Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:59, реферат
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген.
Кіріспе .....................................................................................................3
І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4
1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері.............................6
1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8
1.3 Топырағы......................................................................................... 17
ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18
Өсімдік жамылғысы.....................................................................
Жануарлар дүниесі.......................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31
Оңтүстік Африканың шөл және шөлейт кеңістіктері оның ішінде Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде, материктiң басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлеpi тән. Арыстандар түгелімен құрып біткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.
Мадагаскар фаунасында эндемик формалары көп, Африкада жыландар сияқты жануарлар тобы мүлде жоқ өзінше бір ерекше дүние. Мадагаскарға лемурлар тән, оның мұнда көптеген туыстары мен түрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кең тараған, өйткені жергілікті халық оларға тимейді, ал кeйбipeулepiн қолғa үйретеді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олардың ішінде эндемик тенректер көп.
Осы замандағы құстардын, ең ірісі африка
түйеқұсы (Strutһіо сатеlиs) деген бір ғанатүргежатады.Ересек
еркектерінің бойынын, биіктігі 260—275
см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінід
сал-мағы 90кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі
— аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі
кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай
деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің
салдарынан жабық жамбас сүйектерің құрайды.
Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты
жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді.
Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының
түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары
мен қанаттары ақшыл болады. Бұл түйеқұстар
қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді
— далалы аймақтарында кездеседі. Осы
түрге жақын түрлері үшінші дәуірде Оңтүстік
Азияда, Солтүстік Қытайда, Монғолияда,
Забайкальеде, Солтүстік Қазақстанда,
Украинада (далаларда, шөлдерде, саванналарда)
тіршілік еткен. Бірнешеуі бірігіп топтанып,
жиі өріс ауыстырып отырған. Өте тез жүгіре-ді,
жүгіргенде адымы 2—3 метрді алады. Олардың
негізгі қорегі — өсімдіктер, кейде ұсақ
жануарлар, кемірушілер, рептилилер, насекомдар
болып табылады.
Бұлар әдетте моногамдар. Еркек особьтары
шағылысу кезінде, өзінше әрленеді. Ұрғашысы
салмағы 1400 г болатын 10—15 жұмыртқа туады.
Жұмыртқаны еркегі түнде, ұрғашысы күндіз
кезектесіп басады*. Бұл 40 күнге созылады.
Жұмыртқадан көзі ашық, мамық жүнді ширақ
балапан шығады. Олар тек үш жасында ғана
жыныстық жағынан жетіледі.Бұлардың ақ
түсті қанаттары мен құйрық қанаттарын
әсемдік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады.
Кейбір жерлерде оларды жартылай үй құстары
есебінде асырайды.
Буйвол- африкан
жануарларының ішіндегі
Окаптар- Конго өзенінің маңайындағы Африканың тропикалық ормандарын мекен етеді. Бұл- кішкентай өте жасқаншақ, терісінің түсі жөнінен зебрге ұқсас, жираф тұқымдас жануар. Окаптар соншалық сақ келеді, тіпті оларға пигмейлер де жақын бара алмайды. Окаптар жүнінің түсі қоңыр, ал аяқтарында қара, ақ қолақтар болады. Олар көп уақыт өздерін тазалайды.
Орталық
Африкада аса зор адам
Түйенің фантастикалық шыдамдылығы туралы аңыздар шындыққа үйлеспейді. Егер жануарлар апталар бойына сусыз күнелте алатын болса, онда бұл оларға шөп организмге қажетті ылғалды бере алатын жақсы жайылымды жерлердегі жағдайда ғана. Африкандық нар сусыз тек 4 әрі кетсе 5 күн ғана шыдай алады. Керуен дем алуға тоқтаған әр уақытта түйенің қарқынындағы « цистернаға» жүз литрге дейін су құйылады.
Семіз түйенің
қоп-қоңыр өркеші жиналған
Африканың
хайуанаттар дүниесімен Мадагаскардың
ұқсастығы аз. Африка- пілдер, жирафтар,
антилопалар, арыстандар, бегемоттар,
маймылдар. Ал Мадагаскарда
Арыстан — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 метрдей, салмағы 250 келіге жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 метр, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады. Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, бес-оннан да топтанып та жүреді. Олар үш жасында жыныстық жағынан жетіліп, екі жылда бір, 1-6 күшік табады. 30-35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады. ( 2 суретте )
Информация о работе Африка материгінің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі