Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа жолдауында Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті және бірқалыпты дамып келе жатқан елдердің арасынан табылуы үшін қажетті негізгі басымшылықтарды атап кеткен болатын. Бірінші басымшылықты жүзеге асыру мақсатында Үкіметке БСҰ-на кіру аясында біздің экономикамыздың көшпелі кезеңде дамуға қажетті бірнеше салаларын, соның ішінде әлеуметтік жағдайларды жақсарту, тұрғын үй құрылысын қолдайтын арнайы экономикалық бағдарламаны жасақтап, жүзеге асыру тапсырылды.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
6
1
Ғылыми әдебиеттерге шолу.................................................................
8
2
Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсіп орнына жалпы сипаттама .......
11

2.1 Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсінде шығарылатын өнімдер түрлері ....................................................................................................
13

2.2 Өнімдер өндірісіндегі технологиялық процестер .......................
14

2.3 Термиялық және механикалық өңдеу, орау және сақтаудың технологиялық прцесі ..........................................................................
18
3
Өнім мен шикізатқа қойылатын стандарт талаптары .......................
19

3.1 Сәйкестiктi растау тәртiбi .............................................................
19

3.2 Кәсіпорынның сапа менеджмент жүйесі ......................................
22

3.3 Өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды бетон өнімдерін шығаруда қолдану ..............................................................
26
4.
Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар мен бұйымдар дайындау технологиясы ....................................................
28
5.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ..............................................
32

5.1 Бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ............................................................................
32

5.2 Өнiмнiң Қазақстан Республикасының нарығында айналымда болу шарттары ......................................................................................
36

5.3 Қауiпсiздiкке қойылатын жалпы талаптар ...................................
37

5.4 Бетон және бетон конструкцияларын өндiру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
39

5.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптары
40

5.6 «Гидромаш – Орион МЖБК» ЖШС кәсіпорынындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру .......................................................................
41

5.7 Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар ...............................
48
6
Экономикалық тиіділік ........................................................................
51

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................
59

Пайдалынған әдебиеттер тізімі............................................................
61

Қосымшалар...........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Канат.doc

— 5.09 Мб (Скачать документ)

Техникалық  талаптар: темiр-бетон және бетон конструкциялары, олардың қауiпсiздiгiн айқындайтын техникалық сипаттамалары; темiр-бетон және бетон конструкцияларын өндiру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестерi (тiршiлiк циклдерi) техникалық реттеу объектiлерi болып табылады [17].

Оларға қатысты  қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн темiр-бетон және бетон конструкцияларының тiзбесi осы Техникалық регламенттiң келтiрiлген. Техникалық регламентте темiр-бетон және бетон конструкцияларының тiршiлiк циклi сатыларындағы қауiптi факторлардың (қатерлердiң) туындау мүмкiндiгi есепке алынған. Темiр-бетон және бетон конструкцияларының тiршiлiк циклi сатыларыңда туындауы мүмкiн қауiптi факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады: өндiрiстiк жабдықтың жылжымалы бөлiктерiмен, қозғалатын машиналармен және тетiктермен, адамға соққылық әсер етуге қабiлеттi жылжытылатын дайындамалармен және материалдармен байланыстың болуы; адамның уақытша еңбек қабiлетсiздiгiне әкелетiн жарақаттар салуы мүмкiн қалыптардың, арматураның, деталдар мен бұйымдардың бетiнде үшкiр жиектер мен бұрыштардың, қылтанақтар мен кедiр-бұдырлардың болуы; нормативтiк мәннен асатын өндiрiстiк шудың болуы; өндiрiстiк үй-жайларда (цехтарда) жол берiлген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан асатын жалпы және жергiлiктi дiрiлдiң болуы; жұмыс аймағы ауасының ШРК концентрацияларынан асатын мөлшерде шаңдануы мен газдануы; темiр-бетон және бетон конструкцияларды жылумен өңдеу үшiн қолданылатын ыстық будың әсерi; қысыммен жұмыс iстеп тұрған және жарылған жағдайда адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн автоклавтың жақын орналасуы; жұмыс орындары мен өндiрiстiк үй-жайлардың (цехтардың) жеткiлiксiз мөлшерде жарықтандырылмауы; құрамында уытты заттар бар қышқылдар ерiтiндiлерiнiң, химиялық қосындылар мен қоспалар әсерi; жұмыс орындары мен өндiрiстiк үй-жайларда (цехтарда) өрт шыққан жағдайда ашық жалынның әсерi; жерге қосылмаған электрлi қозғалтқыштарға және жабдықтың, қондырғылардың, машиналар мен тетiктердiң сырты жоқ өткiзгiштердi жанасу кезiндегi электр тоғының әсерi; материалдар мен жабдықты көтеру, түсiру және тасымалдау кезiндегi ауырлықтар әсерi; дайын құрастырмаларды цех бойынша жылжыту, жинау және монтаждау кезiнде [22].

Темiр-бетон  және бетон конструкцияларды сәйкестендiру. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын және ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлерi жөнiндегi өнiм сыныптауышы (ЭҚТ ӨС) бойынша, таңбалаулары мен iлеспе құжаттары бойынша, өлшемдер, көрсеткiштер мен жиынтығында оларды тану үшiн жеткiлiктi болатын талаптар бойынша оларға сәйкес кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Техникалық регламент өнеркәсiптiк, азаматтық, көлiктiк, гидротехникалық және өзге де құрылыс салаларында қолданылатын, барлық бетон мен арматура түрлерiнен жасалған және кез келген түрдегi жүктемелер мен әсер етулерге ұшыраған темiр-бетон және бетон конструкциялардың барлық түрлерiне қолданылады. Техникалық регламент бұрын пайдалануда болған және құрылыста қайтадан қолданылатын темiр-бетон және бетон конструкцияларға қолданылмайды.

Механикалық қауiпсiздiгiн (соққылық әсер ету), өрт қауiпсiздiгi мен отқа төзiмдiлiгiн, радиациялық қауiпсiздiгiн, термикалық қауiпсiздiгi мен жарылу қауiпсiздiгiн, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мен экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн темiр-бетон және бетон конструкциялардың тiршiлiк циклiнiң барлық сатыларындағы сипаттамалары мен процестерiне қатысты ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi. Темiр-бетон және бетон конструкциялар қауiпсiздiгi бойынша бастапқы сипаттамалары ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану процесiнде әртүрлi есептiк жүктемелер мен әсер етулердiң азаматтардың өмiрi немесе денсаулығына, мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрумен байланысты болып келетiн кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиiс. Темiр-бетон және бетон конструкцияларын өндiру кезiнде жобалық және нормативтiк-техникалық құжаттама мен олардың негiзiнде әзiрленген технологиялық регламенттiң талаптарын, сондай-ақ осы Техникалық регламенттiң талаптарын қатаң түрде орындауды қамтамасыз ету қажет. Темiр-бетон және бетон конструкцияларын өндiру кезiнде нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес өндiрiстiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың тұтас кешенi орындалуы тиiс. Кәсiпорында темiр-бетон және бетон конструкцияларды өндiру процесiндегi қауiпсiздiк тәуелдi болатын барлық технологиялық операцияларды бақылау жүйесi жұмыс iстеуi тиiстi [25].

 

 

3.2 Кәсіпорынның сапа менеджмент жүйесі

 

Сапа менеджменті  жүйесінің (СМЖ) қызмет ету тиімділігі жобалау мен енгізу кезінде анықталады. СМЖ енгізу туралы жұмыстарды ұйымдастыруға шешім қабылдау кәсіпорынның 1 – ші басшысының құзырында болады. СМЖ құруға дайындық кезінде бірінші кезеңде кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясат, мақсат, міндеттерді келесі ұстанымдарды сақтай отырып анықтауы керек;

  • сапа саласындағы саясат – кәсіпорынның жалпы саясаты мен стратегиясының бөлігі;
  • саясат өнім сапасын арттыруға бағытталған мақсаттарды белгілеу үшін қызмет етеді.

СМЖ құру бойынша жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын басшысы сапа үшін жауапты басшылық өнімін тағайындайды, сапа қызметін ұйымдастырады жіне оның басшысын тағайындайды. Кәсіпорын басшысы жұмысқа жалпы басқаруды жүзеге асырады және ИСО стандарттарын дайындау мен енгізу бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдайды және осы жұмыстың соңғы нітижелеріне жауапты болады. Енгізуді басқару топ жетекшісімен тағайындалуы мүмкін сапа үшін жауапты басшылық өніміне жүктеледі. Басшылық төрағасы басшылықты СМЖ дайындау үдерісі туралы басшылықты әрдайым (3 аптада 1 рет) ақпараттандырады және қажет болған жағдайда түзету немесе кемел үшін үдеріске қатысады. Топ құрамына (координациялық кеңес топтары) ілгері өндіріс бөлімшелерінің мамандары кіреді. Сапа қызметі қызметкерлері және топ ИСО 9001:2009 талаптарын, сондай-ақ СМЖ құру және қажетті құжаттаманы дайындауды үйренуді қамтитын аранйы бағдарламалар бойынша оқудан өту керек.

Жұмыс басталғанға  дейін команда кәсіпорын жетекшісімен бекітілген жұмыстарды өткізу бағдарламасын  құрайды. Бағдарламада жұмыс кезеңдері  мен түрлері, орындаушылар, мерзімі және қажет болған жағдайда орындау құны анықталады.

Бағдарламада, әдетте жұмыстардың келесі түрлері  қамтылады:

  • Сапа саласындағы ұйымның саясаты мен мақсатын дайындау, саясат құжатталып, басшымен бекітіліп, қызметкерлерге таныстырылуы қажет;
  • Ұйымның СМЖ ұйымдастыру құрылымын дайындау (нақтылау);
  • Ұйымның оңай үдерістерінің тізімін айқындау, СМЖ гі лауазымды тұлғалардың өкілеттігін айқындау және «СМЖ өкілеттік пен жауапкершілікті бөлу матрицалары»;
  • СМЖ жобалау мен енгізуді қамтамасыз етудің негіздемелі механизмін (экономикалық және моральдық ынталандырудың түрлері мен әдістерін) дайындау;
  • СМЖ дайындау бойынша жұмыстарға тартылған ұйынның лауазымдық тұлғалары мен құрамын игеру. Кәсіпорынның СМЖ дайындауға кәсіби кеңес берушілер тартылады.Кеңес беру қызметінің ақысы сметада ескрілуі қажет. Екіші кезеңде кәсіпорындағы өнім сапасын басқарудың кешенді талдауы жүргізіледі және СМЖ концептуалды үлгісі дайындалады. Кезеңді орындау басқарудың нақты жүйесінің,сапа саласындағы кәсіпорын қызметінің күшті және әлсіз жақтарының, сондай-ақ өнім сапасын бақылаудың қолданылатын әдістері мен ұйымдастыру құрылымының талдауынан басталады [24].

Кәсіпорындағы сапаның басқарудың нақты жағдайының сапа саласындағы саясат пен ИСО 9001:2009 стандарты талаптарына сәйкестігін бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Қызметкерлер біліктілігі мен кәсіпқойлығы деңгейін анықтау;
  • Сапалы өнімді шығару үшін сәйкес құрал-жабдықтың болуын бағалау;
  • Әкелінген шикізат пен материалдардың сапасын тексеру әдістерін айқындау яғни нақтылау;
  • Өндіріс үдерісіндегі сапаны бақылау және дайын өнім сапасын соңғы бақылауды ұйымдастыру. Талдауды жүргізуге сапа қызметіне қажетті ақпаратты ұсынатын барлық бөлімшелер мен кәсіпорын қызметтері тартылыды.талдаудың негізгі нышандары:
  • Жасалынған СМЖ - да қолдануға болатын кәсіпорын құжаттары ;
  • Сапары қамтамасыз ету бойынша бөлімше қызметі;
  • Кәсіпорын және сапа қызметінің ұйымдастыру құрылымы;
  • Кәсіпорындағы жауапкершілік және сенімділікті бөлуді анықтайтын бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар;
  • Қызмет, өнімді ұсыну сапасы туралы ақпарат;
  • Бизнес – үдерістер,
  • Жұмыс орындарын ұйымдастыру талаптары;
  • Үлгілер, бақылау тізімдері;
  • Маршрутты технология, операционды карталар, әдістемелік жұмыс, бақылау нұсқаулықтар;
  • МЭӨ (мәліметтерді электронды өңдеу) бағдарламалары;
  • әдістемелік қамтамасыз ету құжаттары;
  • бақылау, сынау бағдарламаларын пайдалану және қызметк өрсету бойынша нұсқаулықтар, биркілер, штамптар, ілеспе құжаттар түрлері;
  • қағазжәне басқа ақпарат тасымалдауыштардың сапасы туралы жазбалар.

Кәсіпорын құжатты  номинальды талаптарға сәйкестігін  және СМЖ пайдалануы мүмкіндігін  талдау көрсетуі қажет. Сапалы басқарудың нақты жағдайын талдауды жүргізу  шеңберінде команда келесілерді  анықтауы қажет:

  • жұмыс орындарында үдерістер қалай орындалды;
  • үдерісте қандай кемшіліктер бар;
  • бұл кемшіліктердің қайсысы күрделі сөз, ал қайсысы сәттілікке жету үшін СМЖ жобасында ескерілуі қажет.

Бұл міндеттер  барлық бөлімшелерді қамтуы қажет. Тәжірибелі кеңес берушілер тарапынан көмек  сапалы басқарудың нақты жаңғдайын талдауды едәуір жеңілдетуі мүмкін, себебі басқа маманның бағалауы едәуір объективті сапаны басқарудың жүйесінің талдауынан кейін, кәсіпорынның СМЖ – ның концептуалды үлгісі дайындалады. Ең алдымен үдерістерді анықтау олардың ұйымдастыру технологиялық сызбасын (блок – сызбасын) дайындауы қажет. Ұйымдастыру – технологияның сызбаларын дайындау басқарудың нақты жүйесінің талдауымен және өндіріс үдерісі мен ұйымдастыру құрылымына ИСО 9001:2009 жүргізімін талдау нәтижесі бойынша СМЖ құжаттарын дайындау, түзеудің жоспар – графигі жасалады. Үшінші кезең жоспар – графикке және СМЖ құжаттарын дайындауды қамтиды. СМЖ құжаттары - өзара әрекет ету түрлері мен элементтерінің анықтай және ақпаратты енгізу және шығаруды  бекіте отырып СМЖ қызметін орындауды қамтамасыз етеді.

СМЖ құжаты қамтиды:

  • сапа бойынша басшылық – сапа саласындағы кәсіпорын саясаты мен мақсаты, жүйе құрамы және кәсіпорын ИСО 9001:2009 СМЖ қойылатын талаптарды жүзеге асырудың сипаттары келтірілген жүйенің негізгі құжаты:
  • СМЖ тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін қызметтің әр түрлі түрлерін бағыттауға арналған құжатталған процедуралар;
  • Сапа бойынша жазбалар – бақыланатын белгілер мен өлшемдердің мәні тіркелген өнім, жұмыс, қызметтер сапасын растау бойынша құжаттар.

СМЖ құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде келесі шаралардың орындалуын қарастыру ұсынылады.:

  • сапа бойынша басшылықпен дайындалатын және түзетілетін құжатталған процедуралардың толық өзара байланысын қамтамасыз ететін жұмысты бағыттау;
  • кәсіпорын басшылығы тарапынан жұмыстар барысын жүйелі бақылау және бағыттау кеңесінің отырысында, сапа күндерінде жұмыстар барысын қарастыру және т.б.;
  • СМЖ ішкі тексерісі бойынша аудиторларды оларды құру және енгізу бойынша дайындау. Сапа қызметі дайындалған құжатталған процедуралар негізінде сапа бойынша басшылықтың соңғы баспасын дайындайды, ол: СМЖ қолдану сапасы, СМЖ-ге арналып дайындалған құжатталған процедуралар немесе оларға сілтемелер; СМЖ қамтылған үдерісінің өзара әрекетін сипаттау [26].

Бұдан кейін  барлық реттеуші құжаттар, қызмет және өндіріс бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар дайындалған құжатталған процедуралар мен сапа бойынша нұсқаулыққа сәйкес болуы қажет. Құжаттаманың сипаты мен тереңдігі келісімшарттарда, заңнамалық және нормативті актілерде белгіленген талаптарға тұтынушылар мен басқа мүдделі тұлғалардың қажеттіліктері мен күткен нәтижелеріне жауап беруі қажет. СМЖ құжаты барлық орындаушылармен келісіліп, кәсіпорын басшылығымен бекітіледі. Төртінші кезең СМЖ енгізуге байланысты жұмыстарды қамтиды. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері СМЖ құжаттамасымен танысып, СМЖ қызмет ету жағдайындағы жұмыстарды игеруі қажет. СМЖ енгізу кезінен бастап, барлық бөлімшелер құжатталған процедуралар бойынша жұмыс жасайды және сапа туралы жазбаны міндетті түрде жүргізеді. СМЖ енгізу кезінде анықталған сәйкессіздіктер сапа қызметімен олардың пайда болу себептерін анықтау және сәйкес құжаттамасын түзеті мақсатында талдануы керек. СМЖ құрылған СМЖ жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін сапа қызметі ішкі тексерулер (аудиттер) жүргізеді. Олар сапа бойынша басшылық ұсынған, құжатталған процедура, үдерістерді сипаттау және жұмыс ақаулықтарымен ұсынылған СМЖ стандарт талаптарына сәйкестігін және кәсіпорын қызметкерлерімен жоспарланған шаралардың түсінілуі, орындалуы және қадағалануының дәрежесі қандай екендігі анықталады. Бара барлық сапа бойынша құжаттаманы ИСО 9001:2009 стандарт талаптарының көрінуінің толықтығына тексеру барысында анықталады. Қандай да бір қиындық табылған жағдайда оны соған байланысты адаммен талданып, талапты орындамаудың себептерін анықтау қажет. Егер осы талапты орындау қажет болса, бөлімше бастығы бөлімше қызметкерлерінің оны орындауы бойынша түзету әрекеттерін қабылдайды. Берілген талап міндетті болмауы мүмкін, оның орындалмауы жұмысқа еш әсерін тигізбейді, онда түзету шаралары құжатталған процедураға өзгерістер енгізу түрінде жүргізіледі. Ішкі аудит нәтижелері бойынша қандай кемшіліктер мен сәйкессіздіктер анықталғандығы көрсетілетін есеп жазылады. Ішкі тексерістерді өткізудің бір міндетті СМЖ мүмкіндіктерін жаңарту болып табылады. СМЖ енгізу барысында кәсіпорын басшылығы сапа қызметімен дайындалған есептер негізінде оның қызмет ету тиімділігінің талдауын жүргізеді. Сапа қызметі кәсіпорынның барлық бөлімшелері тапсыратын сапа туралы тіркелген мәліметтерді жинақтау, өңдеу, талдауды жүзеге асырады. Сапа туралы мәліметтерді талдау үшін ИСО 9004:2000 ұсынатын әр түрлі әдістер қолданылады. СМЖ қызмет етуінің талдауы белгіленген бағыттар бойынша барлық деңгейлерде кәсіпорынның әртүрлі аспектларына қажетті болуы мүмкін алдын алу және түзету шаралары бойынша альтернативті ұсыныстар дың себп – салдарсыз байланысы мен бағалауын анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Бесінші кезеңде СМЖ сертификаттарымен байланысты жұмыстар жүргізіледі. СМЖ сертификаттуын әр түрлі халықаралық және ұлттық органдар жүргізетіндіктен, кәсіпорынға тапсырыс беруші ұсыныстарын ескере отырып, сертификаттау органының таңдауын жасау қажет. Таңдалған сертификаттау органымен келісімшартқа отырады және белгіленген үлгіде өтінім беріледі. Кәсіпорын сертификаттау органына алдын ала тексеру үшін СМЖ құжаттарының дестесін береді. Құжаттама бойынша ескерту алғаннан кейін, сапа қызметі оған сәйкес өзгерістер енгізеді және кәсіпорындағы ішкі аудитті өткізу мерзімін белгілейді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін, сәйкестік сертификаты 3 жылға беріледі. Бұл жылдар аралығында сертификаттаушы орган кәсіпорында СМЖ қызмет етуін жыл сайын инспекциялық бақылау жүргізе отырып бақылайды. Күрделі келеңсіздіктер анықталған жағдайда сертификат жармдылығы тоқтатылуы мүмкін. 1-сызбанұсқада өнеркәсіп орнының ҚР СТ OHSAS 18001-2008 менеджмент жүйесі үлгісі келтірілген.

Информация о работе Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман