Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 06:00, реферат

Краткое описание

Өнеркәсіп өнімі бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімі (көрсетілген қызметтерге) баға (тариф) деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізудің, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеу, салмақтау құрамаларын және түрлі агрегациялау деңгейлеріндегі баға индекстерін қалыптастырудың нақты әдістері мен негізгі аспектілерін анықтайды.

Содержание

1. Жалпы ережелер.......……………..….………………………….………………...4
2. Қамту және жіктеуіштер жүйесі..……………………………….…………….....8
3. Базалық кәсіпорындардың және өнім түрлерінің, өкіл-тауарлардың (қызметтердің) іріктемесі..…………………………………………………..……..11
4. Индекстің салмақтау құрамдары……………………..…………………………14
5. Баға және оны тіркеу.................................….…………………………………...16
6. Баға индекстерін құру................………………………………………………...19
7. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………...………………...24

Прикрепленные файлы: 1 файл

№173 от 29.06.11_ИЦП_каз.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

21. Бағаны тіркеу мақсатында таңдалған өнім түрлерінен толық айрықшалауы бар нақты тауар-өкілдері таңдалынады.

Өкіл-тауарлар тізбесіне  мынадай талаптарға жауап беретін  нақты түрлері енгізіледі:

1) базалық кәсіпорындармен  ұзақ мерзім бойы өндірілетін және рыноктық өткізілімге арналған;

2) сатудың бірдей шарттарында тұтынушылардың негізгі типтеріне тұрақты негізде өткізілетін;

3) тұрақты сапалы параметрлері  және аддитивті өлшем бірліктері  бар;

4) ақпарат жинау тұрғысынан  алғанда қол жетімді, ал олардың  баға өзгерістері осы тауарлар (қызметтер) топтарына тән.

Өндірушімен өндірілген бір тауар түрінің аясында  өкіл-тауарлар (қызметтер) түрлерін таңдау оларға айрықшалауларды құраумен қамтамасыз етіледі, олар гомогенділігіне (тұтыну қасиеттерінің біртектілігіне) байланысты нақты немесе салыстырмалы түрде кең негізді болуы мүмкін.

Айрықшалаулар тауар-өкілдерінің техникалық және сапалық сипаттамаларын – маркасы, артикулы, үлгісі, өлшемі, салмағы, көлемі, қуаттылығы, негізгі дайындау материалы, тауарды тұтынушы типі және т.б. қамтиды.

22. Іріктеменің репрезентативтілік  сипатын сақтау және зерттелетін  құбылыс құрылымының өзгерісін  қамту мақсатында іріктемелі  жиынтық шектері кезеңдік қайта  қарастыруға және жаңартуға ұшырайды.

Іріктемені біртендеп  жаңарту, яғни байқалатын объектінің оның рыноктан жоғалып кеткенген дейін басқаға ауыстырылуы қолданылады. Базалық кәсіпорындарды алмастыру, олардағы бақыланатын өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өндірісінің тоқтатылуы және сәйкес түрін табу мүмкін болмағанда, байқалатын өнімнің өндіру сипатының тұрақсыздығында (бір жолғы тапсырыс) базалық кәсіпорындарды алмастыру жүргізіледі. Өнім түрлері, тауар-өкілдері бұдан әрі репрезентативті болмағанда таңдаудан шығарылады.

 

 

4. Индекстің салмақтау құрамдары

 

23. ӨБИ индекстік көрсеткіш болып табылады және баға туралы мәліметтер жиналатын өнім (қызмет) түрлері бағасының қатысынан орташа ретінде есептелінеді. Әр зерттелетін объектінің қатысты маңыздылығын және оның бағасының өзгеруінің жалпы индекс шамасына әсерін ескеру үшін индекстелетін шамалар салмақтанады. Салмақтау жүйесінің көмегімен іріктемелі жиынтықтың индекс құрамына енетін өлшеусіз бірліктері қолданыстағы жіктеуіштермен оларды әрі қарай агрегациялау үшін өлшеулі күйге ауысады.

24. ӨБИ-дің барлық агрегациялау  деңгейлерінде салмақ ретінде өңірлік мамандануындағы және жалпымемлекеттік өнеркәсіптік нарық көлеміндегі өнімнің үлесін біржолы есептелінген өндірілген өнеркәсіп өнімінің құны қолданылады. Ол өндіруші кәсіпорындардың қолданыстағы есептік жылдың алдыңғы жылындағы нақты бағасында (ҚҚС және акциздерсіз) анықталады.

Құнды анықтау үшін негізгі ақпараттық көз ретінде кәсіпорындарды жүйелі жылдық зерттеудің статистикалық ақпарат қолданылады. Кәсіпорындар санағы, кәсіпорындар тіркелімі, экономикалық қызмет түрлерінінің қандай да бір түрлерін реттеуге жауапты мемлекеттік органдардың әкімшілік мәліметтері балама көз ретінде қолданылады.

25. ӨБИ-дің салмақтау  жүйесін құру процесі келесі  тізбекті операциялардан тұрады:

1) белгіленген базистік кезеңде өндірілген өнеркәсіп өнімінің құнын анықтау және оны байқауға қатысатын түрлер, топтар, класстар, бөлімдер мен секциялар (ортажылдық құн) арасында тарату;

2) өнім түрлері бойынша орташа жылдық құн мен салыстырмалы база ретінде алынған бір жолғы мерзімдік кезеңдерді үйлестіру (түзетілген құн);

3) түзетілген құнды өнеркәсіптік өнімді өткізу арналары бойынша тарату (соңғы құн).

Бағалық бағалауда салаларды (өнім түрлерін) мақсатқа бағытталған іріктеуді  қолдану ӨБИ-ге енгізілмеген деректерді есепке алу үшін салмақтарды түзету қажеттілігін туындатады.

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық құны ӨӨСС-ның тауар, қызмет түрлерінің толық тізімі бойынша есептелінеді және бағалық байқауға таңдалған позицияларда сәйкесінше таратылады. Қамтылмаған салалар (өнім түрлері) бойынша құндық мәліметтер ұқсас өнім өндіруші байқалынатын сала бойынша мәліметтерге қосылады немесе барлық құраушы элементтері бойынша пропорционалды түрде таратылады.

Баға индекстерін есептеудің нақтылығы үшін салмақтаудың базистік кезеңі мен бағаның базистік кезеңі бір мерзімдік кесіндіге қатысты болуы қажет. ӨБИ-дің салмақтары үшін өндірілген өнімнің құны жыл басынан бергі кезеңге қалыптасқан бағаларда есептелінеді, ал баға өткен жылғы желтоқсандағы бағамен салыстырылады. Олардың үйлесушілігі (келісуі) және өнеркәсіптік өндірістің орташа жылдық құрылымының желтоқсандағы бағасындағы ұқсас құрылымына өту түзету коэффициентін қолданумен жүзеге асырылады.

Оны есептеу үшін қарастырылып отырған базистік кезеңдегі өткен жылдың желтоқсанына индекстерінің қатары қолданылады. Түзету коэффициенті желтоқсандағы индекстің мәнінің тұтастай базалық жыл индексінің орташа мәнінің қатынасымен анықталады:

    (1)

мұндағы, 1,2,...,12 – базалық жыл айлары.

Түзету коэффициенті ӨБИ-дің жіктелу бөлімдері (екінші мәнді деңгейі) бойынша болады және әр төмен тұрған агрегация сатысы – класс, топ, түр, кіші түр үшін қолданылады. Бұрын анықталған орташа жылдық құнды түзету коэффициентіне көбейту арқылы өнім (қызмет) түрлері бойынша түзетілген құн анықталады, одан кейін агрегацияланудың өсу сатылары бойынша қосындыланады.

Өнеркәсіп өнімінің ішкі нарықта және экспортқа жеткізілімде қолданылу қатынасы (ресурстар балансы  және экспортталатын өнімдердің елдер  бойынша құрылым және тауарларды қолдану мәліметтері бойынша) негізінде  түзетілген құн өнім түрлері бойынша республика ішінде, ТМД елдеріне, ТМД елдерінен басқа елдерге өткізу арнасына байланысты бөлінеді. 

Табылған құндар соңғы  болып табылады және ӨБИ-ді құруда салмақ түрінде қолданылады.

26. Салмақтау сызбасы индекстің тек баға өзгерісін көрсетуі үшін белгілі кезеңге (жыл бойына және одан да аса) өзгеріссіз қалады. Сонымен қоса өнеркәсіптік өндірістің құрылымында маңызды өзгерістер кезеңінде салмақтау сызбасын жандандыру үнемі (жылына бір реттен жиі емес) жүргізіледі. 

Индекстер есебінің жаңа салмақтарына ауысу кезінде олардың үздіксіздік ұстанымы сақталады. Бұған бұрынғы болған баға индекстерінің серпінді қатарларымен, жаңа салмақтар бойынша есептелген индекстерді байланыстыру әдісімен қол жеткізіледі. Баға индекстерін байланыстыру салмақтар қайта қаралғаннан кейін серпінді қатарларды жақындату тәсілімен жүргізіледі. Жақындату деңгейлері түрлі әдіснама бойынша есептелген екі немесе одан да көп серпінді қатарларды бір (неғұрлым ұзын) қатарға біріктіруді білдіреді. Ол үшін ауысу кезеңінде (жылдың белгілі бір айында) ескі және жаңа салмақтар бойынша баға индексін есептеу жүргізіледі, содан кейін ескі салмақтар бойынша есептелген баға индексінің жаңа салмақтар бойынша есептелген баға индексіне қатынасы арқылы тіркесу коэффициенті алынады. Алынған тіркесу коэффициентіне келесі ауысу айының барлық деректері көбейтіледі, осылайша индекстік қатар салыстырмалы түрге келтіріледі.

 

 

5. Баға және оны тіркеу

 

27. ҰШЖ-нің әдістеріне сәйкес базистік баға мен өндірушілер бағасын бөліп көрсетеді.

Базистік баға «кез-келген төлеуге қажетті салықтарды шегеріп, осы бірлікке оны өндіру немесе сату үшін алынатын субсидияларды қосқандағы  тауар немесе қызмет түріндегі өндірілген өнім бірлігіне өндірушімен сатып алушыдан алынатын сома» ретінде анықталады. Өндіруші бағасы «кез-келген ҚҚС немесе сатып алушыға есептелген ұқсас алынып тасталынатын салықтарды шегергендегі тауар немесе қызмет түріндегі өндірілген өнім бірлігіне өндірушімен сатып алушыдан алынатын сома» ретінде.

Бұл екі баға арасындағы айырмашылық өндірушімен өнім бірлігіне алынатын субсидиялар мен өндріске салынатын салық көлемінде. Көптеген жағдайда өндірушілер субсидиялар алмайды және ӨБИ-ді құру мақсаты үшін өндірушілер бағасы қолданылады.

28. Шартты бағалар, орташа бағалар және ішкі фирмалық трансферттік бағалар өндірушілер бағасының түрлері болып табылады.

Шартты (немесе келісім) бағасы деп бірреттік немесе көп  реттік жеткізілімдерге сату-сатып  алу құжаттарында крсетілген бағалар  аталады. ӨБИ-ді құру үшін уақыт аралығында сапаның және өнімді өткізу шарттарының тұрақты сақталуы шарттары орындалған жағдайда ғана олардың қолданылуы мүмкін. Олар сұраным мени ұсынымның әсеріне негізделген нақты бағалық конъюнктураны көрсетуге мүмкіндік береді.

Келісімнің мерзімінің өткен кезде оның бағаны анықтау  сипаттары басқа келісімге өтпеген  жағдайда байқалатын өкіл-тауарға ауыстырылу жүргізіледі.

Орташа бағалар белгілі  уақыт кезеңінде өнімнің бірнеше  жеткізілімдерін есепке алуды меңзейді. Оларды қолдану байқау санынын тиімді артуына мүмкіндік туғызады. ӨБИ-дің мақсаты үшін оларды есепке алу екі талап: ағымдық кезеңді сипаттау, біртекті өткізу шарттары орындалғанда мүмкін. Зерттелетін кезеңдерде орташа баға деңгейін анықтайтын әр түрлі өнімдердің қиылысу мәселесі индекстің мәнінің айтарлықтай ауытқуына әкеп соқтыруына байланысты олардың қолданылуы шектеледі.

Ішкі фирмалық трансфеттік  бағалар кәсіпорынның бір құрылымынан  екінші құрылымына жеткізілген тауар  бірлігінің немесе партиясының құны ретінде анықталады. Бұл тауарларға меншік басқа қолға өтпейді, жеткізілетін тауарларға қойылған құн нарықтық баға бола алмайды. Олар ішкі экономиканың нарықтық баға өзгерісінің тұжырымдамаларының ауытқуын тудырады және ӨБИ құрамында есепке алынбайды.

ӨБИ-ді құруда келісімнің мерзімге аяқталғанда орнатылатын «фьючерстік келісім» типті, шарттар, келісім-шарттар бойынша бағалар, сонымен қоса қолма-қол ақшалай есеп айырысумен жүрмейтін келісім-шарттар және керісінше, натуралды түрде сыйлық ретінде төленетін келісім-шарт, келісімдер, «бартерлік келісім» типті бағалар қолданылмайды.

29. Бағаны тіркеу ӨБИ-ді есептеудің жалпы процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағаны мәні – нақты анықталған сапасы және өткізу шарттары тұрақты өкіл-тауарларға (қызметтерге) баға туралы мәліметтерді жинау болып табылатын айрықшалау негізінде анықтау әдістемесі қолданылады.

Бірдей айрықшалы бір  тауардың әр рынокта түрлі бағамен  сатылуымен сипатталатын баға дискриминациясы  олардың өзгеруінің біртекті емес серпініне  әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл үшін ел ішінде және экспортқа өнімді өткізуде бағаны тіркеу өткізу арналары: ішкі нарық, ТМД елдері, ТМД елдерінен басқа елдер бойынша, түрлі тұтынушыларға – олардың типтері (өнеркәсіптік кәсіпорындар, делдал ұйымдар, көтерме/бөлшек сауда ұйымдары және т.б.) бойынша жүргізіледі.

Өндірілетін өнім ассортименттері  жиі ауысып отыратын салаларда бағаны тіркеу нақты маркалар, артикулдар, атауларына емес, тұтыну қасиеттері бірдей болатын біртекті тауарлар енетін кіші ассортимент топтарына жүргізіледі. Кіші ассортимент топтарына орташа бағаны қолдану топ ішінде баға деңгейінің шамалы ауытқуына рұқсат етеді.

30. Бағаны жинау сындық кезеңге (күнге) жүргізіледі, бұл кезеңнен кезеңге жүйелі салыстырулар жүргізуге рұқсат етеді.

Ай сайынғы байқау бағаны тіркеу үшін оңтайлы кезең деп есептелінеді, себебі бұл уақыт ішінде өнім сапа және сату шарттарында ешқандай маңызды өзгерістерге ұшырамайды, таза бағалық салыстырулар жүргізуді қамтамсыз етеді.

Баға фактілерін құжаттамалы  есепке алу базалық кәсіпорын  мамандарымен бекітілген статистикалық нысанды толтыру және орналасу орны бойынша статистика органдарына тапсыруға негізделеді. Нысанды толтыру үшін төлем құжаттарында көрсетілген ақпарат қолданылады. Оларға: келісімшарттар, төлем талаптары, тіркеме қағаздар, сенім хаттар, шот-фактуралар және басқа да құжаттар жатады.

Зерттеуге қатысатын  базалық кәсіпорындар құқығы және міндеттері жөнінде ескертіледі. Мемлекеттік статистика органдарының тарапынан қолданыстағы мемлекеттік статистика саласында заңнамамен кепілдендірілген құпиялылықты сақтау бойынша шаралар қолданылады және алынған баға ақпараты тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылады.

31. Өндірістің және өнімді өткізудің уақытша тоқтауында бағаны тіркеу шартты (бағалау) мәнін факті баға туралы мәлімет алынғанға дейін қолдануды қарастырады. Бағалық байқаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін баға болмаған жағдайда келесі есептеу әдістері қолданылады:

1. өнім түрінде ұқсас тауарларға қатысты баға өзгерісі

2. жоғалып кеткен тауар түрі енетін тауарлық топ бойынша орташа баға өзгерісі.

3. республика бойынша сала, салалық орташа баға өзгерісі.

Базалық кәсіпорында  байқалатын өкіл-тауардың (қызметтің) өндірісі жыл ішінде толық тоқтағанда немесе жабылғанда (жойылуы, қайта ұйымдастырылуы) өнім (қызмет) ауыстырылады.

32. Уақыт өте байқалатын өкіл-тауардың (қызметтің) сапасы өзгергенде таза баға өзгерісінің индексін алу, өткен тіркеу кезеңімен сәйкестікті қамтамасыз ету үшін баға туралы ұсынылатын мәліметтерге сәйкес түзетулер енгізіледі. Өнімнің (қызметтің) сапасының өзгерісін олардың айрықшалаулары анықтауға мүмкіндік береді.

Екі негізгі тәсіл  қолданылады:

1) көрінбейтін (имплицитті  немесе жанама әдістер) түрдегі  түзетулер;

2) көрінетін (эксплицитті  немесе тура әдістер) түрдегі  түзетулер.

Екі әдіс те жаңа тауар  бағасының ескінің бағасына қарағанда өзгеру шамасын оның таза баға өзгерісіне және сапаның өзгеруіне бөлуді қарастырады.

Имплицитті әдіспен сапаға түзету енгізудің мәні ұқсас тауарлар үшін бақыланатын баға серпінінен бағаның таза өзгерісі туралы жорамалды қабылдау негізінде түзетулер жүргізуге негізделген. Таза баға өзгерісі мен тіркелген баға өзгерісі арасындағы айырмашылық сапаның айырмашылығына қатысты өзгеріс деп қабылданылады. Бұл келесі: қиыстыру (жаңа және ескі тауарға бағаны паралельді тіркеу); жалпы орташаны шартты есептеу (жоғалған тауарды есепке алмай басқа тауарларға баға өзгерісі негізінде шартты бағаны есептеу); орташа класты шартты есептеу (сапасының айырмашылығына түзетілген немесе тікелей ауыстырылған тауарлар бағасының өзгерісі негізінде шартты бағаны есептеу) тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Информация о работе Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі