Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:51, лекция

Краткое описание

1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать документ)

 

№5Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.

Жоспары:

1.      Қоғамның әлеуметтік  құрылым ұғымы.

 

2.      Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

 

3.      Қоғамның әлеуметтік  стратификациясы ұғымы.

 

4.      Әлеуметтік стратификация  теориясының типологиясы.

 

5.      Орта тап теориясы.

Дәріс тезистері:

 

   Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретінде мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.

 

    Қоғам адамдарын страталарға  жіктеудің тарихи үш типі белгілі.  Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталаған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашақ және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялы жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүей 1900 – шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата – аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айеалып отырған.

 

   Қоғамда қалыптасқан діни  наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым – қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болу керек.

 

   Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінезі – қылықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

 

   Сословиелік жүйелер –  феодалдық қоғамдарда орын алған  стратификациялық жіктеу типі. Бұл  қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворияндар, дін иелері, ал, төменгісословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталаған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелмеген, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдардың сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

 

    «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, ХХІІІ – ХІХ ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылады.

 

    Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды. Сонымен қатан К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатанастарының түрінен туындайды.

 

    Негізгі емес таптар  өткен дәуірден қалған немесе  жаңадан қалыптасып келе жатқан  қоғамдық – экономикалық формацияның  таптары.

 

    К. Маркс қоғамда негізгі  және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіріп қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүектерін алсақ олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

 

    К. Маркстің таптар  жөніндегі ілімін одан әрі  дамытқан В И. Ленин болды.  Ол өзінің 1919 – шы жылы жазған  «Ұлы бастама» деген еңбегінде  таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал – жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудын әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңегіне қанауын айтамыз».

 

      Сонымен, маркстік  ілім тапты құрайтын басты  белгілерге;

 

1)      адамдар тобының  өңдіріс жүйесінде алатын орнын;

 

2)      олардың өңдіріс құрал – жабдықтарына қатынастарын;

 

3)      еңбекті ұйымдастырудағы  адамдар арасындағы қарым –  қатынасты;

 

4)      қоғамдық байлықтан  алатын үлестің көлемі мен  оны алудың әдісін;

 

5)      қоғамдық өндірісте  бір топтың басқа адамдардың  еңбегін қанауын жатқызады.

 

           Әлеуметтік  стратификация теориясына өз  үлесін қосқан М. Вебер бұл  мәелеге байланысты тұжырымдамыларында  К. маркстің теориясынан өзгеше  және оған ұқсас жақтары да  бар екіндігін айта кету керек.  М. Вебер К. Маркстың қоғамның  тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келісіеді. Бұл пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншік болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуна, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.

 

    Екіншіден, М. Вебер  адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген  стратаға жіктеудің өлшемдерін  енгізеді.

 

    М. Вебердің пікірінше,  статус әлеуметтік топтар мен индивитердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

 

     Ғылыми әдебиетте  қоғамның страталарға жіктелуінің  басқа да өлшемдері кездеседі.  Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық  құрылымының негізі адамдар арасында  болатын табиғи және әлеуметтік  теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.

 

      Табиғи теңсіздік  адамдардың табиғи жаратылыстарына  байланысты (жыныс, жас мөлшер, темперамент,  терісінің түсі, бойы, ақыл – ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.

 

       Әлеуметтік теңсіздіктің  пайда болуына қоғамдық еңбек  бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді.

 

       Ең көлемді  қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің  аграрлық және өнеркәсіптік деп  жіктелуіне байланысты болады. Қоғамдық  еңбек бөлінісі ой еңбегі мен  дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың  пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білім мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.

 

       Қоғамдық әлеуметтік  теңсіздік иерархияға негізделген  және ол адамдар мен топтардың  вертикалды бағытта сатылы орналасуынан  көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.

 

      Вертикалды бағыттағы  жіктелудің себептерін Р. Дарендорф  «билік» және «бедел» деген  ұғымдардың негізінде түсіндіреді.  Ол тұтас қоғамды басқарушылар  мен басқарушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және б) меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің  ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындығы келеді.

 

       ХХ ғасырдың  екінші жартысында Батыс елдерінің  ғалымдары әлеуметтік стратификация  құбылысын одан әрі тереңірек  зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсендеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, страталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті.

 

      Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П. А. Сорокин болды. Ол қоғамдаға адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді.

 

      П. А. Сорокин  қоғамда экономикалық, саяси және  кәсіби стратификацияның барлығын  айтып, олардың әрқайсысына терең  талдау жасайды. 

 

      Ал, американдық әлеуметтанушы  Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктеудің факторларын үш топқа топтастырған. Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті, т.б.;

 

       Екіншісіне –  қызмет түрі, мамандығы және кәсіби  деңгейін жатқызған; 

 

       Үшінші топқа  – меншік, материалдық және рухани  құндылықтар мен артықшылықтарды  жатқызады.

 

       Ғалымдардың көпшілігі  әлеуметтік стратификация процесінде  осы аталған өлшемдер мен факторлдардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы арта түседі.

 

       Кеңестік дәуірден  кейінгі қоғамдарда нарықтық  экономикаға өту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.

 

       Әрине, әлеуметтік  стратификация процесінде білім  деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары  мәртебе (престиж) деген өлшемдердің  маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек;

 

        Білім деңгейі  – мектептегі, орта жоғары оқу  орындарында алған біліммен, сол  сияқты ғылыми атақ, дәрежемен  есепетеледі. 

 

        Кәсіби шеберлік  – белгілі бір мамандық бойынша  адамның арнайы білім дәрежесі  мен шеберлігінің танылуы;

 

        Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.

 

        Соңғы кезде  әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған  өлшемдерді ескере отырып, қоғамды, 3,4.6 және одан да көп жіктерге  бөліп қарайтын стратификациялық  модельдерді ұсынуды. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:

 

1)      жоғары тап;

 

2)      орта тап;

 

3)      жұмысшы тап;

 

4)      төменгі тап.

 

        Жоғары тапқа  ірі меншік иелері – қаржы  және өнеркәсіп магнаттары, жоғары  билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер – министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1 % - құрайды.

 

         Кейбір  елдерде жоғары тапқа жоғары  шенді әскери топтар мен творчестволық  иттеллигенцияның танымал өкілдері  де жатады. Бұл топ өкілдерінің  білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.

 

         Орта таптың  қоғамдағы алтын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде  олар халықтың 60 – 80 % - ын құрайды.  Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік  тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі  десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.

 

         Орта тапқа  қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік  топтардың, мамандықтардың өкілдері  жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар,  суретшілер, діни қызметкердер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б.

 

Орта тап адамдарының тұрақты  да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай  өмір салттары бар. Олар көп еңбек  етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.

 

         Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта таптың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:

 

          а) жоғары  орта тап;

 

          ә) орта  таптың орташасы;

 

          в) төменгі  орта тап.

 

          Орта  тапты осылайша жіктеуді жоғарыда  айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы