Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу.doc

— 121.00 Кб (Скачать документ)

2) міндетті сақтандырудың жекелеген  түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктерін  айқындайтын актілер (Қазақстан  Республикасының:  2003 ж сәуірдің 25-індегі № 405-ІІ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы; 2004 ж. наурыздың 10-ындағы № 533-ІІ «Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2005ж. желтоқсанның 13-індегі № 93-ІІІ «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы және басқалары);

3) жекелеген субъектілердің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін міндетті сақтандыру ерекшеліктерін айқындайтын актілер (Қазақстан Республикасының: 2003 ж. маусымның 11-індегі № 435-ІІ «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. маусымның 13-індегі № 440-ІІ «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. шілденің 1-індегі № 444-ІІ «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. желтоқсанның 31-індегі № 513-ІІ «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2004 ж. шілденің 7-індегі № 580-ІІ «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты нысандар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2005ж. ақпанның 7-індегі № 30-ІІ «Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы және басқалары).

Заңдық тұжырымдамасына сәйкес, сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді. Осылайша жіктеу қажеттігі  мемлекеттік реттеу және сақтандыру қызметіне лицензия берудің мақсаттарына және міндеттеріне байланысты туындады. Атап айтқанда, сақтандырудың негізгі екі саласы айқындалды: 1) өмірді сақтандыру; 2) жалпы сақтандыру.

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікі түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру (сақтанушы  қайтыс болған немесе сақтандыру  мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

2) аннуитеттік сақтандыру (жыл сайын төлем жасау) –  бұл зейнетақы немесе рента  түрінде сақтандырылушы белгілі бір жасқажеткен, еңбекке қабілеттігін жоғалтқан (жасы бойынша, мүгедектігі бойынша, ауруы бойынша), асыраушысы қайтыс болған және жұмыссыздық жағдайларда, шартпен белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңмен сақтандыру төлемдерін төлеп тұруды қарастыратын жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кезеңдік сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру талабы сақтандыру төлемдерінің көлемін анықтауға, дәлелдеуге және растауға байланысты емес.

3) өмірде белгілі бір жағдайдың орын алуына байланысты сақтандыру (сақтандырылушының өмірінде алдын-ала айтылған оқиға (некеге тұру немесе сәбидің дүниеге келуі) орын алаған жағдайларда белгіленген сомада сақтандыру төлемін төлеу қарастырылатын жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

4) сақтандырушының инвестициялық  табысына сақтанушының қатысуымен  өмірді сақтандыру (сақтандырылушы  қайтыс болған немесе сақтандыру  мерзімі біткенге дейін немесе  сақтандыру шартында белгіленген  жасқа дейін өмір сүрген жағдайда, сақтанушының (сақтандырылған, пайда алған адамның) сақтандыру ұйымының қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру немесе сақтандыру сомасын көбейту көмегімен инвестициялық қызмет көрсету нәтижесінде тапқан пайдасына қатысу шартымен сақтандыру төлемін белгіленген сомада төлеу немесе сақтандыру төлемін зейнетақы немесе рента түрінде төлеу қарастырылатын жинақтық сақтандыру жиынтығы).

«Жалпы сақтандыру» саласы сақтандырудың  ерікті түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

  1. жазатайым оқиғадан сақтандыру (сақтандырылушы қайтыс болған, еңбекке қабілеттігін (жалпы немесе кәсіптік) жоғалтқан (толықтай немесе ішінара) немесе жазатайым оқиға кесірінен сақтанушының денсаулығына зиян келтірілген, кәсіби ауру-сырқау жағдайларында сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) мөлшерінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Жазатайым жағдай деп сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсерлер нәтижесінде оның денсаулығына зиян келтірген, оны мүгедек еткен немесе өліміне себепші болған кенет, адам еркінен тыс, кездейсоқ қысқа уақыттық оқиға саналады);
  2. ауру-сырқау жағдайына байланысты сақтандыру (жазатайым оқиғадан сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушының ауыруына немесе денсаулығының басқадай бұзылуына байланысты, сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) сақтандырылған адамның шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  3. автомобиль көлігін сақтындыру;
  4. теміржол көлігін сақтандыру;
  5. әуе көлігін сақтандыру;
  6. су көлігін сақтандыру (3-6-тармақтарда атап өтілген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралдарын иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, көлікті айдап, ұрлап әкетуді қосқанда, сондай-ақ оның бүлінуі немесе жойылуы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  7. жүктерді сақтандыру (жүктерді иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, жолжүгін, тауарларды және өнімдердің басқадай түрлерін қосқанда, сондай-ақ тасымалдау тәсіліне байланыссыз, олардың бүлінуі, жойылуы, жоғалуы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  8. мүлікті залалдан сақтандыру, 3-7-тармақтарда көрсетілген топтардан басқа (мүлікті иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, оның бүлінуі немесе жойылуы, ұрлануы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  9. автомобиль көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  10. әуе көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  11. су көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (9-11-тармақтарда қарастырылған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – көлік құралын пайдалануы себепті үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардың орнын толтыру міндетіне байланысты мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылатын (тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда) сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады);
  12. 9-11-тармақтарда көрсетілген топтарды есептемегенде, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (барлық тәуекелдіктерді сақтандыруы себепті үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардың орнын толытру міндетіне байланысты мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  13. заемдарды (қарыздарды) сақтандыру (сақтанушының (қарыз алушының (кредит беруші алдындағы міндеттемелерін орындамауының нәтижесінде кредит берушіге шығын келтірілген жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы;
  14. ипотекалық сақтандыру (қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлік болып берілген тұрғын үйдің нарқтық құны төмендеген жағдайда, қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша шарт міндеттемелерін орындамауы нәтижесінде кредит берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеуді көздейтін сақтандыру түрі);
  15. кепілдіктер беру және кепілдікке алуды сақтандыру (кепілдік берген немесе кепілдікке алған адамның кепілдік беру немесе кепілдікке алу міндеттемелерін орындауы нәтижесінде мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  16. басқадай қаржы шығындарын сақтандыру (жұмыстан шығып қалу, табысын жоғалту, табиғаттың қолайсыз құбылыстары кезінде, үздіксіз, ойластырылмаған шығындар болғанда, нарықтық құнды жоғалту нәтижесінде шығындар туындағанда және 12-15-тармақтарда көрсетілген тәуекелдіктерді сақтандыруды қоспағанда, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында басқа да шығындар пайда болғанда сақтандыру төлемдерін төлеу көзделген сақтандыру түрлерінің жиынтығы);
  17. сот шығындарын сақтандыру (сотта іс қаралуына байланысты сақтанушының шығынға ұшырауы нәтижесінде оның (сақтандырылған адамның) шығындарын өтеу үшін сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы).

Сақтандыру салаларына бөлу уәкілетті орган беретін  мынандай лицензиялар түрлеріне  сәйкес келеді: 1) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия; 2) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандырудың тиісті топтары шегіндегі лицензия.

Заң шығарушы сақтандыру салалары мен топтарын қатар алып жүретін бірқатар шектеулер белгілеген. Сонымен, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен қатар орындауға және жинақтаушы сақтандыру түрінде жүзеге асыруға болмайды. Өз кезегінде, «өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен қатар жүзеге асыра алмайды, сақтандырудың міндетті түріндегі тиісті топтар да солай (жазатайым оқиғадан сақтандыру және ауру-сырқау жағдайына байланысты сақтандыруды қоспағанда).   

Сақтандыру қызметінің жүзеге асырылып жатқан түрлерін ажыратудың тағы бір белгісі – сақтандыру түрі, ол сақтандыру ұйымының сақтандырудың  бір немесе бірнеше тобы шегінде  сақтандыру шартын жасау алқылы даярлайтын және сақтанушыға беретін сақтандыру өнімі болып табылады (мысалы, мүлікті табиғаттың қолайсыз құбылысынан (жер сілкінуі, су тасқыны және т.б.) сақтандыру).

Мазмұны мен шарттары ҚР жеке заң актісімен белгіленген  міндетті сақтандыру түрлеріне байланысты айтатын болсақ, олардың әрқайсысы  сақтандыру тобы болып танылады. Атап айтқанда, міндетті сақтандырудың ондай түрлеріне мыналар жатқызылады: 1) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 3) тасымал-даушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 4) өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру; 5) жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 6) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 7) турагенттер мен туроператорлардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 8) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 9) міндетті экологиялық сақтандыру; 10) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты нысандар иелерінің азматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; 11) міндетті медициналық сақтандыру.

 

 

 

 

 

 

1.3 Сақтандырудың негізгі формалары

 

Сақтандырудың негізгі  формалары: ерікті және міндетті; жеке және мүліктік, жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндеттілік дәрежесіне байланысты сақтандыру ерікті және міндетті болып бөлінеді. Тараптардың еркін  түрде ерік білдіруіне негізделген ерікті сақтандырудан айырмашылығы – міндетті сақтандыру заңмен ұйғарылған заңдық фактілерге негізделген. Ол сақтандыру қорғанысы қоғамдық мүдделер орын алғанда, мысалы, радиация әсеріне ұшыраған азаматтардың, жолауылардың және т.б. өмірлері мен денсаулықтарын қорғау үшін қолданылады.

Сақтандыру нысаны бойынша  сақтандыру жеке және мүліктік деп  ажыратылады. Жеке сақтандыруға азаматтың  өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру жатады. Мүліктік сақтандыруға мүлікті және соған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру жатқызылады (ҚР АК 809-1-бабы).

Сақтандыру төлемін  жүзеге асыру негіздемелері бойынша  сақтандыру жинақтаушы және жинақтаушы емес деп ажыратылады. Жинақтаушы сақтандыру – ол сақтандыру жағдайы туған кезде, оның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең немесе олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру (жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша ғана жаса алады). Жинақтаушы емес сақтандыру – ол туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру (ҚР АК 809-1-бабы).

Сақтандыру заңы сақтандыру субъектілері ретінде қатысушыладың  тек екі санатын мойындайды, олар – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары, ал қалғандары сақтандыру нарығына қатысушыларға жатқызылған. Оның үстіне сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары (оның ішінде сақтандыру қызметтерін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзезе асыратын қайта сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий) сияқты топ ерекше аталып көрсетіледі.

Сонымен, сақтандыру нарығына қатысушылар тобына мыналар кіреді:

1) сақтандыру ұйымы немесе сақтандырушы (сақтандыру шарттарын жасау және орындау бойынша қызметін уәкілетті органның тиісті лицениясы негізінде немесе ҚР өзара сақтандыру заңына сәйкес лицензиясыз жүзезе асыратын заңды тұлға;

2) қайта сақтандыру ұйымы немесе қайта сақтандырушы (қайта сақтандыру жасау және орындау бойынша қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға);

3) сақтандыру брокері (сақтандырушымен шарттар жасауға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының тапсырмасымен соның мүддесіне өкілеттік ететін немесе өз атынан сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты делдалдық қызмет атқаратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойнша кеңес беру қызметін орындайтын заңды тұлға;

4) сақтандыру агенті (бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және солардың тапсырмасымен өзіне берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлға;

5) сақтанушы (сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға); 

6) сақтандырылған адам (соған қатысты сақтандыру жүзеге асырылған адам; егер шартта өзгедей көзделемесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам да бола ала алады);

7) пайда алушы (сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылады);

8) актуарий (сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің, сақтандыру сыйақылары мөлшерлемелерінің көлемін экономикалық-математикалық есептеуді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілетінің және қаржылық орнықтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының өткізіліп жатқан және өткізуге жоспарланған сақтандыру түрлерінің пайдалылығын және табыстылығын бағалайтын, өкілетті органның лицензиясын алған жеке тұлға);

  1. сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын басқа да жеке және заңды тұлғалар.

Заң шығарушы сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын  олардың қызмет ету саласы бойынша  ажыратқанмен, көптеген аспектілер, мысалы, қызметті құру, лицензиялау, реттеу және тоқтату бойынша олар үшін бірыңғай ережелер белгілейді (сол себепті  «Сатандыру туралы» Заңның мәтінінде көбінесе «сақтандыру ұйымы» және «қайта сақтандыру ұйымы» деген ұғымдар тең мағыналы және бірдей деп пайдаланылады). Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері ішінен төмендегілерді айтуға болады: 1) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру үшін, сақтандыру ұйымына қайта сақтандыру бойынша лицензия талап етілмейді; 2) сақтандыру ұйымының тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау үшін, қайта сақтандыру лицензиясы қажет; 3) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар ұйым қайта сақтандыру лицензиясын сақтандырудың барлық топтары бойынша тек қана өз саласында ала алады; 4) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар ұйым да қайта сақтандыру лицензиясын осыған ұқсас жаағдайда алады; 5) қайта сақтандыру лицензиясы негізінде қайта сақтандыруды қызметтің жалғыз түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында сақтандырудың барлық топтары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыра алады («Сақтандыру туралы» Заңның 9-бабы).

Сақтандыру заңында сақтандыру ұйымдары – ҚР резидент еместері үшін шектеу белгіленген, яғни олар ҚР аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе олардың оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыра алмайды («Сақтандыру туралы» ҚР Заңының 5-1-бабы, 1-тармағы). ҚР аумағынан тыс жерде жұмыс істеу, білім алу, емделу немесе демалу мақсатында уақытша түрып жатқан, сақтандыру ұйымымен – ҚР резиденті емес адаммен, бірақ ҚР аумағынан тыс болған уақытқа ғана сақтандыру шартын жасай алатын жеке тұлғалар – ҚР резиденттері үшін ерекше жағдай көзделген.

Информация о работе Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу