Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 17:57, лекция

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

I-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні..............................................4

1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары............9

II-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

2.1 ҚР-дағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы................. 12

2.2 Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері.......................14

III-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты жетілдірудің оңтайлы шаралары...............................................................................................................16

3.2 ҚР-дағы әлеуметтік жұмысты дамытудың мүмкіндіктері..........................18

Қорытынды............................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

алеуметтик жумыс.doc

— 1.45 Мб (Скачать документ)

Әлеуметтік жұмыс жүргізген  кезде бірнеше жаңалықтар (инновациялар енгізіледі. Инновация дегеніміз - өзгеріліп отырған өмір жағдайына сәтті ұйымдастырылған жаңалықтар, мысалы; сенім телефоны.

Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету.

Әлеуметтік жүмыста, басқа  ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады.

Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Психологиялық және педагогикалық әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез-кұлқы мен көңіл-күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері. ( "Терапия" деген ұғым грек сөзінен алынған "көмек," "жазылу," "күту" деген мағынаны білдіреді). Әлеуметтік терапия адамды емдейді, дамытады, оның көңіл-күйін көтереді,оның қызығушылығын түсіндіреді, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік емдейді. Әлеуметтік терапияның бірнеше түрлері бар: жеке, топтық, отбасылық терапия.

Жеке әлеуметтік терапия өзінің басындағы мәселесін көпшілікке айта алмайтын (мысалы: тонау, зорлау, отбасылық қақтығыс) адаммен жүргізілетін жеке жұмыс.

Топтық, әлеуметтік терапия - бұл әлеуметтік қызметкердің 6-8 адамнан тұратын топқа әсері. Ол әйелдердің, ер адамдардың, ата-аналардың – бәріне ортақ мәселелерді талқылайды.

Отбасылық терапия — отбасымен жұмыс, ондағы мақсат — отбасы мүшелерінің қарым-катынасын жақсарту. Әлеуметтік еңбек терапиясы - орта пайда үшін топтын жасайтын еңбегі.

Ұйымдастыру әдісі адамдардың мінез-құлқының себебіне байланысты болады, яғни қоғамдық және еңбек тәртібін өз санасымен, ойлау қабілетімен жүзеге асырса, онда ол жауапкершілік пен борышын жүзеге асырады. Онда

шаралар түсіндіру түрінде, ал керек болған жағдайда ұйымдастыру  түрінде өткізіледі.Әлеуметтік жұмыстың Қазақстанда дамуына түрлі ғылымдардың  әсері мол.Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі және әлеуметтік институт ретінде күшті теориялық бағасыз өмір сүре алмайды.Әлеуметтік жұмыс көптеген теориялардың парадигмаларына сүйенеді.Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыстың көптеген тұжырымдамалық тәсілдерін зерттеу керек.Әлеуметтік көмек парадигмаларының өзгеру себептері төмендегіше:

   1)Өмір сүрудің  жалпы ұстанымдары мен қағидаларына  тұтастылықтық дамыту.

   2)Халықтың қалалық  жерлерге өндіріс орталықтарына  топталуы және өнеркәсіптің көбеюіне  жағдай жасау.

  3)Адамдардың қатысы бар әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың

кеңеюіне әкелуіміз  тиіс.

Әлеуметтік аз қамтылған  отбасыларды,тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру,әлеуметтік көмек көрсету мониторингімен әлеуметтік көмек көрсетуші есебінен жүйесін  жетілдіру,қарттардың демалыс үйлеріне жолдамалар алуына қосымша қаржы көздерін іздеу,мүгедектер үшін арнайы құрылғылар алу,қалалық қоғамдық транспорттарды пайдалануға жеңілдіктер жасау,әлеуметтік мекемелер жүйесін дамыту.Жалпы әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибелерін оқып үйренуге бірқатар әдістерді пайдалануды ұсыну дұрыс деп ойлаймын. 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай

2009ж жарық көрген  «Қазақстан Республикасының халықты  әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады.

 

1-кесте. Бұл кестеде 2003-2009 жылдар аралығындағы Мемлекеттік         әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны көрсетілген:

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны

 

адам

 
 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

 

Қазақстан Республикасы

786426

790359

773770

764553

748378

756533

767213

 

Ақмола

41055

40848

40000

39328

37793

37597

36993

 

Ақтөбе

36074

35895

34967

34378

33206

33232

33511

 

Алматы

87776

88924

85218

83226

82180

83224

85435

 

Атырау

28674

28859

26660

26006

25110

25507

25547

 

Батыс Қазақстан

35336

34875

34259

34046

33483

33168

33212

 

Жамбыл

52758

53926

53765

53437

52028

52354

53145

 

Қарағанды

72894

73109

73528

73091

71091

71836

72072

 

Қостанай

40411

39967

39500

38573

37054

36802

37077

 

Қызылорда

40116

40004

38956

38455

37232

37222

37163

 

Маңғыстау

117410

119234

122752

123229

123379

128049

132428

 

Оңтүстік  Қазақстан

18322

19229

19382

19676

20042

21205

21652

 

Павлодар

36740

36477

35209

34246

33228

33146

33469

 

Солтүстік Қазақстан

41480

41118

37384

36704

35770

35660

35091

 

Шығыс Қазақстан

79636

79140

76269

74390

72004

71819

72703

 

Астана  қаласы

13274

13606

14197

14606

14941

15918

17192

 

Алматы  қаласы

44470

45148

41724

41162

39837

39794

40523

 



 

 

(http://www.kaz.stat.kz/digital/soc_politika/Pages/default.aspx)

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік әлеуметтік жұмыс – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар  мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен  нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген  қызметі болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік жұмысында негізгі орынды халықтың табысын қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызмет нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік жұмысының  стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың  әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің  тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Еліміздің аймақтарында әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына лицензия беру қызметін жетілдіру қажеттігі туындап отыр.Әлеуметтік жұмыста мемлекеттік стандарттарды мейлінше қолданып сақтап отыру қажет.Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық  әлеуметтік жұмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін қарамастан бұлар бір-біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, Адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.Қортындылай келгенде менің курстық жұмысым қазіргі заманғы ҚР-дағы әлеуметтік жұмыс және оның теориясы туралы,еліміздегі әлеуметтік жұмыстың дамуы жайлы айтылған. Жас мемлекетіміздегі жас мамандық әлеуметтік жұмыстың жас мамандары алдында көптеген күрделі мәселелерді шешу мен олардың алдын алу профилактикасы тұр. Қазақстан әлеуметтік жұмысы енді қалыптасып келе жатқан білім саласы. өзінің кемшіліктерімен артықшылықтары бар. Қоғам өмірін реттеу мәселесін қарастыратын білімдер саласы өте үлкен болғанмен оның ең маңыздысы, әрі әлі эмперикалық жүзеге асыру функциясымен көзге түсетіні де осы әлеуметтік жұмыс мамандығы.Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет.Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық  әлеуметтік жұмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін қарамастан бұлар бір-біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, Адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.Қортындылай келгенде менің курстық жұмысым қазіргі заманғы ҚР-дағы әлеуметтік жұмыс және оның теориясы туралы,еліміздегі әлеуметтік жұмыстың дамуы жайлы айтылған

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Тұмашбай Т.Е Амантаев А.О «Әлеуметтік жұмыс» 2007ж №42(2)
    2. «Қазақстан – 2030» Президенттің даму стратегиясы
    3. Сәрсенова Ж.Н «Әлеуметтік жұмыс» 19 бет .
    4. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика и политическая трансформация». Алматы 1997ж.
    5. Волгин Н.А. «Социалная политика»2004ж.
    6. Сансызбаева Г.Н. «Система социальной защиты населения и ее проблемы». Алматы. Экономика 1998.
    7. Мамыров Н.Қ. «Қазақстандағы адам дамуы». Алматы. «Taimas Printhouse» 2008жыл.
    8. Жуйриков К. «Страхование теория,практика, зарубежный опыт» Алматы БИС 2000 384 стр.
    9. Агентство Республики Казахстан по статистике «Уровень жизни населения в Казахстане» Алматы 2008
    10. «Әлеуметтік саясат» Алматы 1999  25 –бет.
    11. Гастенка Л.Н. «Страхование» Алматы 2003 183 – бет.
    12. Карибджанова А.С. «Соц.защита населения» Алматы . Экономика 1999 136бет.
    13. Гастенка Л.Н. «Финансовые обеспечение социальной защиты население РК»
    14. Говорухина Е.И. «Управление социальной защиты населения в условиях рыночных преобразований» Алматы 2004.
    15. Жаймурзаева Г.А. «Вопросы социальной политики государства» Алматы Экономика 2004 165 – 167бет.
    16. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика в условиях независимости РК» Саясат 1997 №9 13 – 31бет.

Романов В.И. «Социальная политика Казахстана». Саясат 1996 №7 3 – 23бет.

    1. Хисматуллин Р. «Соц справедливость как цивилизационный фактор развития Казахстанского общества» Саясат 2004 №4 44 – 48бет.
    2. Адильханов М.А. «Функциональные обнавление системы занятости в русле радикализации социально – трудовой политики». Вестник 2004 №1 149 – 154бет.
    3. Гастенка А.Н. «Роль страховых компаний в реформировании рынка пенсионных услуг» КазЭУ хабаршысы 2003 №9 134 – 137бет.
    4. Есенгалиева А.К. «Этнический фактор социально политического развития Казахстана» Саясат 1998 №7 28 –39бет.
    5. Рефераты на казахском www.Temakosan.net
    6. «Обязательное социальное страхования: дополнительная социальное защита работника». Труд 2004 №19 9 – 15бет.
    7. Темебеков И. «К вопросу об обязательном страховании в РК» Предприниматель и право 2003 №12 11 – 13бет.
    8. «Правила осуществления. Гос фондом социального страхования деятельности, связанной с финансовыми инструментами» Собрание актов Президента РК и Правительства РК. 2004 №30 97 – 98бет.
    9. Алкеева Н.Н. «ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси – әлеуметтік процесс лидерлерінің көзқарастығы» Алматы 2004.
    10. «2000 жылдың қаңтар – желтоқсанындағы Алматы қаласының әлеуметтік – экономикалық жағдайы» Алматы 2001 227бет.
    11. Мурзатаева М.Т. «Cоциальная защита населения РК» АльПари 2008 №4 147 – 150бет.

Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы