Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:51, лекция

Краткое описание

1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекия социология каз.doc

— 662.50 Кб (Скачать документ)

 

Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып  келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен  тығыз байланысты. Мәдениет теориясының  мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне басқа көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді.

 

 Ғылыми әлеуметтану мәдениеті  аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық  жүйе ретінде талдап зерттегенде,  оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық  өндірістік тәсілмен байланыстырады.

 

Жоғарыда көрсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлекметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен  оның қалай іске асырылатынын көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде  болады:

 

      Адамның нақтылы  іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;

 

      Адамдардың материалдық  және рухани болмыс-бітімі өндіріс  процесінде олардың іс-қызметінің  затқа айналу процесі ретінде  көрінеді. Бұл әрбір тарихи дәуірде  алуан түрлі ескерткіштер мен  мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,т.б) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады.

 

Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

 

Мәдени әлеуметтану қоғамдағы  алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық  топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр,адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.

 

Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.

 

Театр туралы айтылған осы пікіріміз  кітапханаға да, денешынықтыру мекемклеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.

 

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал, оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.

 

Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл – адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстарытан құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар.Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.

 

Осы таңбаларды,символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.

 

Мәдениеттің екінші элементі – ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттындыратын құбылыс, процестердің т.б қасиеттерін айтамыз.

 

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің  мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізіде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады.  Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму,өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арман, мұрат, т.б толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді.Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатыынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің т.б бағдарламасы болып саналады.

 

Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде  мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде.

 

Олардың басты бағыттары мыналар:

 

1.      Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу (оның ішінде еңбек, еңбекпроцесі, өндіррісті басқару және әр түрлі еңбекшілер тобының мәдени-техникалық дәрежелерінің көтерілу жағдайлары);тұрмыстық-материалдық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің территориясын мекендейтін халықтардың экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың өндірістегі мәдени қатынастарын т.с.с кеңінен зерттеу.

 

2.      Мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып)саласында: қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту,адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси белсенділігін арттыру,т.б (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты.)

 

3.      Экономикалық мәдениет саласында нарықытық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.

 

4.       Мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (территориялық бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей, кітапхана, т.б) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі мәдени қызметін (оқу, мамандандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-селолардың, облыстардың, жалпы республикның мәдени дамуының әлеуметтік және болжам жоспрларын зерттеу, т.б жатады.

Мәдениет - тұтас бір құбылыс , оны  зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді.Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз күш. Адам іс-әректі дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

 

 

№13 Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

1.      Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының ерешеліктері.

  1. Бұқаралық коммуникация құралдары.

 

  Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..

  Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.

БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның  жоғарлатпайтын БКҚ,  қоғамның  позитивті және негативті  жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ.

 

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.

 

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси  жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.

 

Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.

 

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері

 

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың  өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан, объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі  шындық. Екінші жағынан, субъективті  фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді. Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады.

Бұқаралық көңіл-күй нақты бір  топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық  әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады.

 Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі  қызметтері

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындық, адамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету. Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі. Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады.

Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету  мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау). Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады.

Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі  адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.

 «Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.

Информация о работе Әлеуметтану ғылымы, пәні, объектісі. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы