Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 14:09, реферат

Краткое описание

Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Статистика.docx

— 60.82 Кб (Скачать документ)

Кейбір жағдайларда кестенің бағаналары көп болатын болса, онда бастауышты әріппен, ал баяндауышты санмен көрсетеді. Еске сала кететін бір жай, кестенің бастауышы мен баяндауышы өте  көп болып берілмеуі керек. Себебі, кестенің көлемі неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, керекті көрсеткіштерді жеке кесте арқылы көрсетуге тырысқан жөн.

Егер көрсеткіштері жоқ болса, онда кестеде "-" сызықша белгісі, ал толтырылмайтын тор пайда болса, онда "X" әрпі қойылады.

Берілген сандық көрсеткіштерді бүтін  санға айналдыруға тура келсе, онда ол барлық жолдар мен бағаналарда  бірдей болуы керек.

Кестеде есептелінген мәліметтер берілген болса, онда түсіндірме , ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.        

 

 

Қорытынды

Статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының алдарына қойған жеке мақсаттары мен қолдану тәртіптері бар.

Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты  біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтау үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: 1) алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тән сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтау белгілеріне сай топтардыанықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Статистикалық топтау әдісі қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің бірі алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа болу белу керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтау әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін сандық және сапалық белгілері бойынша ретке келтіріп, зерттелетін көрсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл бөлінуі қажет. Себебі, топтау бөліктері неғұрлым көп болатын болса, онда жиналған мәліметтер де (соғұрлым дұрыс бөлінеді. ) Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кесте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін. Олай болса, топтау дәлділігіне аздап нұқсан келетініне қарамастан, қайткенде де үлкен топтар құруымызға тура келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым