Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:51, лекция
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Әлеуметтанудың тәжірибелік
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады.
Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.
Әлеуметтану дың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын, қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің
ой – пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамаларын,
т.б. толық дәлелдеу және одан әрі
дамыту үшін нақтылы ғылымдардың
фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына,
т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа
қортындылар жасап, орын алып отырған
қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын,
жалпы қоғамның даму тенденцияларын анықтайды.
Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін
арттырады.
Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.
Бұрынғы КСРО-да,оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштен қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуын зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және мәдени белсенділігі әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 28 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100 % (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан төмен.Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.
Кітапханалардағы
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды.»(Бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация)технологияны жаңарту,т.б); Ал,жапондықтар капиталды «адамға жұмсау » жолын таңдады.(Бұл адам тұлғасының шығармашылық және кәсібиқабілетін дамытып жетілдіру) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығн көрсетті.Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.
Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы – ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобының өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым – әрбір қоғамның мақтанышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.
Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.
Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа жиі ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы Қазан революсиясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болу керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған.Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен деп жансақ түсінуге болмайды»рбір мектептің алдындағы міндет – ол әрбір адамады әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.
Болашақ білім жүйесінде
Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университеттердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде деңгейде қызмет атқарады соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университеттерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жаратылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгерімен жүргізілді. Ақыл-ой еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдар (мысалы математика физика химия биология техникалық ғылымдар т.с.с жүргізілді.Ал адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына оның адамгершілік қасиет терінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі – бұрынғы университетті қайта жаңғырту.Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты негізгі мәселе – қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі – гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқу білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамға оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. Әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік басты себептерге оқу білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына – оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді, оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту т.с.с.
Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын,
процестерді жалпы
№9 Саяси әлеуметтану
1.Саясат ұғымының түсінігі.
2. Саяси жүйе және саяси процесс.
3. Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау.
4. Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде.
Дәріс тезистері:
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді.Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселермен бірге қоғамнаң тууы мен мәні,оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады.Осы жазған өзіндік жұмысымда социология бөлімдері экономикалық әлеуметтану және саяси әлеуметтану жайлы айтылады.
Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
Саяси социология
– саясат пен саяси қарым-
Платон
мен Аристотельден бастап
Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы