Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 17:57, лекция
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс теориясы және оның мәні..............................................4
1.2 Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары............9
II-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 ҚР-дағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы................. 12
2.2 Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері.......................14
III-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты жетілдірудің оңтайлы шаралары...............................................................................................................16
3.2 ҚР-дағы әлеуметтік жұмысты дамытудың мүмкіндіктері..........................18
Қорытынды............................................................................................................21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................22
Еліміз яғни «этникалық-сословиелік топтарға бірегей отбасылық-туыстық шаруашылықты жүргізуде әлсіз орталық билікте және әдеп-ғұрып үстемдігінде» өмір сүргеннің өзінде өзіндік философиялық даналық ойлау жүйесімен ерекшеленіп отырған. Ғарифолла Есім ағамыз «Қазақтың даналық ой пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады деп айтып кеткен.
Дәстүрлі қазақ қоғамының ең бір өзекті мәселесінің бірі, бұл адам құндылығы. Н.Ж. Байтенова «Қазақ философиясына сипаттама берер кезде, оны антроцентристік бағытта деп айтуға болады. Жалпы шығыс философиясы, соның ішінде қазақ философиясының да мәселесі, кең таралған ілім, әлеуметтік идеал, жан жақты жетілген адам мәселесі», -деп атап көрсетеді. Дәстүрлі қоғамдардағы адам құндылығы жайлы әр қандай, қайшылықты пікірлерді ескергеннің өзінде қазақ қоғамындағы адам мәселесі, әсіресе ондағы ұрпақ тәрбиесі халкымыздың есінде үнемі сақталынып, жетілдіріліп отырылған. Әлеуметтік антропологиялық маңыздылық әлеуметтік жұмыс ғылымы үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жайлы зерттеуші ғалым Л.Т. Қожамқұлова «Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде адам қызмет етеді, өйткені әлеуметтік жұмыс адамның өзі арқылы өзіндегі мәселелерді шешу мақсатында ойлап табылған және адам әлеуметтік процесстер арқылы тұлға болып қалыптасады»,- деп ой өрбітеді
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жұмыс ғылымының интегративті, реттеушілік, ағартушылық функцияларын діннің атқаруы және дін филантроптық мақсаттағы іс-әрекеттерді біріктірумен бірге әлеуметтік-медициналық қамтамасыздықты жүзеге асырған.
Жалпы қазақ халқында әлеуметтік жұмыс ғылымына тән әлеуметтік құбылыстар, құрылымдық-функционалдылық іс-әрекет жиі кездесіп отырған. Көпшілігінде ол бағыттылық түрлі мазмұнда әр қандай ұйымдық деңгейде стихиялы түрде жүзеге асырылып отырылған. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыс ғылымы кез келген қоғамға жат емес және сол қоғамдардағы әлеуметтік өмірде біте қайнасып өзіндік көрініске ие болған.
III-тарау.ҚР-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы
әлеуметтік жұмысты
Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып,өркендеп келеді.
ҚР-да әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек.Мысалға Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш бағытта жүргізіледі.
Біріншісі,әлеуметтік-
Екінші модель, «корпоративті модель»
деп аталады.Бұл модель бойынша
әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту
және кәсіподақ қоғамының
Үшіншісі, «либералды модель»,бұл
модель әлеуметтік төмен топтарға мемлекет
тарапынан минималды көмек
Бұл модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына болады.Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын.Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болары хақ.Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс.
Әлеуметтік жұмысты
дамытуда экономиканы реттеу аса
маңызды,өйткені көптеген әлеуметтік
проблемалар осы қаржы
Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды.Осы модельдерді Қазақстан өз әлеуметтік жұмысын дамытуда қолдануына болады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдағанда: кризисті приодтағы, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын жүзеге асу нәтижесі өте төмен болды.
Әлеуметтік жұмыстың қағидаларын реттеуде
мемлекеттің саясаты басты негіз болып
табылады.Қойылған мақсатқа жету үшін
әлеуметтік технологияларды қарапайым(арнайы
мамандығы жоқ адамдарда жүргізген),күрделі
(мамандықты қажет ететін) және комплексті(бірнеше
мамандықтарды қажет ететін)болып бөлінеді.Әлеуметтік
жұмыстың жалпы психологиясымен бірге(диагноз,экспертиза,
Болашақты алдын-ала пайдалану технологиясының негізінде тұрғындардың камқорлығы туралы мемлекеттің ерекше саясаты жатады. Дегенмен парламенттің депутаттары қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік мәселелерді алдьн-ала шешумен айналысқысы келмейді. Осындай мәселелер адамдар өміріне кіріп, оларға көп қиындық пен қайғы әкелгенде ғана депутаттар зандарды қабылдайды. Мысалы: Қазақстанда балалар туылған кезде берілетін әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап қана беріліп жатыр.
Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге белінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (реабилитация) технологиялары.
«Диагностика термині (грек тілінде «танып-білу, анықтау) медицинада ауруды тану және диагноз қою дегенді білдіреді. Әлеуметтік ауру туралы тусінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыптасты. Туберкулез, рахит, жыныстық қатынас арқылы жүғатын аурулар көбінесе адамдардың материалдық жағдайының нашарлығымен байланысты. Қайыршылық, ашаршылық, жалғыздық және т.б. әлеуметтік ауруларға жатады.
Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Эксперттік зерттеуде маманның дәлелденген нәтижесінде кажетілік туады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функциядан тұрады:диагностикалық (клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттьтқ бакылау (клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық (клиенттің болатын жағдайында анықталынады), жобалылық (шешім қабылдауға ұсыныстар шығару).[11]
Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар (инновациялар енгізіледі. Инновация дегеніміз - өзгеріліп отырған өмір жағдайына сәтті ұйымдастырылған жаңалықтар, мысалы; сенім телефоны.
Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету.
Әлеуметтiк жұмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелеріне негізделе отырып, басты мәселерді шешуде пайдаланылатын әдiстердiң кешенi мынадай:
1. Психологиялық зерттеудiң әдiстерi:
· бақылау – белгілі бір жағдайлардағы психикалық құбылыстардың мағынасын және спецификалық өзгерістерін жүйелі және мақсатты қабылдау. Бақылаулардың тиiмдiлiк, дәлдiгі бақылаушының тәжiрибелiлігінің дәрежесiне және бiлiктiлiктілігіне тәуелдi болады;
· тәжiрибе - объектінiң мiнез-құлықында немесе күйiнде болатын өзгерiсті есепке алатын зерттеушiнің әлеуметтiк жағдаятқа белсендi қатысуы. Егер зерттеу жағдайы белгісіз болса немесе дұрыс зерттелмесе эксперименттің мынадай түрлері қолданылады:
2. Диагностикалық әдiстер – жеке адамның психологиясын анықтайтын өзгерiс. Стандартталған сұрақтар қою және жағдайды анықтайтын тесттерді жүргізу сияқты тәсілдер арқылы анықталады.
3. Психогенетикалық әдiс - адамның жеке психологиялық ерекшелiктерін, олардың қалыптасуындағы генотип және қоршаған ортаның рөлi анықтау. Бұл әдіс информациялық әдіс деп те аталады
4. Лонгитюдтық әдiс - ұзақ және жүйелi түрде зерттеуге мүмкiндiк беретiн адамның тiршiлiк циклдары фазаларының жас шамасына байланысты және жеке құбылмалылығының диапазонын анықтауға байланысты сыналып отыр.
5. Тiршiлiк жолды зерттеудiң әдiстерi - адам жаратылысының жеке дамуын зерттеу. Осы әдiсте, әдетте, кризистiк мерзiмдер және тiршiлiктің қалыпты дағдарыстары шоғырланады.
6. Психологиялық көмек
әдiсi - адамның психологиялық
сауаттылығын арттыру, сонымен
қатар адамның алдына қойған
мақсаттарына жетудегі және
қиындықтарға төтеп беріп,
омірлік дағдарыстарды
Әлеуметтік жүмыста, басқа
ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау
әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент
және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен
бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты
социология (анкета әдісі, социометрия),
психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар
әдістері пайдаланылады. Осы әдістерден
басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу
әдістері қолданылады. Осындай әдістерді:
қоғамдық-экономикалық, психологияның
педагогикалық және ұйымдастыру-басқару
әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық-
экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы
мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға
байланысты, яғни онда азық-түлік, зат,
ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер
беріледі.
Психологиялық және педагогикалық әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез-кұлқы мен көңіл-күйіне әсер ету арқылы жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі отбасындағы, топтық, ойын түрлері. ( "Терапия" деген ұғым грек сөзінен алынған "көмек," "жазылу," "күту" деген мағынаны білдіреді).
Жәрдемақылар төлену мүмкіндігі мен санатына орай 2009ж жарық көрген «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасына сәйкес мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидасына негізделген. Сондықтан да әлеуметтік қорғау бұл кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу сияқты өткір тұстарда пайдаланылатын мемлекеттің арнайы оңалту шараларын жүргізу және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде берілетін арнайы жүйесі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс антикалық дәуірдегі «этикет» мінез-құлқының жинақтылығына және мақсаттарына бағытталған. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін әдепті адам жаратылысы бойынша жомарт және кең пейілді болуы керек . Өзі жақсылық жасай отырып, біреудің жарылқауынан ыңғайсызданады. Өзіне жасаған жақсылыққа екі еселік қайтарым жасайды. Ол өз күшін қайратсыздардың моральдік тұрғыдан төмен адамдардың алдында көрсетуді мақсат қылмайды, сонымен қатар мәртебелі адамдар алдында өзін дұрыс ұстайды.
Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы