қататын бетондарды пайдаланудың өзектілігі құрастырмалардың көтергіш қабілеттілігін және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін арттыру, материал сыйымдылығын азайту, құрастырмаларды жасау және жүктеу мерзімдерін қысқарту, энергия шығындарын төмендету мүмкіндігімен анықталады. Темірбетонды бұйымдар мен құрастырмалардың бусыз технологиясының мүмкіндігін қамтамасыз ететін беріктіктің үдей түсу жылдамдығы бар бетонды өңдеу маңызды.

Пайдалану сенімділігі  жоғары бетон алу үшін материалдың үйлесімді құрылымын жасау қажет, онда цемент, химиялық модификациялаушы қоспалар мен активті минералды компоненттер, яғни композициялық тұтқырғыш заттар өздерін ең үлкен дәрежеде көрсете алар еді. Бетонды табысты пайдалану оның құрылымы мен қасиеттерін терең зерттеуді, тиімді технологиялық әдістер әзірлеуді, материалдың құрылымы мен қасиеттерін жақсартатын қоспалардың жаңа түрлерін енгізуді талап етеді, бұл өзіне тән қасиеттер мен ең төмен бағамен жоғары сапалы бетондар, бұйымдар мен құрастырмалар алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта  ғылымда тұрақтылықты жоғалтуға  немесе қирауға әкеп соқпайтын деңгейге дейінгі жер сілкінісі кезінде  ғимараттар мен құрылыстарды есептеу  және олардың тербелуін шектеу деректері  бар. Алайда, ауданның сейсмикалығы, динамикалық сипаттамалары, құрылыстың көтергіш қабілеттілігі туралы, атап айтқанда, беріктігі жоғары бетондарды, әртүрлі модификациялаушы қоспаларды әзірлеуге және пайдалануға байланысты мәліметтер үнемі нақтылауды талап етеді.

Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар мен бұйымдар дайындаудың мақсаты – сейсмикалығы жоғары жағдайларда жұмыс істейтін, беріктігі жоғары құрастырмалар мен бұйымдарды жасау үшін пайдалану сенімділігі жоғары және ұзақ уақытқа жарамды тез қататын бетондар технологияларын әзірлеу.

Қойылған міндет механикохимиялық активтену әдісін – микрокремнезем, шығарылған күл  мен дефекат (қант өндірісінің қалдығы) негізінде кешенді пластификациялаушы оргминералды қоспалары бар тұтқырғышты  соғуды пайдаланумен төзімділігі жоғары бетондарды алудың қазіргі заманғы технологиялық тәсілдерімен шешіледі. Өңделген қоспалар мен қатуды тездеткіштермен тұтқырғышты активтеу табиғи қатудың ерте мерзімінде беріктікті жинақтау процесін интенсифтендіруге мүмкіндік береді деп шамаланған.

Кешенді модификациялаушы оргминералды қоспалар бар көп компонентті тұтғырғыш пен беріктігі жоғары бетонның құрамы әзірленген, қоспалардың тұтқырғыш пен бетонның қасиеттеріне: цемент тастың микроқұрылымына, төзімділігінің дамуына, уақыт ішінде беріктік және деформациялық қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететіні де зерттелген.

Ұсынылып отырған  кешенді модификациялаушы оргминералды қоспаларға ұнтақ толтырғыш - өндіріс  қалдығы болып табылатын микрокремнезем, шығарылған күл мен дефекат және С-3 суперпластификациялаушы кіреді. Микрокремнезем негізіндегі кешенді қоспада суперпластификациялаушыдан басқа, ARBOCEL R целлюлозды микроталшық пен соапсток - гидрофобтаушы қоспадан тұрады.

Әзірленген  оңтайлы төзімділігі жоғары оргминералды тұтқырғыш беріктігі мен жарықшаға  төзімділігін арттыру, деформацияның ширау жырақшасын азайту, ұзақ мерзімді арттыру, сақтау кезінде белсендігінің жоғалуына жол бермеу үшін қосымша модификациялаушы кешенді оргминералды қоспасы бар суды аз тұтынатын цементті білдіреді. Кешенді қоспаның 20-30 % оңтайлы мөлшері бар тұтқырғыш мынадай жоғары физико-механикалық қасиеттермен сипатталады: қамырдың әдеттегі қоюлығы 17-18,5%, қалыпты қатқаннан кейін 28 тәуліктен соң қысым кезінде беріктік шектігі 84-88 МПа. Тұтқырғыш қатудың ерте мерзімі ішінде қарқынды дамитын беріктікке, 0,22 мм/м аспайтын төмен ширауға ие болады.

Талданып алынған  модификациялаушы қоспалары бар  цемент жүйесінің құрылым пайда  болуының ерекшеліктері анықталған. Цемент тастың кеуектерінің ірілеуі  мен радиусы 0,1-0,001 мкм ұсақ кеуектердің  көбеюімен бірге жиынтық кеуектілігінің азаюы байқалады. Тұтқырғыштың құрамына кіретін оргминералды қоспалардың цемент тас пен бетонның құрылымына оң әсері, құрылымның гидрофобизациясы, сондай-ақ қоспалардың әсерінен гидратты цементтеуші қоспалардың құрамында кальцийдің берік және химиялық нейтралдық төмен негізді гидросиликаттарының басымды пайда болуы әртүрлі агрессивті әсер еткенге бетонның жоғары төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді.

Микрокремнезем, шығарылған күл мен қант дефекаты негізіндегі, суперпластификациялаушы кіретін әзірленген кешенді модификациялаушы қоспалар, дисперсталшықты және гидрофобты қоспалар, 30%-ға дейін суды аз тұтынатын төмен (қалғаны цемент) тұтқырғыш тоттану-белсенді компоненттер болып табылмайды және болат арматураға қатысты оның қорғау қасиеттеріне теріс ықпал жасамайды. Ұсынылып отырған модификациялаушы қоспалар бар тұтқырғыш салыстырмалы ылғалдылығы 60-95 % атмосфералық жағдайда болатты тоттанудан сақтауды қамтамасыз етеді.

Көп компонентті  оргминералды қоспалары бар портландцементте аралас механикалық белсенді тұтқырғышты қолданумен қатар төзімділігі жоғары бетон алудың құрамы мен технологиялық әдістері әзірленген. Тұтқырғыштың құрамында 20-30 % модификациялаушы қоспалар мен тұтқырғыштың үлес беті ~550 м2/кг иіліс кезінде қысым мен созылуына бетонның төзімділігі 30-50 % және одан артық үдей түседі, цемент шығыны 550 кг/м3 болғанда М 800 маркалы бетонды (бетон қоспасының жылжымалылығы 5-8 см) қамтамасыз етеді.

Қоспасы бар  цементті бірлесіп ұнтақтау төзімділігі 34 МПа кем емес 3 тәулікті және 85МПа кем емес 28 тәулікті бетонды қысу кезіндегі тез қататын төзімділігі жоғары бетондар алуды қамтамасыз етеді.

Әзірленген  М 800 маркалы төзімділігі жоғары бетон (В 60 класс) беріктікті тез жинақтау, жоғары деформацияға төзімді қасиеттерге  ие. Әзірленген бетонның призмалы беріктігі мен серпімдігінің бастапқы модулінің нақты алынған көрсеткіштерін олардың нормативтік мағыналарымен төзімділігі бойынша тиісті класты бетонмен салыстарғанда қалыпты бетондар үшін қолданылатын есептеудің дәстүрлі әдістерін пайдалана отырып, құрастырмаларды жобалау мүмкіндігін көрсетеді.

Кешенді қоспалардың  құрамын түрлендіру деформациялық  сипаттарды басқаруға және ауыр бетондармен  салыстыруға келетін серпімділік  модулінің шамалары бар төзімділігі  жоғары бетон алуға мүмкіндік береді. Кешенді қоспалары бар төзімділігі жоғары бетонның серпімділік моділі мен ширауын өзгерту цемент тастың сапалы сипаттамасының өзгеруіне, яғни оның гельді және кристалды бөліктерінің мөлшері арасындағы балансына, сондай-ақ жүйенің сандық сипаттамасына (цемент тасы, толтырғыш пен кеуектер көлемдерінің ара қатынасы) байланысты болады.

Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар  мен бұйымдар дайындау технологиясының кешенді модификациялаушы қоспаның құрамындағы импортты ARBOCEL R дисперсті талшықты асбестоцемент қалдықтарымен алмастыру мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қатар бетонның ширау деформациялары 10-15 %-ға төмендейді, ал төзімділігі 5-10 %-ға артады, бұл асбесті талшықтардың цементтің гидратация өнімдері мен цемент тасы құрылымының адгезиялы нығыздалуымен үстіртін химиялық өзара әрекет етуіне байланысты болуы мүмкін.

Қоспаның құрамына асбестоцемент қалдықтарын енгізу арматурасы бар бетонның ұстасу беріктігін ARBOCEL R талшығы қосылған бетонға қатысты 30-40 %-ға және қоспасыз бетондармен салыстырғанда 50-53 %-ға арттырады. Асбестоцемент қалдықтары бар қоспалар қосылған бетонмен арматураның ілінісуінің ұлғаюы цемент тасы бар целлюлозды талшықпен адгезиялы ілінісудің төмендеуімен түсіндіруге болады. Және те, асбестоцемент қалдықтарының қоспасы бар беотнмен арматураның ілінісуінің жоғарылауы цементтің гидратация өнімдері бар асбесті талшықтардың үстіртін химиялық өзара әрекет етуінің нәтижесінде тас құрылымының нығыздалуымен байланысты болуы мүмкін.

Модификациялаушы  тұтқырғыштағы бетонның дефомация-беріктік сипаттамасын жинақтауы қалыпты ылғалды жағдайда 28 тәулік бойы сақтаудан кейінгі келесі мерзімдерде басылады.

Алма-кезек дымқылдану-кептіру  жағдайларында шығарылған күл мен  микрокремнезем қоспалары бар тұтқырғышта  беріктіктің ең қарқынды жинақтауы байқалады, мұны күл мен микрокремнеземнің активтенуімен және кептіру кезінде температураның жоғарылау салдарынан тұтқырғыштың қату процесінің күшейтілуімен түсіндіруге болады.

Алынған төзімділігі  жоғары бетондардың ширау деформациясы ауыр бетондардың ширау деформациясының қалыпты деңгейіне сәйкес келеді және, ең бірінші, модификациялаушы қоспаның түріне байланысты болады. Асбестоцемент қалдықтарының қоспасы бар тұтқырғыштағы бетон ең аз шираумен сипатталады.

Әзірленген  бетонның призмалы беріктігі мен серпімдігінің бастапқы модулінің нақты алынған көрсеткіштерін олардың нормативтік мағыналарымен төзімділігі бойынша тиісті класты бетонмен салыстарғанда қалыпты бетондар үшін қолданылатын есептеудің дәстүрлі әдістерін пайдалана отырып, құрастырмаларды жобалау мүмкіндігін көрсетеді.

Сейсмикалық жағдайда жұмыс істейтін бетонды және темірбетонды құрастырмалар дайындау үшін кешенді  оргминералды қоспалары бар модификациялаушы тұтқырғыштың негізіндегі бетондарды пайдалану жөнінде нұқсаулар  әзірленген.

Нұсқаулар жүргізілген зерттеулердің, сондай-ақ сейсмикалық құрылыс үшін төзімділігі жоғары бетондар жөніндегі техникалық әдебиеттер мен нормативті-техникалық құжаттамаларды талдау және қорытып жинақтау негізінде әзірленген, оны алу үшін модификациялаушы қоспалары бар суды аз тұтынатын бетонға, тұтқырғышқа, сондай-ақ негізгі материалдарға қойылатын талаптар жазылған. Кешенді қоспалар мен суды аз тұтынатын модификациялаушы тұтқырғышты алу технологиясы, бетон технологиясы, бақылау, қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптарының әдістері ұсынылған, бетонды қолдану саласы белгіленген.

Информация о работе Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман