Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу.doc

— 121.00 Кб (Скачать документ)

Сақтандыру қызметі  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  жүзеге асыратын қызметтің негізгі (бірақ жалғыз емес) түрі болып табылады. Демек, «Сақтандыру туралы» Заңның 11-бабының 2-тарамағына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) сақтандыру қызметінен басқа, қызметтің келесідей түрлерін жүзеге асыра алады:

  1. инвестициялық қызмет;
  2. өздерінің сақтанушыларына жинақтаушы сақтандыру шартына сай көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыз беру (қызметін «өмірді сақтандыру» саласында атқарып жатқан сақтандыру ұйымы үшін);
  3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
  4. сақтандыру және сақтандыру қызметі бойынша ақпаратты берудің қандай түрінде болса да арнайы әдебиеттерді сату;
  5. бұрын өз қажеттілікері үшін сатып алынған мүлікті сату немесе жалға беру (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты оның билік етуіне түскен мүлікті сату немесе жалға беру (сақтандыру ұйымы үшін);
  6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша ақыл-кеңес беру қызметін көрсету;
  7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
  8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын орындау;
  9. консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысу;
  10. ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар қоржынын басқару (қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін);
  11. сақтандару ұйымдары арасындағы немесе сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін басқа заңды тұлағалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын ассистанс;
  12. сақтандыру төлемдерінің кепілдік жүйесіне қатысу аясында ҚР заңдарында көзделген қызмет.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сақтандыру белгілі  бір сақгандыру жағдайларының туындауы кезінде заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін сақтандыру жарналары мен сыйлықақылары есебінен мақсатты ақшалай қорларды қалыптастыру және оларды пайдалануға байланысты экономикалық категория және бір жағынан алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып саналады. Сақтандыру саласындағы қатынастар негізінде, сақтандыру ұйымдары мен азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында пайда болады.

Сонымен, сақтандыру қызметі, белгілі бір талаптар мен бағыттарды ұстана отырып жекеменшік және мемлекеттік қаржы-қаражаттарға негізделіп, әкімшілік-қаржылық, азаматтық және т.б. құқық салаларының құқықтық нормаларына сүйене отырып мемлекеттің қаржылық қызметінің бір түрі ретінде және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтандыру ісін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру (қайта сақгандыру) ұйымының іс-қимылдары мен әрекеттері болып табылады.

Соңғы кездерде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ұстанымдары мен талаптарын жүзеге асыру мақсатында қабылданған мына келесідей: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы   31   қаңтардағы   "Сақтандыру  және   қайта   сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері туралы" Қаулысы; 2001 жылғы 3 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті жою ережелерін" бекіту жөніндегі Қаулысы; 2001 жылғы 31 наурыздағы "Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қаулысы; осы уәкілетті органның 2001 жылғы 9 сәуірдегі "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу Ережесі" сияқты заңға сәйкес нормативтік актілердің сақтандыру заңцарын толықтырып, ұтымдыландыра түсері сөзсіз. Өз алдына сараланып, тек сақтандыру құқықтық нормаларынан тұратын жекеменшік мүдделер мен мемлекет және қоғам мүддесін көздейтін, күрделі құрылымды, болашағы өте зор кешенді құқықтық құрылым-сақтандыру құқығы болып табылады. Сақтандыру құқығы теориялық тұрғыдан қалыптасқан көптеген көзқарастар мен тұжырымдарға және пікірталастарға қарамастан кешенді құқықтық құрылым болып саналады, сондай-ақ оның құқықтық нормалары негізінен азаматтық, әкімшілік және қаржылық құқық құрылысының ішінен көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Ильясов К.К., Құлпыбаев  С. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы 2005

2. Искаков У.М. Рузиева Э. Бохаев Д.Т. Финансовые рынки и посредники. Алматы-Экономика ,2005ж.

3. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы

4. Мейірбеков А. Қ. Әлеуметтік сақтандырудың маңызы мен міндеттері.-Алматы.-2006 жыл,.

5. Әлеуметтік сақтандыру  және әлеуметтік қамсыздандыру.-Оқу құралы,-2007жыл.




Информация о работе Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу