Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 06:00, реферат

Краткое описание

Өнеркәсіп өнімі бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімі (көрсетілген қызметтерге) баға (тариф) деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізудің, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеу, салмақтау құрамаларын және түрлі агрегациялау деңгейлеріндегі баға индекстерін қалыптастырудың нақты әдістері мен негізгі аспектілерін анықтайды.

Содержание

1. Жалпы ережелер.......……………..….………………………….………………...4
2. Қамту және жіктеуіштер жүйесі..……………………………….…………….....8
3. Базалық кәсіпорындардың және өнім түрлерінің, өкіл-тауарлардың (қызметтердің) іріктемесі..…………………………………………………..……..11
4. Индекстің салмақтау құрамдары……………………..…………………………14
5. Баға және оны тіркеу.................................….…………………………………...16
6. Баға индекстерін құру................………………………………………………...19
7. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………...………………...24

Прикрепленные файлы: 1 файл

№173 от 29.06.11_ИЦП_каз.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

8. Ел шекарасында өңірлік ӨБИ құралады. Оларды құру өнеркәсіптік өндірісінің мамандануына және ЖІӨ көлеміндегі үлесіне тәуелсіз елдің барлық өңірлерін байқауды қарастырады. Өндірілетін тауарлар рыноктары бірдей емес және біртүрлі тауарлар түрлеріне бағаның өңіраралық айырмашылығының бар болуы оларды ерекше маңыздылыққа ие етеді. Аумақтық қамту өнеркәсіптік кәсіпорындарын орналасқан жері – қала және ауыл өңірі, астана, облыстық немесе аудандық, республикалық маңызды қалалар бойынша есепке алуды қарастырады.

9. ӨБИ-ң салалық қамтуы  келесі экономикалық қызмет түрлеріндегі  өнеркәсіп өндірісін қамтиды:

1) кен өндіру өнеркәсібі  және карьерлерді қазу – табиғатта  қатты түрдегі жыныстар түрінде  (көмір мен кен), сұйық түрде (мұнай) немесе газ тәрізді күйде (табиғи газ) кездесетін пайдалы қазбалардың өндірістік қызметі, жерасты немесе ашық кен орындарын өңдеу, ұңғымаларды бұрғылау, теңіз түбін өңдеу және т.б. әртүрлі әдістерді қамтиды. Сонымен қатар шикізатты өткізуге дайындауға байланысты өндіріс (бөлшектеу, кептіру, іріктеу, кендерді байыту, табиғи газды сұйылту, қатты отынды біріктіру және т.б.) және қосымша техникалық қызметтер көрсету (іздестіру-барлау жұмыстары, сынама бұрғылау, мұнай-газ ұңғымаларын цементтеу және тіректерін орнату, тұқымдастықтарды шығару, суды тартып шығару, ұңғымаларды тазалау, кәріз және т.б.) қамтиды. Осы қызмет түрлері пайдалы қазбаларды өндіру және/немесе тікелей жақын жерде орналасқан басқа кәсіпорындар бірліктерін жүзеге асырады.

2) өңдеу өнеркәсібі  – жаңа өнімді шығару немесе  оның маңызды өзгерісі, жаңарту,  қайта қалыптасуы мақсатында  материалдарды, заттарды немесе  компоненттерді физикалық немесе  химиялық қайта өңдеу бойынша  өндірісті қамтиды. Бастапқы материалдар  ауылшаруашылық шикізаттары, орман және балық шаруашылықтары өнімдері, тау жыныстары және минералдар болып табылады. Өндірілген өнім тұтынуға дайын немесе кейін өңдеуге жартылай фабрикат үшін қолдануы мүмкін. Сонымен қатар жеке бөліктер мен бөлшектерден жинақтар, мамандандырылған техникалық күтім, техниканы одан әрі жаңарту мақсатында ремонт және ұстау немесе басқа өнімдерді жұмыс қалпына келтіру арқылы құрайтын компоненттерден бүтін конструкция жинау өндірістік қызметке жатады

3) электрмен жабдықтау,  газ, бу беру және ауа баптау – электр- және газ кешендері/бекеттері жұмыстарын, бу генараторы және ауа баптау жүйесін есептейді және тұрақты желіден (кабельдер, құбырлар, су құбырлары) тарату және тұтыну орталықтарынан - өндіріс объектілері немесе тұрғын массивтеріне электр энергиясы, газ, бу, ыстық су беруді жүзеге асырады, өндіреді, қадағалайды.

4) сумен жабдықтау;  кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын  және таратылуын бақылау - әртүрлі  бұлақ көздерінен суды жинау,  оны өңдеу және тұрмыстық және  өндірістік мұқтаждықтарға тарату, әртүрлі қалдықтар формасын бақылау, ластанған жерлерді (жинау, шығару) тазалау, жергілікті қалдықтарды жою және қосымша шикізат материалдарын алу үшін оларды қайта өңдеу қызметтерін қосады. Қалдықтарды шығару немесе ағынды және таза емес суларды өңдеу үдерісі басқа өндіріс үдерісінің бөлшегі болып табылады.

10. ӨБИ-ң салалық қамтуы дайын өнім мен қызметтерге баға өзгерісін есепке алуға мүмкіндік береді. Аралық және соңғы сұранымды қанағаттандыруға бағдарланған операцияларды бағалауды қамтамасыз ету үшін тауарлар және қызметтердің олардың өндірісік тізбедегі орынына сәйкес:

1) алғашқы өнімдер  (шикізат, энергия),

2) аралық тұтыну өнімдері (басқа тауарлар мен қызметтер  өндіру мақсатында пайдаланылатын  тауарлар мен қызметтер),

3) соңғы өнімдер (халықпен  жеке тұтыну үшін пайдаланылатын өндіріс құралдары және тауарлары) ретінде есепке алынады.

ӨБИ-ге өнеркәсіп кәсіпорындарымен көрсетілетін:

  1. өнімнің ұзақ мерзім бойы қолданылуынан кейін тұтыну қасиеттерін орнына келтіру;

2) басқа кәсіпорындармен  шығарылған бұйымдарды толық дайындығына жеткізу;

3) өнімді өндіру, оны  тасымалдау және тарату;

4) машиналар мен технологиялық жабдықтарды орнату және бөлшектеу;

5) алыс-беріс шикізатынан өнімдерді өндіру, оны қалдықтардан қайта өңдеу бойынша өндірістік сипаттағы қызметтер қамтылады.

11. ӨБИ құруда статистикалық бірлік ретінде дайын өнім өндіретін (өндірістік қызмет көрсететін) және барлық өндірістік операциялар қатысында шешімдер қабылдайтын субъекттер алынады. Оларға қосымша, өткізу немесе әкімшілік бірліктер жатпайды.

12. Жіктелімдік жүйе байқау үшін іріктемелі жиынтықтарды құру үдерісінің негізі болып табылады, оның көмегімен қалыпастырылатын көрсеткіштің нақтылану дәрежесі мен құрылымы, жарияланым үшін субъиндекстер диапазоны анықталады.

Қолдану үшін жарамды  және халықаралық деңгейде салыстырмалы мазмұнды мәліметтер қатарын алуға мүмкіндік беретін стандартты статистикалық жіктелімдер бар. ӨБИ-ді құру үшін қолданылатын негізгі стандартты салалық жіктелімдер:

1) ең жоғарғы агрегаттық  деңгейде - Еуропалық Қоғамдастықтың  экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіне (NACE) негізделген ЭҚЖС;

2) өнімдер (қызметтер)  түрлерін нақтылау үшін – Еуропалық  одақта қабылданған, олардың шығу  көзі болып табылатын Экономикалық  қызмет түрлері бойынша өнімдердің  жіктеуіші (ПРОДКОМ/PRODKOM) негіз ретінде қолданылған ӨӨСС болып табылады.

Өндірістік үдерісті сипаттау үшін ЭҚЖС және ӨӨСС-да таңдау бірліктері өнім немесе қызметті шығару критерилерін басшылыққа ала отрып, қызмет түрлері бойынша топталады.

Төрт таңбалы, үш таңбалы, екі таңбалы және бір таңбалы деңгейлерде олар өндірістің сипаты, технологиясы және ұйымдастырылуына сәйкес біріктіріледі, әрі қарай (бес таңбалы және төмен) категория шектері тауарлардың физикалық сипаттамасы немесе қызметтердің көрсетілу сиптатына негізделе отырып кескінделеді.

Тауарларды (қызметтерді) айрықшалайтын қаситеттеріне олар дайындалатын шикізат, өндіріс кезеңдері  және өнімді өндіретін (қызметті көрсететін) әдісі, қолдану тәсілі немесе мақсаты  жатады. Әр тауар және қызметтер  түрлілігі бір ғана қызмет түрінің  аясында өндірілген сияқты анықталады.

13. Сонымен қатар Еуропалық  Ынтымақтастық елдерінің ӨБИ-нің  құрылымын келісілген түріне  келтіру және елдер арасында  салыстырмалы көрсеткішті құру  мақсатында Еуростатпен құрастырылған  негізгі өнеркәсіптік топтамалары  (НӨТ) бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші қолданылады. НӨТ жіктелімінде топ деңгейінде (NACE 3 таңбасы) экономикалық қызмет түрлері олармен өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) негізгі соңғы бағытталуы бойынша 5 санатқа бөлінген: капиталды тауарлар, аралық тауарлар, энергия, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қолдану тауарлары.

14. ЭҚЖС және ӨӨСС  стандартты жіктеуіштер негізінде  өнеркәсіптегі бағаны статистикалық  байқаудың негізін құрайтын және  олар үшін ӨБИ-ң құрылымын жасайтын  әрбір өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің (көрсетілген қызметінің) мамандандырылуын көрсететін өнімдер мен қызметтердің тармақшалары мен түрлерінің, секцияларының, бөлімдерінің өңірлік тізімдері құрылады.

3. Базалық кәсіпорындардың және өнім түрлерінің, 
өкіл-тауарлардың (қызметтердің) іріктемесі

 

15. Көптеген  жағдайда бағаны зерттеу жаппай  емес байқау және нақты бірліктерді  ықтималдық емес іріктеуге негізделген. Жаппай байқау біртекті өнімді шектелген өндірісі бар экономикалық қызметтің жеке түрлерінде қолданылады.

Жаппай емес байқаудың басымдылығы жекелеген бірліктерді нақты түрде зерттеу негізінде бас жиынтықты сипаттайтын мәліметтерді алу, қысқа мерзімде және аз ресурстарды шығындаумен ақпаратты өңдеу және нәтижені алу болып табылады.

Іріктемелі жиынтыққа  нақты байқау бірліктерін қосатын ықтималдық емес, сонымен қатар мақсатқа бағытталған деп аталатын іріктеу таңдаудың оңтайлы көлемін анықтауға, оның сипатты бөліктерін қосу арқылы репрезентативтілігін қамтамасыз етуге және құрылымдық өзгерістер кезінде оның иілгіштігін қамтуға мүмкіндік береді.

Жекелеген байқалатын экономикалық қызмет түрлерінің аз шамасы мен олардың  барлығында тауар ассортименттерінің жиі ауысып отыруы бас жиынтықтың әр объектісінің байқауға қатысатындар қатарына енуіне бірдей мүмкіндігі бар  деген қағидатқа негізделген ықтималдық іріктеуді баға индекстерін құру мақсатында қолдануды шектейді.

16. ӨБИ-ді әзірлеуде  іріктемелі байқау және негізгі  массив әдісімен байқау жаппай  емес байқаудың, негізгі массив  әдісі мен ценздік әдіс ықтималдық  емес іріктеудің кең таралған әдістері болып табылады.

Іріктемелі таңдауда барлық зерттелетін жиынтықтан бас  жиынтықтың қатыстары мен пропорцияларын тұтастай беретін және нәтижесін  барлық зерттелетін жиынтыққа таратуға болатын ғылыми–негізделген әдістерді  қолдана отырып, белгілі бірлік саны таңдап алынады.

Негізгі массивті байқау бас жиынтықтан маңызы төмен бірліктерді  шығарып тастау және оның негізгі  бөлігін зерттеуді қарастырады. Мұнда маңызы төмен бірліктерді  шығарып тастау байқаудың нәтижесіне айтарлықтай әсер етпейді, сонымен  қоса оларды зерттеу жұмыс көлемін айтарлықтай көбейтеді деген жорамалды ұстанады.

Ценздік әдіс бірліктерді  бір немесе бірнеше критерий (ценз) бойынша таңдауды көздейді. Оны қолданғанда белгіленген параметрлер бойынша іріктемелі және бас жиынтықтардың жаппай сәйкес болуын қамтамасыз ететін  таңдаудың максималды аз көлемі қалыптастырылады.

Көрсетілген байқау түрлерінің және іріктеу әдістерінің негізінде  немесе олардың белгіленген қиысуы арқылы ӨБИ үшін базалық кәсіпорындар мен өнім (қызмет) түрлерінің іріктемелі жиынтықтары қалыптастырылады.

17. ӨБИ-дің базалық кәсіпорындарын таңдау үшін бас жиынтық ретінде мемлекеттік статистикалық тіркелімнің (бұдан әрі - Тіркелім) мәліметтері, өнім мен қызметтерді таңдау үшін – базалық кезеңге өнеркәсіптік өндірістің құрылымы туралы мәліметтері арқау болады.

Тіркелім статистикалық  есеппен қамтылған арнайы ұйымдастырылған  және жүйеленген субъектілер (заңды  тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер, жеке кәсіпкерлер) тізімінен тұрады және олар туралы қысқаша әкімшілік  және экономикалық ақпаратты құрайды.

Өнеркәсіп өнімінің құрылымы кәсіпорынның барлық құрылымдарымен өндірілген, алыс-беріс  шикізатын, өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттарды, ішкі завод айналымы өнімі мен өндірістік сипаттағы  қызметтерді қоса дайын тауарлардан  тұрады.

18. Базалық кәсіпорындарды іріктеу экономикалық қызметтің түріне және ондағы кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндер санына байланысты байқаудың жаппай және жаппай емес әдістерін құрамдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жаппай байқаумен кен  өндіру өнеркәсібі салаларының ірі және орта кәсіпорындары, электрмен қамтумен, бу, газ берумен, ауаны баптаумен және сумен қамтамасыз етумен айналысатын табиғи монополиялар саласындағы кәсіпорындар және өндірістік сипаттағы қызметтерді көрсететін кәсіпорындар қамтылады. Олар еліміздің маңызды экономикалық әлеуетін білдіреді, олар шектеулі саннан тұрады және бір экономикалық қызмет аясында біртекті өнімді шығаруды қамтамасыз етеді.

Өңдеу өнеркәсібінің  ірі және орташа кәсіпорындарын және барлық қызмет түрлерінің барлық кәсіпорындарын іріктеу үшін ценздік әдісті қолданумен іріктемелі байқау қолданылады. Ценз ретінде «өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құны» көрсеткіші алынады. Оның дәлелі мұндай кәсіпорындар саны, олардың жоғары қарқынды өзгеруі және өндірістік қызметінің тұрақсыздығы (қосылуы, қайта құрылуы, қызмет түрінің ауысуы және т.б.) болып табылады.

19. Іріктемеге өндіруші кәсіпорындарды  енгізу келесі критерийлерге  негізделеді: 

1) масштабтық – барлық типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарды қамту;

2) географиялық репрезентативтілік – байқаудың әртүрлі аумағындағы орналасқан объектілердің өкілділігі;

3) типтік - осы экономикалық қызмет түріне тән технологиялық үдерісі және қолданылатын шикізаты бойынша бірдей жұмыс шарттары бар кәсіпорындарды қосу;

4) бағаларды тіркеуді жүйелі өткізуге кәсіпорындардың даярлығы.

Базалық кәсіпорындар барлық өнеркәсіптік өнімдер мен өндірістік сипаттағы қызметтердің негізгі  топтарын максималды қамтыған кезде  таңдаудың оңтайы көлеміне қол жетеді.

20. Байқау үшін өнім (қызмет) түрлерін іріктеу кезеңмен жүргізіледі және әр кезеңде белгілі таңдау тәсілі қолданылады.

Бірінші кезең өнеркәсіп өндірісінің  макроқұрылымын игеруден тұрады. Ол өнім, қызметтерді жеке алынған экономикалық қызмет саласында максималды мүмкін страттар (топтар, класстар және түрлер) санына ірі бөлуді көздейді. Әр бөлімнен негізгі массив әдісін қолдана отырып, үлес салмағы оның құрылымында жалпы өндірістің басым көлемін қамтитын өнім түрлері таңдалады.

Екінші кезең –  байқауға анықталған страттарда өнім түрлерін таңдау. Ценз ретінде толымдылық дәрежесі туралы жоруға болатын өнімдердің өңірлік келбеттілігі ассортименттері және түрлілігі қолданылатын байқаудың ценздік әдісі қолданылады. Белгілі белгілермен, қасиеттермен, айрықшалаулармен нақтыланған және біртекті қызметтерді атқаратын гомогенді өнім түрлері қосылады.

Соңғы кезеңде іріктелген тауар түрлерінің құрамында нақты  тауар түрлерін іріктеу жүзеге асырылады. Қолданылу түрінің ерекшеліктеріне: топтағы маңыздылығы, ассортиментінің  кеңдігі, нарықтағы тауар қозғалысының шапшаңдығына, өндіріс маусымдылығына және т.б. байланысты болатын түрлі әдістері мен іріктеу тәсілдері пайдаланылады. Өнеркәсіптік өндірістің және еліміздің экспортының негізін құрайтын стратегиялық тауарлар, сонымен қоса табиғи монополия саласындағы қызмет түрлері байқаудың жаппай әдісімен зерттеледі. Жаппай сұраным өнімдері (тұтыну тауарлары) түрлерінде таңдау осы топтың жалпы көлемінде өнімнің (қызметтің) басымдылық дәрежесі критерийімен анықталған негізгі массив әдісімен жүргізіледі.

Информация о работе Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесі