Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 06:00, реферат
Өнеркәсіп өнімі бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімі (көрсетілген қызметтерге) баға (тариф) деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізудің, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеу, салмақтау құрамаларын және түрлі агрегациялау деңгейлеріндегі баға индекстерін қалыптастырудың нақты әдістері мен негізгі аспектілерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер.......……………..….………………………….………………...4
2. Қамту және жіктеуіштер жүйесі..……………………………….…………….....8
3. Базалық кәсіпорындардың және өнім түрлерінің, өкіл-тауарлардың (қызметтердің) іріктемесі..…………………………………………………..……..11
4. Индекстің салмақтау құрамдары……………………..…………………………14
5. Баға және оны тіркеу.................................….…………………………………...16
6. Баға индекстерін құру................………………………………………………...19
7. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………...………………...24
Сапаға эксплицитті әдістердің көмегімен түзету енгізу ескі және жаңа тауарлар арасындағы сапалық өзгерістердің құнын тікелей бағалайды, әрқилы сападағы екі тауарды өндіру шығындары арасындағы айырмашылығына сүйене отырып, екі бағаның біріне (әдетте базистік) түзету енгізіледі. Санына түзетулер, өндірістік шығындардағы айырмашылық, сараптамалық пікір, гедониялық регрессия тәсілдері қолданылады.
Санына түзету әдісі бұрын қолжетімді болған өлшемдері өзгерген басқа тауарға ауыстырылатын тауарларға қолданылады. Яғни, ауыстырушы тауар саны бар тауар санынан айырмашылығы бар және санындағы айырмашылық оның сапасына ықпал етпейтін жағдайда қолданылады.
Өндірістік шығындардағы айырмашылық әдісі сапасы әрқилы екі тауардың өндірісінің шығындарының өзгеруі дәрежесіне сүйене отырып, тауардың сапасының өзгеруін бағалауды көздейді. Яғни ескі тауардың бағасына түзету жаңа тауардың қосымша сипаттарын енгізуге кеткен шығындар құнына пара-пар өлшемде.
Сараптамалық пікір әдісі ескі және алмастырушы тауарлар арасындағы кез-келген сапа айырмашылығының құнын бір немесе бірнеше сарапшылармен бағалауға негізделген. Тауарлар арасындағы айырмашылықтар әдетте техникалық сипатта болады, сондықтан оларды табу және сандық анықтау қиын. Әдістің сенімділігі сарапшылардың біліктілігі мен пікірлеріндегі айырмашылыққа байланысты. Сонымен қатар сарапшылар пікірі балама әдістерді қолдану мүмкін болмайтын қиын тауарларды бағалау кезінде ақталуы мүмкін.
Гедониялық регрессия әдісі тауар бағасы оның сипаттамаларына тәуелді ретінде қарастыра отырып бағалау үшін қолданылады. Баға туралы мәліметтер және кейбір модельдер жиынтығына сипаттамалар болғанда, және ол сипаттамалар эконометрикалық қорытындыны ескере отырып бағаның өзгеруін жақсы түсіндіре алған жағдайларда осы тәсілді қолдану ең ұтымды.
6. Баға индекстерін құру
33. Индекстелетін шаманың
мазмұны және сипатына
34. Баға индексін есептеу
қарапайым агрегаттың
Қарапайым индекс базалық кәсіпорындарда байқауға іріктеліп алынған операциялар бойынша тіркелген баға котировкаларының салмақталмаған қатысы түрінде есептеледі. Оның есептелуі келесі формуламен жүзеге асырылады:
мұнда,
i – өкіл-тауарға (қызметке) жеке баға индексі;
Pn – есепті кезеңдегі нақты өкіл-тауар (қызмет) бағасы;
Pn-1 – өткен кезеңдегі нақты өкіл-тауар (қызмет) бағасы.
35. Өкіл-тауар (өнім түрі) бойынша орташа бағаны есептеу үшін тіркелген баға котировкасының (өкіл-тауар бағасы) негізінде орташа геометриялық формула пайдаланылады:
немесе (3)
мұнда,
– n кезеңіндегі j өнім түрінің орташа бағасы;
p1, p2,…,pk – n кезеңіндегі j өнімнің өкіл-тауар бағасы;
– өкіл-тауар саны (баға котировкалары).
Салыстырылатын кезеңдердегі баға котировкасы сандарының теңдігіне міндетті түрде назар аударылады. Яғни, салыстыру кезеңдеріне байланысты kn = kn-1 немесе kn = k0
36. Өнім түрлері бойынша қарапайым баға индекстерін есептеу екі кезеңдегі салмақталмаған орташа геометриялық бағалардың қатынасы ретінде Джевонс формуласымен есептеледі:
Джевонс индексі қарапайым деңгейдегі баға өзгерісін бағалаудың ең жақсысы болып табылады. Ол индекстерге қойылатын негізгі критерийлерді қанағаттандырады:
1) уақыт ішіндегі қайтымдылық – егер екі салыстырмалы кезеңдердегі барлық бағаларды орындарымен ауыстырса, осыдан алынған баға индексінің шамасы алғашқы индекс шамасына тең болады.
2) пропорционалдық – есептік кезеңде барлық бағалар n рет өзгерсе, онда есептік кезеңдегі баға индексі өткен кезеңдегі индекске қарағанда n рет көбейеді;
3) тұрақтылық (салыстырмалылық) – тауарлардың (қызметтердің) өлшем бірлігі өзгергенімен баға индексінің шамасы өзгермейді;
4) аддитивтілік – жалпы агрегаттың баға индексі оның кез-келген бөлігінің баға индекстерімен келісілген;
5) орташа шамаға сәйкестік – баға индексінің орташа мәні индекстің максималды мәнінен артық және минималды мәнінен кем бола алмайды.
6) транзиттілік – тізбелі индекстердің көбейтіндісі сәйкес базистік индекске тең және керісінше.
(7)
37. Барлық келесі кезеңдерде жіктеуіштің иерархиялық құрылымына сәйкес және сәйкес салмақтарды қолдана отырып, қарапайым баға индекстері жоғарғы деңгейлі индекстерге – агрегаттық индекстерге біріктіріледі.
Агрегаттық ӨБИ-ді құру үшін дәйекті түрде бағаны байқау негізінде база өзгерісін есептеуге мүмкіндік беретін Ласпейрес формуласы қолданылады. Яғни әрбір уақыт кезеңіңде базистік салмақтар қарапайым баға индексінің соңғы шамасына көбейтіледі:
мұнда,
P0Q0 – базистік кезеңдегі өндірілген өнім құнына баға агрегатты стандартты салмаққа қасиеті;
Pn-1Q0 – есепті кезеңдегі өнім құны жүзеге асырылады, мұнда:
(9)
Оны қолдану келесі сипаттарына қатысты басымдылыққа ие:
1) есептеулер үшін тұрақты салмақтар қолданылатындықтан таза бағаның салыстырылуы көрсетіледі;
2) индексті құру процесі анағұрлым жеделдейді, себебі салмақтау үшін алдын-ала болған өткен немесе базистік кезеңдегі мәліметтер қолданылады;
3) тұтынушылар мінез-құлқының ауысуынан туындаған ассортимент өзгерісі уақытылы есепке алынады;
4) баға және санының ықпалы жеке қарастырылатындықтан экономикалық интерпретацияға жақсы беріледі.
38. Өткен жылғы тиісті айға есепті жылғы айдағы баға индексін есептеу есепті жылғы базистік индекстегі қатарындағы айлық баға индексін өткен жылғы осы қатардағы айлық баға индексіне бөліндісімен анықталады:
мұнда,
It - өткен жылдағы тиісті ай g-1 есепті жылдағы айға g баға индексі;
Itg - индекстер қатарындағы есепті жылдағы g айға t;
It(g-1) - индекстер қатарындағы өткен жылдағы g-1 өткен айға t.
Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындының баға индекстерi салыстырмалы кезеңдегі базистік индекстегі қатарындағы айлық баға индекстерінің сомасын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес айлық баға индекстерінің сомасына бөліндісімен анықталады:
(11)
мұнда,
- есепті жылдың қаңтар-желтоқсан баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;
I1g, I2g, ..., I12g - индекстер қатарының есепті жылдағы қаңтар, ақпан,... желтоқсан баға индексі;
I1(g-1), I2(g-1),… I12(g-1) - индекстер қатарының өткен жылғы қаңтар, ақпан, ... желтоқсан баға индексі.
Тоқсан ішінде, өткен тоқсанға баға индекстері базистік индекс қатарындағы есептік тоқсанды анықтайтын айлық баға индекстерінің сомасын өткен кезеңдегі индекстер қатарындағы айлық баға индекстерінің сомасына қатысымен анықталады:
(12)
мұнда,
- есепті жылдың екінші тоқсаны бірінші тоқсанға баға индексі;
I4g, I5g, I6g - индекстер қатарының есепті жылдағы сәуір, мамыр, маусымға баға индексі;
I1g, I2g, I3g - индекстер қатарының есепті жылдағы қаңтар, ақпан, наурызға баға индексі.
39. Республика бойынша орташа бағаларды, қарапайым және агрегаттық баға индекстерін құру өңірлер бойынша баға өзгерістері мен деңгейлерінің есебімен жүзеге асырылады.
Республика бойынша өнім (қызмет) түрі және түр тармақтары бойынша орташа бағаны есептеу облыстар бойынша баға деңгейі мен олардың үлес салмағынан орташа салмақтандырылған шама ретінде келесі формула бойынша құрылады:
Рin = å Pin * Vi0 / å V0 (13)
мұнда,
Pin - республикалық орташа баға;
Pi - нақты өнімге (қызмет түрі) облыстың орташа бағасы;
V0 - белгілі базистік кезеңге облыс бойынша өнім (қызмет) түр тармақтарына құн мәліметтері (базистік салмақ).
Барлық агрегация деңгейінде орташа респбликалық баға индекстерін есептеу үшін ұқсас формула қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі