Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 14:09, реферат
Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.
Алматы облысы |
Жамбыл облысы |
||
Ұжымшарларды 100 га пайдалы жерге келетін сиырлар бойынша топтау |
Әр топтағы ұжымшарлардың үлесі, % есебімен |
Ұжымшарларды 100 га пайдалы жерге келетін сиырлар бойынша топтау |
Әр топтағы ұжымшарлардың үлесі, % есебімен |
5-ке дейін |
14 (4+10) |
5-ке дейін |
12 |
6 – 10 |
6 – 10 |
35 | |
11 – 15 |
11 – 15 |
28 | |
16 – 20 |
21 және одан жоғары |
5 | |
21 және одан жоғары |
2 |
||
Барлығы: |
100 |
Барлығы: |
100 |
Екі облыс бойынша көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін, яғни деңгей аралықтарының мөлшерін бірдей жүйеге келтіру үшін, Алматы облысының көрсеткіштері Жамбыл облысының топтық көрсеткіштеріндей етіп қайта топтастырылады және статистикалық қорытынды талдау жасау үшін толық мүмкіндік туды.
Демек, статистикалық қайта топтау әдісі – қоғамдағы болып жатқан құбылыстар мен процестерге сипаттама беру үшін, бір-бірімен салыстыру үшін және оған экономикалық қорытынды талдау жасау үшін қолданылатын зерттеу
кезінің екінші сатысы болып саналады.
2.1 Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік
Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың
және топтаудың қорытынды
Бірақ, әрбір жасалынған кесте түгелдей статистикалық кесте деп таныла бермейді. Статистикалық кестенің басқа кестелерден айырмашылығы сол – онда жинақталған мәліметтерге толық мазмұндама беріледі және бір немесе бірнеше жиынтығын қорытындылайды.
Статистикалық бақылау кезінде қолданылып жүрген кестелеріміз бірден өмірге келе қойған жоқ. Бірінші рет кестенің дамуы мен қолданылуы туралы еңбек жазған орыстың географы және статистигі И. К. Кириллов болды. Ол 1727-жылы жазған "Ресей мемлекетінің гүлдену жағдайы" деген еңбегінде әрбір облыстың және мемлекеттің жеке сандық көрсеткіштерін кесте түрінде көрсете білген.
Сонымен, статистикалық кесте дегеніміз – сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Оның негізгі бөліктері мен элементтері төмендегі үлгіде көрсетілген:
Кестенің аты (жалпы басқы аты)
Бастауыштар |
Баяндауыштар | ||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
Бағана нөмірлері Кесте жолдары |
Жол аттары |
|||||
Кесте бағаналары |
Статистикалық кесте деп көлденең
және тігінен сызылған сызықтардың
бір-бірімен сәйкесті қиылысуын айтамыз.
Көлденеңінен сызылған сызықты "жол",
ал тігінен сызылған сызықты "бағана"
деп атайды. Егер де жол мен бағана сансыз
мәліметтер арқылы тек сөзбен берілетін
болса, онда ол статистикалық кестенің үлгісі
(макеті) болып табылады, ал үлгіден
(макеттен) осы жазылған сөзді алып тастайтын
болса, онда ол сызылған тор сызық кестенің
қаңқасы болып қалады.
Статистикалық кестенің негізгі ерекшелігі сол – ондағы барлық көрсеткіштерге бір-ақ ат беріліп, қысқаша ғана не туралы екендігі баяндалады және қай жерде, қай уақытта болғандығы көрсетіледі. Сонымен бірге, әрбір
жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішінде пайда болған тор сызықтарға сандық мәндері жазылады.
Статистикалық кестенің екі элементі:
бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш
дегеніміз – зерттелетін
Баяндауыш дегеніміз – зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.
Егер де бастауыштың көрсеткіштері баяндауыштан көп болатын болса, онда олардың орындарын ауыстыруға, яғни бастауышты бағаналарда, баяндауышты жолдарда көрсетуге болады. Ондай жағдайда бастауыштың
көрсеткіштерін бір бетте көрсете аламыз.
2.2 Статистикалық кестенің түрлері
Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді.
Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, құбылыстар, объектілер аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз. Жай кестенің үш түрі болады. Олар: тізімдік, территориялық және хронологиялық (мезгілдік).
Тізімдік жай кесте
8-кесте
Қазақстан өнеркәсіп орындарының негізгі өнімдері
Өнімнің түрлері |
Өндірілгені |
1995 жыл 1985 жылмен салыстырғанда, % есебімен | |
1985 |
1995 | ||
Мұнай, мың т. Газ, млн.м2 Көмір, млн.т. Электр энергиясы Млн.квт.с. |
22839 5456 131 81263 |
25388 6710 139 89657 |
111,2 123,0 106,1 110,3 |
Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның, облыстың) тізімі берілген болса, онда оны аймақтық жай кесте деп атайды. Оған мысал ретінде төмендегі 9-кесте:
9-кесте
Қазақстан Республикасының облыстары бойынша қазақтар саны (мың адам)
Облыстар |
1979 |
1989 |
1995 |
Қазақстан Республикасы Оның ішінде: Жамбыл Қызылорда Оңтүстік Қазақстан Атырау |
5289,4
410,4 428,0 797,8 370,0 |
6534,6
507,3 512,0 1012,3 339,0 |
7073,1
563,5 546,0 1107,6 358,9 |
Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, тоқсан, ай, күн), ал баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз (10-кесте):
10-кесте
Қазақстан халқы санының өсуі (мың адам есебімен)
Жылдар |
Жалпы халық саны |
Оның ішінде; % есебімен | |
қалада |
ауылда | ||
1913 |
5597 |
10 |
90 |
1920 |
5400 |
7 |
93 |
1926 |
6025 |
9 |
98 |
1939 |
6083 |
28 |
72 |
1959 |
9291 |
44 |
56 |
1970 |
13009 |
51 |
49 |
1979 |
14684 |
54 |
46 |
1989 |
16537 |
57 |
43 |
1995 |
16468 |
57 |
43 |
Көп жағдайда уақыт мерзімі кестенің бастауышында емес, баяндауышында көрсетілетін болса, онда ол хронологиялық жай кесте болмайды. Мысалы, кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уақыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, онда оны хронологиялық тізімді кесте дейміз. Оған мысал ретінде төмендегі 11-кесте келтірілген.
11-кесте
Облыстар бойынша қант-шекер өндіру көрсеткіштері (мың тонна)
1970 |
1975 |
1980 |
1985 |
1990 |
1995 | |
Қазақстан республикасы оның ішінде: Алматы Жамбыл Талдықорған |
1762
268 772 722 |
1673
164 590 719 |
2716
533 1367 816 |
3373
512 1829 1029 |
3373
631 1726 1416 |
3814
644 1746 1424 |
Демек, жоғарыда көрсетілген жай
кестелердің өзі көптнген қызықты
мәліметтер беріп, белгілі бір қорытынды
жасауға тікелей көмегін
Топтық кесте. Кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз. Яғни, топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады (12-кесте ):
12-кесте
Халық шаруашылығы салаларында жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан мамандардың саны (мың адам)
1970 |
1980 |
1985 |
1990 |
1995 | |
Барлығы Оның ішінде мамандықтары бойынша: Өнеркәсіп және құрылыс Ауыл шаруашылығы Экономика және құқық Мәдениет және өнер |
275
67 40 19 02 |
386
106 55 24 02 |
448
131 62 35 03 |
420
110 58 36 03 |
431
114 61 36 063 |
Кестеде көрсетілген мәліметтерден оның бірнеше жоғары оқу орындары бойынша алынғандығы және түрлі сала мамандарының дайындағандағы айқын аңғарылады. Мысалы, ауыл шаруашылығы институтын бітіріп шығып, еңбекке араоасқагмамндардың өздері бірнеше салаға бөлінуін байқауға болады.
Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойынша жеке бөліктерге бөлінелі.мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады. Сондықтан құрама кестенің негізіне құрама (күрделі) топтау жатады (4.5-кестені қараңыз).
Кесте құрастырудың өзіне тән негізгі ережелері бар: кестенің жоғарғы жағында оның нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда, бір өлшемнің ғана аты берілген болса, онда оны кестенің жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері әр түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет.
Информация о работе Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым