Африка материгінің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:59, реферат

Краткое описание

Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4
1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері.............................6
1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8
1.3 Топырағы......................................................................................... 17
ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18
Өсімдік жамылғысы.....................................................................
Жануарлар дүниесі.......................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

АФРИКА курсовой.doc

— 622.00 Кб (Скачать документ)

    Фундамент шығып жатқан облыстарда пайда болған тұғырлық жақпарлы үйінді таулар мен таулы қыраттары:

   Шөгінді жыныстар мен вулкандық жамылғылар тараған облыстарда пайда болған төрткүл таулар:

   Жарық жүйелеріне шоғырланған вулкандық таулар мен вулкандық үстірттер:

    Жас иіндер мен рифтік зоналардың түптеріндегі аккумуляциялық жазықтар.

Қап таулары қазіргі рельефте айқын  көрінетін қатпарлы құрылымы бұрыннан сақталған өте сирек кездесетін жаңғырған таулар типіне жатады.

   Атластық облыс құрамына герцин құрылымдары кіреді. Бұл құрылымдарды мезо-кайнозой қозғалыстары қайта өңдегені соншалық, оларды Жерорта теңізінің қатпарлық аймағының бір бөлігі деп қарайды.Әлдеқайда көне бұл құрылымдар Атлас облысының орта және оңтүстік бөлігін алып жатса, оның солтүстік тізбектері негізінен миоценнің соңғы, плиоценнің бас кезінде пайда болған құрылымдар болып табылады.  Облыс шегінде мынандай морфоқұрылым типтері бар: қатпарлы және қатпарлы жақпарлы орта және биік таулар, вулкандық таулар, платформаның оқшауланған учаскелерінің жақпарлы массивтері, тегістелген және шөгінді жыныстармен жабылған палеозой құрылымындағы тауаралық иіндердің аккумуляциялық жазықтары. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады

 

                         1.2  Климаты, ішкі сулары

 
      Африка - жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.  
      Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер - Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.  
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.  
Матернктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді. Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданныңсолтүстігінде 35– 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағыыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.Жер беті деңгейіндегі орташа температурасы Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады. Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай туғызады.  
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с.с. және 20˚о.е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады. Январьда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі.  
Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.  
Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.  
Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай көп ығыстырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді.  
      Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден салыстырмалы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды. Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйісетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі.  
Июльде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оңтүстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс циркуляциясы жағдайында қалып қояды. Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал батысында 18˚ с.с. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жауын-шашын ала келеді.  
Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады.  
Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск Кап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әрекет тән. Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С), сонымен бірге ең жоғары максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.  
Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді. Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын конвективтік жаңбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5˚с.с. псн 10˚о.е. аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында) Камерун массивінің басым оңтүстік-батыс жерлеріне қараған беткейлеріне түседі. Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланысты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөлшерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-батыста оның түсу максимумы - қысқа, ал oңтүстік-шығыста – жазға келеді.  
Осы көрсетілген заңдылықтардың арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Экваторлық климат белдеуі Конго бассейнінің едәуір бөлігін шамамен 5˚с.с. пен 5˚о.с.apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалауын 7–8˚с.с. дейін қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады. Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын көрінеді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстемдік ететін оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп - Камерун массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты температуралар (+240-280С), буланудан 1,5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Африканың экваторлык, бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді. Жауын-шашынның жылдық орташа молшері Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с.е. дейін жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстікте 20˚ о.е. дейін жуықтап барады. Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең.  
Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді. Солтүстік жарты шардың субтропиктік 6елдеуі алабындағы жеткіліксіз ылғалданатын барынша қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада тропиктік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыстық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температура +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді.  
Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады. Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады. Солтүстік жарты шардағы ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20-25 есе асып түссді.  
Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қазан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс әсерімен байланысты.

         Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия менОңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері– Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса,Рудольф, Чад.

          Жылдық ағынның  жалпы жөнінен  5400 км  Африка  Евразия мен Оңтүстік Америкадан кейін үшінші орын алады, ал қабатының қалыңдығы 180 мм)жөнінен Австралия мен Антрактидадан басқа барлық материктерден кейін тұрады. Африка материгінің басты суайрығы  оның ең көтеріңкі солтүстік шетімен өтеді, сондықтан жер беті суларының 1,3 – нен астамы Атлант мұхитына, 1,6 ғана Үнді мұхитына, одан да азы Жерорта теңізіне ағып шығады. Африка жері бетінің 1,3 жуығының шамамен 9 млн. мұхитқа ағыны болмайды, тек ішкі бассейндерге жатады немесе беткі ағыны мүлде болмайды.

      Материк терреториясында жер беті сулары өте ала-құла таралған, сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген бөлігіндегі жауын- шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады. Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы. Өзендер мен көлдердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның үлесіне тиеді. Экватор бойы аудандарындағы өзендердң су шығыны жыл бойына біркелкі болып келеді, минимумдары аныө білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға байланысты басты максимумдық кезеңдері болады. Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазғы максимумен және соған сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын өысөыы максимумы болады.

        Су шығынының жаздық және қыстыө максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм қалған ұлаңғайыр территориялар жатыр. Бұл- солтүстік жарты шарты шардағы Қалахаридің едәуір бөлігі,бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта-текте кездейсоқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.

         Африканың қазіргі қуаңшылық  облыстарына құрғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл-мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың болғандығын көрсетеді.  Соңғы плювиальді кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың  жоғарғы ендіктерінде соңғы мұз басу дәуіріне сай келген. Африканың барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерулердің нәтижесінде пайда болған тау    жоталарымен және тау үстірттерін мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор  қазан шұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден көптеген өзен аңғарларында эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады, олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінң транспорттық маңызын қатты төмендетеді.Африканың көлдік қазан шұңқырларының едәуір бөлігі тектоникалық процестерден пайда болған.Африканың ең ұзын өзені- Ніл 6671 км, оның бассейнінің ауданы – 2870 мың км. Асуандағы орташа шығыны 2600м/с құрайды, бірақ әр жыл сайын 500 м/с –тен 15 мың м/с-ге дейін ауытқып тұрады. Бассейннің табиғат жағдайларының ерекшелігі, гидрографикалық режимінің сипаты және оның аңғалдарында тұратын халықтардың өміріндегі маңыздылығы жағынан ол дүние жүзінің ерекше және тамаша өзендерінің бірі. Нілдің бастауы болып экватордан оңтүстікке қарай орналасқан, Шығыс Африка массивтерінің бірінен 2000м астам биікте басталатын жіне Виктория көліне құятын Кагеру өзені есептеледі. Ол көлден шыққанда Виктория – Ніл деген атпен шығады да, Киога көлін басып өтіп, Альберт көліне құяды оның былайғы жағы Альберт – Ніл деп аталады. Ағынның бүкіл осы бөлігінде өзен таулық сипатта болады, ол ерте шоңғалды және бірнеше  сарқырамалар жасайды. Оның ең ірі сарқырамасы- Мерчисон 40м биіктіктен құлайды.Таулы қырат алабынан өзен Бахр- әл Жебел деген арабша атпен шығып өзен аумақты да жайпақ қазан шұңқырға енеді. Оның ағасы баяулап, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Ағысының осы бөлігіндегі ең ірі тармақтары- Бахр- әл- Ғазаль мен Собат. Таудан аққан Собаттың суы лайлы,сарғыш, құрамында сапырылыстан материал көп. Көгілдір Ніл Ақ Нілге қарағанда анағұрлым  қысқа,  бірақ хартумнан төменде Нілдің режимінің қалыптасуында ол үлкен роль атқарады. Көгілдір Ніл Тана көлінен ағып шығып, басын Эфиоп тау қыратынан ол өзінің соңғы мол суы Атбару саласын алады.Оның құйылысынан төменде Ніл қатты құм тастардан тұратын үстіртті кесіп, біраз шоңғалдарды басып өтеді.Хартум мен Асуанның арасында не бары алты шоңғал бар

       Ніл-  Солтүстік Африканың өз суын  Жерорта теңізіне дейін жеткізетін  бірден бір өзен және сусыз  шөлдегі өмір арқауы болып табылады.Нілдің тұрақты арна ағысы оңтүстікке таман жатқан облыстарда  түсетін және оның бастауларын қоректендіріп тұратын жауын- шашынға байланысты. Ақ Ніл экваторлық белдеуден басталып, жыл бойына жауып тұратын жаңбырлардан қорек алады. Бастауында оның деңгейлі өте жоғары әрі айтарлықтай тұрақты, өйткені оны көлдер реттеп тұрады. Жоғарғы Ніл қазан шұңқыры  алабында судың едәуір бөлігі булануға шығындалады да, Хартумның төменгі жағында Нілдің қоректеуіне Көгілдір Нілге қарағанда Ақ Ніл аз роль атқарады. Көгілдір Ніл Эфиоп таулы қыратына жазда жауатын жаңбырдан мол су әкеледі жалпы шығынның 60-70 %. Осы кезеңдегі төменгі деңгейдегі шығынға қарағанда шамамен 5 есе асып түседі. Ніл төмендегі ағысында кең жайылады да, аңғарды түгелдей басады. Каир маңында су 8 метрден астам көтеріледі. Нілдің Эфиоп таулы қыраттарынан аағып шыққан салалары су жайылған кезінде шөгіп қалатын көп дай әкеледі. Алып Асуан плотинасы салынғанға дейін көптеген шоңғарларға байланысты. Нілден көктей өтетін кеме жолы болмайды. Шоңғалдар шоғырланған ауданда жыл бойына тек қайықтармен ғана тікелей өту мүмкін болады. Кеме тұрақты  жүру үшін Хартум мен Жуба, Асуан  мен  Каир мен Ніл сағасы аралағындағы учаскелер пайдаланылады. Нілде су шығынын жыл бойына бір қалпты реттеп тұратын бірнеше плотиналар мен бөгендер салынды. Таяудағы уақытқа дейін мақта алқаптарын суландыратын ең ірі жүйе- Асуандағы су торабы болып есептелінді. Бірақ осы ескірген гидроқұрылыстар маңызды шаруашылық проблемаларын – егіс көлемін ұлғайту, арзан энергия  алу және т.б. проблемаларды шеше алмады. Африка өзендерінің ішінде өзінің ұзындығы  жағынан 2 –ші орынды Конго алады. Бірақ бассейнінің ауданы мен суының молдығы жөнінен  Конго Африка  бойынша бірінші орында және ол дүние жүзі бойынша Амазонкадан кейінгі 2-ші орында тұр.Конгоның бастаулары болып Луалабу мен Чамбезн өзендері есептеледі. Өзеннің  ұзындығы  1 ші бастаудан -4320 км, 2-нен 4700 км.Бассейннің ауданы- 3.7 млн.км жуық . Конго мен оның салаларының жоғарғы ағысы шеткі үстірттер мен тауларды кесіп өтетін жіне шоңалдары сарқырамалары өте көп. Өзен экватор маңында зерттеуші Cтенлидің есімімен аталатын жеті сарқырама құрайды.Стенли сарқырамаларымен Конго орта ағысында, қазан шұңқыр алабында кең аңғарды бойлап жайбарақат ағады. Өзеннің арнасы кей жерде көлденеңінен 20км-ге жететін көл тәріздес кеңінен аңғарлар құрайды.Ағысының осы бөлігінде Конго өзінің ең ірі салаларын қосып алады. Конго төменгі ағысында кристалды массивті жарып өтіп, қайтадан сарқырамалары дегенсоң Конго кеңейеді және өте тереңдеп кетеді (70 м дейн). Сағаға жеткенде өзен тарамдарға бөлініп, жалпақ әрі терең эстуариймен аяқталады.  Атлант мұхитында Конгоның арнасы су асты атызы түрінде жағалаудан 150км қашықтықта жалғасып кете бермек.  Конго алып шығатын ұлаңғайыр су массиві мұхит  суын бірнеше километр бойына тұщыландырады.

       Конго ағыныныңа уқымдылығы бассейннің экватор маңайына орналасуымен және өзеннің жауын-шашын максимумы жылдың әр кездеріне келетін солтүстік жарты жағынан салалар алумен  түсіндіріледі. Солтүстік салалар судың негізгі массасын Конгоға наурыздан қарашаға дейін әкеледі. Конгода шығын бірте-бірте ұлғая түсіп, максимум  оңтүстік жарты шардағы жаңбырлармен байланысты болғандықтан ақпан, сәуірге тура келеді. Конго жайылған кезінде орта ағысында жағадан шығып кетеді де қазан шүңқырдың тегіс бетін бірнеше жүздеген шаршы километр бойына басып кетеді. Ең аз шығын кезеңінде де Конгоның, оның салаларының  су деңгейі өте жоғары болады. Конго бассейнінің барлық өзендерінде су энергиясының мол қоры бр, бәрақ ол аз мөлшерде ғана пайдаланылады. Қазбалы байлықтар өндірілетін маңызды аудан- Катангада бірнеше су электр станциялары салынды Конго мен оның   тармақтарының кеме қатынасының маңызы шоңғалдар мен сарқырамалардың көптігіне байланыст ы тым төмен. Сөйте тұрса да,Конго жүйесінде 40-қа жуық кеме жүзетін  өзен бар, ал кеме жүзетін жолдардың ұзындығы 14 мың км-ге жетеді. Конгоның кеме жүзуге жарамды ең үлкен бөлігі Киншаса мен Кисанганидың аралығы болып табылады. Өзеннің төмеңгі ағысында, шоңғалда учаскелер мен сарқырамаларды айналып өтетін темір жолдар салынған. Нигер өзені ұзындығы және бассейнінің ауданы жөнінен Конго мен Нілден тұрады, сөйтсе де жер шарындағы ірі өзендердің қатарына жатады. Нигердің қзындығы- 4 160 км, бассейнінің ауданы- 2 млн. кв м. Оның жылдық орташа шығыны Нілдің шығынан едәуір басым түседі, 12 000 м куб /с.  Нигер солтүстік Гвинея қыратына, 900 м биіктіктен басталады. Гвинея шығанағына құярда өзен  орасан зор атырау жасайды. Нигердің ірі саласы- Бенуэ оған төменгі ағысында сол жағынан келеді де, орта ағысында шоңғалды болып келеді де орта ағысында жазықтық сипат алады.

       Өзен  режимінің ерекшеліктері оның  жоғарғы және төменгі ағыстары  жауын- шашынға бай облыстарда  жатуымен  байланысты, ал орта  ағыс бассейні қатты құрғақтығы  және күшті буланатындығымен  сипатталады.  Нигердің төменгі  ағысында  екі рет, ал орта  және жоғарғы ағыстарында бір реттен болады. Жоғарғы ағысындағы  тасқын жазғы жауын-шашынға  байланысты болады да маусымнан бастап, қыркүйекке  дейін жалғасады, ол өзен ағысын бойлап төмен  қарай жайылады. Орта ағысында деңгей бірте-бірте көтеріледі, Нигер жайылып, су негізгі арна ағысымен қосарлана жүретін көптеген тарамдар мен құрғақ арналарды толтырады. Климаттың құрғақтығына байланысты орта ағысында көп  су булануға жұмсалады, ал төменгі ағысына бұл тасқын әлсіреген түрде ақпанда беріледі. Сонымен қатар төменгі ағысында бұдан басқа жазғы жауын-шашынға байланысты және бір тасқын болады.Сахараның  шекарасында Нигердің жер суару үшін үлкен мәні бар: онда бірнеше бөген, канал салынған және ірі күріщ егетін аудан құрылған.

       Замбези-  Оңтүстік Африканың ең ірі өзені  және материктің Үнді мұхитына құятын өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Оның ұзындығы- 2 660 км, бассейнінің ауданы-1 330 мың км куб. Замбезидің жылдық  орташа шығыны орасан зор (19 000 м куб/с): ол Нигердің шығынан 1,5 есе асып түседі және Нілдің орташа шығынан әлденеше есе асып жатады. Замбези басын Конго- Замбези суайрық үстіртінің 1000 м биіктігін алады. Өзен өз жолында жайдақ қазан шұңқырлар мен оларды бөліп тұратын тау үстірттерін кесіп өтіп, көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар құрайды. Замбезидегі ең ірі сарқырамалардың бірі- Виктория – оның биіктігі 120 м, ені 1 800 м. Су өзеннің арнасына кесе-көлденең жатқан базальтты шатқалға құлдырай құлайды. Құлаған судың бірнеше километр жерге жететін құлақ тұндырар шулы және шапшыған судың   ақ түнек бүркіндісіне бола сарқыраманы жергілікті тұрғындар бейнелі түрде – «күркіреуік түтін» деп атап кеткен. Виктория сарқырамасы ауданында Кариба су электр станциясымен бөгені салынған.Шире өзені арқылы Замбезиге Ньясы көлінен ағып шығады. Замбезиде су оңтүстік жарты шардың жазында тасиды. Құрғақ қысты кезеңде өзендегі су деңгейі күрт төмендейді.

 

                                       Африка ішкі сулары ( 3 сурет )

                                        1.3   Топырағы

 
      Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді, тұтас орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды. Бірте – бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының ықпалымен жүреді. 
      Алғашқы жаңбыр ормандары Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде сақталған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүстікке қарай оларды аласа, қайта шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсімдігі үнемі өртеп отырудың  нәтижесінде  өз орнын саваннаға берген болар.

     Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады.

Информация о работе Африка материгінің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі