Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:51, лекция

Краткое описание

1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать документ)

 

     Сонымен, Қазақстан  ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен  айналысатын бизнесмендер тобы  қалыптасып келеді.

 

     Кәсіпкерлік – бұл  заңды әлеуметтік – экономикалық  құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес  қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.

 

      Академик К. А.  Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан  Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

 

      1 – топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншік ие болады;

 

      2 – топқа табиғатынан  бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда – саттықпен айналысудағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;

 

       3 – топқа кәсіби  бизнестің өкілдері жатады. Бұлар  өз күштерімен бастапқы кезден  бастап  қажымай – талмай еңбектену  нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

 

       4 – топқа жаппай  бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар  қолда бар кез – келген мүмкіндікті  бизнес жасауға пайдаланады. Бұл  топтағы адамдардың бастапқы  капиталының болмауы бизнесте  көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының көлемі де айтарлықтай емес.

 

       Республика меншік  иелері табынан басқа да таптар  мен әлеуметтік топтар бар.

 

       Жалпы алғанда,  қазіргі Қазақстан қоғамында  бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жие болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір – біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4 – 5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедейшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрды. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұақсыздығынан болады.

 

      Әлеуметтік мобильдік  басқа да көрсеткіштерде кездеседі.  Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе  қызметкері өздерінің мамандығының  өсуіне және жаңа мамандық  алуына байланысты екінші бір  жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикалды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

 

       Әлеуметтік мобильдік  өкімет мекемелерінде де орын  алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне,  парламенттің, үкіметтің, жергілікті  басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін минстр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қоыслады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2 – 5 % - дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15 – 25 % - ға дейін көтерілген.

 

       Қалалардағы тұрмыстық  қызмет көрсету саласында жұмыс,  қызмет істеушілердің саны көбеюде.  Кейбір дамыған елдерде бұл  салада 50% - дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибертетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

 

       Қазақстанда да  халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

 

       Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2 – 5 %  болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жариялады, мұны ашып айтуға тиым салынады. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдына егемендік, тәелсіздік алғаны мәлім. Ол өз бетінше өндірісті ұйымдастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсіз болып жабылып қалды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарында, шаруашылықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллегенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

 

      1997 – 1998 – жылдары  жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің  кейбір деректеріне сүйенсек, республика  бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен  пайызы оңтүстік аймақта болып  отыр, бірақ, мұнда екінші бір  фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың  ауыл шаруашылығында көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керсінше, қала мен ауыл – селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қроғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.

 

№6 Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.

 

Дәріс жоспары:

 

1        Тұлға ұғымының  мәні мен түсінігі.

 

2        Тұлға туралы  теориялары.

 

3        Тұлғаның  әлеуметтену процесі.

 

4        Тұлға әлеуметтік  қатынастардың объектісі және  субъектісі ретінде.

Дәріс тезистері:

 

     Тұлға проблемасы  бірқатар ғылымдардың – философиялық, социология, психология,    педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне  жатады.

 

    Осы аталған және басқа  да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне  сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады.

 

    Тұлға әлеуметтік қатынастар  мен байланыстардың бастапқы  агенті болып саналады. «Тұлға»  дегеніміз кім? Бұл сұраққа  жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға», деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

 

    Индивид – жеке –  дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата – анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгеніннен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата – ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.

 

    Бұдан адам мәнінің  тек қоғамдық - әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

 

   Психологиялық өлшем –  адамның ішкі жан дүниесі, онда  жүріп жататын саналы және  санадан тыс құбылыстар мен  процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю,  мақтаныш, не қорлану, күйініш,  не наразылық, ойлау т.б. адамның  еркі мен сипатын (бейнесін), темперамент, т.б. қамтиды.

 

    Осыған орай жеке –  жеке алып қарағанда бұл екі  өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын  тұтас тұлға ретінде ашып бере  алмайды, өйткені биология мен  психология адамдарды жеке –  дара зерттеп, оларды тұлға  ретінде көрсете алмайды.

 

    Әлеуметтік өлшем –  адамды тұлға, яғни белгілі  бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде  қарайды. Тұлғаны жан – жақты  осылай қалыптастыратын оны қоршап  тұрған орта, мұнда ол үнемі  іс - әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

 

   Әрбір тұлғаның белгілі  бір деңгейде іштей санасы, қасиеті  болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның  құрылымын қалыптастырады.

 

  Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс – қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

 

   Мұны тұлғаның рөлдік  тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың  мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір  адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік  топтарға кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір  топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

 

   Басқаша айтқанда, әлеуметтік  рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың  белгілі бір қызмет атқарған  жағдайда белгілі бір тәртіп  нормаларын сақтауын айтамыз.  Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның  қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

 

      Сонымен, жан –  жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық.

 

      Сонымен, жан –  жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.

 

 

     Рөлдік тұжырымдамада Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30 – шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарьз Хортон (1864 – 1929 ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863 – 1931 ж.ж.), т.б. Кули Ч. Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческая природа» и «Социальный порядок» (1902 ж.), «Социальная организация» (1909 ж.) «Социальный процесс» (1918 ж.) «Социологиеская теория», «Социальное исследование» (1930 ж.) деген еңбектері бар.

 

    Ч. Кули мен Дж. Мидтің  бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік – функционалдық талдау теориясында көп қолданады.

 

     Жалпы тұлғаның рөлдік  теориясы тұлғаның бейімделу  процестерін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.

 

      Ч. Кули тұлғаның  қалыптасуы айналасындағы адамдар  мен алуан түрлі қарым –  қатынастар мен байланыстар негізінде  болды деп тұжырымдады.Осылардың  негізінде адам өзінің «айнадағы  мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтерден құрылады:

 

       а) Жұрт мені  қалай қабылдайды;

 

       ә) Жұрт менің  сыртқы түрімен қалай әсер  етеді;

 

       б) Мен жұрттың  тигізген ықпалына қалай жауап  беремін.

 

       Бұл теория  біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

 

       Мидтің пікірінше,  адамның тұлғаға айналу процесі  үш түрлі сатыдан құрылады.

 

       Бірінші иммитация.  Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың  мінезіне еліктейді, бірақ, оны  түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

 

        Екіншісі, ойын  сатысы. Бұл уақытта кішкене бала  өзінің мінезін – белгілі бір  рөлді орындау арқылы көрсетеді.  Сөйтіп балалар өз істерін  ойлап жасайтын қабілетке жете  бастайды.

 

         Үшінші  саты – ұжымдық ойын. Мұнда  балалар тек өздерін ғана ойлап  қоймайды, сонымен қатар басқалардың  нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала  ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары  да біледі. Балалардың футбол ойының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы