Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:59, реферат
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген.
Кіріспе .....................................................................................................3
І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4
1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері.............................6
1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8
1.3 Топырағы......................................................................................... 17
ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18
Өсімдік жамылғысы.....................................................................
Жануарлар дүниесі.......................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31
Жылдық жауын шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториалды климат белдеуінде ормандар гумусқа бай күлгінденген латерит топырақтарда өседі. Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамамен 8% алабын алып жатыр.
Африканың тропиктік ылғалды ормандары өзінің түр құрамының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың тропиктік ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады.Өзен атырауларында және толысу кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шығанағында мангр тоғайлары үстем.Шөлейттер шөлдерге ауысады, олар әсіресе, материктің солтүстігінде үлкен алқаптарды алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шөлдер енсіз өңір түрінде материктің бастыс шегін бойлай созылып жатыр және ішінара Калахаридің оңтүстігіне де тән.
ІІ тарау Өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер.
Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман,
40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея
жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың
300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты
болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді).
Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі
бөліктерде банан, папоротникте
Астық тұқымдас саванналар мен селдір
ормандардың астында топырақтардың ерекше
типтері – саванналардың астында қызыл
топырақтар және селдір ормандардың астында
қызыл – қошқыл қоңыр топырақтар қалыптасады.
Ылғалды маусым кезеңінің
5 – 6 айға дейін қысқаруына және жауын
– шашынның жалпы азаюына байланысты
саванна өсімдіктері анағұрлым ксерофильдік
бейнеге ие болады. Шөп жамылғысы сирейді,
әрі арасарады, ағаш тұқымдарының құрамында
аласа, ұшар бастары өзгеше жалпақ қарағандар
белең алады. Бұлар нағыз немесе құрғақ
саванна дейтіндер.
Ылғалдылық кезеңінің ұзақтығы 3-5 айға
созылатын аудандарда нағыз саванналар
кұрғак және тікенекті бұталары мен селдір
қатты шөптердің қауларынa өтеді. Мұндай
өсімдік топтары шөлге айналған саванна
деп аталатын солтүстік жарты шарда, нағыз
саванналардан солтүстікке қарай біршама
енсіз өңір құрады. Бұл өңір 6атыстан шығысқа
қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы
азаятын 6ағытта кеңейе түседі.
Maтepиктің шығысында шөлге айналған саванналар
Сомали түбегін түгелдей алып, экваторға
дейін және одан да оңтүстікке созылып
түсіп, айрықша үлксн алқаптарды алып
жатыр. Шөлге айналған саванналардың топырағы
кызыл-қоңыр. Негізгі жыныстар тараған
жерлерде қара түсті топырақ тараған.
Саваннаның және тропиктік селдір ормандардың
барлық типтері мaтepиктің бетінің 40% дейін
алып жатыр. Африка саванналарының көпшілігі
жойылып кеткен ормандардың орнында пайда
болған деген көзқарас та бар.
Климат және топырақ жағдайлары жөнінен
саванналар тропиктік егіншілікке қолайлы.
Казіргі кезде саванналардың көптеген
учаскелері тазартылған және айдалып
тасталған. Бұл зонада барыншa кеңінен
тараған дақылдар - мақта, жер жанғағы,
жүгері, темекі, сорго, күріш.
Саванналар шөлейттерге өтеді, олар солтүстік
жарты шарда айқын көрінетін, бірақ енсіз
зоналар құрады, ал Онтүстік Африкада
материктің ішкі 6өліктеріндегі біршама
шағын аудандармен шектелген. Шөлейттерде
құрғақ кезең бүкіл жыл бойына дерлік
созылады, жауын-шашын мөлшері 250-300 мм
аспайды. Өсімдігі мен топырағы айқын
ксерофильді сипатта.
Шөлейттердің өсімдігі түр құрамы жөнінен
солтүстік және оңтүстік жарты шарда едәуір
айырма жасайды. Солтүстік жарты шарда
жер 6етін тікенекті бұталар мен аласа
ағаштардың негізінен сұрғыт – жасыл
майда жапырақты қарағайлIардың және жыңғылдардың
селдір тоғайлары жауып жатады. Олардың
ара-арасында қатаң көпжылдық шымды астық
тұқымдастар өседі. Бұлар бұталы-астық
тұқымдасты шөлейт дейтіндер.
Оңтүстік Африканың шөлейттеріне суккулентті
өсімдіктер тән. Олар: алоэ туысының көптеген
түрлері, сүттігендер, жергілікті халық
мал үшін көп жағдайда су орнына жүретін
сулы жемістері бар қарбыз еді. Cондай
– ақ жасмық тәріздес тікенекті өсімдіктер,
қысқa жаңбырлы ашық кезеңде ашық және
әр түсті болып гүлдейтін жуан тамырлы
немесе түйнекті әр түрлі шөптер (құртқа
гүл, лилия, амapaлис) кеңіненІ тараған.
Солтүстіктегі сияқты, мұнда да астық
тұқымдас бұталы шөлейттің учаскілері
бар.
Шөлейттер шөлдерге ауысады, олар әсіресс
мaтepиктің солтүстігінде үлкен алқаптарды
алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шөлдер
енсіз өңір түрінде материктің батыс шетін
бойлай созылып жатыр және ішінара Калахаридің
оңтүстігіне де тән. Шөлдің топырағы жетілмеген,
қаңқалы, кейде бұл айқын құрлымы жоқ сусымалы
құм болып келеді. Сортаң топырақтардың
да үлкен учаскелері кездеседі. Солтүстік жарты шардың шөлдеріндегі
өсімдік азия шөлдерінің өciмдігіне ішінара
жақын. Жанбырдан кейін эфемерлер шығады,
ол қысқа мерзiм ішінде өсіп шығып, гүлдеп
және жеміс беріп, сонымен бірге қайтадан
келесі жаңбырды күтіп бір емес бірнеше
жылға созылатын тыныштық жағдайына келіп
үлгереді. Құмды учаскелерде көпжылдық тiкeнeктi
бұталар өседі. Олар: жантақ, ретам тағы
басқалар. Тастақ шөлдерге қыналар тән,
олар тастардың бетін түгелдей қа6ыршақ
сиақты жауын жатады. Copтаң жерлерде жусан
мен сораңдар кездеседі. Африканың солтүстігіндегі
шөлдерде, Аравиядағы сияқты оазистер
көп, олардың басты өсімдігі - құрма пальмассы.
Африканың оңтүстік – батыстағы шөлдеріне
көптеген эндемика өсімдіктері тән, олардың
ішіндегі ең тамашасы вельвичия, оның
қысқа әрі жуан сабағы және тығыз, жалпақ
жерге сүйретіліп жатқан, ұзындығы 3 м
жететін екі жапырағы болады. Африканың шөлейт пен шөлдері еш жерде
Үнді мұхитының жағалауына дейін жетпейді.
Материктің экватордан oңтүcтiкке қарайғы
шығыс бөлігінің солтүстік жарты шардағы
сәйкес ендіктерде жатқан аудандармен
салыстырғанда едәуір ылғалды болуы себепті
Оңтүстік Африканың шығысын саванналар
мен жапырақ тастайтын ормандар алып жатыр.
Материктің, солтүстік – батыс және оңтүстік
– батысындағы жағалауларда және тау
беткейлерінің төменгі бөліктерінде мәңгі
жасыл қатаң жапырақты бұталардың астында
субтропиктік қошқыл қоңыр топырақ тараған.
Тау беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі
жалпақ жапырақты ормандардың астындағы
топырақ – тау – орманының қоңыр топырағы.
Африканың солтүстік – батыс шет аймағының
флорасының құрамында Оңтүстік Европаның
жақындығы байқалады. Көп доминионының
алабында жатқан материктің оңтүстік
– батысы африканың қалған бөлігінен
үлкен түр өзгешелігімен ерекшеленеді.
Өзінің сыртқы көрінісі жағынан Оңтүстік
Европалық немесе Солтүстік Африкалық
маквиске жақын бұта қaулары семьялық
тұрғысынан протейн, вepeск т. б.тұкымдастарға
жататын эндемик туыстар мен түрлерден
тұрады. Олар көбіне түкті болып келеді
(ысалы күміс ағаш) және жпырақары сұрғылт
немесе көгілдір реңді болып келеді. Шөптесін
өсімдіктердің ішінде әсіресе лала гүлдер,
құртқа гүлдер, амариллистер тұқымдастарынан
баданалылар және тамыр сабақтылар жиі
кездеседі.Африканын сондай-ақ климаты
субтропиктік, бірақ ылғалдануы анағұрлым
бір қалыпты қиыр оңтүстік-шығысында табиғи
өсімдік жамылғысында субтропиктік қызыл
топырақта темір ағаштан , сары ағаштан
, кап үшкір жапырақтысынан, ағаш типтес
папоротниктен, алып шөптерден (мысалы,
стерлийий) тұратын мәнгі жасыл ормандар
басым. Жағадан шалғай және сондыктан
да неғұрлым құрғақ таулы үстірттерде
қызғылт қара түсті топырақтар (ол негізгі
вулкандық жыныстар кеңінен тараған аудандарда
қара түсті топырақпен алмасады) субтропиктік
далалардың шөпті астық тұқымдас өсімдігі
басым.
Кап флорасы дүние жүзіне
әдемі гүлдейтін көптеген әр түрлі сәнді
өсімдіктер берді, бірақ тағамдык өсімдіктер
Африканың оңтүстік бөлігіне Европадан
әкелінген. Көбінесе олap Европалық Жерорта
теңізі алқабына тән дақылдар: цитрустар,
жүзім шыбығы бидай және баска астық тұқымдастар.
Мадагаскар аралы флорасы жөнінен Африкаға
қарағанда біршама ерекшеленеді, өйткені
ол материктен әлдекашан бөлініп кеткен-ді.
Ол флорасының кұрамы жөнінен Африкадан
Азияға өтпелі жағдайда және онда эндемик
түрлер көп (шамамен 75%). Жауын-шашынның
солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа
карай азаюына байланысты Мадагаскардың
өсімдік жамылғысы да өзгереді: шығыс
жағалауда және таулардың шығыс беткейлерінде
ылғалды тропиктік ормандар басым, олар
батысқа карай саваннамен және селдір
орманмен, ал оңтүстік-батыстағы үстіртте-кұрғак
бұталы даламен алмасады. Африка үш флоралық
доминионды (әлемді) алып жатыр. Оның солтүстігі
Caxapaны қоса Голарктикаға қараса, материктің
негізгі бөлігі, экватордан оңтүстікке
және солтүстікке қарай Палеотропикаға
жатады, материктің онтүстік бөлігі, Оранжевая
өзенінен оңтүстікке қажет дербес Кан
флоралық әлемін құрайды. Африканың солтүстік бөлігі флорасының
қалыптасуы Oңтүстік{ Европа мен Батыс
Азия флорасының қалыптасуымен бір мезгілде
жүрді. Ол түпкілікті түрде жоғарғы ендіктердегі
мұз басудан соң климаттық мұз басудан
кейінгі ауытқулардың әсерімен құрылды.
Палеотропикалық әлем флорасы материк
алабындағы анағұрлым ежелгі флора болып
табылады және де оның құрамына Австралиямен
байланыс әсер етті. Австралиямен ортақ
элементтерге ағаш тәріздес папоротниктер
мен кейбір протейн тұқымдастар жатады. Оңтүстік Америкамен және Азиямен байланыс
кейінірек үзілді, Африканың флорасьнда
осы материктердің өсімдіктерімен ортақ
жабық тұқымды өсімдіктердің туыстары
мен тұқымдастарының едәуірі бар.
Жылдық жауын
– шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториалды
климaт белдеуінде ормандар гумусқа бaй
күлгінденген латерит топырақтарда өседі.
Ылғалды тропиктік ормандар материктің
шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Олар Kонго
бассейнінде экватордан солтүстікке қарай
4˚с.е. дейін және экватордан оңтүстікке
қарай 5˚о.е. дейін тараған. Сонымен қатар
ормандар Гвинея жағалауын шамамсн 8˚с.е.
дейін алып жатыр.Өзен атырауларындa және
толысу кезінде су басып кететін жағалауларда,
әсіресе Гвинея шығанағында мангр тоғайлары
үстем. Алғашқы жаңбыр ормандары Конго қазан
шұңқырының тек орталық бөлігінде сақталған,
басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан
солтүстікке қарай оларды аласа, қайта
шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының
солтүстік шекарасы маңында ормандар,
бәлкім, орман өсімдігі үнемі өртеп отырудың
нәтижесінде өз орнын саваннаға берген
болар. Ариканың ылғалды тропиктік ормандары
өзінің түр қүpaмының байлығы мен алып
жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың
трониктік ормандарына қарағанда біршама
кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын
алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы
(llaeis guil1eensis), шарап пальмасы (Rhaplhia), сейба
(Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы
басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда
банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия
кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың
ішінде ерекше орынды ағаш тәрізді каучукты
лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг
пальмасы (Calamus) және басқалар кездеседі.
Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан
көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік
өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi –
зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан)
және азық-түліктік (тұқымдарынан) май
бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла
береді және сондай-ақ маргаринге қоспа
ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы
тропиктік елдердің плантациялық дақылы
ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен,
қатар Малайя архипелагының аралдарына
кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан
әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары,
какао ағашы, каучук көп жерде табиғи өсімдіктерді
ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар
баннан, маниок, батат өсіреді.
Африка көгалды алқаптары халықтарының басты тіршілік көзі- құрма пальмасы. Пальма- көлеңке, азық, құрылыс материалы, бір сөзбен айтқанда, шаруаға қажетті нәрсенің бәрін береді.
Құрма пальмасы кәдімгі ағаштарша, бұтақта өскен жас шыбықтарды отырғызу арқылы өсіп- өнеді. Оларды жерге отырғызып, жақсылап суарады, бірсыпыра уақыттан кейін тамырлап пайда болады. 4-5 жылдан соң пальма жеміс бере бастайды, ал 11 жылда толық өсіп жетіледі. Бір ағаш жылына 40 килограмм, кейде одан да көп жеміс береді, жеміс беруді шамамен жүз жыл бойына жалғастырады.
Пальма жапырағынан созылмалы, серпінді себет пен төсеніш тоқиды, ал талшықтарынан жіптер мен арқандар өседі. Ғасыр бойы өсіп, қурай бастаған ағаш бұтақтары үй құрылыстарын салуға пайдаланады.
Кептірілген құрмалар бірнеше жыл бойы сақталады. Олар африкалықтардың тамағының ең бастысы болып табылады, сондықтан оларды шөлдің наны деп атауға болады.Африканың тропикалық белдеуінде нан ағашын өсіреді. Үлкендігі адамның басындай ағаш жемісінің іші тұқымсыз жұмсақ, шырынды, дәмді затқа толы, жемісі тура ағаштың діңінде немесе жуан бұтағында өседі.
Нан ағашының
жемісі крахмалға бай, оны
Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға
созылатын астық тұқымдас саваналарда
биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық
тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum
purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл
тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың
арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа
digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы
сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке
қарай астық тұқымдас саванналар шамамен
12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда
астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым
кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында
олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін
созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен
қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын
жапырақтарын тропиктік селдірормандар
кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында
олар өсімдіктердің басқа типтерімен
қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке
қарай ұшырасады.
Африкада жануарлар өте көп және алуан
түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға,
әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға
тән жануарлардан африка піл, керік, зебр,адам тәріздес
маймылдар – шимпанзе мен горил
Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекше байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қәзіргі ла ндшафтық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді. Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысықтар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекендейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қояндар, қосаяқтар), жабайы кроликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, тікен қүйрық қаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түрлері, Африка кобрасы тән.
Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді. Cолтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы, дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын - тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді. Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. Cолтүстік Африканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , ол ормандар мен бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.
Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегіртке көп зиян келтіреді, олардың жиі-жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян үлкен қауіп туғызады.
Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі. Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде ең ірі бөкендер - гнулардың табындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.
Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге aйнaлғaн жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі - қуғыншылардан құтылудың бірден-бір ғана айласы. Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте саванналар мен далаларда африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды. Кей жерлерде африка пілдері сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда олар мүлде құрып кеткен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер – аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір пілдер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының тирриторияларында тіршілік етеді. Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге - ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған.
Африканың әр түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақ жабайы шошқаларды еті мен терісі үшін аулайды.
Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады. Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстандар мекендейді. Олар екі түрге - берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар экватордан солтүстікке қapайғы аймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік құрып бiткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кіриейді десе де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шие бөрі, қабылан, гепард, қарақал, сервал кең тараған. Виверра тұқымдарының бірнеше өкілдері кездеседі.
Tаулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын маймылдар көп. Олар нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан гверецылар бар. Олардың көптеген түрлері қоңыр салқын тау климатына бейімделген, ал ойпаттардың жоғары темпеpaтypаcын көтере алмайды.
Кемірушілердің,
тышқандар мен тиындардың
Cаванналарда құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, мaрaбy, ткач, өте қызық құс - секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.
Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегіден аз емес; олаp көбінесе сол ттыстар мен түрлерден тұрады. Әр түрлі кесірткелер, жыландар, құрлық тасбақалары көп. Бұл өңipге хамелеонның бірнеше түрі тән. Өзендерінде крокодил жүреді.
Насекомдардың
фаунасы бай және сан алуан.
Олардың ішінде әсіресе
Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістіктеріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда қоректілер анағұрлым аз, демек онда жыртқыштар да көп емес. Opман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әpi сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сндай-ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан, шие бөрі , және виверралар кездеседі. Кемірушілерден шашау құйрық жайра мен тікен құйрық ұшар кең тараған. Oрмандардағы маймылдар сан аалуан, әpi олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп-ақ. 10с.е. пен 10о.е. арасындағы Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының - шимпанзе мен горилалардың мекені болып табылады. Олардың әркайсысының екі-үш түрі кездеседі. Батыс рифті зонасының тауларында сирек кездесетін және аз зсрттелген тау горилалары тұрады. Материктің ормандары фаунасының құрамында сондай-ақ лемурдың екі түрі бар. Ормандардың орнитофауналарының сипатты өкілдері - тотының бірнеше түрі, банан жегіштер, әдемi қауырсынды және ашық түсті орман сасық көкектері, құртқандай нектарналар, африка тотысы тағы басқалар. Кесірткелер мен жыландар көп, өзендерде талпақтұмсық, крокодилдер мекендейді. Қос мекенділердің ішінде әсipecе бaқaлардың түрі сан алyaн.
Информация о работе Африка материгінің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі