Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 09:13, реферат
Динамикалық қатарлар деп статистикалық көрсеткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық динамикалық қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылыстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекетіміздің басқару орындарында динамикалық қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.
Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері
Динамикалық қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері
Динамикалық қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу
Қолданылған әдебиет
Тақырыбы: «Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар»
Жоспар:
Қоғамдық құбылыстар мен процестер
әрқашанда даму немесе кему үстінде
болады, сол себепті әрдайым өзгеріп
отырады. Мысалы, халықтың саны мен
оның құрамы, өндірілген өнімнің көлемі,
еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы
мөлшері және т.б. көрсеткіштер уақытқа
байланысты өзгермелі болады. Сондықтан
статистиканың алдына қойған басты
міндеттерінің бірі – республика
өміріндегі құбылыстар мен процестердің
уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу
болып табылады. Оны динамикалық
қатарлардың көрсеткіштеріне
Динамикалық
қатарлар деп статистикалық
Динамикалық қатарлар негізгі екі бөліктен (элементтен) тұрады. Біріншісі – қатардың деңгейі, екіншісі – уақыт көрсеткіші, белгісі.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың деңгейі деп атайды.
Қүбылыстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, динамикалық қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді.
Бір мезгілді динамикалық қатардың нақты абсолюттік шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды. Мысалы, әр айдың басындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны төмендегідей (адам санымен) дейік:
І/І І/II I/III І/ІV
2180 2190 2198 2178 және т.б.
Бұл берілген көрсеткіштер бір мезгілді динамикалық қатар болып саналады және осы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болмайды. Себебі әр айдың бірінші жұлдызындағы көрсеткіштер тек сол күнгі жағдайды ғана көрсетеді де, ал келесі күндері ол санның шамасы өзгеріп кетеді. Сондықтан мезгілдік қатардың көрсеткіштерін бір-біріне өзара қосуға болмайды, ал егер қосатын болсақ, онда оның ешқандай да экономикалық мәні болмайды. Егер осы көрсеткіштерді бір-бірінен алатын болсақ, онда қалдықтың әр айдың аяғына азайғандығын немесе көбейгендігін көрсететін белгілі бір экономикалық мәні бар сандық көрсеткіштер алынады. Мысалы, екі ай аралығында, яғни қаңтар мен ақпан айларындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны 10 адамға көбейген (2190 - 2180 = 10).
Уақыт аралықты динамикалық қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оған мысал ретінде 1.1-кестенің көрсеткіштерін келтірейік:
Қазақстан бойынша мұнай өндіру, мың тонна
Жылдар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Өндірілген мұнай |
26736 |
30648 |
36060 |
42067 |
45376 |
50582 |
Уақыт аралықты динамикалық қатардың көрсеткіштерін бір-біріне қосып, ұзақ уақыт аралығындағы қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статастикада "жинақталған жиынтық" деп атайды.
Динамикалық қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.
Егер динамикалық
қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне
қарай бірінен соң бірі үзіліссіз
келетін болса, онда ол толық динамикалық
қатарға жатқызылады. Бұған мысал
ретінде 1.1-кестеде келтірілген
Егер динамикалық қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес динамикалық қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде 1.2-кестедегі 2000-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді айтуға болады.
Экономикалық
құбылыстардың өзгеру процестерін
зерттеу, талдау және есептеу кезінде
бірнеше статистикалық
Осыған орай динамикалық қатарлар абсолюттік, қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.
Абсолюттік шамалы динамикалық қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. Абсолюттік шамалы динамикалық қатарға мысал ретінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді алуға болады.
Қатысты шамалы динамикалық қатар екі уақыттың абсолюттік шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал ол өсу, кему қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Қатысты шамалы динамикалық қатарды көрсету үшін 1.2-кестенің шартты көрсеткіштерін келтірейік:
Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру
Жылдар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
| ||
Өнеркәсіп өнімдері (2000-жылмен салыстырғанда, процент есебімен) |
100 |
124,8 |
123,2
|
102,0 |
92,0 |
79,0 |
Берілген көрсеткіштерден соңғы жылдары Алматы облысы бойынша
өнеркәсіп өнімдерін өндірудің күрт төмендеп кеткендігі жөнінде қысқаша қорытынды жасауға болады. Себебі шикізаттар мен құрал-жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің же-тіспеушілігіне, электр қуатының қымбаттауына, тағы да сол сияқты көптеген жағдайларға байланысты бірталай өнеркәсіп орындары толығымен жұмысын тоқтатқан, я болмаса аз мөлшерде өнім шығаруға көшкен.
Орташа шамалы динамикалық қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. Бұған мысал ретінде республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері туралы көрсеткіштерді алуға болады (1.3-кесте):
Республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері
Жылдар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Бір сиырдан орташа сауылған сүт, кг есебімен |
2133 |
2158 |
2382 |
2356 |
2381 |
2372 |
Демек, осы берілген көрсеткіштерді біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің осы уақыт ішіндегі барлық бірліктерге тән орташа мөлшері деп түсінейік, ал бұл мәліметтер түрлі себептерге байланысты әрқашан өзгеріп отырады.
Динамикалық
қатарларды зерттеу және талдау кезінде
оның дұрыс құрылғандығын, сандық
көрсеткіштерінің (дәрежелерінің) дәлдікті,
нақтылықты көрсететіндігін білу кейбір
шарттардың орындалуын талап етеді.
Соның ішіндегі ең негізгісі болып
саналатыны – динамикалық қатарлар
дәрежелерінің бір-бірімен
Аумақтың өзгеруіне байланысты динамикалық қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Олардың салыстырмалы болуы үшін алдыңғы, яғни базалық уақыттағы қатарлар деңгейі аумақтың өзгергеннен кейінгі жаңа шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі тиіс. Мысалы, бір облыстан екінші облысқа аудан немесе елді мекен берілген болса, онда екі облыстың барлық статистикалық көрсеткіштері жаңа шекара бойынша қайта есептеледі.
Кейбір жағдайда
біртектес динамикалық
Динамикалық
қатарлар деңгейін дұрыс құру
үшін ондағы көрсетілетін
Динамикалық қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейтіндігі сол, ондағы берілген сандық мәндер түрлі әдістер арқылы есептелуі мүмкін. Мысалы, бір жұмысшының белгілі бір уақыт ішінде өндірген өнімі бойынша немесе жалпы жұмыскерлерге есептеу арқылы еңбек өнімділігін анықтауға болады. Бірақ, мұнда есептеу тәсілі әр түрлі. Біріншіде - тек жұмыс істеген жұмысшылар ғана алынса, екіншісінде - барлық жұмыскерлер түгелдей қамтылған. Демек, есептеу әдістемелері әрқайсысында әр түрлі. Сондықтан бұл көрсеткіш-тердің өзара салыстырмалы болуы үшін, есептеу әдістері біртектес болуы қажет және сонда ғана есептелінген мәліметтер салыстырмалы түрге айналады.
Кейбір жағдайға байланысты біртектес динамикалық қатардың көрсеткіштері уақыт мезгіліне немесе кезеңіне қарай екі қатарда берілуі мүмкін және оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Сондықтан бұлардың салыстырмалы болуы үшін, барлық уақыт ішіндегі көрсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз (келтіреміз). Ол үшін үздіксіздендіру деп аталатын статистикалық тәсілді қолданамыз және оған мысал ретінде 1.4-кестенің шартты көрсеткіштерін келтіреміз:
Қазақстан Республикасы бойынша тауар айналымы, млн. теңге
Жылдар |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Ескі бағамен Жаңа бағамен Үздіксіз дендірілген қатар |
420,0
506,5 |
450,0
542,7 |
480,0
578,9 |
506,0
610,0
610,0 |
–
650,0
650,0 |
–
690,0
690,0 |