Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу.doc

— 121.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері  еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып  табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.

Сондықтан, бірінші кезектегі  мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың  экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып — білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айырықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басымды бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру. Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым-қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясаттың жүргізу. Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарын ұғымдыландыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік - құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.

Сонымен бірге, осы сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін, тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары  ретінде көрініс табатын айырықша сақтандыру қатынастарын реттейтін  құқықтық реттеу механизмдерін құру да көзделген еді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу, игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үлесіндегі іс болып қана қоймай, сонымен бірге барлық шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.

 

    1. Сақтандырудың мәні және функциялары

 

       Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.

      Сақтандырудың мақсаты қогамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

      Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

-  қатынастардың ықтималдық  сипаты;

- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кэсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

     Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып 
отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық 
    жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).

      Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

       Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жэне заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бүл  функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде  көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және 
    жинақтаушы емес.

Міндеті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асьфылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметтің ұйымдастыру  және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында  мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан жэне аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан  және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік  сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

 

1.2 Сақтандыру туралы заңнама және сақтандырудың салалары

 

Сақтандыру қызметі  – бұл уәкілетті органның ҚР заңдарының талаптарына сәйкес берілген лицензия негізінде нмесе ҚР өзара сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі.

Қазақстан Республикасының  сақтандыру заңының қалыптасуы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан, ҚР-дің 1992 ж. шілденің 3-індегі «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заңы қолданысқа енген кезден бастау алады, ол сақтандыру қызметтерінің нарығын құруға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған. Сақтандыру саласында мемлекеттік монополия билеп келген соншама жылдардан соң (бұрынғы КСРО-да тек мемлекеттік сақтандыру болған), алғаш рет сақтандыру – бұл жеке және заңды тұлғаларды сақтандыру жағдайларының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі екені заң тұрғысында бекітілді. (Сақтандыру туралы Заңның 1-бабы).

Қазақстан Республикасының қазіргі  заманғы сақтандыру заңы азаматтық  қатынастардың әртүрлі субъектілерінің, оның ішінде кәсіпкерлердің де қатысуы бар сақтандыру қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тұтас бір кешенін құрайды.

Сақтандыру заңы жүйесінеарнайы актілер  де, жалпы заң актілері де кіреді (мысалы, «Сақтандыру» деген 40-тарауы 43 баптан тұратын ҚР АК-інің 803-845 баптары).

Сақтандыру қызметін реттейтін  арнайы нормативтік құқықтық актілерді  төмендегідей топтастыруға болады:

1) жалпы бастауларды және сақтандыру қызметін жүзеге асыру ұстанымдарын белгілейтін актілер (бәрінен бұрын, негізгі арнайы заң – 2000 ж. желтоқсанның 18-індегі № 126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы;

2006 ж. шілденің 5-індегі № 163-ІІІ  «Өзара сақтандыру туралы» ҚР  Заңы; РҚ Ұлттық банкі Басқармасының  2000 ж. ақпанның 15-індегі № 33-ші  «Сақтандыру полисін рәсімдеу  жөніндегі Нұсқаулықты бекіту  туралы» қаулысы; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 ж. тамыздың 12-індегі № 155-ші «Сақтандыру ұйымының инвестициялық қызмет нәтижесінде алған табыстарында сақтандырылушының (пайда табушының) қатысуының Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; 2007 ж. сәуірдің 30-ындағы № 122-ші «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқына лицензия беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысы және т.б.).

Информация о работе Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу